Өрнектер сөйлейді


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӨРНЕКТЕР СӨЙЛЕЙДІ

Түркі халықтарының ою-өрнегіне қатысты шежірелі тарих есте жоқ ескі замандардан басталады. Жалпы түркі тектес халықтардың ажырамас бірлікке ұмтылғанын тіл ортақтығымен ғана емес, ою-өрнектерінің ұқсастығынан да аңғаруға болатындай. Неміс ғалымы Херман Хаожк Анодолыда тоқылған кілемдердің түркімен кілемдерінен айырмашылығы аз екенін тілге тиек етеді. Мұның себебін ол былай түсіндіреді: «Бұл кілемдердің тоқылу тәсілі, ою-өрнек салу ерекшелігі - көшпенді түркілердің Анодолыға келгендегі қолтаңбасы екені анық».

Түркі халқының кілемге салған әрбір ою-өрнегі өзінше атауға ие. Мәселен, түйе мойын, садақ оғы, кекілік аяқ, белін таянған қыз, сегіз бұрышты жұлдыз, қаз аяқ, қармақ шақпақ т. б.

Тоқымалық бұйымдарда Енесей және көне түрік әріптеріне ұқсас өрнектер жиі кездеседі. Тіпті әшекейлі бұйымдарға зер сала қарасақ, Орхон жазуларына ұқсас өрнектерді де тауып алуғы болады. Зер жүргізе тоқылған бұйымдарға мән бере қарасақ, түзу және айқастыра тоқу тәсілдерін түркілердің кеңінен қолданғанын аңғарасың.

Ғалымдардың айтуынша, түркі кілемдерінің отаны Кіндік Азиядан басталады. Ал түркі кілем тарихы Батыс Түркістаннан тамыр тартады екен.

«Пазырық кілемі» түркі кілемінің алғашқы нұсқасы болып табылады. Бұл кілем біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын пайда болған. Кілімде 3600 түйін бар. Ені мен ұзындығы - 1, 90х2 метр. Бұл кілемде «төрт жапырақты гүл», «айқасқан гүл», «ғұн гүлі», «небен гүлі» деген өрнектер бейнеленген.

Ою-өрнектердің де өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрған сәтін көз алдына елестеді. Бұл өрнек көбінесе кілем, шұлық пен қолғап тоқымасында қолданылған.

Анодолы кілемінде қораз пішіндес өрнектер кездеседі. Сонымен қатар «айыр ағаш», «шақпақ», «сегіз бұрышты жұлдыз», «мысық ізі», U (у) және V (в) әріпі тәрізді ұсақ өрнектер де бейнеленген. Бұлар бес уақыт намазды білдіретін өрнектер болып табылады.

Түркі халықтар үшін өрнексіз заманның мәні жоқ. Демек, біздің эстетикалық талғамымызды қалыптастыруды ою-өрнектердің алар орны ерекше. Жалпы түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Бір қызығы, бас киімдегі ою-өрнектерге қарап-ақ түркі халқының ұпақтары: кімнің қазақ, кімнің өзбек, ұйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін осы аталған бір туысқан жұрттың кез-келген өкілді жазбай таниды. Иә, біз «ою-өрнегіңді қарап кім екеніңді айтайын» дейтін халықпыз.

Әңгімеміз түркі жұртының ою-өрнек өнеріне қатысты болғандықтан, туысқан халықтардың ою-өрнегі жөнінде де айта кеткен жөн шығар. Біз бұл арада олардағы ою-өрнектердің қалай аталатындығына тоқталмақпыз.

Қырғыздарда «кочкар муйуз», «теке муйуз», «толкун», ұйғырларда «бадам», «гүл бадам», «шәудә», өзбектерде «пахтагул», «бодам» сияқты ою-өрнектер түрлері бар. Қазақатарда оюын сипап қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деген топқа бөлуге болады. Әртүрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шымкестеп өру, бедерлеп салу (ойып салу), құю ойып бедерлеу шеберліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ қолөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ақ екі заттың тең пропорциясын таба білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне тән атау қоюға айрықша мән берген. Және оны халық түсінігіне лайықтап алған.

Көненің көзі мен тарихтың сөзіне айналған құлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден қалаған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс-тіршілігі «жасырынып» жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көрністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады.

Қазақ халқының ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «қошқармүйіз» немесе «мүйіз». Осы «мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді: сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қырық мүйіз т. б. Бір сөзбен айтқанда «мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ.

Өнертанушы ғалым В. Чепелелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрін бейнелегендей. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектей құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ою-өрнек өнері
Ноғай нағашы атамның соққан әшекейлері
Көркем мәтінді аударудың стилистикалық ерекшеліктерін зерттеу
Қазақстан көшпелілердің және арғытүріктердің мәдени мұрасы
Шет тілін үйренудің маңыздылығы
Вербалды және вербалды емес қарым - қатынас құралдары
Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz