Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектері


Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Шәкәрім ХХ ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық-психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама. Шәкәрім көптеген жан сыры туралы (көбісі өлеңмен жазылған) шығармаларының авторы. Ал, ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектернің өз бір төбе. Шәкәрім шығармаларында адамның жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой-пікірлер көптеп кездеседі. Мәселен, ақынның психологияға байланысты көзқарасын «Анық пен қанық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарт» т. б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми береді, білу, нану, ұғыну, тану - бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен кқрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмін хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар айтып,
Жақсы-жаман өр істі сол тексермек.
Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағдайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді. « . . . Инстинкт - сезімді жан, созание - аңғарлық жан, мысль - ойлайтын жан, ум - ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрлі түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарылайды . . . толық терең ақыл адамнан шығады . . . Совесть (ұждан) - жанның тірегі . . ми, жұлын - жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді.
Ақын ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады дей отыра, кісінің ойға алған ісін жүзеге асыруы, оынң әділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті қуу немесе жауыздық жолға түсуі, ақыл мен жүректің қызметі (Фараби мен Абай да осылай тұжырымдаған - Қ. Ж. ) екендігін дәлелдегісі келеді. Сөйтіп, ол жанның миған байланысты екенін мойындағанымен оның мәңгібақи өлмейтіндігіне сенеді. Осыған орай ол былай дейді: «Мен жан жоқ, өлген соң өмірі жоқ дегенге таң қаламын . . . жанның барлығын, өлген соң да жоғалмайтындығына . . . қанып қалған әдет, . . ақыл ісі ме? . . . Жан екі өмірде бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды». Сондықтан ақыл мен жүректің жетегіндегі адам тіршіліктері барлық нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топшалап ақылмен іс қылу, адамдықтың басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсапалық сипаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жалғастырып, жер жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәрі-бәрі де жаратылыстың ішкі сырын ұғып-білуге ынтық, бір дүниені жаратушы тәңірі - «күн» тіршілік күн нұрынан жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ» деп жар салады, үшіншісі - көп құдайға табынса, төртіншісі - міне, құдай деп суретке табыны, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге ұмтылушылық, - дейді де, өз ойын, - нағыз тәңірі жолы - қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек ету, - деп түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай-ақ өлген жанның топыраққа, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек заттың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды:
Тіпті кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз барша жан.
Тағы дене тауып алып,
Тағы өседі қайтадан.
Түрлі жанда дене түрлеп,
Өзгеріп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғылым байқаған.
Осы пікірлер оның тіршіліктің негізін ғылыми көзқарас тұрғысынан дәлелдегісі келетіндігіне жақсы дерек. Ш. Құдайбердіұлы адамның жан дүниеснің дамып, қалыптасуы жолын тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп даму тұрғысынан түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай ақын «Жәндіктен адам жаралған . . . айуаннан өсіп, болды қадам», - дейді. Сірә, ойшыл ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвин ілімінен жақсы таныс болса керерк. Әсіресе, Шәкәрім жан мен тәннің ара қатынасы мәселесінде дәйекті пікір айтады. Мәселен, ол қандай жан болса да (жанура, адам) денемен, тәнмен байланысты болғандығын айта келіп, «жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр» десе, енді бір шығармасында «дене сезіміне нанба, дене, сезім түгел алдайды . . . бәрін да тапқан таза ақыл . . . бір ғылымның түп атасы - таза ақыл мен ойлану . . жан мен дене екі басқа», деп келетін ақын түйіндері жан мен тәннің байланысын көрсететін ғылыми-психологиялық тұжырыммен үйлеспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер ұстазы абай тұжырымдарын тереңдете түскендей жәйтті байқатады. Егер бұрын-соңды қазақ қоғамдық - әлеуметтік ой-пікірлердің даму тарихында жан мәселесі төңірегіндегі пәлсапалық тұжырымдар айтылып келген болса, Шәкәрәм «психология» пәнін қазақ топырағында тұңғыш қолданғаны белгілі. Мәселен, ол бір шығармасында: «Жан сыры деп жазылған, психология деген пән», - деген тіркесті қолданып, оыны ғылымның зерттеу объектісіне үңіледі. Шәкәрімнің психологиялық пікірлерніңі негізгі жүйесі, оның 1919 жылы қазақ тіліне тәжірмаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен жақсы байқалады. Қолжазба түрінде оншақты беттік материалдың жекелеген үзінділеріне назар аударатын болсақ, оның психологиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлұмат алатынымыз хақ. «тіршілік - жан туралы» деп аталатын осы мақаланың жекелеген қисындары мына төмендегідей. «Сонша білімді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz