Баланы шынықтыру



Кіріспе.
Шынықтыруға қоршаған орта факторларының әсері.

Негізгі бөлім:
1. Шынықтыруға қоршаған орта факторларының әсері.
2. Ауа ваннасы
3. Су процедурасы
4. Массаж және гимнастика

Қортынды.

Пайдаланған әдебиет
Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.
Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге кейбір жүктеме түсіру бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негізделген.
1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
2. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
3. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
4. www.yandex.kz

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

Тақырыбы: Баланы шынықтыру.

Қабылдаған: аға оқ. Божбанбаева З.Ж.
Орындаған: Анарбаева А
Тобы: ПМД-111о

Түркістан 2012
Жоспары:

Кіріспе.
Шынықтыруға қоршаған орта факторларының әсері.

Негізгі бөлім:
1. Шынықтыруға қоршаған орта факторларының әсері.
2. Ауа ваннасы
3. Су процедурасы
4. Массаж және гимнастика

Қортынды.

Пайдаланған әдебиет.

Кіріспе.

Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.
Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге кейбір жүктеме түсіру бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негізделген.
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.

Шынықтыруға қоршаған орта факторларының әсері.
Емшектегі баланы шынықтыру. Нәрестені алғашқы күннен бастап-ақ таза ауаға үйрету керек. Таза ауа тәбетін ашады, организмді шынықтырады, әр түрлі аурудай сақтайды. Емшектегі баланың денесі тез ысып, тез салқындайды. Сондықтан оның терісін температураның өзгеріс -- құбылысына біртіндеп үйретеді. Баланы таза ауамен шынықтыруға өте мұқият қарау керек.
Баланың денсаулығы мықты болып өсуі шынықтырусыз мүмкін емес. Шыныққан бала аз аурады, оның асқа тәбеті жақсы, ұйқысы да қатты, денесінің үйлесіміде дұрыс дамиды. Мұндай баланың өміріде өте қызықты болады. Ол кез-келген ауа райында көп қыдырады, оған жаз кезіндегі жауыннан кейін көк майсада жалаңаяқ жүгіру, қыста қармен ойнап жүріп қолқабын сулап алу, шанамен, шаңғымен сырғанау, коньки тебу қауіпті емес. Ол балалар бақшасынан, кейін мектепте оқығанда сабақтан қалмайтын болады, барлығына үлгеріп жүретін болады.
Шынықтырудың пайдасы мол екендігі жұртшылыққа жақсы белгілі. Ата-аналар әдетте, баланы шынықтыруға қарсы болмайды. Бірақ көп жағдайда тек теория жүзінде, ал іш жүзінде олардың батылдығы, ұйымдастыруы, күнделікті күйбең тірліктің арқасында уақыттың жетіспеушілігімен аяқталып жатады.
Қандай ана баласын емізуді ұмытады? Қандай ана баласын тамақтандыруды ертеңге қалдыра алады? Ал осындай маңызды баланың болашық өмірінде пайдасы тиетін жұмыстарды ертеңге қалдырып ертеңінен келесі күнге қалдырады. Әкесі баласын салауатты өмір салтына қызықтыра білсе, және оның балаға болашақ өмірінде қандай пайдасы бар екенін жеткізе білсе, аса қиын шаруа емес. Ең бастысы үлкендер жағы шаршамай шын ынтасымен кірісіп қадағалауы тиіс. Сол себепті балаңызды жастайынан спортқа баулу керек .Балаңыз чемпион болмасада, болашақ өмірінде кездесетін жаман қылықтардан аулақ болады. Спортпен дос бала темекі, арақ тағыда басқа нәрселерден өзін аулақ ұстайды. Себебі спортпен айналысатын баланың досы да спортпен айналысады. Баланың қандай болып өсуі ортаға да байланысты.
Баланы шынықтыруға жылдың кез келген мезгілінде кірісуге болады.
Шынықтыруды үзбей үнемі жүргізгенде ғана пайдалы. Күнбе күн оны тиянақты жасап отырмасаңыз, қол жеткен жетістіктерден айырылып қаласыз. Түнде ерте жатуын дағдылау керек. Кеш жатып ұйқысы қанбаған баланың таңертең еш нәрсеге зауқы болмайды. Біздің организміміз түнде ұйықтап күндіз сергек жүруге жаратылған. Өйткені адам күннің жарығынан да организмге керекті витамин алады.

Ауа ваннасы

Сәбиді шынықтыруды үйдегі ауа ваннасынан бастайды, онда емшектегі бала үшін оптималды температура 21 -- 22С болуы тиіс. Баланы жөргектегенде көпшілік аналар тоңдырып аламыз деп, асығыстық жасайды, тіпті жаялықты алдын-ала радиаторға немесе пешке қойып жылытып алады. Мұның тіптен қажеті жоқ. Жылытылған жаялық баланың ауаға көндігуіне кедергі жасайды; суық көп тиеді. Бала бір-екі минут жалаңаш жатуы үшін жаялықты асықпай алмастыру керек -- мұның өзі ауа ваннасына біртіндеп көшудің бастамасы болып табылады. Ауа ваннасын дұрыс қолдана білу балаға өте пайдалы және оның денсаулығына зиян келтірмейді. Жылдың суық кезеңінде ауа ваннасын бөлмеле, ал жылы уақытта -- сыртта жасау керек. Баланы күніне 2 -- 3 рет, алдымен 1 -- 2 минутқа, кейін 3 -- 5 минутқа жалаңаш жатқызу қажет. Ауа ваннасын біртіндеп күніне жарты сағатқа дейін созады. Тиісті жаттықтырудан кейін ауа ваннасының температурасын 20 -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері
Ойын арқылы балалардың тілін дамыту
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Бір жасар баланың дене даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Пәндер