Шыңғысхан жайлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Моңғол мемлекетінің саяси құрылымы

Шапқыншылық соғыстар

Жылдар
Оқиғалар
Жылдар: 1207-1208 жж.
Оқиғалар: Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы
Жылдар: 1207-1209 жж.
Оқиғалар: Шыңғысхан - Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр
Жылдар: 1211-1215 жж.
Оқиғалар: Қытай жері, соғыс техникасы
Жылдар: 1216 ж.
Оқиғалар: Жошы, Керей, Торғай даласы
Жылдар: 1217 ж.
Оқиғалар: Жебе Ноян -Жетісу -Күшілік хан
Жылдар: 1218 ж.
Оқиғалар: Отырарға керуен
Жылдар: 1219 ж.
Оқиғалар: 200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара
Жылдар: 1220 ж.
Оқиғалар: Мауараннахр
Жылдар: 1221 ж.
Оқиғалар: Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран
Жылдар: 1223 ж.
Оқиғалар: Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ
А
Л
Ұ
Қ
А
С
А: С
Л: Ғ
Ұ: А
Қ: Д
А: М
С: А
А: Ы
Л: Ы
Ұ: М
Қ: А
А: Ы
С: Л
А: Н
Л: Б
Ұ: А
Қ: Л
А: Л
С: Ұ
А: Қ
Л: А
Ұ: С
Қ: Ұ
А: О
С: Қ
А: Ұ
Л: Й
Ұ: Ы
Қ: Қ
А: Қ
С: М
А: Р
Л: Р
Ұ: Н
Қ: М
А: М
С: Е
А: А
Л: А
Ұ: Ғ
Қ: Ы
А: І
С: Н
А: Ғ
Л: А
Ұ: Ң
Қ: Е
А: Л
С: Е
А: Қ
Л: Ұ
Ұ: Л
Қ: А
А: Ш
С: Д

1962 ж. Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрден ескерткіш орнатылған, онда төмендегі Шыңғысханның өсиет сөзі жазылған

« Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын ».

Сөзжұмбақ « Моңғол ».

1. Моңғол ханның шын есімі

2. Шыңғысханның баласы.

3. Моңғолиядағы өзен.

4. Тайпа.

5. 6- ай берілмеген қала.

6. Батый құрған мемлекет.

Т: Т
И: И
М: М
У: У
Ч: Ч
И: И
Н: Н
Т: Ж
И: О
М: Ш
У: Ы
Ч:
И:
Т: О
И: Н
М: О
У: Н
Ч:
И:
Т: А
И: Р
М: Ғ
У: Ы
Ч: Н
И:
Т: О
И: Т
М: Ы
У: Р
Ч: А
И: Р
Т: А
И: Л
М: Т
У: Ы
Ч: Н
И: О
Шыңғысхан:


Шыңғысхан

Шыңғысхан:
Шыңғысхан: Орнауы
1206-27
Шыңғысхан: Таққа көтерлуі
1206
Шыңғысхан: Толық аты
Тэмуджин Борджигин
Шыңғысхан: Басқа лауазымдары
Ұлы хан
Шыңғысхан: Туғаны
1162
Делүүн-Болдог, Хенти аймағы, Моңғолия
Шыңғысхан: Қайтыс болғаны
1227 ж. тамыздың 18-і
Тангұт
Шыңғысхан: Жерленгені
?
Шыңғысхан: Соңғысы
Үгедей
Шыңғысхан: Жұбайы
бәйбише: Бөрте; тоқалдар: Құлан, Йісүген, Йісуи, т. б.
Шыңғысхан: Ұрпақтары
Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле, т. б.
Шыңғысхан: Әулеті
Борджигин үйі
Шыңғысхан: Атасы
Есүхей батыр
Шыңғысхан: Анасы
Өулен

Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі қарсаңында, яғни Шыңғысқан жаугершілігі қарсаңында Қазақстанның және Шығыс Еуропаның Алтай мен Дунай аралығын қоныстаған қыпшақтардың түркі тайпаларынан құралды. Ұлы Қытай қабырғасынан Селенга өзеніне дейінгі кең байтақ жерлерді моңғол көшпенділері, сондай-ақ Онон өзені бойын мекендеген жалайырлар, Хангай және Хантэй қыраттары аралығында - керейттер, Хангай және Алтай таулары аралығында малдарын баққан наймандар әлі шыққан тегі де анықталмаған, түркілер ме әлде моңғолдар ма екендіктері белгісіз қоңыраттар, яғни сан алуан халықтар мекендеген. Осы халықтар тарихымен жаңа бет ашылады. Қазақстанның генеологиялық аңыздарына қарасақ, осы халықтардың бәрі қазақ халқының құрамына кірген. Әсіресе, қыпшақтардың ролі үстем болған, олар Қазақстанның және Қара теңіз жағалауының кең байтақ далаларында билік етіп қоймай, отырықшы халықтардың Ұлы державаларында да үстемдік еткен. Грузия мен Византия - тек қыпшақтардың көмегімен сельджук империясы печегендер тысқыруынан, Еуропа кресттағушыларынан аман қалды. Сол сияқты Венгрия мен Киев Русі олардағы княздар арасындағы кикілжіңде, көне орыс княздарының және венгр корольдерінің туысқандары - қыпшақтар салмақты роль атқарды. Сол заманда әлемде керейттер мен наймандар билеушілері де ерекше орын алды. Олардың бұл кезде өз мемлекеттері - ұлыстары болған және хат таныған және христиандыққа қамтылған. Х-ХІІ ғасырлар Қазақстан қалаларының гүлдену кезеңі ескі - Отырар, Тараз, Испиджаб, Кулан, Янгикент қалаларымен қатар жаңа Каялык, Ашнас қалалары пайда болды. Тек Іле алқабында ХІ-ХІІ ғасырлар алдындағы 10 қаладан басқа тағы да 50 қала пайда болды. Қазақстанның сол кезендегі қалалары сол заман үшін көркемдігімен ерекшеленді, су құбырлары, моншалары болды. Қазақстанның оңтүстігінде және Жетісуда қол ақша саудасы кеңінен тарады, Алатау тауларында алтын, күміс, мыс алынды. ХІІІ ғасырдың екінші оңжылдығында Қазақстанның оңтүстігінде билік Хорезм шахтарының қолына көшті, ал Жетісу қарақытай қолында қалды. Бұл қалалар тек билік орталығы емес, оазис пен даланың, батыс пен шығыстың сауда, қолөнер орталығы болды. Орта ғасыр тарихында билік басына келісімен көптеген халықтардың және Орта Азия, Қазақстан тағдырының өзгеруіне әкелген адамның есімі пайда болды.

Шыңғыс ханның өмірі

Монғол жерінде тұрған тайпалар ежелден мал бағумен, аң аулаумен айналысқан. 1155 жылы Есугей баһадүр отбасында ер бала дүниеге келеді. Есугейдің руы қият, ал әйелі олқұн руының қызы болған. Есугей баһадүр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темучин деп қояды. Жастайынан қиындық көріп өскен Темучин өте қайратты және өжет болып өседі. Әкесінен ерте айрылып көп қиындық көрген, қуғыншылардан жасырынып Оран өзені бойындағы тоғайды мекендеп, шикі балықпен қоректенген. Оның өміріне бірнеше рет қауіп төнді. Өмір үшін күрес, одан қоғамның заңына жиіркенішпен қарайтын, өзіне қаншама қатыгез болған ортаға қарсылық көрсете алатын адамды қалыптастырды. Темучин ер жеткен кезде өз маңайына өзі сияқтыларды жинады. Ол тек күшке ғана табынды. Өзінің сақабайларынан дружина жинап, айдап әкеткен табындарын қайтарып алды. Сәтті жортуылдарымен өжет жауынгер атағына ие болып, ХІІ ғасырдың аяғында Орта Азия даласының беделді қолбасшысы болды. Біресе бір, біресе екінші билеушілермен одақтаса отырып ол бұрынғы одақтастарына қарсы шыға бастады. Темучин біртіндеп Орта Азия тайпаларын біріктіріп, бағындырды. 1204-1205 жылы өзінің көрші тайпаларын жеңіп, жерін кеңейте түседі.

1206 жылы көктемде Онон өзенінің бойында монғол тайпаларының құрылтай жиыны болып, Темучинді ақ тудың аясында хан деп жариялайды. Осы жиында Темучиннің ата-анасы қойған атын өзгертіп, Шыңғысхан деп атайды. Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы болады.

XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды.

Шыңғыс ханның шапқыншылық жорықтары .

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған) . Отырар қаласын алуға Үгедеймен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді. Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербентқаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға кел

еді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды.

Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.

Шынғысхан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз - ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық - зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ - кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа - Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа - Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен - жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді. Сонымен, 1219 - 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан - ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі.

Моңғол империясы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан әулеті
Шыңғысхан және оның ұлдары туралы
Шыңғысханның билік басына келуі
Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин)
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Қазақстан Монғол империясының құрамында
Керейіттердің ерте тарихы
Монғол дәуіріндегі қазақ даласы
Моңғолдардың үйлену салты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz