Әлемдік қаржы нарығы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Әлемдік қаржы нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Қаржы нарығының құрылымы мен оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3. Еурорынок ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
4. Қазақстандағы құнды қағаздардың
қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Әлемдік шаруашылықта қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастырылып практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылады.
Әлемдік қаржы нарығын бірнеше түрге классификациялауға болады: олар, ұйымдасқан (ресми және жабық) және ұйымдаспаған болып (бейресми, ашық), тұрақты нарық. Мысалы: аукцион.
Әлемдік қаржы орталықтары – бұл әлемде шоғырланған қаржы орталығы, басқа елдермен тауар-ақша қатынасы. Бүгінгі күні бұл ең пайданы көп әкелетін сфера болып келеді. Сондықтан да әлемдік қаржы орталықтарының құрылымында ұлттық нарық, валюталық, несиелеу, қор нарығы және де алтын нарығы кіреді.
1-ші дүние жүзілік соғысқа дейін қаржы орталығы болып Лондон қаласы болды. Лондон қаласында жалпы осы елдің экономикасының дамуы ең жоғарғы орында болған, оның банктік жүйесі мен басқа елдермен жақсы сауда қарым-қатынасының ұстауы, сонымен қатар олар осылай фунт стерлинг ақша жүйесін бір қалыпта ұстап тұрды. Қысқа мерзімді несиелеуде стерлингтік вексель қолданылды. 80 % халықаралық төлемдер осы фунт стерлинг арқылы іске асырылды.
Ал бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қаржы орталығы болып АҚШ мемлекеті орнады. Бірақ Лондон өзінің өмір сүруін осымен тоқтатқан жоқ, ол АҚШ елімен бірге әртүрлі қаржы-несие жүйесінде және қор нарығында өзінің үстемдігін орнатты. АҚШ-тан басқа тағы да басқа мемлекеттер келді. Олар: Батыс Европа елдері мен Жапония және тағы да басқа жерлерден болды. Бәсекелесуді көтеру мақсатында, АҚШ мемлекеті бірінші болып валюталалардың либерализациялауын бастады.
Ал бүгінгі күнге келетін болсақ, 1990 жылы «Делор жоспары» бойынша Европалық Одақ елдерінде бір ортақ валюта мен қаржылық орталық құру туралы қаулы қабылданды.
1993 жылы ортақ европалық валюта мен қор нарығы мен қаржы қызметтері құрылды.
1999 жылы Европалық Одақ елдерінде евро жүйесі енгізілді. Бағалы қағаздар мен дериваттар евро жүйесіне көшірілді, осымен валюталық тәуекелдікке әкелді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – ол әлемдегі барлық қаржы нарығымен таныстыру. Оның түсінігі мен құрылымымен, сондай-ақ оның даму бағдарламасымен таныстыру.
Бүгінгі күні қаржы ол нарықтың ең негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да нарықтың дұрыс жұмыс істеп және көркеюіне осы қаржының алатын орны зор. Мен өзімнің курстық жұмысымда әлемдегі ең жақсы дамыған индустриалды елдерді алдым. Соның ішінде, ол Жапон елі мен АҚШ елі. Осы екі ел нарықтың тең жартысын өз тауар өндірісімен қамтамасыз етеді. АҚШ пен Жапон елі бір-біріне өте ұқсас. Екеуі де бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін өз экономикасын күрт көтерді. Екі ел өз позицияларын нығайтып және әлемдік нарықтағы өзінің электро-техникалық, машина жасау кешенімен,сондай-ақ тағы да басқа ұсақ-ірі тұрмыстық заттарымен бүгінгі күні нарықты жаулап алуда.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, әлемдегі мемлекеттер экономикасының ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Сонымен, әлемдік қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлінуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы «Санат» 1998.

2. Киреев А. Международная экономика. М., «Международные отношения» 2000.

3. Мировая экономика. Экономика зарубежных стран. М., «Флинта» 2000.

4. Сахариев С. Әлем экономкасы. 2 бөлім. Алматы «Дәнекер» 2003.

5. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы,2002

6. Ілиясов Қ. Қаржы. Алматы, 2005

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Әлемдік қаржы
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
2. Қаржы нарығының құрылымы мен оның дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.
Еурорынок ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 20
4. Қазақстандағы құнды қағаздардың
қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 30

Кіріспе
Әлемдік шаруашылықта қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта,
кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.
Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар
категория ретінде қарастырылып практикамен, негізінен
дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық
ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып
табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа
құжаттармен ортақтастырылады.
Әлемдік қаржы нарығын бірнеше түрге классификациялауға
болады: олар, ұйымдасқан (ресми және жабық) және ұйымдаспаған болып
(бейресми, ашық), тұрақты нарық. Мысалы: аукцион.
Әлемдік қаржы орталықтары – бұл әлемде шоғырланған қаржы орталығы,
басқа елдермен тауар-ақша қатынасы. Бүгінгі күні бұл ең пайданы
көп әкелетін сфера болып келеді. Сондықтан да әлемдік қаржы
орталықтарының құрылымында ұлттық нарық, валюталық, несиелеу, қор
нарығы және де алтын нарығы кіреді.
1-ші дүние жүзілік соғысқа дейін қаржы орталығы болып
Лондон қаласы болды. Лондон қаласында жалпы осы елдің
экономикасының дамуы ең жоғарғы орында болған, оның банктік
жүйесі мен басқа елдермен жақсы сауда қарым-қатынасының
ұстауы, сонымен қатар олар осылай фунт стерлинг ақша жүйесін бір
қалыпта ұстап тұрды. Қысқа мерзімді несиелеуде стерлингтік
вексель қолданылды. 80 % халықаралық төлемдер осы фунт стерлинг
арқылы іске асырылды.
Ал бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қаржы орталығы болып
АҚШ мемлекеті орнады. Бірақ Лондон өзінің өмір сүруін осымен
тоқтатқан жоқ, ол АҚШ елімен бірге әртүрлі қаржы-несие жүйесінде
және қор нарығында өзінің үстемдігін орнатты. АҚШ-тан басқа
тағы да басқа мемлекеттер келді. Олар: Батыс Европа елдері мен
Жапония және тағы да басқа жерлерден болды. Бәсекелесуді көтеру
мақсатында, АҚШ мемлекеті бірінші болып валюталалардың
либерализациялауын бастады.
Ал бүгінгі күнге келетін болсақ, 1990 жылы Делор жоспары
бойынша Европалық Одақ елдерінде бір ортақ валюта мен қаржылық
орталық құру туралы қаулы қабылданды.
1993 жылы ортақ европалық валюта мен қор нарығы мен қаржы
қызметтері құрылды.
1999 жылы Европалық Одақ елдерінде евро жүйесі енгізілді.
Бағалы қағаздар мен дериваттар евро жүйесіне көшірілді, осымен
валюталық тәуекелдікке әкелді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – ол әлемдегі барлық қаржы
нарығымен таныстыру. Оның түсінігі мен құрылымымен, сондай-ақ оның даму
бағдарламасымен таныстыру.
Бүгінгі күні қаржы ол нарықтың ең негізгі элементі болып
табылады. Сондықтан да нарықтың дұрыс жұмыс істеп және көркеюіне осы
қаржының алатын орны зор. Мен өзімнің курстық жұмысымда әлемдегі
ең жақсы дамыған индустриалды елдерді алдым. Соның ішінде, ол Жапон
елі мен АҚШ елі. Осы екі ел нарықтың тең жартысын өз тауар
өндірісімен қамтамасыз етеді. АҚШ пен Жапон елі бір-біріне өте
ұқсас. Екеуі де бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін өз
экономикасын күрт көтерді. Екі ел өз позицияларын нығайтып және әлемдік
нарықтағы өзінің электро-техникалық, машина жасау кешенімен,сондай-ақ
тағы да басқа ұсақ-ірі тұрмыстық заттарымен бүгінгі күні нарықты
жаулап алуда.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және
мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының
әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-
әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, әлемдегі
мемлекеттер экономикасының ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Сонымен, әлемдік қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес
экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен
қайта жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен
кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың
уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлінуді және қайта бөлуді
қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол
нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып
табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктармен байланысты.

1. Әлемдік қаржы нарығы.
Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары
дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық
қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.
ХХ ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы рыноктарының қарқынды
өсуімен айқындалады. 1980 жылдан бастап дүние жүзінің
дамыған елдерінің қаржы активтері олардың ішкі жиынтық
өнімдерімен салыстырғанда 2,5 есе жедел көбейген.
Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының
арақатынасы 1980 жылы 10 : 1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш
60:1 болған, 2004 жылы 80:1 болды. Ал бүгінгі күні, дүниежүзілік және
сауда операцияларының құңдарының арақатынасы 90:1 дейін жетіп
отыр.
Қаржы рыногы дамуының негізінде қаржы айналымының
обьективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос
капиталдар пайда болса екінші жерде оған сұраныс
қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы-несие рыноктары
бұл қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде
шешеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар, соның ішінде
дүниежүзілік сауда, қызмет көрсету және капиталдар қозғалысы
өздерін тұрақты түрде валютамен қамтамасыз етуді
қажетсінеді, ұлттық валюталардың сауда-саттығын талап етеді.
Дүниежүзілік валюта, құнды қазаздар рыноктары
қалыптасуының алғы шарттарына мыналар жатады:
1. капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
2. шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
3. банкаралық телекоммуникациялардың дамуы.
Валюта рыноктары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныс негізінде
шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша
сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.
Ұлттық валюта рыноктары дамыған рыноктық экономикасы
бар елдерді барлығында қызмет атқарады. Ұлттық
рыноктардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі
арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта рыногы қалыптасады.
Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық (жергілікті)
валюта рыноктары кіреді. Бұл рыноктар өздерінің көлеміне,
валюталық операциялар мен валюта сомаларының сипатына қарай
ерекшеленеді. Әдетте, дүниежүзілік валюта-рыноктары дүниежүзілік
қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің
маманданған несие-қаржы институттарының топтасқан жері. Онда
халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі
және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер
жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең
ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио
валюта рыноктары. Бұлардағы валюта операцияларының көлемі
1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн. доллардан 900
млрд. долларға дейін өсті.2003 жылы ол 3 трлн-ға жетсе, бүгінгі
күні, валюта операциялардың көлемі күніне 12 трлн. долларға дейін
өсті.[1]
90-жылдардың басында халықаралық валюта келісімдерінің
50 % -ке жуығы дүниежүзілік валюта рыногының үш орталығында
жүзеге асырылады. Олар: Лондон валюта рыногы – күніне 187 млрд.
доллар, Нью-Йорк - 129 млрд. доллар[2], Токио – күніне 115 млрд.
доллар валюта операцияларын жүзеге асырады. Халықаралық валюта
операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-жылдардың
ортасында 1 трлн. 230 млрд. долларға жетті.
Қазіргі валюта рыноктарына мынадай ерекшеліктер тән:
1. дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы негізінде валюталық рыноктардың
да әлемдік өріске шығуы және валюталық
келісімдерді жүзеге асыруда автоматты байланыс
құралдарын кеңінен қолдануы;
2. Валюталық операцияларды орталықсыздандыру және
олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл
әлемдік сипатқа ие болуы.
3. Валюта операцияларын үйлестірудің (унификация) мәнінің
артуы.
4. Алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы
5. Валюта курстарының тұрақсыздануы.
Валюта рыноктары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге
асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржы
рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Валюта рыноктарының көмегімен банктердің, кәсіпорындардың,
сондай-ақ мемлекеттің валюталық резервтері толықтырылып
отырады.
Сонымен қатар валюталық рыноктар механизмі экономиканы
мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ)
макродеңгейінде пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта
рыноктары биржалардың, брокерлік фирмалардың, банктердің және
трансұлттық корпорациялардың жиынтығы. 80 – жылдардың соңына
қарай қоса сауда-өнеркәсіп саласының клиенттерімен келісімдердің
85-95% жасады. 90-жылдардың ортасына қарай келісімдердің
көпшілігі инвестициялық қорлар арқылы жасалатын болды.
Халықаралық несие-қаржы қатынастары дүниежүзілік несие және
қаржы рыноктарындағы қарыз капиталының қозғалысымен байланысты
қатынастар жүйесін қамтиды.
Халықаралық несие рыногында ақша капиталының елдер
арасындағы қозғалысты қайтарымдылық, мерзімдік, процент төлеу
жағдайларында жүзеге асады.
Дүниежүзілік несие рыногы қарыз капиталы рыногының бір
бөлігі, оған дүниежүзілік ақша рыногы мен дүниежүзілік
капиталдар рыногы кіреді.
Дүниежүзілік қаржы рыногы да қарыз капиталы рыногының
бір бөлігі, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату мен сатып алу
жүзеге асырылады.
Қарыз капиталдарының дүниежүзілік рыногы соңғы
онжылдықтарда қарқынды, жедел дамыды. Мұның өзі қарыз
капиталы қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденцияларымен, бұл
қозғалысты ұлттық деңгейде реттеуші мемлекеттік-құқықтық
нормалардың икемділігінің артуымен, құнды қағаздар әрекетінің
кеңеюімен және интеграциялық процестермен байланысты. Қарыз
капиталының дүниежүзілік рыногы қарыз капиталының
дүниежүзілік шаруашылықтағы қозғалысын қамтамасыз етуші әр
түрлі компаниялардың, банктердің, валюта-несие мекемелерінің
жиынтығы. Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарындағы дүниежүзілік
шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды
ерекшелігінің бірі халықаралық несие-қаржы қатынастарының
өсу қарқының өнеркәсіп өндірісі мен халықаралық сауданың
өсу қарқындарынан әлдеқайда жеделдігінде.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған
кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен
сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып
келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік функциялық
өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе
болып табылады.

1 сызба
Қаржы жүйесі

Қосалқы жүйелер

Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы
жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың және басқа
қосалқы жүйелері (1сызбаны қараңыз).
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғарғы
элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы
аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық
сипат береді.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және
мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының
әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-
әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, әлемдегі
мемлекеттер экономикасының ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Әлемдік қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық
категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың,
фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық
институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлінуді және қайта бөлуді қамтамасыз
ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және
тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен
(капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен)
етене байланысты. (2-кестені қараңыз).
2-кесте
Қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз
қалыптастырып отырудык, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,
ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы,
сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы
экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында
ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін
нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым
жалпы ұғым болып табылады.

2. Қаржы нарығының құрылымы мен оның дамуы.
Әлемдік шаруашылықта қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта,
кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.
Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар
категория ретінде қарастырылып практикамен, негізінен
дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық
ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып
табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа
құжаттармен ортақтастырылады.

Ақша рыногы – қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем
қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы – несие бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты.
Ақша мен кредит рыноктары, айналым активтерінің қозғалысына
қызмет етеді.
Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа
және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың обьектілері айрықшалықты
тауарлар - ақша және бағалы қағаздар болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен
ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы
қағаздар нарығы маңызды роль алады.
Қор рыногы – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың
айналысымен айналысатын мекеме.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына
мыналар жатады:
❖ Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы
материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық
буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының,
соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі.

❖ Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің
қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан
қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында
ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы.
❖ Шарушалық жүргізуші субьектілер мен халықтың бағалы
қағаздарға жәнее басқа активтерге инвестицияланатын
ақшалай табыстарының өсуі.
❖ Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын
пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті
бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару
арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу
жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді:
тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерде олардың
неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығынының болуы инфляцияны тежейді, өйткені
бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын
пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен
ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының
қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын
және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және
қиыншылықтарға кезігеді.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің
тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отып, мұның өзі
жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге
созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы
қағаздар салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа
мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық
мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы
қағаздардың табыстылығы банктердің ақша-кредит операциялары
жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен
қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздар
айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін.

Қаржы нарығының жандану корпоративтік бағалы қағаздарды –
эономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен
облигацияларын шығару және олардың айналысын қаржы нарығының бұл
сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті
тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс
сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді
кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде
басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы
акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін
мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі
сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі
тиіс.

3. Еурорынок
Халықаралық несие-қаржы рыногының дамуы ХХ ғасырдың 50-
жылдарынан бастап қарыз капиталының ерекше бір бөлігі
болып саналатын еурорыноктың пайда болып, өрістеуіне ықпал
етті.
Еурорынок – бұл еуровалюта негізінде несиелер мен займдар
бойынша операциялар жүргізілетін рынок.
Еуровалюта – бұл шығарушы елді қоса есептегенде, барлық
шетелдік банктердің есеп шоттарына аударылған және барлық
елдердің банк операцияларында қолданылатын жекелеген
мемлекеттердің еркін ауыстырылатын валютасы.
Еурорыноктардың үкіметтік немесе мемлекеттік статусы жоқ.
Олардың пайда болуы кәсіпорындардың, инвесторлардың, сондай-ақ
жекелеген елдердің қажеттіліктерімен байланысты. Еурорыноктағы
операциялар нақты елдің, мемлекеттің валюталық реттеуінде
немесе салық заңдарының ықпалында болмайды.
Еурорыноктың пайда болу себептеріне мыналар жатады:
1. АҚШ долларын шетелдерге шығару мүмкіндіктерінің
пайда болуы.
2. Долларға Еуропадағы сұраныстың ұлғаюы
3. АҚШ-тың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының түсінігі
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығы жайында
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қазақстанның халықаралық (аймақтық) қаржы орталығын құру және дамыту
Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті
Әлемдік қаржы жүйесін реттеу механизмі
Қазақстан Республикасында қаржы нарығы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Пәндер