1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы.

1. Мектепке дейінгі тәрбие теориясының дамуы.

2. Мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы қалыптасуы

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығы мен күтімін жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту - Қазақстан Респуликасының Қаулы-қарарларынан қаға беріс қалған емес. Оған дәлел, 1918-1920 жылдары Алматы (Верный), Қызылорда, Орал, Торғай қалаларында 115 балабақша, ал 1932 жылы 441 бақша ашылып, оның 35-і қазақ тілінде жұмыс істесе, 1939-1940 жылдары Қазақстандағы балабақшалар саны (маусымдық балалар алаңдарын қоса есептегенде) 550-ге жетті, оның ішінде 60-тан астамы тәрбие жұмысын қазақ тілінде жүргізді. Әлі іргесі нығайып, буыны бекімеген еді. Балабақшаларда отбасында сәбилерді тәрбиелеу олардың денсаулығын, күтімін жақсарту, сәбилі аналарға жәрдем көрсету мақсатында сол кездегі «Әйел теңдігі" (1926 ж. Редакторы С. Есова) журналы «Ана мен бала тәрбиесі» деген бөлім ұйымдастырды. Бұл бөлімді педагог-жазушы, журналист Нәзипа Құлжанова басқарды. Журнал бетінде қазақ ауылындағы отбасында бала күтімін, денсаулығын жақсарту жайында мақалалар жарияланды. Сонымен қатар Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1928 ж. ) «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927 ж. ) атты екі еңбегі жарияланды. Осының өзі сол кездегі ауыл-селодағы шалғайдағы қызыл отауларда ашылған маусымдық және тұрақты жұмыс істейтін балалар мекемелері мен отбасы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен күтімін жақсарту жұмысына басшылық жасады.

Балалар мекемелерінің жыл санап қанат жая бастауы, бұл мекемелерде жұмыс істейтін педагогтар мен тәрбиешілерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету, ғылыми білім негіздерімен қаруландыру сияқты маңызды проблемаларды шешу қажеттігін туғызды. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Халық ағарту Комиссариатының жанынан 1932 жылы республикалық әдістемелік кабинет құрылды. Осындай игілікті істер Қазақстанда педагогика ғылымының негізін қалауға, тәрбиешілер қауымына ғылыми-педагогикалық, әдістемелік басшы құралдар әзірлеуге мүмкіндік жасады. Алғаш рет 1924-30 жылдары Орынбор қаласында ғылыми-педагогикалық мақалалар жинақтары басылып шықты. 1929-1936 жылдар аралығында балабақшалар Жарғысы және мектепке дейінгі балалар үйлері мен балабақша тәрбиешілеріне арналған практикумның жұмысы туралы нұсқау хат, т. б. материалдар қазақ тіліне аударылып, шалғайдағы ауылдарда жаңа ұйымдаса бастаған маусымдық бөбекжай (ясли), балабақша тәрбиешілері үшін басты құрал ретінде таратылды.

Алғаш жарық көрген әдістемелік оқу-ққралдар, ғылыми мақалалар жинақтары балабақшадағы тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруда тәрбиешілерге бағыт беріп, жәрдем көрсетіп отырды.

Ежелден тәлім-тәрбие құралы - балаларға арналған ауыз әдебиеті мұралары, қазақ жазушыларының өлең-әндері, әңгімелері көркем суретті кітапшалар көптеп жарияланды. 1929-36 жылдары аралығында жарық көрген «Алтын сандық» (1935 ж. ), «Шәркей», «Жұмбақтар» (1930) «Өтірікке бәйге», «Қазақ әдебиеті», «Билер дәуірінің әдебиеті», «Өлеңдер, әңгімелер жинағы» шағармалары ауыз әдебиеті мұраларын кеңінен қамтиды. Сондай-ақ, орыс халқының классик жазушылары- С. Маршактың «Бұл не деген жаңғалақ», К. Чуковскийдің «Кір қоймас» тәріздес бала психологиясына сәйкес келетін, ойлануға мәжбүр етерлік әңгіме-өлеңдері қазақ тіліне аударылып, сол кездегі бала тәрбиесін жүзеге асыру ісіне үлес қосты.

1947 жылы "Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жүмысының 4-бес жылдықтағы мақсаттары мен міндеттері" деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда үш бесжылдыққа қорытынды жасалды. «Қазақстан жазушылары балаларға», «Қазақстанның табиғи байлықтары», «Жас бөбекті қазақтың ою-кесте өнерлеріне үйрету», «Қазақ фольклорының тәрбие жұмысындағы маңызы», т. б. тақырыптарда баяндамалар жасалған.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтындағы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей байланысты. Бұл бөлім 1958 жылы ашылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Аэлита Александровна Анциферова (1958-1964), мұнда үш ғылыми қызметкер Бөшен Баймұратова, Вера Никифоровна Андросова, Лидия Алексеевна Давиденколар қызмет атқарады. 1966-1976 жылдары мектеп жасына дейінгі педагогика секторы құрылып, оны Б. Баймұратова басқарды, 1976-1980 жылдары осы институтта бастауыш білім беру және мектепке дейінгі әдістемелік бөлімінде аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 1980 жылдан бастап сол бөлімнің меңгерушісі болды. 1958-1964 жыл аралығында мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөз қорларын дамыту, бала-бақшадағы нәрестелерді бөбекжайдағы сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде «Балалар бақшасында тәрбиелеу» бағдарламасының тіл дамыту, әдеби шығармалар оқу - деген бөлімдері түпнұсқа материалдар негізінде жасалып, қазақ балабақшалары үшін алғашқы бағдарлама 1964 жылы іске қосылды.

1965-70 жылдары «Ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық мәселелері» деген тақырып бойынша зерттеулер жүргізілді:

Бұл тақырыптарды зерттеуде көзделген негізгі мақсат: балабақшалардағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының жалпы жағдайын; балалардың білім-білік деңгейін анықтау, озат тәрбиешілердің тәжірибесімен танысу, тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру, балабақша бағдарламасы мазмұнын жетілдіру, зерттеу нәтижесіне сүйенілген ғылыми-әдістемелік құралдар дайындау.

2 жастан 4 жасқа дейінгі топтар үшін күн тәртібі, тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарлары жасалып бағдарламасы жетілдірілді. Аталған еңбек «Мектеп» баспасы арқылы (1967-1970) жарияланды.

Зерттеу негізінде А. В. Андросова «Развитие интереса к поэзии у детей старшего дошкольного возраста» (1969), Б. Баймұратова «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшелігі» деген тақырыптарда диссертация қорғады. Л, А, Давиденко «Нәрестелердің ойыншықтармен қимыл-қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі деген тақырыпта монографиялық еңбек жазды.

1971-1975 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде үш ғылыми қызметкер-Б. Баймұратова, Г. С. Галеева және Р. М. Жұмағожина жұмыс істеді.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарында бекітілген мәселеге сәйкес мына тақырыптар зерттелді.

1. Әдеби шығармалар оқу процесінде балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту (Б. Б. Баймұратова) .

  1. Ауыз әдебиеті - адамгершілікке тәрбиелеу құралы; Қазақстанда балабақшалардың дамуы (1941-1945) (Р. Жұмағожина) .
  2. Ересек балаларды азаматтыққа тәрбиелеу (С. Галеева) .

Зерттеуде көзделген басты мәселе: балабақшалардағы тәрбие мазмұнын жетілдіру, оның даму кезеңдеріндегі тәрбие жұмысының қойылысын, балалардың білім, мінез-құлық дағдыларының қалыптасу деңгейін байқау.

Бұл бағыттағы жұмыс қорытындысында бөлім қызметкері Р. М. Жұмағожина «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы» (1941-1945) жайында ғылыми-монографиялық еңбек жазды. Төрт оқу-әдістемелік құрал, қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, әдеби шығармалар және тіл дамыту бағдарламасы жасалды.

1976 жылы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш бөлімдері біріктірілуіне байланысты бөлім ішінде мектепке дейінгі тәрбие жөнінде ғылыми қызметкерлер тобы құрылды. Онда Б. Баймұратова, Г. Дүкенбаева, М. Сәтімбекова қызмет істеді. Топтың қызметкерлері 1975-1980 жыл ішінде 6 жастағы балаларды балабақшадағы даярлық топтарда және мектептің даярлық сыныптарында мектепке даярлау мәселесін зерттеді. Зерттеу жұмысы қалалық және облыстық (Алматы, Жамбыл, Талдықорган облыстары) балабақшаларда жүргізілді. Осы зерттеу нәтижесінде 6 жастағы даярлың топтар мен сыныптар үшін бағдарламалар, оңу-әдістемелік кешені (суретті әліппе, математика, сауат ашу, тіл дамыту әдістемесі, хрестоматиялар, баланы мектепке дайындау мәселелері, күн тәртібі, үйдегі еңбек, тіл дамыту, т. б. ) жасалып, тәжірибеге енгізілді.

Маман дайындау барысында М. Т. Тұрыскелдина, Қ. М. Меңдаяқова, Ж. Ы. Ыдырысова, Т. А. Левченко, Х. Т. Шерязданова, А. Қ. Аймағамбетовалардың еңбегі зор. Қ. Аймағамбетова 1961-1980 жылдарда Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында алдымен ғылыми қызметкер, ал соңғы 1970-1980 жылдар аралығында он жыл бойы «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып» бөлімінің меңгерушісі ретінде зерттеу жұмыстарына басшылық жасады. Ол 1980-1984 жылдары Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика» кафедрасында доцент, 1984-2001 жылдар аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім» факультетінің деканы қызметін атқарды. Республикалық көлемде мектепке дейінгі тәрбие мамандарын дайындауға зор үлес қосты.

1980-1989 жылдары аралығында жедел шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі 6 жасқа қараған балаларды мектепке даярлау еді. Оған себеп қазақ тіліндегі балабақшалардың аздығынан балалардың көпшілігі балабақшаға қамтылмай, отбасы тәрбиесінен келетін. Ал, мұндай жағдай 6 жастағы баланы бірінші сыныпта оңыту процесін дұрыс ұйымдастыруға қиындықтар келтіретінін көрсетті. Сол себепті 6 жастағы балаларды мектепке дайындау мәселесі қойылды.

Қазақстанның өз алдына шанырақ көтеріп, тәуелсіз ел атануы саяси-экономикалық, мәдени өмірін жаңарту бағытында түбегейлі жаңартулар енгізуді талап етті. Осыған орай, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру жұмысын қазақ тілінде іске асыру мәселесін отбасы мен балабақшадан бастау көзделіп отыр. Өйткені ел өміріндегі ұлы өзгерістерді жемісті де сәтті іске асыру - қоғам болашағына жауап беретін жан-жақты жетілген, білімді, парасатты жаңа азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді. Бұл мәселе - баланың нәрестелік шағынан, отбасы, балабақша, мектеп болып бірыңғай сабақтастықта біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын ұзақ процесс.

Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика кенжелеп дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның себебі, соңғы жылдарға дейін қазақ балаларын балабақшада, отбасында тәрбиелеу, күнделікті өмірге қажетті қарапайым білім негіздерін меңгерту, олардың ой-өрісін, дүниетанымын ұлттық бағытта жетілдіру, өнерге, еңбекке баулу ісіне жете көңіл бөлінбеуі; қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшалардың аздығы; олар үшін ғылыми-әдістемелік басты құрал жасауға жете назар аударылмауы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 29 сәуіріндегі №405 «ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірқатар мәселелері туралы» қаулысына сәйкес «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы құрылды. Оның төрт аймақтық филиалы Алматы, Шымкент, Қостанай және Семейде ашылды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және «ҚР 2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес» «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі қызметке талдау жасап, мектепке дейінгі білім сапасын анықтауда мониторинг жүргізіп, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына ғылыми болжам жасамақ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, базистік оқыту мен дамыту бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік стандарты және оған сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін дайындауға ат салысады. Республика көлемінде «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» қаланып, ауқымды істер атқарылды.

Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9-бабында «Жоғары оқу орны мамандарын даярлау ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді өдістері мен жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярландыру негізінде студенттердің шығармашылық және тәжірибелік қабілеттерін қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады» - делінген. Яғни, болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптармен сипатталады, мұның өзі жоғары оқу орнының педагогикалың процесіне жалпы және кәсіби мәдениетті ұдайы көтеріп отыратындай бағыт-бағдар беру қажеттілігін туғызады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа Жолдауы - әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы - жас ұрпақты дамыту мақсатында оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістер жоғары білімді, білікті педагогтар даярлаудың қажеттілігін көздеп отыр. Болашақ педагогтарды қоғам талабына сай білімді, ғылымды жан-жақты меңгерген, терең теория мен тәжірибені ұштастыра алатын білікті маман етіп даярлау - жоғары мектептің бірден-бір міндеті.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңының» 23-бабына жөне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 бұйрығына сәйкес «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы, балаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Отбасында және балабақшада, мектеп жанында баланы мектепке даярлау бағдарламаларының (1998, 1999, 2000), оқу-әдістемелік құралдарының жарық көруі тәрбиеші-педагог мамандарын даярлау мәселесінің сан қырына жаңаша қарауды талап етіп отыр.

Соңғы бес жылда мемлекеттік саясат мектепке дейінгі тәрбие саласында балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне және тәрбие мен білім сапасын көтеру аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндіктер берді. Қазіргі кезде біздің елімізде 175, 9 мың баланы қамтитын 1195 мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет ететінін айтуға болады. 2010 жылға дейін Үкіметіміз:

- 23 мың орындық 164 балабақша құрылысын жүргізуді;

- негізінен ауылдық жерлерде Білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталық құруды;

- мектепке дейінгі білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 380 инклюзивті білім беру жөне коррекциялық кабинет ашуды жоспарлап
отыр;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикадағы мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жасау үшін аз күш жұмсап отырған жоқ. Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді қолдау мақсатында «Балабақшаға барамыз» деп аталатын мемлекеттік жоспар мен Заң жобасы дайындалып, тәжірибеге енгізілуде.

Мектепке дейінгі сәбилерді қолдауға арналып бөлінетін қаржының көлемі өсті. Мысалы: бұл мақсатқа 2003 жылы 4553, 5 млн. теңге бөлінсе, 2004 жылы ол 6542, 2 млн. теңгеге жетті, ал 2005 жылға 7563, 3 млн. теңге жоспарланды. Республикада 1283 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Олардың 179 жеке меншік, 1104 мемлекеттік ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға республикалық бюджеттен 2006 жылға қосымша 1 млд. теңге бөлінген. Мектепке дейінгі тәрбие саласын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптаумен қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл бүгінгідей деңгейде өзекті болған емес.

  1. Жоғары мектептің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір болашақ жас маманға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және «ҚР 2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес» «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі қызметке талдау жасап, мектепке дейінгі білім сапасын анықтауда мониторинг жүргізіп, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына ғылыми болжам жасамақ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, базистік оқыту мен дамыту бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік стандарты және оған сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін дайындауға ат салысады. Республика көлемінде «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» қаланып, ауқымды істер атқарылды.

Республикадағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ашылуы ұлы көсеміміз В. И. Лениннің есімімен тікелей байланысты. В. И. Ленин 1920 жылы

26 июньде Сібірдің совет мекемелеріне жолдаған хатында: «Осы хатты беруші Путинцев Илья Данилович жолдасқа, өзінің жерінде Семей губерниясының Павлодар уезінде балалар бақшасын және басқа да сол сияқты мекемелерді ұйымдастыру үшін барынша жәрдем көрсетілуін сұраймын»-деп жазды.

Мектепке дейінгі тәрбиені дамыту, балабақшаларды көптеп ашу мәселесі қашанда үкіметтің қаулы-қарарларында, мемлекеттік құжаттарда басты назарда болды. Сонымен бірге бұл мәселеге Н. К. Крупская, Л. А. Давиденко, Л. С. Выготский, А. С. Макаренко, Э. К. Суслова, В. А. Сухомлинский еңбектерін арнаған.

Кеңестік дәуірдегі мектепке дейінгі тәрбиенің даму тарихын зерттеу мәселесі 1950-1990 жылдары кең өріс алды.

М. Р. Рахимованың «Очерки по истории дошкольного воспитания в Киргазии» (1917-1967 г. г. ), «Научно-педагогические основы становления и развития дошкольного воспитания в Киргизии и перспективы его дальнейшего совершенствования» (1917-1973 г. г. ) атты монографиялық еңбектерінде мектепке дейінгі мекемелердің даму кезендері, балабақшаларда тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, баланы қоғамдық мекемелерде тәрбиелеудің мақсат-міндеттері, республикалардағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, онда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда ұлттық салт-дәстүрлерді ескерудің ерекшеліктері, қоғамдық мекемелерде тәлім-тәрбие ісін ұйымдастыруда ұшырасқан қиындықтар, сол кездегі қоғамдық өмір жағдайлары, балаға үкіметтің қамқорлығы туралы мемлекеттік құжаттар саралана талданған. Балабақшаларда қалыптаса бастаған озат тәжірибелерді өмірге енгізу тәсілдері жайлы ғылыми тұжырымдар жасалған .

Біздің елімізде мектепке дейінгі тәрбие, баланы балабақшада тәрбиелеу жөніндегі ең алғаш еңбекті Нәзипа Құлжанова (1887-1939) жазған «Мектептен бұрынғы тәрбие» (алғы сөзін жазған А. Байтұрсынов), «Ана мен бала тәрбиесі» деп аталатын педагогикалық еңбектері бүгінгі күні де өз өзектілігін жойған жоқ.

Қазақстанда балабақшалардың даму кезеңдері жөнінде алғашқылардың бірі болған Г. П. Охотская «Очерки по истории дошкольного воспитания в Казахстане» (1917-1941 ж. ж. ) атты диссертациялық еңбегінде республикада Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің қалыптасу және даму ерекшеліктерін көрсеткен. Р. М. Жұмағожина «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балабақшалардың дамуы» (1941-1945 ж. ж. ) атты монографиялық еңбегінде соғыс жылдарындағы балабақшалардың дамуы мен онда жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталған.

Қ. Меңдаяқованың «Развитие дошкольного воспитания в сельской местности Казахстана» (1958-1980 г. г. ) атты жұмысында селолық балабақшалардың дамуы мен ондағы оқу-тәрбие жұмыс мазмұны зерделенген және олардың іс-тәжірибелері талданып, қорытындыланған.

Сонымен қатар бұл мәселеге Б. Б. Баймұратова өз зерттеу жұмысында біршама тоқталған, яғни онда республика аймақтарында 1920 жылы ашыла бастаған қазақ тілінде жұмыс істейтін, кейіннен Алматы қаласында ашылған балабақшалардың материалдық базасы және олардың мамандармен, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі туралы ғылыми тұжырымдар жасаған

XXI ғасырдағы білім берудің жаңа технологияларының енуінің даму мәселесі мен стратегиясы - үшінші мың жылдықта еліміздің дамуының негізгі құралы - саяси құрылыс, экономика, меншік формалары, әскери күште емес, мемлекет пен адамзаттың негізгі даму қарқыны ғылым мен білімде жатыр. Бұл әлемдегі білім беру жүйесін түбегейлі қайта құруды, еліміздегі тәрбиелік-білім мекемесінің жаңаша пайда болуын талап етеді.

ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы білім берудегі өзгерістер XXI ғасырдың даму қарқынына негізделу мақсатында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы (1999), «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы» (2004) мазмұндары анықталған.

«Білім туралы» заңда: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген.

Педагогикалық парадигмадағы негізгі идеялары мектепке дейінгі педагогикадан андрогогикаға дейінгі ғылыми саланың шешетін, баланың дүниеге келуінен қартайғанға дейінгі тәрбие мен білім берудегі үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ету міндетін шешу болып табылады. Бұл мәселені шешудегі жолдың бірі - өткен кезеңдердегі республикадағы білім ұсыну және мектепке дейінгі тәрбие тарихын тереңінен зерттеу. Қазақтың және Қазақстанның басқа халықтарының бай тарихи-мәдени және тарихи-педагогикалық өткендерін зерделеу білім беру жүйесін және тәрбие мәселелерін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстарға пайдаланылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Қазақстанда дидактика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Биологияны оқыту әдістемесі түсінігі
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Ташкент қаласындағы алғашқы мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz