XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.

1. 1. ХVІІ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай . . . 7

1. 2. ХVІІІ ғасыр басындағы саяси тарихы және қазақ тілі . . . 19

ІІ - тарау. ХVІІ - ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ билеріне шолу.

2. 1. ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ билерінің ролі . . . 28

2. 2. ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық жағдайы . . . 35

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 45

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі:

Қазақстанның экономика - әлеуметтік мәдени өмірінде бүгінгі таңда түбегейлі күрделі өзгерістер жүріп жатыр. Кездесіп отырған қиыншылықтар аз емес. Олардың біразы нарықтық қатынастармен келсе, енді бірінің тамыры, бастауы кешегі кеңестік қойнауында жатыр. Өткен тарихымызда қайта кездесіп тәуелсіз еліміздің қазіргі тақырыптан қорытындыларымен сабақтарын ой елегінен өткізу қажет.

Қазақ жұртының халық болып, біртұтас елге айналуында, дамып өркендеуінеде айтуы хан сұлтандарымыз барыларымызбен көсем билерімізде үлес қосқанын айту еркіндігіне егеменді елдікке қолымыз жету арқасында ғана мүмкіндік толып отыр.

Кеңес дәуірінде қазақ мемлекеттігін қалыптасуына тікелей ықпал берген, төл тарихымыздың алтынды да бөлінбес бір бөлігі болып саналатын билер институтын, билер дәстүріне аса назар аудармады. Би фоеодалдық құрылыстың сорқыншағы ісбетті қаралды. Қай құрылыста кемшіліксіз дәуір болмады. Бірақ Кеңес дәуірніде берілген би сөзінің түсініктемесі бір жақты берілдідесек қателеспейміз. Яғни оның тек дұрыс емес ау деген жағын бейнелеп, көрсетіп, шын мәніндегі функциясын терең түсіндіріп жатқан ешкім болмады.

Ал тарихымыздың тұстарын келегелі келер ұрпаққа ашып айтылмайтын болса онда тарихымыздың ақаңдық беттерін уақ өте айқындап беру қиынға соғады. Сонымен қатар бұл ақтаңдап беттері қазіргі кезде ашып алу сол кезеңде өмір сүріп, тіршілік жасап жүрген тұлғалардың Қазақстан Республикасының - толыққанды адамзаттарына міндетті.

Уақыт алдымызда әкеліп берген мүмкіндікті бүгін қолдауымыз қажет. Өйткені келерұрпақ алдында ендігі кезекте бір жауапты боламыз. Тәуелсізікке жетелегеннен соң қол қусрып, тарихқа үлес қоспағандығымызды ештеңемен ақтап аламасақ керек.

ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардың қазақ халқы көптеген сәтсіздіктерге ұшырағандығымен мемлекет ретінде қалыптасудың көптеген күрдел процестерінен өтті. Билер институты дамытылды. Би тұлғасының саясаткер, қоғам қайраткерлері ретінде бийнесі танылды. Бидің әділеттілігіне халық бас иіп ауыз біршілікке келді.

Билер қоғамдық жан - жақты дамуына өзіндік ерекшелігі бар үлес қосты десек қателеспейміз. Өйткені халықтар шежіресін, діни ілімді зерделеумен қатар, табиғаттың тылсым күшін терең білуге ұмтылған. Одан ой түйіп, өлмес қағидаларға теңескен қанатты сөздер қалдырады.

Міне осы даналық пен ақыл - ой парасаттылығының үлесі бола білген билер жөнінде қазіргі егемендікке иеленген шақта, тарихымызды жаңаша шындық, әділеті тұсынан қайта зерделенген шақта шынайы, толыққанды зерттеу жүргізіп, қазақ тарихының, мәдениетің шынайы пердесін ашып көрсетіп, қазіргі дамубарысымызға үлгі боларлық жерлерін айқындап көрсетіп беру уақыт талабы. Сондықтан қазақ билерінің ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда елді билеп қазақтың мемлекеттілігін сақтап қалып, «Қазақ» атауын, өмір сүру қаупін, ақыл парасатын атадан - балаға мұра етіп қалдыруымен билер институты мен билер дәстүрінен зерттеуге өзекті мәселелердің бірі екендігін ешқандай дау туғызбайды.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі:

ХVІІ - ХVІІІ ғасыр қазақ жеріне қалыптасқан жағдайға сүйеніп, қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдері тұсында, ел билеу қажет қиын міндет болған кезде, аумалы төкпелі заманда халықтың ауыз біршілігін сқтаған, өзімен бірге ұйымдастырып ілестірген билертұлғасын қызметіне және сол кездегі саяси жағдайға қатысты материалдарды зерттеуді жөн көрдік.

Диплом жұмысының мақсатымен міндеті:

ХVІІ - ХVІІІ ғасырда қазақ жеріндегі қалыптасқансаяси ахуалды анықтай отырып, билердің елді билеп, сеніммен ынтымақттастық саясатына қоғамдық қызметіне қатысты материалдар негізінде зерттеу дипломық жұмысы алдына қойған мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді атқару белгіленеді.

  • ХVІІ - ХVІІІ ғасырларды Қазақстандағы саяси жағдайыдың себептерін анықтау;
  • ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда қазақ қоғамының дамуын сипаттау;
  • ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамының мемлекеттік институттарын көрсету, ондағы билер институттарын ролін анықтау;
  • ХVІІІ ғасырдың саяси қоғамдық дамуға билердің қосқан үлесін анықтау;
  • Көрнекті қазақ билерін тарихтағы орнын анықтау;

Дипломдық жұмыстың деректік қорлары:

ХVІІ - ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихы бойынша материалдар, сол дәуірде жарық көрген тарихи еңбектер, заңдар мен ережелер, қазақ мемлекетің басқа елдермен жасақан дипломатиялық келісім шарттары, шығыс және қазақ әдебеитін шығарма үлгілері, қазақ халқының тарихына қатысты оқулықтармен зерттеулер, қазақ мемлекетінің даму тарихына қатысты зерттеулер, қазақ шешендік өнерінің даму тарихына қатысты зерттеулер, қазақ би шешенерінің өмірімен шығармашылығына қатысты, маатериалдармен зерттеулер, дәл айтқанда нысаналықты «үш пайғамбары», Н. Төреқұловтың «Қазақтың би шешендері», С. Клишторнидің «летотис трех тысяча летий», А. Сапаев « Әз Тәуке» және т. б. көптеген билер жайлы зерттеулердің құжаттық деектердің маңызын ерекше атап көрсеткен жөн.

Диплом жұмысының зерттелудеңгейі:

Еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанан бастап аталмыш тақырыпқа көптеген авторлар зерттеулерін арнаған олардың ішінен қазақ халқының тарихын тереңнен зерделеп, ғылыми тұрғыда жіктеп мұрағатты құжаттарға сүйеніп, әділеттік пен объектілік тұрғыда шындыққа жанасатын, тарихымызды ұлы тұрғыдағы айқындап көрсетіп ұрпаққа үлгі етерлік етіп баяндалған.

Қзіргі кездетарихты зерттеудің нақты принциптері мен міндеттерін сипаттаған мынандай еңбектердің орны айрықша. Мақсұт Нәлібаев «Ұлы билеріміздің жоғарғы сотқа дейін», Нсынбек төреқұлов «Қанатты сөздер», Төреқұлұлы Нысанбек «Қазақтың жүз шешені», Б. Аданбаев «Қазақ шешендері», міне осыларды атап өтуімізге болады.

Диплом жұмысының хронологиялық шегі:

Жұмыста ХVІІ ғасыр мен ХІХ ғасырға дейін уақыт аралығы қамтылады.

Диплом жұмысының методологиялық негізі:

Диплом жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диолектикалық тәсілдерімен тығз байланыстылығы тарихилық, салыстырмалық, объектіліктік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынған.

І - тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.

1. 1. ХVІІ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.

Жазу-сызу өнері ерте дамыған халықтардың кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған киелі мұраларының бірі - энциклопедия. Алғашқы энциклопедия біздің дәуірімізге дейін X ғасырда Кы-тайда, кейінірек Грек, Египет Мысыр едцерінде, Рим империя-сында жазыдды. Ондай кітаптар сол еддердің нейінгі үрпағы үшін тарихнама, көне шежіренама хақында айрықша маңыз атқарып, өмір ғылым, қоғам, дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрып секілді сан саласы мағлұматтарды нақты ауқымды баяндап отырды.

Қазақ топырағында 1972-78 жылдары аралығында жарық көрген Қазақ Совет энциклопедиясының он екі томдығы совет өкіметінің дәуірлеп, коммунистік партияның "ақ дегені - ақ, қара дегені қара боп, ауыздан қағып, аяқты кісендеп, жеке-дара үстемдік етіп тұрған шағында дүниеге келгенді. Бұл, аты айғақтап тұрғандай, "Қазақ Совет энциклопедиясы" болғанмен, бүгінгі көзбен қарағанда, олқы түстарының көптігіне ешкімнің күмәні бола қоймас. Бір ғана мысал, өзіміз сөз қылып отырған би жөніндегі берілген анықтамаға көз жүгіртелік.

Би - әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманда шыққан үстем тап екілі әлеуметтік қатынастардың дамып, шиеленісуімен бірге, билердің кепшілігі қанаушы топтардың уәкіліне айналды. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда» бұл биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде кең праволары болды. Өкілдіктің мұндай өктем болуынан зорлық-зомбылық туып отырды. Билер соты Октябрь революциясына дейін қылмыстық және азаматтық істердің көпшілігін қалайтын ресми орган болып, қүн, барымта, қалың мал, әмеңгерлік, көп әйел алу т. б. патриархтық кертартпа қалдықтарды қорғап келді".

Міне, Советтік дәуірде би дегенге бүдан артық баға беру мүмкін емес-ті, Совет өкіметінің алғашқы жылдарында - би туралы көркем шығармаларында баяндалған оқиғаларға байланысты заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтен бастап, көптеген қаламгерлеріміз қуғын-сүргінге ұшырағаны баршаға мәлім. Бұдан би дегенге тек советтік дәуірде ғана қысым жасалған екен деген пікір тумауға тиіс. Бидің қоғамдағы алатын орнының айрықша екенін Ресей империясы өзінің Қазақстанды отарлау саясатының алғашкы жылдарында-ақ байқап, қайткенде де олардың ролін төмендетуте жансыздары, тыңшылары арқылы хан сұлтан, би батырлардың қазақ жұртын басқару саясатын барынша терең зерттеп үлгерді. Сөйтіп, ел басқаруда билердің орны сайлайтынын біліп алды. Ал қарауындағы бодан елдің күшті хандықтардан тұруы, ондағы билердің кей жағдайда хандардан тұруы, ондағы б да беделді күшті болуы Ресей империясының отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыруына айрықша кедергі еді. Сондықтан да 1822 жылы "Сібір қырғыздары туралы уставын" қабылдап, қазақ жерінде хандықты жойылды деп хабарлады. Алайда "Қазақ халқын ыдыратып басқару" саясаты мұнымен шектелмеді. Өйткені кезінде кей жағдайда ханның өзін алдына телмендетіп қоятын билер, Билер кеңесі сакталып қалғанды. Енді Ресей әкімшілігі билердің басшылық роліне біржолата балта шабуды кездеп, 1868 ж. қабылданған "Жаңа устав" бойынша қазақ жұртында сұлтандық пен билік басқарудың бұрынғы жүйесін жойды.

Енді, "бөліп-бөліп ал да, басқара бер" деген саясатпен, казак даласы ұсақ болыстар мен бұрын көсемдігімен, шешендігімен танылғандар ғана өздігімен би атанатындарды енді халық сайлап, Ресек патшасының ерекше құқық өкілдері бекітетін болды. Бұл ғасырлар бойы халыққа қызмет етіп, тарихтың, қоғамның қалыптасуында айрықша рол аткарып келген билерді олардың бойындағы сан алуан тума қасиеттерді біржолата жою мақсатынан туған құйтырқы саясат еді. Олай дейтіміз, енді болыстыққа, би, қазалыққа өзінің дара қасиеттерімен би атанғандар емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағанымен жүретін дарынсыз, мансапқорлар сайланды. Бұл жөнінде дана Абай өзінің "Үшінші сөзінде- әрбір старшина басы бір би сайлау саясатын сынай келіп, былай дейді. "Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы "Қасым салған қасқа жолын, Есім салған ескі жолын", Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда "Жеті жарғысы" білгендіктен білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы қалай өзгергендіктен ескеріп, бұл жаңа заманға келіспей тұғын болса, онда орнына татымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді ондай кісі аз, тіпті жоқ".

Ұлы акынның "Бас басына би болған өңшең қиқыгл", -деп қын-жылатыны да осы кездің көрінісіне айқын куә.

Ал шығыс жұлдыздарының бірі саналатын Ш. Уәлиханов "Билер сотының ертеден келе жатқан халықтық түрі" деген мақаласында: Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген, қазақ өзнің заң бетіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдары атағы халық алдында тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған".

Енді сол халық даналықтарына сүйене отырып, билер бойындағы дара қасиеттерге қысқаша болса да жеке-жеке тоқталып санамалап өтелік. Бір ескерте кететін жаит: би бойындағы қасиеттерді санамалап көрсеткенде оқушы қауым біздің алғашқы атарақдарымыз бидің басты қасиеті де, соңғылары қосалқы қасиеттері екен деп қамағаны лазым. Бұл арада санамалау реті шартты түрде алынып отыр. Бұл қасиеттердің бәрі бірін-бірі толықтырып» тәрт аяғынан тең басып тұрмаған жағдайда аты шулы билер додасында қарсы жағы, осал тұстан алып түсіп, омақастырып кете беретін болған. Сонымен:

Би - көсем. Кә, би көпті көрген, яғни "көре-көре көсем болған", кекірек көзі қиянды шалатын ойы орынды көнені ғана біліп қоймай, болашақты да тап басып байланды бағаналы болжап жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы керек. Бір мысал ертеде Орта Азияға жол ашуға ындыны кепкен Ресей патшалығының елшісі келіп: "Казақтар сіздер бізге бодан болыңыздар!"-деген ұсыныс жасайды.

Олардың жат пікіріне қарсы наразылық білдірген билер: Осылардың өзін өлтіре салсақ кайтеді!"- десіп аза билер Төле, Қазыбек, Әйтекелерге соңғы сөзді жүктейді. Сонда бірі: "Алар ма еді мына көлдің қуын атып?"-дейді.

Екіншісі: Оғың шығын болмасын суын атып", - дейді.

ҮшіншісІ: "Құтылмастай пәлеге қалып жүрмейік, құс екен деп перінің қызын атып", -дейді.

Сөз осымен бітіп, орыс елшілігі аман-есен еліне қайтарылады.

Көргендік пе? - Көрегендік. Көсемді. Ендеше бұл мысалды одан әрі талқылау біз үшін сөзуалрық болар еді.

Би - шешен. Би - майда сөздің мақпалы сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, бірде түйтектетіп, сүйекке жеткізіп, мақтамен бауыздап, қажет жерінде қара таспен қақ айырып түсерлік семсерден бетер от ауызды, орак тілді, ойы ұшқыр, қиялы қыран қанат, заңғар-заңғар ойлардан қас қағымда сөз зергерлейтін ақпа, асыл сөздің мәйегі.

Шешендік - көп халықта ертеден кездесетін қасиет, тіпті ежелгі Рим империясы мен Грек, Мысыр, елдеріндегі оқу орындарында "Риторика" деп аталып, негізгі пәндердің бірі ретінде жүрген. Онда болашақ ел басшыларын, заң қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін, өлшілерді, әдебиетшілерді, журналистерді ешқашан қағазга қарамай, шешен сөйлеуге үйреткен. Жазу-сызу дами келе бұл өнердің, соңғы кезде ұмыт қалғаны сондай, кейбір елбасшыларының өзі басқа бір елге барғанда не жат жүрт өкілін қабылдаған сәтте де екі-үш ауыз құттықтау сөздің өзін қағаздан окуы қандай қынжыларлық көрініс. Ал біздің билердің шешендік мектебі әуелі халық, сосын өздерінің тума таланты еді. Болашақта жастар арасында шешендік өнерді қайта жаңғырту мәселесі өз алдына көтеретін ұзақ әңгіме боландықтан бұл жолы одан әрі топтасып жатпаймыз.

Би - Ақын. Бірақ ешбір би өзін ақынның деп санамаған. Жұрт та оларды ешқашан ақын деп атамаған. Соған қарағанда билердің шешендік пен ақындық тең тотастырып сөйлеуін соларға ғана тән әрі төл қасиет, заңды құбылыс деп санағандығынан болуы керек.

Нұрқожа биге арғын ІІІоқай бидің айтқан "Арыстанның белгісі" деген суырып салма сөзін алалықшы:

Қарызыңыз өнсе бітеді.

Жан жарығы сенсе бітеді.

Қанша қызық дәурен сүрсең де.

Дүние қызығы бітеді.

Арыстан айға шауып мерт болса,

Артында қалған нәсілі

Айға шапнас демеңіз.

Атаның салған жолына

Баласы түспес демеңіз.

Тіпті көптеген билердің қара сөзбен айтқандарының өзі төгіліп тұрған ақ өлең емес пе! Жетес бидің кәрілік қалқындағы мына бір сөзіне тоқтала кетелікші: "Он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым; Жиырмаға келдім: онда да балалығымды қоймадым; Жиырма беске жеттім: жақсы іске сүйендім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлуларға шүйілдім; Отызға келдім: алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар-кұрбының көңілін қалдырмадым; Қырыққа келдім арғымақтай аңқылдадым, тау қыранықдай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқыл-дадым; Елуге жеттім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды артымды тегін көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін көре алмадым; Алпысқа жеттім: асты тарау жолға кездестім, қайсысына түсерімді білмей, дағдарысқа ұшырадым; Жетпіске ке. лдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне жүрдім".

Мұндай төкпе сөзді қай-қай бидің де аузынан мысалға ала беруге болар еді. Біз осымен шектеле тұрғанды жөн санадық.

Би - заңгер. Биді жазба тілімізде сот деп жүрміз. Бұл дәл емес, біржақты пікір. Әдетте даулы мәселені шешкен кезде кемі үш би болатын. Бірі - айыптаушы прокурор, екіншісі-ақтаушы адвокат, үшіншісі - төбе би судья. Ал сот дегеніміз бір ғана судья, яғни үкім шығарушы дегенді білдіреді. Сондық-таж биді сот деп емес заңгер деп қараған дұрыс, әйтпесе оның атқарар міндеті жалпыға түсінікті жағдайда би деп-ақ қалдырған жөн.

Осы арада тағы бір айта кететін жай бар. Қазақта сондай-ақ, жалпы түркі елдерінде би деген секілді қазы деген де сөз жиі кезігеді. Ол да билік айтушы, төрелік етуші болып саналады. Әйтсе де, би мен қазының арасы жер мен көктей. Казы бір өзі ғана жтгінушілерге шешім шығарып, төрелік айтадд. Ал оның әділдігі мен әділетсіздігі көп жағдайда тең түсіп жатуы ықтимал. Ондай жағдайда даушылар қазыдан асып, билер алдына жүгінген. ӘрІ жоғарыда айтқан және төменде баяндалатын биге тән касиеттерді қазыдан талап ету - орынсыздық, білместік, яғни қазы өзінің дүниетаным көзқарасына қарай дұрыс болсын, бұрыс болсын төрелік айтушы ғана» Ал би - көп жағдайда талқыға балып, демократиялық жағдайда шешім шығарушы.

Биге орай тағы бір ескерте кететін жай, халық арасында. Би екеу болса - дау төртеу" деген сөз бар. Мұны кейде билер жүрген жерде дау көл деп» сыңаржақ ұғып қаламыз. Қате. Бұл арада даулы мәселені екі жақ би емес, үш би яғни тақ шешсін дегені. Демек, бірі - айыптаушы немесе құн даулаушы екіншісі ақтаушы немесе құн сұраушы, үшіншісі - ортақ әділ шешім айтатын төбе би болсын дегенді меңзегені»

Би - елші дипломат, мәмілелер. "Жауластырмақ- жаушыдан, елдестірмек - елшіден", "елшісіне қарап елін таны" секілді тек қазаққа ғана тән емес түркіден келе жатқан көптеген мақал-мәтелдерде қаншама терең мағына жатқанын оқушы қауым біз еліктемей-ақ өздері де жете пайымдайды деп есептейміз. Мұны айтып отырған себебіміз, би тек ел ішіндегі даулы мәселені шешеді екен деп қарауымыз да жете бағаламағандық. Әрине жеке адамдар, ту тайпа ұлыс аралығындағы кикілжіңді ел мен ел арасындағы даулы істермен қатар қоя алмаймыз. Сол себепті де соңғы мәселені шешу тшін жат жұртқа нағыз көсем билерді жіберіп отырған. Өйткені ондай сәтте елшілікке барған бидің мойнында тұтас бір халыктың тағдыры тұрары сөзсіз.

Біз төменде Қаз дауысты Қазыбек бабаның жоңғар ханына елшілікке барғанда айтқан сөзінен мысал келтіретін болғандықтан бұл мәселеге бұдан да әрі тоқталып жатуды артық санадық. Тек бір ғана айтып өтетін жайт: билер жеке адамдар, рулар, ел мен ел арасында да барлық мәселені мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешіп» әрдайым бітуаластыруды мұрат тұтқанда және солай шешкенде ғана оның атақ-даңқы жайыла түскен.

Би - Батыр Билар арасында қол бастап жауға шауып талай рет дүйім елдің сүйіспеншілігіне ие болған батырлар да аз болмаған. Жәнібек Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мыналар секілді батыр билеріміздің тізімі құлаш.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Русь мәдениеті
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Сфрагистикалық материалдар
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz