Саясаттану пәнінен дәрістер


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Лекция № 1

Саясаттану ғылым ретінде

1. Саясаттанудың объектісі мен пәні

2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері

3. Саясаттанудың функциялары

4. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны

1. Қазіргі таңда әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ.

Саясат әлеуметтік құбылыс. Бүгінде өзін саясаттың ықпалынан тыспын деп ешкім айта алмаса керек. Адам өзін саясаттан аулақпын деп санаған күннің өзінде ол бәрібір саяси өкіметтің (өзі өмір сүрген) шешімдерін ескермей және орындамай тұра алмайды.

Саясат дегеніміз қазіргі адамның қажеттілігі және сонымен бірге талап-тілегі, өйткені саясат қоғам өмірінің барлық салаларындағы оның алуан түрлі іс-қимылдарының көрсеткіші және сонымен бірге шектеушісі болып табылады.

Саясаттану ең бір көне дәстүрлі ғылымдардың бірі. Ежелгі Грецияда және ортағасырлық корольдіктерде саясаттанумен шұғылданған және осымен қатар бұл ғылым саласы қазіргі заманғы ғылым болып табылады. Бұлай деп айту себебіміз, ғылымдар жүйесінде хх-ғасырда енді.

Саясаттану ұғымы ежелгі гректің полис - мемлекет, мемлекеттілік немесе қоғамдық іс деген мағыналарды білдірген. Ал, нақтырақ айтсақ мемлекетті, қоғамды басқаратын өнер, қоғамды ұйымдастырушы деп те танылады.

Неміс социологы М. Вебер саясатты билікке араласу немесе биліктің топтар арасына бөлінуіне әсер ету ретінде анықталады.

Саясаттану ғылымының ірі теоретиктері Г. Лассуэл мен А. Капланның пікірінше саясат - биліктің құрылуымен байланысты дейді.

Қазіргі кездегі саясаттың құрылымы күрделі. Оның маңызды элементі келесідей:

  1. Саясаттың объектісі - бұл дегеніміз үнемі ауысып тұратын қоғамдық мәселелер кешені. Оның шешімін табу үшін құрылымдық қайта құрулармен қоғамда реформаларды жасауды талап етеді.
  2. Саясаттың субъектілері - саяси қызметке қатысушылар: адамдар, олардың ұйымдары, партиялар, қоғамдық қозғалыстар. Бұл аталғандар саяси міндеттерді шешушілер болып табылады.
  3. Саяси билік - қоғамның әсер етуші саяси күштер.
  4. Саяси процестер - түрлі саяси күштердің әсері, қарым-қатынасы, байланыстары. Бұл жерде саяси мәселелерді шешудегі саясси күштердің байланысы.
  5. Саяси идеялар мен концепциялар - қоғамның саяси дамуының теориялық тұрғыда ұғыну. Түрлі саяси мәселелердің шешімін түрлі әлеуметтік топтар мен олардың қызығушылықтарын қарау.

Саясат бүгініг таңдағы өмірдің барлық сфераларының экономикалық саясат, техникалық саясат, әскери саясат, әлеуметтік саясат, мәдени саясат және т. б. қамтиды. . қарастырады.

Саясат өзінің формасы бойынша да әр түрлі. Бұл жерде ел басқару, биліктің орындалуы, билікке күрес, қоғамға ықпал ету, саяси қатынас өнері ретінде де көрініс табады.

2. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 1948 жылы өзіне мүше елдердің жоғары оқу орындарына пән ретінде саясаттануды енгізуді ұсынды. 1949 жылы сяаси ғылымның халықаралық қауымдастығы құрылды.

Бұл пән қоғам өмірінің, қоғамдық сананың саяси дәрежесінің өсуіне, саяси пікірлердің алуан түрлі болуына және партиялылықтың қалыптасуына байланысты Кеңестер Одағы құлдырағаннан кейін біздің елде де қалыптаса бастады.

Саясаттану үшін қажетті шарт - саяси теорияның болуы. Тек қана деректер, ғылыми әдістемелік талдау, одан әрі дамудың болжамын жасау негізінде ғана саясаттану ғылым есебінде қалыптасып, өзін көрсете алады. Ол тарих, социология, психология, құқықтану және сяаси экономия ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды.

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрылысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттанудың объектісі - бұл саяси сахнадағы үнемі өзгерісте болып тұратын қоғамдық мәселелер жиыны. Ал, осы мәселелердің шешімін табу үшін қоғамда реформаларды құрылымдық тұрғыда қарауды талап етеді.

Саясат субъектілері - бұл саяси қызметке міндетті түрде қатынасушыларды айтамыз. Олар: адамдар және олардың ұйымдары, партиялар, қоғамдық қозғалыстар.

3. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп, білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады.

Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтамыз. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Оларға жеке тоқталар болсақ:

Салыстырмалы әдіс - түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы елдегі саяси тұрақтылық пен саяси шешімдер қабылдауға жағдай туады. Бұл әдіс қазіргі өтпелі кезеңдегі біздің ел үшін маңызы зор. Ол өзгенің озық тәжірбиесіне сүйену.

Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, өзге құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдісі - саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және сана деңгейіне т. б. жағдайларына байланысты анықтайды.

Тарихи әдіс - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады. Бұл әдіс әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақытын, мезгілін ескере отырып соның негізінде танып-білуді қажет етеді.

Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін қалай ұстауын танып білуге негізделеді. Бұл әдісті жинақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекетін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.

Нормативтік әдіс - (19-ғасырға дейін қолданылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал Кеңес Одағы тұсында ең дұрыс мызғымайтын тәсіл диалектикалық-материалистік әдіс болып табылады. Бұл әдіске салыну, қазіргі заманда саяси ойдың еркін дамуына кедергі келтіреді.

Жоғарыдағы әдістермен қатар өмірде басқа да тәсілдер мен әдістер баршылық. Олардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады.

Лекция №2

Саяси ғылымның негізгі кезендері мен қалыптасуы

1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар

2. Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар

3. Орта ғасырлық саяси ойлар

4. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар

5. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі сяаси идеялар.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ, көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға жүгінетіндігін және адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігін айқын аңғаруға болады. Мәселен, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері діни-мифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тәртіп аспан тәңіріне тәуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас элементі болғандығын байқауға болады.

Күрделі әлеуметтік-саяси құрылым, жазба мәдениетінің дамуы тұрғысынан алғанда ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға дейінгі 14-13ғ. ғ. қалыптасқан. Ал, саяси ойлар 6-5ғ. ғ. б. э. д. және саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысал ретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций (Кун-Фу-Цзы 551-479ж. ж. ) әлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің және патриархалық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін «Лунь юй» деген жинағында баяндаған.

Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар:

  1. Саяси басшы көк тәңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс.
  2. «Патша патшадай болу, бағынышты бағыныштыдай, әке әкедей, бала баладай болу» принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты - билік жүйесіндегі шайқалып бара жатқан басқару қағидаларын бекіту еді.
  3. «Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығына масаттана ала ма? » - деген принцип қояды, яғни, Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы болуы - негізгі өзекті мәселе болды деуге болады.

Конфуций бюрократтық басқару жүйемен көмкерілген әлеуметтік - әділеттік және қоғамдық иерархиялық құрылымы, әкімшілік лауазымдары меритократиялық (билік нағыз қолынан келетін адамның басшылық етуі) принципі біздің жыл санауымызға дейінгі 9-шы ғасырдың өзінде ежелгі Қытайда жеке басқа табыну психологиясы орын алады.

Ежелгі Қытай дүниесінде саяси дүниетаным өз жалғасын «Даосизм» мектебінен тапты. Даосистер қоғамды ғарыштық әлемнің табиғи және заңды элементі ретінде қарастырады. Адам мен қоғам ғарыш әлемінің табиғи бөлігі болғандықтан, ол табиғаттың заңдарына тәуелді. Сондықтан, қоғамдағы заңдылықтар мен құбылыстар да адам санасына бағынбайтын табиғи құбылыс. Ал, мәдениет, этика жәнежалпы өркениеттілік - ол жасанды, табиғилыққа қайшы нәрсе деп мойындалады.

Қорыта келгенде, ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың өзіндік ерекшелігі сонда, оларды көбінесе биліктің әкімдік-бюрократиялық аппаратына баса назар аударылған. Мұндағы басты идея - дарынды және қабілетті адамдар мемлекетті басқару керек дейтін идея.

Көне гректерде, саяси ғылымға мол мұра қалдырған. Бірақ, біз олардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз.

Платон (б. з. д., 427-347ж) өмір сүрді. (Платон - кең жауырынды деген мағынаны береді) . Шын аты Аристокл. Сократтың шәкірті. Платон еңбектері: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т. б. Платонның саяси еңбегіндегі басты идея - ол ізгілікті мемлекет құру идеясы. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. с. с., біреулері егіншілікпен, біреулері тігіншілікпен, құрылыспен айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында, қоғам, мемлекет пайда болады дейді. Мемлекет адамдарды алаламай - бәріне бірдей, әділ қызмет етуі керек.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, ол қоғамда қайшылықтар, жан-жалдар шығарады деді.

Платон мемлекеттік құрылысты 5-түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Ең жақсысы - аристократиялық мемлекет деді. Онда ақыл - естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Тимократия - мемлекетте билік атақ құмар басшының үстемдігіне негізделеді.

Олигархия - аз адамдардың көпшілік үстінен жүргізілетін билігіне негізделеді.

Демократия - көпшіліктің билігіне негізделеді, бірақ байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылық олигархияда күшейе түседі. Сондықтан бұл заңсыздыққа негізделген демократия деп есептейді.

Тирания - әділетсіз мемлекеттің ең төменгі формасы. (мемлекетті 1адам басқарады) .

Ежелгі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытқан, ұлы ойшыл - Аристотель (б. з. б. 384-322 ж. ж. ) өмір сүрген. Оның еңбектері, «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика».

Аристотель саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жету деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым - отбасының дамыған түрі. Мемлекетте адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, бұрыс түрі деп - тирания, олигархия және демократияны санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал, бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайды дейді.

Ежелгі Рим ойшылы Марк Туллий Цицерон (б. з. д. 106-43 ж. ж) болған. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі деп адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды. Қоғамдық-саяси қатынастарды әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ. ғ. ) . Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.

Үкімет басында дін иелері ме, әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген - құдай, сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына қалдырғысы келді.

Батыс орта ғасыр идеологиясының өкілдері: Августин Аврелий (354-430ж. ж. ) және Фома Аквинский (1226-1274ж. ж. ) .

А. Августин дүниежүзілік тарихи процестерді құдайға тәуелді ете отырып, жер бетіндегі адамзатты 2-ге бөлді.

  1. ізгілікті мемлекет адамдары (жын-шайтан) ;
  2. шіркеу адамдары (пәк, таза адамдар) .

Құдай адамдарға ерікті етіп жаратқан соң, олар күнәлар жасайды және қоғамдағы барлық саяси және мемлекеттік құбылыстар күнәһар адамдардың іс-әрекетінің салдарынан туындайды дейді.

Ф. Аквинскийдің саяси ілімдер тарихындағы маңызды жақ - ол арнайы заң теориясын жасады. Аквинский заңды мәңгілік, діни, табиғи және оң заң деп бөледі.

Мәңгілік заң - ол құдай даналығы және ол бүкіл дүниедегі іс-әрекеттерді басқару құралы.

  1. Қайта өрлеу дәуірі

Буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы - Н. Макиавелли (1469-1527ж. ж. ) . Оның еңбектері «Патша», «Пит Ливийдің бірінші он күндігі жөніндегі ойлар», «Флоренция тарихы».

Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірбие деп білді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.

Жаңа замандағы саяси ойлар.

17 ғасырдың көрнекті ағылшын ойшылы - Томас Гоббс (1588-1679ж. ж. ) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде, жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (16889-1775ж. ж. ) болған. Ол әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа-райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т. б. ) байланыстырады.

Оның ойынша бостандық - бұл заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Лекция №3

Билік саяси феномен ретінде

1. Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары

2. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері

3. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.

4. Биліктің легитимді типтері

Саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмұны билік үщін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406ж. ж) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшынның ең ірі философтарының бірі Бертран Рассел (1872-1970ж. ж) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Ал американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979ж. ж) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.

Билік жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.

1. Теологиялық анықтама билікті бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекет түрі.

3. Құрылымдық анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.

4. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндірді.

Билік- деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Билік қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті.

Саяси биліктің қарамағындағы теңсіздікті қамтамасыз ететін құралдар төмендегілер:

1. Экономикалық қор (Мемлекеттік сайлау науқанын өткізуге ондаған млн. ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан қаражат жетпегендіктен, жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді) .

2. Әлеуметтік әдіс-құралдар Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді.

3. Күш жұмсау құралдары Мемлекетті қорғайтын, ішкі тәртіпті сақтайтындар (әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т. б) .

4. Ақпарат құралдары Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп атайды. (радио, теледидар, баспасөз) .

2. Саяси билік қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, топтар мен таптар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару институттары мен аппараттары, партиялар, азаматтаржәне т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды) ; әртүрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою, дер кезінде оларды шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу.

Саяси билік субъекті деп жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді.

Демократиялық саяси жүйе өз ісін ойдағыдай атқару үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі.

1. Заң шығарушы билік (парламент) - заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскерді қамтамасыз етеді.

2. Атқарушы билікке (үкімет пен әкімшілік жатады) Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Үкімет саяси шешімдер қабылдаса (конституция, заңға негізделуі керек), ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

3. Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаудан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдарын, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз.

Бейресми билікке жататындар: 4-ші билік - БАҚ; 5-ші билік - сайлаушылар билігі; 6-шы билік - бақылау билігі; 7-ші билік - саяси билік.

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Мемлекеттік билік - барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Легетимділік - (латын тілінен заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Ол үш түрге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Саяси мәдениет және саяси сана туралы ақпарат
XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні туралы ақпарат
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Саяси жүйенің түсінігі және саяси тәртіп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz