Бала асырап алу



1 Бала асырап алудың құпиялығы
2 Бала асырап алу тарихынан
3 Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы
4 Пайдаланған әдебиет
Бала асырап алу — заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында “асырау”, “асыранды” сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық — адамгершілік іс-әрекетті “бауырына басу”, “баланы көйлекшең туу” деп астарлай жеткізген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
* 1 Бала асырап алудың құпиялығы
* 2 Бала асырап алу тарихынан
* 3 Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы
* 4 Пайдаланған әдебиет

Бала асырап алу
Бала асырап алу -- заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның "Неке және отбасы туралы" заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында "асырау", "асыранды" сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық -- адамгершілік іс-әрекетті "бауырына басу", "баланы көйлекшең туу" деп астарлай жеткізген.
*
Бала асырап алудың құпиялығы
Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.[3]
Бала асырап алу тарихынан
* Бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар-жоқтығын анықтауға міндетті болатын.
* Францияда баланы заңдық асырап алу 18-ғасырдың басында Наполеон кодексінде, ал Ресейде 1 Александрдің патшалық етуі кезінде пайда болған. Ресейлік заңда бала асырап алу мәселесі көптеген шектеулерге толы болды, сонымен бірге жоғары сословие өкілдеріне қатаң талаптар қоюымен ерекшеленеді. Әулетті ақсүйектердің бала асырап алуына тек император рұқсат беретін. Жеке ақсүйектерге, молдаларға, құрметті азаматтарға және көпестерге бала асырап алу рәсімі оңайлау болатын, бірақ олардың да бала асырап алуы Сенатпен бекітілетін. Тек шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдарда бала асырап алу отбасына қоса салу арқылы жүргізілетін.
1891 жылғы 12 наурыздағы заң барлық сословиелердегі бала асырап алуды, шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдардан басқа, аймақтық соттардың құзыретіне берді. Егер шетелдіктер тастанды және ата-тегін білмейтін балаларды православие дінінде тәрбиелейтін болса, оларға баланы асырап алуға рұқсат берілетін.
* Халықаралық бала асырап алу тарихындағы ерекше рөлді әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Перл Бак иеленеді. Ол Қытайда пресветериан дінін таратушы американ отбасында өскен. Ол тұрмысқа шыққан ересек жасында екінші отаны болған АҚШ-қа оралады. 1949 жылы аралас нәсілді балаларды асырап алған Перл Бак дүние жүзіндегі тұңғыш халықаралық бала асырап алу жөніндегі Welcome House агенттігін құрған. Оның басты мақсаты азия нәсілді және қаны аралас жетімдерге қамқорлық жасау болды, өйткені ол кезде мұндай балаларды асырап алу американдықтар үшін жат болатын. Оның атындағы қор бүгінгі күні де жұмыс істейді. Бұл қор нәсіларалық бала асырап алуға маманданданған.
* 1955 жылы АҚШ Конгресі бір отбасының шетелдік бала асырап алулардың санына шектеу қойылуын жойған Холттар заңын қабылдады. Берта және Гарри Холттар Орегон штатының баптист-шаруалары. Ол кезде екеуінің жасы елуге келіп қалған еді және олардың туған алты баласы болған. Әкелері американ солдаттары болған корей жетімдері туралы деректі фильм екеуін толғандырғаны соншалықты, олар корейдің сегіз ұл-қыздарын асырап алуға шешім қабылдаған. Алайда, сол уақытта бұған рұқсат беретін ешқандай ашық мүмкіндік болмаған: федералдық заң АҚШ-тың азаматтарына шет елде дүниеге келген екі баланы ғана асырап алуға мүмкіндік беретін.

Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы
2012 жылғы 17 қаңтарда күшіне енген "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексімен шетелдік азаматтармен бала асырап алу үрдісі тұжырымдамалы түрде өзгертілді: Егер бұрынырақ шетелдік бала асырап алушылар тікелей асырап алатын болса, онда қазір асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар - агенттіктер, ҚР аумағындағы өздерінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жіберілетін болады.
Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын агенттіктерге Қазақстанда олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет болады.
Өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырып жүрген бала асырап алу жөніндегі агенттіктер аккредитациялауға жатады.
Агенттіктер 1 жыл мерзімге аккредиттеледі.
Егер агенттікпен заңда белгіленген барлық талаптар сақталған болса бұл мерзім автоматты түрде созылады.
Аккредиттеу тәртібі, құжаттар тізімі, өткізу мерзімі Кодекспен нақты реттелген.
Аккредиттеу туралы не одан бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Пайдаланған әдебиет
1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
2. ↑ Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
3. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
4. ↑ Қазақпарат

["АСЫРАП АЛУ ШАРТТАРЫ"]
ӨЗ ОТБАСЫНА БАЛА АСЫРАП АЛУ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАП ҚОЙҒАН АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ

Бала асырап алуды ресімдеуге тәжірибелік ұсыныстар
Бала асырап алам деуші ата-аналар көбінесе қандай құжаттар дайындау керектігін, қанша уақыт алатынын, қайда барып сұрайтындарын білмей, бірден Балалар үйіне немесе сәбиханаға, емханаға және т.б. жерлерге телефон шалып сұрап жатады. Сіздерге көмектесу, болашақ балаңызбен тез арада қауышу үшін "Баланың отбасында өсу құқығы" ақпараттық бағдарлама аясында Әйелдердің творчестволық бастамашылық лигасы бала асырап алудың рет-жосығы және бірнеше тәжірибелік кеңес жөнінде жалпы ақпарат ұсынады. Ең бірінші сіз қала әкімдігі Білім беру департаментінің балалар мекемелері бойынша бас маманына баруыңыз қажет. Ол бас маман сізбен алдын ала сөйлесіп алып, қажетті құжаттардың тізбесі мен баратын жерлдеріңізді көрсетіп береді.
Бала асырап алам деуші азаматтарды есепке қою үшін қажетті құжаттар:
Үлгі бойынша нотариус растаған өтініш (2 қосымша);
Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер де сіз некеде болсаңыз);
Жеке куәліктің көшірмесі;
Жұмыс орнынан алынған еңбекақысы көрсетілген анықтама (еңбекақысы, кірісі);
Тұрып жатқан үйі құжаттарының көшірмесі;
Тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын тексеру актісі (асырап алушылар тұрып жатқан аумақтағы мектептің қоғамдық инспекторы жасайды; актіні мектеп директоры растайды) (3 қосымша);
Тұрғылықты жерінен анықтама (№3 үлгі);
Басқа қалалықтар үшін - тұрғылықты жерінен қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы;
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика орталығы берген сотталмағаны жөніндегі мәліметі (4 қосымша);
Медициналық тексеру (психиатр, нарколог, дермато-венеролог, терапевт және басқалар) (5 қосымша).
Сіз әрбір ықылас білдіруші бала асырап алушы бола алмайтынын білгеніңіз жөн. Егер бекітілген аурулар тізбесіндегі сырқаттар сізде болса, онда бала асырап ала алмайсыз. Бұл мынадай аурулар:
1. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
2. Психикалық аурулар.
3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
4. Туберкулез.
5. Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
6. Алапес.
7. Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
8. Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
9. Созылмалы ауыр буллезды дерматоздар.
10. 1, 2 топтағы мугедектік (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).
Құжаттарыңызды дайындап Білім беру департаментіне өткізгеннен кейін Сізге аңсаған ұлыңызды немесе қызыңызды тауып алу үшін балалар мекемелеріне жолдама беріледі.
Сіз баратын мекемелерде "арнайы конкурс" болмайтынын бірден ескере кетеміз. Әрине сіз қалайтын баланың жасы, ұлты, көзі және т.б. жөнінде сізден сұрағанымен, бала таңдауда ең бастысы баланың жағдайын, денсаулығын, тарихын басшылыққа алады. Сіздің басқа мекемелерге барып басқа бала іздеу құқығыңыз бар.
Егер де Сіз бала таңдап алған болсаңыз, баламен танысатын, бір-біріңе үйренетін ең жауапты, ең тамаша уақыт басталады. Екі жұма бойы Сіз баламен серуендеуге келіп тұруыңыз қажет. Егер де бала сізге үйрене алмай, сізден қорқып қалса да, сіз шыдамдылық сақтаңыз. Баланың шартын орындаңыз, қатты табандылық көрсетпеңіз, тәрбиешілермен достасып алыңыз, олар баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінуге сізге көмек көрсете алады.
Танысу кезеңі өткеннен кейін сіздің және балалар мекемесі басшысының қорытындысы жазылған баланың құжаттары сотқа жіберіледі. Отырыс күні белгіленеді. Белгіленген күні Білім беру департаменті қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі және балалар мекемесінің басшысы, сонымен бірге прокурордың қатысуымен соттың жабық отырысы басталады.
Баланы асырап алу жөніндегі соттың шешімі шыққаннан бастап 15 күн өткеннен кейін ғана баланы алып кете аласыз. Балаға күнде барып тұрып, өміріңіздегі үлкен өзгерістерге дайын болыңыз. Барлық жағдайды егжей-тегжейлі ойластыруға тырысыңыз.
Асырап алу жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ахаж органдарында баланы асырап алу тіркеледі де, асырап алу жөнінде куәлік беріледі.
Егер де Сіз асырап алған балаға өз тегіңізді, атыңызды бергіңіз келсе және оның есімін өзгерткіңіз келсе ахаж бөлімдеріне асырап алушыны ата-ана ретінде тіркеу үшін өтініш білдіру қажет. Бұндай жағдайда ахаж бөлімі кітапқа асырап алушыны ата-ана ретінде жазып, тууы туралы куәлік береді.
Асырап алуды тіркеу аудандық ахаж бөлімдерінде асырап алу жөніндегі соттың шешімі бойынша тіркеледі.

Бала асырап алу -- адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу, қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс - балалар деректерінің Интернет-банкі көмектесе алады.
Қазақстанда Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы жобасы іске қосылды. www.usynovite.kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата-аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.
Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі
1. бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;
2. тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;
3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4. бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;
5. достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;
6. жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;
7. отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
8. денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
9. сотталмағаны туралы анықтама;
10. тұрғын үйінің бар-жақтығын растайтын құжат;
11. бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындысы.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманың өзгеруiне байланысты және соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн барынша толық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Баланың құқықтары туралы 1989 жылғы 20 қарашадағы конвенция, Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы конвенция, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрi - Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 Қаулысымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ұлттық және халықаралық деңгейлерде бала асырап алу туралы Қазақстан Републикасының қолданыстағы құқығы болып табылатынына соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
2. Кодекстің 87-бабының 1-тармағына сәйкес бала асырап алу туралы iстердi сот азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды.
Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адам тек сот оның өтiнiшiн қанағаттандырған жағдайда және сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн баланың заңды өкiлi құқығын иеленедi (Кодекстің 88-бабының 1-тармағы).
Осы айтылғандарды ескере отырып, соттар арызданушының баланың мүлiктiк құқықтарын қорғау туралы талабының (мысалы, баланың оған сыйға тарту шарты, мұралыққа қабылдау не тұрғын үйдi жекешелендiру және т.б. бойынша өз меншiгiне көшкен жылжитын немесе жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы туралы) бала асырап алу туралы арызбен қатар қаралуға тиiс емес екенiн есте ұстаулары қажет.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
3. Сот асырап алу туралы арызды қабылдай отырып, арыздың нысаны мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай мәтiн бойынша - АIЖК) 150-бабында көзделген талаптарға сәйкестiгін тексередi.
Осы санаттағы iстердiң ерекшелiгiн негiзге ала отырып, сот арызда бала асырап алушылардың өздерi туралы, олар асырап алуға тiлек білдiрген балалар туралы, олардың ата-аналары туралы, асырап алынатын балалардың акт жазбаларындағы ықтимал өзгерiстер туралы өтiнiштердiң, кодекс олардың бала асырап алу мүмкiндiгiн байланыстыратын мән-жайлар туралы мәлiметтердiң, оларды растайтын дәлелдемелердiң, сондай-ақ мына төмендегi қажеттi құжаттардың арызға қоса берiлуiн тексеруi қажет:
- баланың тұратын (тұрған) жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бала асырап алудың негiздiлiгi және бала асырап алудың асырап алынушының мүдделерiне сәйкестiгi туралы қорытындысы;
- бала асырап алушылардың тұрмыс жағдайларын тексеру актiсi;
- баланың тууы туралы акт жазбасы мен куәлiгiнiң көшiрмелерi;
- құзыреттi органның асырап алынатын баланың денсаулығының жағдайы, дене және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытындысы;
- егер заң бойынша талап етiлсе, ата-аналардың баланы асырап алуға келiсiмi;
- егер бала 10 жасқа толса, баланың асырап алуға келiсiмi;
- арыз берушiнiң сол баланы асырап алуы мүмкiн екенiн растайтын дәлелдемелер.
Арызданушы осы құжаттарды ала алмаған жағдайда, сот оларды арызданушының өтiнiшi бойынша тиiстi органдардан сұратып алуға тиiс.
Баланы оның өгей әкесi немесе өгей шешесi асырап алған жағдайда, Кодекстің 93-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баланы асырап алудың негiздiлiгi және бала мүдделерiне сай келетiнi туралы қорытындысы талап етiлмейдi.
Арызға баланы асырап алушы (асырап алушылар) қол қояды, кiмде кiмнiң асырап алушылардың мүддесi үшiн арыз беруiне жол берiлмейдi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
4. Соттар табылған немесе тастанды баланы асырап алу кезiнде баланың табылғаны туралы iшкi iстер органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар әзiрлеген хаттаманың немесе актiнiң болуының жеткiлiксiз екенiн есте ұстаулары қажет. Осындай балалар жөнiндегi арызға, баланың Кодекстің 196-бабына сәйкес тiркелгенiн растайтын тууы туралы акт жазбасының көшiрмесi және оның тууы туралы куәлiк қоса берiлуге тиiс.
Егер бала асырап алу туралы арыз берiлген сәтте табылған немесе тастанды бала Заңның 175-бабына сәйкес тiркелмеген болса, онда сот АIЖК-нiң 154 және 155-баптарына сәйкес арызды қозғалыссыз қалдыру немесе iс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала асырап алудың нормалары
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Бала асырап алудың түсінігі,тәртібі
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Бала асырап алудың құқықтық салдары
Халықаралық бала асырап алу
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мәселелері
Пәндер