Мультимедиялық жүйені ұйымдастыруда бағдарламалық құралдарды пайдаланып, алгоритм құру


КІРІСПЕ

Білім берудің кез келген саласында “Мультимедиялық жүйе” пайдалану танымдық белсенділікті арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Мультимедиялық жүйені қолдану сабаққа деген қызығушылықты арттырады. Сондай - ақ ұстаздар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Қазіргі таңда мультимедиялық жүйенің қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Мультимедиялық жүйе дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан мультимедиялық жүйенің құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Мультимедиялық жүйе уақыт үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарды еске түсіруге зор ықпал етеді.

Дипломдық жобаның өзектілігі: Delphi бағдарламасында қазақ тіліне құрылған мультимедиялық жүйе аз. Осыған тілдерінің маңыздылығын ашу мақсатында Delphi бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бағдарламалау тілдерінің графикалық мүмкіндіктерін көрсете алатын мультимедиялық жүйе дайындау.

Жобаның зерттеу объектісі: Turbo pascal, Delphi, Turbo C6, Borland C++ бағдарламасын қолдана отырып осы бағдарламалау тілдерінің негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларда қолданылуын оқып білу; сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгеру; қолайлы математикалық әдістерді және есептің шешімінің алгоритмін таңдап алу; сапалы графикалық зерттеулерді іске асыру.

Дипломдық жобаның мақсаты: Мультимедиялық жүйені ұйымдастыруда бағдарламалық құралдарды пайдаланып, алгоритм құру, жүргізілген графикалық талдау нәтижесінде бағдарламалау тілдерінің графикалық мүмкіндіктерін оқып үйрететін бағдарламалар кешенін әзірлеу.

Жобаның құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.


І ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1. Электронды оқулықтар

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті[1] .

Қай заманда да болмасын өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты интернет жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап, ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз[2] .

Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім - жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамыз. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды[3] .

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық(Сызба 1. 1. 1) .

Сызба 1. 1. 1. Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасы

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер (сызба 1. 1. 1) . Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді[2] . Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

  1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
  2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық:

Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары:

● оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;

● оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;

● тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;

● таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар;

● сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі;

● бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген;

● көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;

● мұғалімге әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;

● оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;

Тиімсіз жақтары:

● психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы;

● пән аралық байланыстың аздығы;

● көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау;

● оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

● материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару;

● оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген;

● берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы;

● компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі;

● оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Кесте 1. 1. 1. Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  • Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
  • Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
  • Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Дәстүрлі және электронды оқытуды кірістіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т. б. Бағдарламалар жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
  • Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
  • Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
  • Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген пән бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
  • Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

  • Білім мониторингісі;
  • Сауалнамалар;
  • Түрліше тестілік бақылаулар;
  • Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б. ;
  • Оқушыларды сырттай бақылау.

Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады[2] .

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды информатика сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

  • Жинақтылық;
  • Жүйелілік;
  • Эстетикалық көркемділігі;
  • Жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқулықтың құрылымы:

  • Материалдың мәтін, Сурет, график, кескін, кесте және т. б. Түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді;
  • Материалдың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу;
  • Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

  • Сыртқы беті;
  • Титулдық экран;
  • Мазмұны;
  • Аннотация;
  • Оқу материалының толық баяндалуы;
  • Оқу материалының қысқаша мазмұны;
  • Қосымша әдебиеттер;
  • Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
  • Өзіндік бақылау жүйесі;
  • Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
  • Авторлар тізімі;
  • Терминдік сөздер;
  • Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
  • Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:

  • Жан-жақтылығы;
  • Ізгіліктілік;
  • Бейімділігі;
  • Модульдік;
  • Экономикалық тиімділігі;
  • Тұтынушыға бағдарлау.

Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:

  • Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау;
  • Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру;
  • Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу;
  • Глоссарий дайындау;
  • Лекциялар конспектісін дайындау;
  • Тест материалын дайындау;
  • Материалдарды электрондық түрде дайындау;
  • Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау.

Электронды оқулықтың құрамы:

  • Аннотация;
  • Пән туралы қысқаша ақпарат;
  • Жұмыс бағдарламалары;
  • Электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
  • Ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
  • Теориялық материалдар (лекция конспектiлерi) ;
  • Теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
  • Практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
  • Практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
  • Бақылау тапсырмалары;
  • Лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
  • Бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
  • Бақылау тестiлерiнiң жинағы;
  • Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
  • Глоссарий;
  • Әдебиеттер тiзiмi және интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
  • Озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
  • Үйренушiнiң жұмыс папкасы;
  • Мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Электрондық оқулықтардың маңыздылығы

Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология кұралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр[3] .

Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген.

Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шарты белгілері мыналар:

  • Электронды (мультимедиялық) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
  • Анықтама мәліметтері (сөздік, энциклопедия, карта, деректер базасы) ;
  • Электронды кітапханалар: тексттік, графикалық, дыбыстық, және бейне ақпараттары;
  • Виртуалдық мұражай, көрмелер және т. б. көрнекі материалдар;
  • Оқытушылар үшін методикалық мәліметтер.

Енді мультимедиа сөзіне тоқталсақ: мультимедиа ағылшын тілінде multіmedіa латыншадан multum-көп және medіa, medіum-жинақ яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде текст, Сурет, бейне, анимация және т. б. топтаушы.

Мультимедиа біздің түсінігіміз бойынша мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы, ақпаратты ұсынуды қолдану тек қана текст емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация, бейне көріністер. Яғни мультимедиалық оқулық - компьютерлік мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы берілетін дыбыс, графика, анимация және т. б. . Бұл анықтама оқыту бағдарламасы және электронды оқулық терминдерімен қарама-қарсылық тудырмайды. Бірақ электрондық оқулық мультимедиалық болмауы да мүмкін [7] . Мультимедиялық оқулықтардың көпшілігі гипертексттік технологиясын қолдану арқылы ұйымдасқан (технология, тексттік массивте берілген тақырыпты іздеуді қамтамасыз етеді. Мұндағы іздеу текстердегі арнайы көрсеткіштер (гипертекстік сілтеме) құжаттағы сөз немесе сөйлем болып, оқушының таңдауымен басқа құжатқа өтіп оны экран бетіне шығару) .

Мұндай гипертексті қолдану арқылы жасалған мультимедиалық оқулықтың дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болады.

  1. Мультимедиалық мүмкіншіліктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және тағы басқа.
  2. Гиперсілтемелердің тармақталу құрылымы (анықтама, термин, атау, түсіндіру) . Гиперсілтемелер түсіндірмелер алу, анықтамалар, оқу мәліметтеріне қосымша ақпараттар, сонымен бірге тез арада негізгі текстке қайтуға мүмкіндік береді.
  3. Бұл жүйенің басқару құрылымы - оқытушы (өз ойын, көзқарасын), өз кезегінде материалдың ұсыныуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады немесе анықтамалық жүйе ретінде де пайдалана алады.
  4. Бұл жүйенің білімді бақылауымен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Сонымен қатар гипертекстік протокол (әдіс, компьютерлер арасындағы деректердің алмасуы) www стандарты арқылы (әлемдік тор) бұл оқулық жеңіл ғана глобалдық ақпараттық желіге (интернетке) және кеңінен қолданушылар тобына берілуі мүмкін[7] .

Бүгінгі таңдағы жаратылыстану консепциясының тәртібі бойынша электрондық оқулықтардың компьютерлік әдістік нұсқауының негізгі бағыты бойынша 2-ге бөлінеді:

1. Интернет технология. Гипертекстік құжат болып есептелетін Интернет-технологиясы құрамының оқулығы болуымен қатар ол желімен HTML немесе Java тілінің көмегімен таралады. (Интернет немесе интранет) .

2. Case-технология. Ал Case-технологияның қолдануымен оқулық жеке бағдарлама ретінде және қарапайым бағдарламалау тілдерінде жазылады.

Қолданушыға қандайда болмасын технологиямен дайындалған мультимедиалық оқулық жеткізілуі тиіс. Оқулықты дайындау технологиясы таңдалуымен қатар оның тұтынушыға жеткізілуі де үлкен роль ойнайды. Егер дайын болған оқулық авторы глобалдық желіге арқа сүйей алмаса, яғни оның белгілі ақпараттың ресурстары интернет желісіне жалғана алмаса, және де оқулықтың өзі ойға қонымды белгілі мегабайт көлемінде болса, онда оқулықтың тұтынушыға жеткізілуін лазерлі компакт дискілермен мүмкін болар еді. Егер де оқулықтың сілтемелер жүйесі білім беру сайтына орналасқан болып, ол музейде экскурсия жүргізуші секілді болса, онда мұндай оқулықтың нақты орны интернет болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміз бойынша мультимедиалық оқулықтарды тұтынушы қолына жеткізілуі тиіс болды делік және бұл оқулық құралының өзінің пайдаланушысына жетер жолдың 3 түрі бар болады[3] .

Оқулықтың жеткізілу жолдары:

  1. CD (лазерлі диск) да
  2. Интернет сайтында
  3. CD және оның Интернет сайтына да байланысы болу.

Қазіргі кезде заман талабына сай түрлі оқулықтар пайда болып, оларды тәжірибеде қолданылып жатыр десек артық айтпаған болар едік. Сонымен оқытушылар мен студенттер электрондық (мультимедиалық) оқулықтарға деген өздерінің ойларын түйіп, оң көзқарастар қалыптастыруда. Оқулықтардың түрлі тиімділігін пайдаланып, бұл күндері сапалы білім беруге деген құлшыныс жоғарылауда. Осылайша электрондық оқулықтарға деген түсініктерді төмендегіше тұжырымдауға болады:

  • Көрнекілік материалдардың ұсынылуы (мультимедиалық технология құжаттағы гиперсілтемелер, түсі, дыбыс, бейне т. б. )
  • Жылдам әрі тез арада қайта байланыс (құрылған тест тапсырмаларымен сол материалды қалай қабылдағанын бақылау) .
  • Әрдайым оқулықтың жаңа деректердің шығуымен толықтырылуы (электронды оқулық бір жерде топтастырылады, оған көптеген адамдар жалғануына болады. Егер бір файлды жаңартып немесе қосымша қосылса, онда жаңартылып толықтырылған оқулыққа рұқсаты бар барлық адамдар әп сәтте-ақ оқулықтың толыққанды түрімен қауыша алады) .

1. 2 Электрондық оқулықтарды жасау негіздері

МЖ ( мультимедиялық жүйе) пен МОЖ (мультимедиялық оқыту жүйесі) ұйымдастырылған білім беруде және өзіндік білім алуда қолданыла алады. Ұйымдастырылған білім беру сөзінің астында - әр түрлі дәрежелі білім алатын оқу ғимараттарындағы оқу барысын, сонымен бірге салалы білімдендіру жүйелеріне кіретін өндіріс ұйымдарындағы (оқу-тренажерлік орталық, пункт, т. б) оқу барысы мағынасы түсіндіріледі. Ұйымдастырылған білім беру шеңберінде келесі МЖ және МОЖ пайдаланушыларының дәрежелері айқындалады[4] :

  • білім алушылар - оқушылар, студенттер, және оқу ғимараттарының тыңдаушылары, сонымен бірге квалификациясын жоғарылатушы мамандар;
  • оқытушылар (инструкторлар), МЖ және МОЖ пайдалауымен оқу шараларын немесе дайындықтарды жүргізетін;
  • нақты жағдайларда МЖ және МОЖ-нің жұмыс істеушілігін қамтамасыздандыратын - жүйелік администраторлар.

Үйренушілер МЖ және МОЖ пайдаланушыларының дәрежелік қорын құрады. Оқытушылар (инструкторлар) және жүйелік администраторлар олардың жұмысы үшін керек - жарақтарды жасайды және оның ұйымдастырушылық, техникалық, әдіскерлік қолдауын қамтамасыз етеді[1] .

Оқытушылар (инструкторлар) мыналарды жасайды:

  • оқушыларды бастапқы тестілендіру, дайын тапсырмалармен МЖ мен МОЖ -сін сәйкестендіруді;
  • МЖ және МЖС функциялануын тексеруді;
  • тапсырманың үйренушілермен орындалуын бағдарламалық графиктермен дайындауды;
  • МЖ және МОЖ шеңберінде пайдаланылатын ұйымдастырылған және әдістемелік шараларды қолдайды;
  • үйренушілердің МЖ және МОЖ-мен жұмыс жасауын бақылауды, оның нәтижесін талдау және бағалауды.

Жүйелік администраторлар төмендегілерді жүзеге асырады:

  • МЖ және МОЖ-сін компьютерге жалғауды;
  • МЖ МОЖ -сін пайдалану шартына туралауды;
  • МЖ және МОЖ-сінің фунциялануын тексеруді;
  • МЖ және МОЖ шеңберінде пайдаланылатын шараларға техникалық қолдау көрсетуді;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіріспені оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту
Компьютерлік модель түсінігі және модельдердің жіктелуі
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Программалау тілінде программа құру
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz