Археология ғылымы



Дәріс 1. Археология ғылымы
1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы
2. Археология ғылымының ерекшеліктері
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері
Дәріс 2. Археология деректемелері мен ескерткіштері
1. Археология деректемелері
2. Археология ескерткіштері
Дәріс 3. Археологиялық зерттеу әдістері
1. Археологиялық барлаулар
2. Қазба жұмыстары
3. Археологиялық зерттеулер әдістері
Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археология – тарих ғылымдарының бірі. Ғылым аты гректің archaios- көне және logos- сөз (ғылым) сөздерінен шыққан. Негізінен алғанда заттық деректемелер арқылы адамзаттың арғы дәуірлерін таниды.
Бастапқыда «археолог» деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді /1711 ж./. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.
Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстарын әйгілі ғалым В.Радлов жүргізді. 1865 жылы ол Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Үлкен Берел қорғанын қазды.
Кеңестік замандағы Қазақстан археологиясының негізін салушы зерттеушілер қатарында Әлікей Марғұлан, Сергей Черников, Кемал Ақышев, Әбдіманап Оразбаев, Мир Қадырбаев бар.
Археология ғылымының ерекшеліктері.
Археология ғылымының негізгі ерекшеліктері:
1. Өткенді заттық деректемелер негізінде зерттеу.
2. Арғы, негізінен алғанда, жазу шыққанға дейінгі замандарды тану.
3. Археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.
4. Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды. Ежелгі және орта ғасырларды сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да жәрдемдеседі.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Исин А.И. Археологиядан әдістемелік материалдар.
Глоссарий. Дәріс мәтіндері

1. Пән бойынша глоссарий

АБАШЕВ МӘДЕНИЕТІ - б.з.д. 2-мңжлд. Қола ғасырның мәдениеті Орманды Дон, Еділ бойы, Орал тауы аймағы, Жайық өзенінің жоғарғы ағысы.
АВСТРАЛОПИТЕК - оңтүстік маймыл, 5,5 млн. жыл бұрын пайда болып, 1,5-2,0 млн жыл бұрын жойылып кеткен қазба адам алдындағы жан иесі. Бір түсініктерде - ең көне қазба адам. Ми сыйымдылығы 500-600 см3 дейін. Түрлері: бойс зинджантроп, африкалық. Дене бітімі жағынан өзінен кейінгі шебер адамға габилиске жақын. Сүйек табылмалары - Шығыс және Оңтүстік Африка.
АЛЛЮВИЙ - өзендік қатпарлар. Жазықтағы аллювий құмдардан және ұсақ жыныстардан, таулық - малтатастар мен ірі жұмыртастардан тұрады.
АЗЫХ - Оңтүстік Кавказдағы ежелгі ертетас тұрағы бар үңгір.
АЛЬТАМИРА - Испаниядағы ертетас дәуірінің суреттері табылған үңгір 1879.
АНАНЬИН МӘДЕНИЕТІ - Кама алқабының ертетемір мәдениеті.
АНАУ - Орта Азияның мыстытас мәдениеті.
АНГОБ - ұсақ топырақты езінді. Ыдысты күйдіру алдында ангобтау әдісі болған. Орта ғасырларға тән.
АНДРОНОВ МӘДЕНИЕТІ - Оңтүстік Орал, Батыс Сібірдің оңтүстігі, Қазақстан, Орта Азияның солтүстігіндегі орта қола мәдениеті.
АНТРОПОГЕН - геологиялық тарихтың соңғы кезеңі. Кайнозой эрасына кіреді, неогеннен кейінгі заман.
АРЖАН - б.з.д. 8-ғ. жататын патшалық қорған, Ұйық алқабында Тыва.
АРҚАЙЫМ - орта қола заманының бекіністі қонысы, протоқала. Қазіргі Челябі обл. жерінде.
АФАНАСЬЕВ МӘДЕНИЕТІ - Оңтүстік Сібірдегі мыстытас мәдениеті.
АШЕЛЬ - ежелгі ертетастың кезеңі және мәдениеті. Франциядағы мекен атымен аталған. Ғылымға 1885 жылы Мортилье енгізді. Ескі шелль атауын ығыстырды. Олдувайдан кейінгі және Мустьенің алдындағы мәдениет. Ашельде қолшапқы құралдары шықты.
БОРЕАЛ - голоценнің басқы кезеңінің бірі. 9,5-7,5 мың жыл бұрын.
БОТАЙ - Солтүстік Батыс Қазақстанның мыстытас қонысы.
ВЮРМ - соңғы мұздану дәуірі. 185 мың жыл бұрын басталып, 12 мың жыл бұрын аяқталған.
ГЕЙДЕЛЬБЕРГ АДАМЫ - тік жүретін адам. Қалдықтары Германияда табылған. 300 мың жыл бұрын.
ГЕОМАГНИТТІ БАРЛАУ - магнит өлшегіш аспаптар арқылы жүргізілетін барлау түрі. Жер астындағы қыздырылған және қазылған топырақ қабаттары зерттеледі.
ГИССАР ТЕПЕ - Орта Азиядағы жаңатас мәдениеті.
ГНЕЗДОВО - ерте ортағасырлық варяг және славян ескерткіштері.
ГОЛОЦЕН - қазіргі геологиялық кезең. 12 мың жыл бұрын басталған.
ГОМИНИД - қазба адамдар мен қазіргі адамның ортақ тегі.
ГОМИНОИД - жоғарғы приматтар, жойылып кеткен және қазір де бар адамға жақын маймылдар.
ГОМО ГАБИЛИС - шебер адам, олдувай адамы.
ГОМО САПИЕНС САПИЕНС - қазіргі адам, неоантроп.
ГОМО ЭРЕКТУС - тік жүретін адам, оған жататындар: питекантроп, ланьтян адамы, синантроп, гейдельберг адамы.
ГОРОДЕЦ МӘДЕНИЕТІ - Шығыс Европа жазығындағы ертетемір мәдениеті.
ГРАВЕТТ - Батыс Европадағы ориньяктан кейінгі жоғарғы ертетас мәдениеті.
ДАРТ Раймонд - ағылшын археологы. Австралопитек қалдықтарын алғаш зерттеген ғалым 1924.
ДЕНДРОУАҚЫТНАМА - ағаш қиындыларындағы жылдық сақиналарын есептеуге негізделген уақытнама әдісі.
ДНЕПР-ДОН МӘДЕНИЕТІ - ертетемір мәдениетінің бірі.
ДОЛЬМЕН - мегалиттік құрылыс. Беті тас тақтамен жабылады.
ДОМЕСТИКАЦИЯ - аңдарды қолға үйрету.
ДУНАЙ МӘДЕНИЕТІ - Орталық және Шығыс Европадағы жаңатас пен мыстытастың алғашқы егіншілік мәдениеті.
ДЬЯКОВ МӘДЕНИЕТІ - Еділ-Ока аралығындағы ертетемір мәдениеті.
ДЮКТАЙ МӘДЕНИЕТІ - солтүстік Сібірдегі жоғарғы ертетас мәдениеті.
ЕГИПТОПИТЕК - қазба адамдар түрі.
ЕЛОВ МӘДЕНИЕТІ - Батыс Сібірдің соңғы қола ғасыры мәдениеті.
ЖЕЙТУН - Орта Азиядағы жаңатастың ескерткіші және мәдениеті.
ЖОҒАРҒЫ ЕРТЕТАС - 40-12 мың жыл бұрынғы кезең. Қазіргі адамның өмір сүре бастаған кезеңі. Ұзынша жалпақтастар жасау техникасы үстемдік еткен. Аң аулау. Өнердің шығуы.
ЗАЙСАН МӘДЕНИЕТІ - Тынық мұхиттың Ресей жағалауындағы Оңтүстік Приморье жаңатас мәдениеті.
ЗАРУБИНЕЦ МӘДЕНИЕТІ - Украинадағы ертетемір мәдениеті.
ЗИНДЖАНТРОП - австролоритектер түрі. М.Лики ашқан.
ИМЕРЕТИ МӘДЕНИЕТІ - Батыс Грузияның соңғы ертетас мәдениеті.
ИНГУМАЦИЯ - өртемей жерлеу.
ИРМЕН МӘДЕНИЕТІ - Батыс Сібірдің б.з.д. 9-7-ғғ. мәдениеті.
КӨНЕ ШҰҢҚЫР МӘДЕНИЕТІ - Жайықтан Днестрге созылған қола ғасыры мәдениеті.
КАЛИЙ-АРГОН ӘДІСІ - изотопты уақытнама әдісінің бірі. Ежелгі ертетасты зерттеуге қолданылады.
КАННЕЛЮРАЛАР - ыдыс бетіндегі сырылған арықшалар. Ыдыс өрнегінің бірі.
КАП ҮҢГІРІ - Башқұртстандағы ертетас суреттері сақталған үңгір.
КАТАКОМБА МӘДЕНИЕТІ - Днепр мен Еділдің төменгі ағысындағы қола ғасыры мәдениеті.
КЕЛТЕМИНАР МӘДЕНИЕТІ - Арал өңірінің жаңатас және мыстытас мәдениеті.
КЕРАМИКА - күйдірілген балшық ыдыс, қыш.
КИІККОБА - Қырымдағы мустье тұрағы.
ҚАРАБУРА - Орта Азияның ашель, мустье кезеңдеріндегі тұрағы.
ҚАРАТАУ - Тәжікстандағы ертетас тұрағы.
ҚАРАТАУ - Оңтүстік Қазақстандағы ертетас тұрақтары шоғырланған аймақ.
ҚАРАТЕПЕ - Түркиядағы ертетемір қонысы.
ҚИМА - ағаш бөренелерінен жасалған біріктірме құрылыс. Жерлеу камерасы.
КЛИВЕР - ертетастың ауыр салмақты ұрма құралы, салмақтас.
КЛЭКТОН - ежелгі ертетастың тасты жару мәдениеті. Қолшапқы әлі шықпаған кезеңдікі.
КОКАРЕВ МӘДЕНИЕТІ - Енисейдің соңғы ертетас мәдениеті.
КРЕМАЦИЯ - өртеп жерлеу.
КРОМАНЬОН АДАМЫ - қазіргі адамның Францияда 1868-ж. табылған сүйек қалдықтары.
КУДАРО - Оңтүстік Осетиядағы көпқабатты ашель-мустье тұрақтары.
КУКУТЕНИ - Румыния, Венгрия, Украина жеріндегі мыстытас мәдениеті.
КУЛАЙ МӘДЕНИЕТІ - Батыс Сібірдің ертетемір мәдениеті.
КУРА-АРАКС МӘДЕНИЕТІ - Кавказдың ерте қола мәдениеті.
КҮЛОБА - скиф көсемінің қорғаны. Б.з.д. 4-ғ.
КҮЛТЕПЕ - Орталық Түркиядағы қола ғасыры қаласының қалдықтары.
ҚОБЫСТАН - Әзірбайжандағы тастағы суреттер ескерткіші.
ҚОЛА ҒАСЫРЫ - археологиялық кезеңдеудегі үш дәуірдің бірі. Ерте, орта және соңғы қола болып бөлінеді. Б.з.д. 3-мңжлд. екі ж. - б.з.д. 1-мңжлд. басы.
ҚОРҒАН - жерлеу орнының үстіндегі үйінді. Қазақтарда оба деп те айтылады.
ҚЫЗЫЛОБА - Оңтүстік Қырымның соңғы қола мәдениеті.
ЛАНТЯН АДАМЫ - архантроптардың бір түрі. Янцзы өзені бойындағы мәдениет.
ЛЕВАЛЛУА - ертетастың тас құралдар жасау техникасы. Леваллуалық жалпақшалар және тасбақа тәрізді леваллуалық нуклеустар ашельдің соңы мен мустьеге тән.
ЛИКИ - Африкадағы алғашқы адамдар тұрақтарын зерттеген ғалымдар әулеті.
ЛИКИ, Луис - Африкадағы қазба адамдарды зерттеген ғалым.
ЛИКИ, Джонатан - Олдувай шатқалында габилис адамның қалдықтарын ашты 1960.
ЛИКИ, Ричард - габилис адамдардың қалдықтарын табушы ғалым 1967-1968.
ЛИКИ, Мэри - Олдувайда Бойс австралопитекті ашты 1959. Луис Ликидің зайыбы.
ЛУЖИЦК МӘДЕНИЕТІ - Балтика мен Дунайға созылған соңғы қола - ертетемір мәдениеті.
ЛЬЯЛОВ МӘДЕНИЕТІ - Еділ-Ока аралығындағы жаңатас мәдениеті.
ЛЮСИ - австралопитектің бір түрі. Эфиопияда табылған. Зерттеуші - Джохансон.
МӘДЕНИ ҚАБАТ - адамның тұрмыс-тіршілігінің түрлі қалдықтарын сақтаған жер қыртысы.
НЕАНДЕРТАЛЬ АДАМЫ - палеоантроп адамы, алғаш 1856 ж. Германияда кейін басқа да аймақтарда да табылған. өмір с.рген уақыты - ш.а. 150-40 мың жыл бұрын. Адамның сапиенттік түріне жатады.
НЕОЛИТ - жаңа тас ғасыры, жаңатас. Б.з.д. 7-4 мңжлд. Ұсақтас өндірісінің үстемдік етуімен, тегіс және тесілген, геометриялық үлгідегі, симметриялық құралдардың, мал шаруашылығының және егіншіліктің шығуымен ерекшеленеді.
НЕОЛИТТІК РЕВОЛЮЦИЯ - ЖАҢАТАС РЕВОЛЮЦИЯСЫ - өндіру шаруашылығының шығуына байланысты жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер. Адам өмірі, тұрмыс-тіршілігінің ертетас пен ортатаспен салыстырғанда сапалық биікке көтерілуі, адамның жер қожайынына айналуы.
НИВЕЛИРЛЕУ - ескерткіш пен табылмалардың шартты 0-ден деңгейін биіктігі мен төмендігін нивелир, теодолит, т.б. аспаптар арқылы өлшеу.
НУКЛЕУС - өзектас. Құралдарды өзектастардан сындырылып алынған қалақшалардан жасау дәстүрі ашельден басталады.
ТАС ҒАСЫРЫ - адамзат тарихының алғашқы дәуірі. Ертетас, ортатас, жаңатасқа бөлінеді. 2,6 млн. жыл бұрыннан бзд. 12-мңжлд. дейін созылады.
ТЕМІР ҒАСЫРЫ - қола ғасырынан кейінгі дәуір. Ертетемір және соңғы темір ғасырларына бөлінеді. Б.з.д. 1-мңжлд.
ТІСТІ МУСТЬЕ - тісті құралдар тән мустье мәдениеті.
ШАҚПАСТАС - құралдар жасауға лайықты қатты тас түрі. Ертетас өндірісінде жиі қолданылған.

2. Дәріс сабақтарының тезистері

Дәріс 1. Археология ғылымы
1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы
2. Археология ғылымының ерекшеліктері
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері

Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археология - тарих ғылымдарының бірі. Ғылым аты гректің archaios- көне және logos- сөз (ғылым) сөздерінен шыққан. Негізінен алғанда заттық деректемелер арқылы адамзаттың арғы дәуірлерін таниды.
Бастапқыда археолог деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді 1711 ж.. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.
Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстарын әйгілі ғалым В.Радлов жүргізді. 1865 жылы ол Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Үлкен Берел қорғанын қазды.
Кеңестік замандағы Қазақстан археологиясының негізін салушы зерттеушілер қатарында Әлікей Марғұлан, Сергей Черников, Кемал Ақышев, Әбдіманап Оразбаев, Мир Қадырбаев бар.
Археология ғылымының ерекшеліктері.
Археология ғылымының негізгі ерекшеліктері:
1. Өткенді заттық деректемелер негізінде зерттеу.
2. Арғы, негізінен алғанда, жазу шыққанға дейінгі замандарды тану.
3. Археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.
4. Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды. Ежелгі және орта ғасырларды сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да жәрдемдеседі.
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттелетін дәуірлерге байланысты, археология ғылымының салалары қалыптасқан.
1. Әуелгі немесе ең көне заман археологиясы. Негізінен, тас ғасырымен шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады.
2. Ертетемір, антик заманының археологиясы. Біздің жағдайда - ежелгі көшпелілер археологиясы.
3. Ортағасырлық археология. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы.
Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар:
1. Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.
2. Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми- зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік қасиеттері танылады.
3. Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты жұмыс істейді.
Зерттеу әдістеріне байланысты да археологияның жеке салаларын белгілеуге болады:
1. Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер.
2. Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы зерттеу осы күндері басталған.
3. Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар).
Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері:
1. Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері қарастырылады және үйретіледі.
2. Археология тарихы.
3. Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі белгілерін қарастырады.
4. Жеке бір мемлекет археологиясы. Археологиялық мәдениеттердің уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы.

Дәріс 2. Археология деректемелері мен ескерткіштері
1. Археология деректемелері
2. Археология ескерткіштері
Археологиялық деректемелер туралы түсінік. Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге жатқызылады.
Батыс ғылымында археологиялық деректемелерді тарих алдындағы немесе тарихқа дейінгі және ерте тарих деректері деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, ағылшын тілді шетел ғылымында археология деректемелері тарихи деректемелерден бөлек , антропология ғылымының шеңберінде қарастырылады.
Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып, кейінгі дәуірлер жөнінде түсінік толығып отырады.Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі.
Деректемелерді зерттей отырып тұрмыс-тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы, т.б.
Археологиялық деректемелердің көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде жетпейді: сынық, фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.

2. Археологиялық деректемелер түрлері. Деректемелер негізін көне заманнан жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі артефакт деп аталады. Бұл термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын.
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Еңбек құралдары. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай да жіктеледі.
2. Қару үлгілері. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі.
3. Тұрмыс заттары. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында қолданылған заттар жатады.
4. Ыдыс. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі - керамикалық ыдыстар.
5. Ат әбзелдері. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді.
6. Өнер туындылары. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, ғимарат қалдықтары, жазулар жатады.
7. Сүйек қалдықтары. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім қажет.
Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі - олардың толық, тұтас күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере алады.
3. Археологиялық ескерткіш туралы түсінік. Кейбір ғылыми әдебиет пен оқулықтарда археологиялық ескерткіштер мен археологиялық деректемелерді бір деп дәріптейтін түсінік бар. Шындығында, бұл ұғымдардың айырмашылығын байқауға болады.
Археологиялық деректемелер адам жасаған немесе икемдеген заттар, сүйек және құрылыс қалдықтары болғанда, оларды кабинеттік, зертханалық лабораториялық жағдайларда зерттеп, тануға болады.
Археологиялық ескерткіштер өз орнында зерттеледі. Жоғарыда айтылған деректемелер ескерткіштерден алынады, яғни ескерткіштер ірі объект, оны кабинеттік, лабараториялық жағдайда зерттеу мүмкіншілігі шектеулі. Онда олардың сызба жоспарлары, фото, видео бейнелері ғана қаралады.
Археологиялық ескерткіш жеке жерлеу орны, қоныс, құрылыс болуы мүмкін, ол белгілі жер, су немесе мекен атымен аталуы мүмкін.
Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің бірнеше кезеңдері бар:
1. Ескерткіштер туралы мәліметтер іздестіру
2. Ескерткіштерді тіркеу, картаға түсіру
3. Ең толық өлшемдерін анықтау
4. Ескерткіштерді қазу
5. Алынған материалдарды зерделеу.
4. Археологиялық ескерткіштер түрлері. Дәуірлері бойынша зерттеледі, негізгі екі түрі бар:
1.Қоныстар
2.Қорымдар молалар
1. Ертетас заманынан қалған адам қонысының жалғыз түрі-тұрақ болды.Тұрақтарды аң аулау және терімшілікпен айналысқан байырғы адамдар қалдырған. Олар тұрақтау мерзіміне қарай ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді аталады.
Ұзақ мерзімді тұрақтарда мәдени қабат қалыптасуы мүмкін, топырақ қабаттарында тас құралдары, адам мен хайуанат сүйектері аршылып жатады. Көптеген дәуірнамалық анықтаулар ұзақмерзімді тұрақтарды зерттеу нәтижесінде жасалған. Өйткені, топырақ қабаттарының қалыптасуының геологиялық заңдылықтары бар, демек, геологиялық уақытнама арқылы тас ғасыры ескерткішінің де мерзімін болжау мүмкіндігі бар. Ортамерзімді және,әсіресе, қысқамерзімді тұрақтарда табылатын тас заттар және сүйектер аз болады және мұндай ескерткіштердің табылуы да қиын.
Тұрақтар орналасуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы – ІІ
Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі
ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Кембридж университеті
Шу өңірінің тарихын білеміз бе?
Пәндер