Тіл кемістігі және оның себептері. Тіл кемістігін топтастыру


Тіл кемістігі және оның себептері. Тіл кемістігін топтастыру.
жоспары:
5. 1. Сөйлеу тілінің бұзылуына сипаттама. Табиғи және функциональды тіл кемістігі.
5. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларда тіл кемістігі пайда болу себептері. Тіл кемістігі бар балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар.
Логопедияда сөйлеудің нормалары мен бұзылыстары түсініктерінің айырмашылықтары маңызды болып келеді. Сөйлеу нормалары сөйлеу қызметі процесінде тілді пайдаланудың жалпыға бірдей қабылданған варианттарымен түсіндіріледі. Қалыпты сөйлеу қызметі кезінде сөйлеудің психофизиологиялық механизмдері сақталған болып келеді. Сөйлеу бұзылысы сөйлеу қызметінің психофизиологиялық механизмдерінің қалыпты түрде қалыптасуының бұзылуымен шартталған тілдік қоршаған ортада қабылданған сөйлеушінің тілдік қалыптан ауытқуы ретінде анықталады. Коммуникативті теория көзқарасы бойынша сөйлеу бұзылысы вербалды коммуникация бұзылысы болып табылады. Бұзылыстарға сөйлеу қарым-қатынасы кезінде болатын жеке адам мен қоғам арасындағы объективті өзара қатынастары да жатады.
Сөйлеу бұзылыстары келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1. Сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді;
2. сөйлеу диалектизмдері болып табылмайды, сауатсыздық пен тілді білмеуі болмайды;
3. сөйлеудің психофизиологиялық механизмдерін қалыптастырудағы ауытқулармен байланысты;
4. тұрақты сипатқа ие, өз еркімен жоғалмай бекітіледі;
5. оның сипатына байланысты белгілі бір логопедтік әсер етуді талап етеді;
6. баланың ары қарайғы психикалық дамуына жиі кері әсерін тигізеді.
Сөйлеу бұзылыстарын анықтау үшін «сөйлеу бұзылыстары», «сөйлеу кемістіктері», «сөйлеудің жеткіліксіздігі», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу ауытқулары» сияқты терминдері де қолданылады.
«Сөйлеудің дамымауы» және «сөйлеудің бұзылуы» түсініктері бар.
Сөйлеудің дамымауы
кез-келген сөйлеу функциясының немесе жалпы сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен деңгейін көрсетеді.
Сөйлеу бұзылысы
сөйлеу қызметінің механизмдерінің қалыптасуы процесінде нормадан ауытқуды немесе бұзылуды көрсетеді.
Логопедиядағы сөйлеудің жалпы дамымауында сөйлеудің барлық компоненттерінің қалыптасуы бұзылатын сөйлеу аномалиясы деп аталатын формасы бар
.
«Сөйлеудің жалпы дамымауы»
түсінігі сөйлеу жүйесінің барлық компоненттерінің (оның фонетико-фонематикалық жағы, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы) қалыптаспаған симптомдарының (немесе дамудың тежелуі) болуын болжайды. Сөйлеудің жалпы дамымауы кемістігінің әр түрлі механизмдері және соған сәйкес әр түрлі құрылымдары болуы мүмкін. Бұл алалия, дизартрия және т. с. с. байқалуы мүмкін.
«Сөйлеудің жалпы дамымауы» термині сөйлеу қызметі бұзылысының симптомологиялық деңгейін ғана сипаттайды.
Логопедияда «сөйлеу дамуының бұзылуы» мен «сөйлеу дамуының тежелуі» түсініктері шектелген. Сөйлеу онтогенезінің процесі жойылатын сөйлеу дамуының бұзылуынан қарағанда сөйлеу дамуының тежелуінде сөйлеу дамуының деңгейі баланың жасына сәйкес келмеуі салдарынан ырғақтың баяулығымен айрықшаланады.
«Сөйлеудің ыдырауы» түсінігі бас миының локальдық және диффуздық зақымдануы салдарынан сөйлеу дағдылары мен коммуникативті іскерліктің жоғалтуымен түсіндіріледі.
Сөйлеу бұзылысының симптомы - бұл сөйлеу қызметі бұзылуының қандай да бір белгісі (пайда болудың) .
Сөйлеу бұзылысының симптоматикасы - бұл сөйлеу қызметінің бұзылу белгілерінің жиынтығы (пайда болулардың) .
Сөйлеу бұзылысының механизмі - бұл сөйлеу қызметі бұзылысының пайда болуымен және дамуымен шартталатын процестерді және операцияларды қалыптастырудағы ауытқулармен түсіндіріледі.
Сөйлеу бұзылысының патогенезі - бұл сөйлеу қызметі бұзылысының пайда болуымен және дамуымен шартталатын патологиялық механизм.
Сөйлеу кемістігі құрылымының астында берілген сөйлеу кемістігінің сөздік және сөздік емес симптомдарының жиынтығы (құрамы) мен олардың байланысқан сипаты жатыр. Сөйлеу кемістігінің құрылымын бұзылысқа (ядро) әкелетін бастапқы кемістік және бастапқымен себептік-салдарлық қатынаста болатын екінші кемістік сияқты түрлері бар. Сөйлеу кемістігінің әр түрлі құрылымдары өзінің бейнесін бастапқы және екінші симптомдардың белгілі бір арақатынасынан табады және көбінде мақсатқа бағытталған логопедиялық әсер ету спецификасын анықтайды.
Сөйлеу дамуының бұзылыстарын диагностау балаға тек дәрігерлердің көмегі ғана емес, сонымен қатар логопедтердің, психологтардың, коррекциялық педагогика мамандарының көмегінің керектігін болжайды. Қазіргі кезге дейін баланың сөйлеу бұзылыстарының біріккен жіктелімі әлі жасалынбаған. Балалардың сөйлеу бұзылыстары негізінде жатқан бұзылыстарға байланысты Л. О. Бадалян (1986, 2000) төменде келтірілген жіктеулерді ұсынды.
I
. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ)
органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеу бұзылыстары. Олар сөйлеу жүйесінің бұзылу деңгейіне байланысты келесі формаларға бөлінеді:
- афазия - сөйлеудің қыртыстық аймақтарының бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің барлық компоненттерінің ыдырауы;
- алалия - сөйлеуге дейінгі кезеңдегі сөйлеудің қыртыстық аймақтарының бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің жүйелік дамымауы;
- дизартрия - сөйлеу бұлшықетінің иннервациялық бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің дыбысты айту жағының бұзылуы. Зақымдану локализациясына байланысты дизартрияның бірнеше нұсқауларын бөледі: псевдобульбарлық, бульбарлық, қыртыс астылық, мишықтық.
II. ОЖЖ-нің (тұтығу, мутизм және сурдомутизм) функциялық өзгерістерімен байланысты сөйлеу бұзылыстары.
Артикуляциялық аппараттың (механикалық дислалиялар, ринолалиялар) құрылу кемістіктерімен байланысты сөйлеу бұзылыстары.
Әр түрлі жағынан пайда болған сөйлеу дамуының тежелуі (шала туғанда, ішкі органдарының күрделі ауруларында, педагогикалық қараусыз қалушылық кезінде) .
Отандық логопедияда сөйлеу бұзылысының екі жіктелулері қолданылады: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық (Л. С. Волкова, С. Н. Шаховская және т. б., 1999ж. ) . Бұл жіктелулер бір құбылысты әр түрлі көзқараста қарастырса да бір-бірін толықтырып отырады және сөйлеу дамуын түзеудің көп аспектілі процесінің әр түрлі міндеттеріне бағытталған. Жіктелудің екеуі де балалар сөйлеуінің бастапқы дамымауына, яғни сөйлеудің дамуы қалыпты есту мен қалыпты интеллект кезінде бұзылған жағдайда байқалатын жағдайлар жатады.
Клиникалық-педагогикалық жіктелу
«ортақтықтан жекеге» принципі негізінде құрылған. Бұл бағыт сөйлеу бұзылыстарының түрлері мен формаларын нақтылауға, олардың алдын-алудың дифференциалды бағытын өңдеуге бағдарланған (Л. С. Волкова, С. Н. Шаховская және т. б., 1999ж. ) . Ауызша сөйлеу дамуының бұзылысы екі түрге бөлінеді: сөйлеудің айту жағының бұзылысы деп аталатын айтудың фонациялық (сыртқы) дайындығы, және айтудың құрылымдық-семантикалық (ішкі) дайындығы.
Психологилық-педагогикалық жіктелу
(Л. С. Волкова, С. Н. Шаховская және т. б., 1999ж. ) - «жекеден ортақтыққа» кері принцип негізінде құрылған. Бұл бағыт педагогикалық процесс ретінде балалар ұжымымен (оқыту тобымен, сыныппен) жұмыс жасау үшін логопедтік коррекциялау әдістерін өңдеуге, логопедтік әсер етуге бағдарланған. Осы мақсатпен сөйлеу бұзылыстарының әр түрлі формаларының жалпы пайда болуы анықталады. Осы жіктелуге сәйкес сөйлеу бұзылысы екі топқа бөлінеді: қарым-қатынас құралдарының бұзылысы және қарым-қатынас құралдарын қолданудағы бұзылыстар. Қарым-қатынас құралдарының бұзылыстарына фонетико-фонематикалық дамымау және сөйлеудің жалпы дамымауы (СЖД) жатады.
Дислалия кезінде есту және сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің иннервациясы сау қалпында болады. Дислалия кезіндегі дыбысты дыбыстаудың (айтудың) бұзылуы артикуляциялық аппараттың аномалиясымен немесе сөйлеулік тәрбиелеудің ерекшеліктерімен байланысты. Осыған орай механикалық және қызметтік (функционалдық) дислалияларды ажыратады. Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р, л) . дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы , дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін. Логопедиялық тәжірибеде дыбыстарды дыбыстау бұзылыстары келесі атаулармен аталады: сигматизм (ысқырықты (свистящие) немесе ызыңды (шипящие) дыбыстарды жеткіліксіз айту) ; ламбдацизм (л-л‘ дыбыстарын жеткіліксіз айту) ; таңдайлық дыбыстарды дыбыстаудағы дефекттер ( к-к‘, г-г‘, х-х‘, й дыбыстарын жеткілікті түрде айтпау) ; ұяңды дефект (ұяң дыбыстарының орнына жұмсақ жұптарын айтады) ; жұмсару дефектісі (қатты шығатын дыбыстардың орнына жұмсақ жұптарын айтады) . Дислалаиясы бар балаларда сөйлеу дамуының бұзылыстары байқалмайды, яғни сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыппен байланысты калыптасады.
Ринолалия дегеніміз - сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әлсіздігімен дыбыстың дұрыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.
Дизартрия дегеніміз- сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері . дизартрия гректің артрон - мүшелену және дис -бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мақау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды.
Алалия дегеніміз - гректің «А» -жоқ деген мағынада қолданылатынын латынның IOQOS сөйлеу деген ұғымдарын білдіріп, ал бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезіндегі болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамуынан болатын кемістік.
Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.
Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады.
Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан /ишемия, геморрогия/ закымданудан, ісіктің, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының /аневризм/ кеңейіп жарылуының» тамарлардағы канның уйюынан /тромбоэмболий/ бітеліп калуының, жүректің бұлшк еттерінін /ревматизм/ шаншып құрысып кеселденуінің /порок/ және бас сұйегі мен мидың закымдануынын нәтижесіиде афазия жасөспірімдер мен жастарда да жиі байкалады.
Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі буаналған жағдайда пайда болада және көбінесе козғаушы /жоғары/ фазисы жиі байкалады. . Бадалардың фазисы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануынын, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі патологияның салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте тез зақамдануынының зардабыған сөйлеу тілі кұрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған жағдайы.
Тұтығу - сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.
Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек, диафрагма, т. б. ) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысуы салдарынан болады.
Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшандығының бұзылуымен анықталады.
Балалардағы тұтығудың таралу ы . 19 ғасыр аяғында психиатор И. А. Сикорикий алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады.
Ресей және шетел ғылымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2 проценті тұтығады.
Тұтығудың пайда болу себептері . Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:
Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырылып сөйлеуі қалыптасуы кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі. Тұтығудың бұл түрі орталық және перифириялық (шеткі) нерв системасындағы сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.
Ал органикалық тұтығу орталық нерв системасының органикалық зақымдануынан (жарақаттану, нейроинфекция, т. б. ) болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.
Баланы тұтығудан алдан ала сақтандыру
Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізілуі қажет. Баланың ерте жасынан-ақ үлкендер сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет, өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.
Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан сақтау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz