Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (эмоция, ерік және қозғалыс бұзылыстары)


Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Психология, психиатрия және наркология кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы: Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (эмоция, ерік және қозғалыс бұзылыстары)
Пәні PSI 3256 “Психиатрия”
Мамандығы : 051302 «Стоматология»
Курс - 3
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2011 ж
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілген
07. 05 2011Ж. № 10 хаттама
Психология, психиатрия және наркология
каф. мең., м. ғ. к., доцент Любченко М. Ю.
Тақырыбы: Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (эмоция, ерік және қозғалыс бұзылыстары)
Мақсаты: Қозғалыс-еріктін және эмоциялардын мінездемесінің клиникалық өзгерісінің бұзылыстарын және осы жағдайлар кезінде салыстырмалы диагностикасын, зерттеу әдістерін оқыту.
Дәріс жоспары: .
- «Эмоция», «эмоциональді реакциялар», «эмоциональді жағдай», «ерік» туралы аңықтама беру.
- Қозғалыс-еріктін бұзылыстары, олардын салыстырмалы диагностикасы және зерттеу әдістері.
- Эмоционалды бұзылыстар, олардын салыстырмалы диагностикасы және зерттеу әдістері.
- Психоматорлы қозу кезіндегі ығысуға рұқсат берілетін шаралар.
Дәріс тезисі
Дәріс тезисі
Эмоцияның анықтамасы мен жалпы сипаттамасы.
Эмоцияның негізгі қасиеттері мен қызметі, жіктелуі.
Эмоция (лат. Emoveo - қобалжыту, дірілдеу) - адамның заттарға, шындыққа, басқа адамдарға және өз-өзіне өз қажеттілік, мақсат және әрекеттерінің салыстырмалы қанағаттануы немесе қанағаттанбауына жалпы қатынасын субъективті көрсететін психикалық процесс.
Егер қанағаттану қалыпты, жағымды өтетін болса, адам оң әсер алады, керісінше теріс әсер қажеттілігі қанағаттанбаса немесе өз әрекетінің керек нәтижесі болмағанда жауап ретінде пайда болады.
Эмоция ақиқат өмірді ұғыну көрінісінің бір формасы. Эмоция шартталады:
А - ішкі қажеттілік және мотивациямен
Б - сыртқы мәселенің ерекшелігімен.
Қуаныш немесе қайғы, ашу немесе қорқыныш, таңқалу - бұның бәрі адамның қоздырушыға деген психикалық (эмоциональді) реакциясының әртүрлі түрлері. Бұл реакция психикалық процесс болып қаралады, себебі ол қозғалмалы және өзінің динамикасы бар. Бірақ бұл реакция субъективті күйзеледі және адамға ерекше эмоциональді жағдай туғызады.
Адамның эмоциональді сферасының барлық құрамы әртүрлі болғанымен, тұлғадан ажыратуға болмайды. Олар бәрінен бұрын қажеттілікпен, мотивпен байланысты болады да жағдайды, қанағаттану нәтижесі мен процессті көрсетеді. Тұлғаға қатынасы бойынша барлық эмоциональді көрсеткіштер 3 негізгі түрде көрінеді:
- Ашу, қуаныш, сағыныш, қорқыныш сияқты кенеттен болған жағдайға жедел эмоциялық реакция түрінде
- Эйфория жағдайы және депрессия, қорқыныш пен үрей, ашу және сағыныш сияқты нерв-психикалық тонустың өзгеруі мен жүретін эмоциональді жағдай ретінде
- Махаббат сезімі, бауыр басу сезімі, құштарлық, дұшпандақ, жек көрушілік сияқты белгілі бір объектке оң немесе теріс эмоциялық қатынастың айқын таңдаушылығы ретінде
Эмоция субъективті, сондықтан онымен танысудың жалғыз әдісі - адамнан неге күйзелгенін сұрау. Бірақ эмоцияның сыртқы белгілері де бар. Ол мимика, пантомимика, вокальді «мимика», вегетативті реакция, сонымен бірге организмдегі биохимиялық жылжулар.
Эмоциялар (жағымсыздықты ұғыну реакциясы) мен қыртысты «жоғары», яғни интеллиектуальды сезім мен адамгершілік сезімдермен ерекшеленеді. Әртүрлі эмоциялар ішікі органдардың қызметіне әртүрлі әсер етеді. Бұндай кезде әдетте, әрбір эмоцианальді жағдай өзінің денелік (вегетативті) қосарланушы бар деп айтады. Бір жағынан ішкі органдардың барлық функциялау ерекшеліктері және әр-түрлі ауырсынатын өзгерулері адамның психоэмоциялы жағдайына әсер етіп жалпы семіздік типін құрайды, яғни өзіне тән эмоцианальді психикалық қызметін - сезіну, қабылдау немесе ойлауды құрайды.
2. Қимылдың эмоцианальді регуляциясы осы кездегі жаңалыққа эмоцианальды баға беру мен бірге өткен индивидуальді тәжірибені өзектілеу немесе іске асады. Эмоция әсер етуші фактордың зиян немесе пайдалы екендігін, оның ең зиян әсерін анықтап алмас бұрын анықтайды. Бұл субъект болып жатқан нәрсенің маңыздылығын біле алатын тіл болып табылады. Осы бағалау кейін ғана әрекетке бару ойы туады. Эмоциялар қызметті ұйымдастыруға, белгілі бір затқа назарын аударуға және күшін көрсетуге итермелейді. Ең продуктивті қызмет қалыпты, оптимальді қозу деңгейінде болады.
Егер шектен тыс эмоциональді қозу болса, онда қызметті дезорганизация авариялық қылық пен эмоциональді шок бірге қосылып а) қашу, б) агрессия, в) қатып тұрып қалу болады.
Эмоцияның регуляциялық қызметі - тиісті эмоциональді күштердің керекті реакцияны тоқтата алатындықтан оқыту процесінде маңызды роль атқарады. Адамның басынан өткен эмоциональді тәжірибесі оның қылығына үлкен әсер көрсетеді.
Өте күшті эмоциональдік күйзелістер барлық оқиғалардың сақталуын, синетзін тудырып есте мықты эмоциональді кешеннің түзілуіне септігін тигізеді.
3. Эмоцияның коммуникативті функциясы. Эмоциональді - көрсету қимылдары (патномимикада, мимикада, дауыс тонында спецификалық өзгерістер) эволюция барында түрі ішілік және түр аралық қарым-қатынас арқылы бекітілген. Адамда эмоцияның бұл сигнальді - экспрессивті қызметі өзінің маңызын жоғалтпаған және оған вербальді емес коммуникация қамтамасыз етіп сөйлеушінің болып жатқан оқиғаға ішкі жағдайын көрсетіп отырады. Барлық көрінген сезімдер бірдей танылмайды. Қорқыныш таң қалу мен жейркеуден қарағанда оңай танылады.
Жіктелуі. Эмоциональді көріну пайда болу көзіне, қысымына, ұзақтығына, айқындалатынына, бағытталуына, күйзелудің формаларына байланысты бөлінеді: 1) сезімтал тон; 2) көңіл-күй; 3) құштарлық; 4) эмоциянальді-стресті.
- Сезімтал тон - салыстырмалы тұрақты, жалпы, диффенренцияланбаған эмоциянальді тон. Ешқандай өзінің құрамы жоқ сезімтал тонның көзі болып құралсыз сезіну немесе бөлек объектті немесе дүниені бүтіндей қабылдау жатады. Сезімтал тон айналадағы ақиқатты құралсыз қабылдаудың айқын, толықтығын қамтамасыз етеді.
- Көңіл-күй - адамның қылықтары мен психикалық процестерін көркейтетін ұзақ, салыстырмалы деңгейде тұрушы немесе тұрақты эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйді жалпы соматикалық тонус пен сыртқы ортаның жалпы жағдайын анықтайды.
- Сезім - белгілі бір объектіге адамның айқын мазмұнды субъективті баға беруі, күйзелудің интенсивтілігі мен тұрақты анық уақытпен шектелетін эмоциональді жағдай.
- Құштарлық - белгілі бір объектіге немесе қызмет түріне концентрленген сезім мен ұзақ, айқын көрінетін бағыттаушылығымен жүретін қысымды эмоциональді қарым-қатынас.
- Аффект - аз уақытта, адамды тез жаулап алатын үлкен күші бар эмоциональді реакция. Ол формальді анық есінде күшті пантомимкалы және вегетативті көріністермен жүретін және өзінің қылықатырн бақылау кейбір бұзылыстарымен қосарланып жүреді.
- Эмоциональді-стресті жағдай - эмоциональді қысым тудыратын жағдайларға адамның әрекетін көрсететін эмоциональді реакция. Ол эмоциональді-стресті қылық реакцияларында көрінеді. Сыртқы эмоциялар мимикамен, пантомимикамен, сөйлеу ерекшелігімен соматовегетативті феноменмен көрінеді.
Наркологиялық ауруларда эмоциональді сфераның патологиясы
Эмоциональді бұзылыстың симптомдары әртүрлі және өте көп. Олар психопатологиялық синдромдардың айқындылығымен, өткірлігін, және эмоциональді сфераның патологиясын анықтағанда үлкен диагностикалық маңызы өте зор. Оның 5 типі бар:
А) Кататимді тип. Наркотикалық зат немесе жеткіліксіз алкоголь дозасы кезінде күшейетін және қанығу мүмкіндігі бөгелгенде эмоциональді қысымның (алкоголизм, наркомания) белсенуінен стресті ситуацияда дамиды. Адамда қанағаттанбау сезімі, деликвентті қылыққа әкелетін эмоциональді депривация пайда болады. Бұл реакциялар салыстырмалы аз уақытты, лабильді.
Б) Голотимді тип. Психопатологиялық жағдайдың полярлығымен, салыстырмалы тұрақтылықпен және пайда болуының периодтылығымен анықталады. Бұл кезде субъективті жағдай мен айналадағы орта өте бағалы болады, немесе бредті интерпретацияға ұшырайды. Оның құрамы доминарлеуші эмоциональді жағдаймен сәйкес келеді. Өте бағалы ойлар науқасқа ақиқат сияқты қабылданады (науқастар өз ойын күдігін айтады) және аффекті қанығады да, науқастың бүкіл тұлғасын алады. Бұл тип клиникада алкогольді параноидта, алкогольді қызғаныш сезімі, галимизмда болады, примитивті тұлғаларда көп дамиды. Маскүнемдіктің клиникалы көрінісінде негізгісі үрей, қорқыныш санасында ауырсыну, күйзелу сезімдерінің толуынан ақиқатты тұйық қабылдау болып табылады.
В) Паратимді тип - психикалық қызметтің компонеттер және эмоциональді көріністердің арасындағы эмоциональді сфераның бірлігінің бұзылысының диссоциациясымен сипатталады. Паратимия дұрыс емес сезімдермен көрінеді. Мысалы, жағымды жаңалықтар жағымсыз эмоциялар тудырады. Осы айтылған түсініктің иллюстрациясы болып наркотизм синдромы табылады, бұл кезде бағынушылық этапының дамуы кезінде психикалық комфорт (критиканың төмендеуі, эйфория) стадиясы депрессивті субъект жағына ығысады. Опиаттарды пайдаланғанда рахаттану сезімі, басында «ырғақ» сезімі, ойлаудың жоғалуы, вегетативті көріністердің (қарашықтың үлкеюі, брадикардия, гиперемия) - «келу» симптомын суреттейді, симптомды нерв жүйесінің бұзылыстары ауысып, оның фоныныда елестетудің образдалуы, көруге дейін барады. Алкоголизмде, бассүйек-ми жарақатының асқынуында мас болу формалары ауысады. Эйфория уақыты аз болады да, дисфориямен, эксплозивтілікпен ауысады. Бұндай жағдайда психопатологиялық жағдайдың ауырлауы, психикалық қызметтің басқа құрамы қосылып, органикалық деффект - ақыл-ес кемдігіне ұшырату мүмкін.
Г) Эксплозивті тип инерттілікпен, импульсивтілікпен, қозғыштылықпен, аз қимылды эмоциональді көріністермен көрінеді. Эмоциональді реакциялар пароксизмальді белгілермен сипатталады. Мысалы: ашушаң-сағынышты көңіл-күй, қорқыныш немесе көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Бұл тип алкогольді психикалық деградацияның ерекшелігі, сонымен бірге алкоголизмнің ортаңғы стадиясын көрсетеді (эйфория периоды қысқарады) . Кеш басталған алкоголизациясы бар науқастардағы жедел интоксикация кезінде эксплозивті көрінулер жиілігі көбейеді.
Наркологиялық аурулардағы продуктивті эмоциональді бұзылыстар сезімтал тонның патологиясының эмоциональді гиперестезия мен гипестезия деген түрі бар. Эмоциональді гиперестезия - күші бойынша қалыпты сезіну мен қабылдаудың дұрыс емес, күшейген эмоциональді жағдаймен көрінетін сезім фонының бұзылысы. Эмоциональді жауап қайтару табалдырығы төмендейді. Наркомания, абстинентті алкогольдің синдромында кездеседі.
Эмоциональді гипестезия күші бойынша қалыпты сезіну ми қаьылдаудың дұрыс емес, әлсіреген эмоциональді жағдайымен көрінетін сезім фонының бұзылысы. Наркоманиялық синдромның наальды кезеңінде кездеседі, дерсализацияның структурасында және гашишомания диперсонализация диагностикаланады.
Гипотемия. Қайғыру - қайғы, психикалық процестердің, қысу, қиналу сезімі, төстің қысылуы сияқты сезімдердің басымдылығымыен жүретін эмоциональді жағдай. Депрессивті невротикалық, депрессивті параноиды, онеироидты синдром, дисфорияның құрамына кіреді. Жедел алкогольді психозда алкологизмнің асқынған формасында (алкоголизм+шизофрения, алкоголизм+бассүйек-милық жарақат) гашишомания.
Чрей ішкі күйзеліс, тынышсыздық төстің қысылуымен сипаталатын эмоциональді жағдай. Ол алкогольді галлюцинация, наркомания, таксикомания жағдайында кездеседі.
Салғырттылық - күйзеліс пен түсінбеушілікпен көрінетін лабильді эмоциональді жағдай. Алкогольді параноидтық даму этапында басқа да бред синдромдарында, алкоголизм гашишизмде болады.
Қорқыныш. Өзінің сәттілігінен сақтану сезімдерімен жүретін эмоциональді жағдай. Жедел бредті синдром, жедел галлюцинация, алкоголизмдегі естің қарауытуы, опийлық наркомания (абстиненция) кезінде пайда болады.
Гипертемия, эйфория. Қуаныш, бақыт, мақсатқа жету секілді сезімдермен көрінетін эмоциональді жағдай. Алкогольді, наркоманиялық және токсикоманиялық мастықтың формаларында көрінеді.
Рахаттану - ризашылық, уайым-қайғысыздық сезімдері туатын эмоциональді жағдай. Созылмалы алкоголизм алкогольді генезді психоорганикалық синдромында кездеседі.
Экстаз - көтеріңкі көңіл, эксзальтация сезімі, ол жедел алкогольді галлюцинозда кездеседі. Ашушаңдық - қозу, бұзу әрекетіне бейім сезімі, ол созылмалы алкоголизмнің дисфория және психоорганикалық синдромында көрінеді.
Наркологиялық аурулардағы негативті эмоциональді бұзылыстар
Амбиваленттілің - белгілі бір оқиғаға, объектіге эмоциональді баға берудегі бір уақытта екі қарама-қарсылық. Эмоциональді адекваттылықта болмау - тудырған себепке сапасыз сәйкессіз эмоциональді реакция тудыру. Осы екі симптом негативті тұлғалық бұзылыстар құрамына кіреді. (созылмалы алкоголизм) .
Эмоция динамикалық бұзылысы
Эмоциональді лабильділік - эмоциясын ұстай алмаумен сипатталатын тез және жиі эмоция полярлығының өзгеруі. Абстинентті және астеникалық синдромға тән (алкоголизм, наркомания, алкогольдік демирин)
Аз қимылдау - себебі жоғалған эмойцияда ұзақ уақыт тұрып қалу.
Рух әлсіздігі - эмоциялық реакцияның сыртқы көрінуін ұстай алмау. Екі симптом да психоорганикалық синдром құрамына кіреді. (Созылмалы алкоголизм) .
- Экстенсивті эмоциональді көріністермен бағаланатын негативті эмоциональді бұзылыстар. Эмоциональды резонансты тарылту - эмоциональді реакциялық экстенсивтігін азайту, оның спектрін тарылту, эмоциональді патологиялық инверсия - эмоциональді резонансты тарылтудың шеткі дәрежесі.
- Интенсивті эмоциональді көріністермен бағаланатын негативті эмоциональді бұзылыстар. Эмоциональді живелировка - дифферецияланған эмоциональді реагирлеудің жоғалуы. Ол объектіге оқиға, ситуация, айқын эмоциональді реакцияны салыстырумен көрінеді.
- Эмоцияның түссізденуі - мимика әрекеттің айқындылығының азаюы мен эмоциональді көріністің интенсивтілігінің төмендеуі.
- Эмоциональді тұйықтық - эмоцияның жоғалуы. Бұлардың барлығы алкогольді энцефаллопатияда кездеседі (апатиялық вариант) .
Еріктің қызметінің негізгі сипаттамасы.
Наркологиялық ауруларда ерік сферасының патологиясы
Ерік - адам қажеттілігіне бағытталған сыртқы және ішкі бөгеттерді игерумен байланысты адамның бағыты ойланып жасалған қызметі. Қиын ерік акті бірнеше сатылардан тұрады: мақсат қою, мотивтердің күресі, шешім қабылдау, оны орындау. Ерік актін орындағанда адамның мотивациялық қызметі маңызды роль атқарады. Оның екі түрі бар: жоғарғы және төменгі. Төменгіге жатады: 1. инфантильді-гедоникалық-инстиктивті-физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру; 2. эгоитті - утилитарлы-өзіне пайда келтіру мақсатында жасалады. Жоғарғыға альтруистикалық қылық мотиві жатады. Псевдоальтруистиклық мотив өзіне пайда келтіру үшін айналадағыларға көмек көрсетеді.
Еріктік әрекеттердің жіктелуі: барлық әрекеттер ерікті және еріксіз болады.
Еріксіз әрекет - ойланбай жасау нәтижесінде пайда болады. Аффект, селқостықта, қорқу кезінде жасалады. Ерікті әрекет - мақсатқа жету мақсатында белгілі бір бөгеттер игеру арқылы өздігінен әрекет ету. Адамның негізгі еріктік қасиеттері: өз еркі, шешімділігі, тұрақты, сонымен бірге шешім қабылдай алмау, сенімсіздік, қырсықтық және т. б.
Өзін-өзі сендіру - өзге адамның сөзіне оңай еру, сену әрекетінен пайда болады.
Сенімсіздік - шешім қабылдағанда мотивтердің күресу этапымен жүретін ерік акті.
Қырсықтық - алдын ала аз ойланған шешім мен әрекетінен айну қызметі.
Еріктік тұрақсыздық - ашу, қайғыру, қозу сияқты сезімдермен жүретін адамның өзін өзі ұстай алмауы.
Ерік актінің кез-келген этапында ерік сферасының патологиясы болуы мүмкін.
А) Ерік сферасының патологиялық варианттары
1. Мотивизациялық компонеттің деңгейінде
а) тозу
б) күшею
в) жиіркену
2. Бұзылудың интеллектуальді компонентінің деңгейінде
а) мотивтер күресі
б) бағытталған әрекет
3. Реализацилау деңгейінде
а) тозу
б) күшею
в) жиіркену
Б) Ерік актінің мотивациялық компонентінің деңгейінде:
1. Тозу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz