Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
  1. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс-1. Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны.

Жоспары: 1. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде.

2. Педагогикалық шеберлік компоненттері. (гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника) .

3. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.

4. К. С. Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принциптері.

5. Көрнекті педагогтар шеберлігі.

Лекция мәтіні: 1. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Қазіргі әлемде шығармашылық әлеуметті тану әрі дамудың жоғары деңгейіне көтерілу үшін тұлғаға өмір бойы оқу қажеттілігін сезіне отырып, өзін-өзі дамыту үлкен мәселе болып табылады. Нәтижесінде жаңа құндылықтар пайда болды: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі таныту. Олар тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасының негізіне айналды.

Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашаландыру міндетін қояды, ал оның мақсаты - кадрлардың кәсіптік жеке дамуына арналған жағдай туғызу, бұл - өзіне-өзі дамыту, бойындағы кәсіптік қасиеттерін жетілдіру үшін қайта білім алу, барлық білім беру үрдісі субъектілерінің ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің құндылық-мәндік келісімдер механизмін меңгеру деген сөз.

Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады.

Педагогика саласында «біліктілік» термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.

Н. Кузьмина «кәсіби біліктілік - іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік - бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне, сапалы мінездеме мен баға беру» деп атап көрсетті.

Кәсіби біліктілік - бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде болатынын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъекттің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.

Оқытушының кәсіби біліктілігіне сипаттама жасағанда, педагог тұлғасына тән педагогикалық міндеттерді тиімді түрде шешуге себепкер болатын немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін қасиеттерді ерекше атап көрсеткен жөн. Тұлғаның кәсіби шеберлігінің негізі іс жүзінде педагогиканың барысында қаланып, нақты бір педагогтың іс-тәжірибе барысында байқалады.

Біздің ойымызша, мұғалімнің «кәсіби біліктілігі» оның оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін, әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып, педагогикалық қарым-қатынасы мен педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады. Онымен қатар мұғалімнің біліктілігі, бір жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігін, екінші жағынан, кәсіби ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның шынайы еңбегіндегі арақатынасымен өлшенеді.

ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықта білім беру нарығы жағдайында жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған талаптарымен өлшенетін оның өн бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың танудың қажеттілігін айқындап берді. Бұл жерде нақты айтып өтетін болсақ, қазіргі таңда қоғам өзгеріске түсіп, адам саласы да өзгерді, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл шешімдердің қатарына жаңа технологиялар арқылы білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.

  1. Мұғалімнің кәсіби білімі

Кәсіби білім беруде қашанда мұғалімдерді қалай дайындау керек деген сұрақ тұрды және ол маңызды мәселенің бірі болып саналады.

Қоғамда болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптарды жаңарту көкейтесті мәселелердің бірі.

Мұғалімнің кәсіби қалыптасуын бейнелейтін - білім стандарты.

Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардың көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар.

Ең бастысы, білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейіндегі біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы өзгерістеріне қол жеткізу үшін әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-әрекеттен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне көшу қажеттігі туындап отыр.

Қоғам жоғары білімді, рухани адамгершілігі мол, өзгермелі өмір жағдайында өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігімен, жылдамдығымен, ой-өрісінің нақтылығымен ерекшеленген, көп мәдениеттілікке едәуір жауапкершілік сезімі жоғары адамдарды қамтамасыз ете бастады.

  1. Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің біліктілігінің мәні

Тұлғаны жан-жақты дамыған «жеке тұлға» ретінде қалыптастыруда мұғалімнің біліктілігі, яғни оның оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізуде болып отыр.

Біліктілік - меңгерілген білім, дағды және тәжірибе негізінде практикалық және теориялық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады.

Тұлғаның, шынын айтқанда, адамзаттық позициясын, жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын. Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте іс-әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамның шын бет-бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Тұлғаны зерделей отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығы, мінезіндегі басты ерекшелігі - табандылығын, қабілетін, идеялық және практикалық ұстанымын анықтап алу керек.

Тұлғаны тану-білу біліктілігі, оны «өз орнына» қоюдағы іс-әрекеті - педагог, ұстаз, ұйымдастырушы маманның басты таланты.

Білік - әйтеуір бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі . Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттар:

  • тұжырымдалған ережені түсіну;
  • орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
  • жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т. б., оқу-тәрбие процесіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.

Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтың тек атқаратын негізгі функциясына қатысты іс-әрекеттерден де басқа әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырушылығы да жатады.

Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарлы, күн тәртібіне негізделеді. Сондықтан да мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, босқа уақыт өткізуден, жаңалықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс-шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор.

«Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас» үшін, сөз сөйлей білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі, - деп түсінген жөн. Дәмді сөйлеп дәйекті бол! - дейтін қағиданың да астарында қарапайым өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір-қасиетінің мәнін жоймау себебін адам жаратылысының ұдайы саналылыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.

Мұндай тіл тазалығына мән берген дұрыс, өйткені, тіл - халықтың сонау ғасырлық сана мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың мұратты болуы мүмкін, бірақ та табандылық көрсете алмаса оның аталмыш қасиетінің практикалық құны бола алмайды. Сонымен қатар табандылық, атаққұмарлық менмендікпен ұштасып, қалыптасқан бір қатар қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де аз емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік пен табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағыттылығы қасиеттерін есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.

Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез-құлқына талдау жасауды олардың интеллектуалдық және эмоционалдық (сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру қажет.

Психологтар адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне - ой, сана сапасы көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін-өзі мінеушілігі т. б. жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім - өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтарға адамдармен тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.

Абайдың: «адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігенен емес . . . », «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі виноват», А. Байтұрсыновтың : « . . . адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді» - деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.

Әрине, әр адамның өз өмірін құруда тәрбиенің рөлі ерекше, тәрбиесіз адам қанша білімді болғанымен, оған тәрбие керек, тәрбиені дұрыс жеткізу үшін педагогтың біліктілігі керек.

4. Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік маңызы.

Бүгінгі қоғам адамдық ресурстарды, яғни экологиялық, демографиялық және әлеуметтік сияқты жаһандық дағдарыстарды негізгі фактор ретінде қарастырады. Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуальдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы: әрбір маман иесі өз мамандығына сәйкес шығармашылық жолдарда өзін-өзі анықтаудан кәсіби әрекет негіздерін меңгеріп, кәсіби шеберліктің баспалдақтарымен өту арқылы кәсіби шығармашылықты жетілдірудің шыңына көтеріледі. Мұнда адамдағы шығармашылық кәсіби шыңына жетеді. Бұл ретте адам шығармашылығының даму заңдылықтарын зерттейтін жаңа интерактивті-кешенді ғылым акмеологияның алар орны ерекше. Адамтану саласының педагогика ғылымы мен практикасы үшін аса маңызды басылымдылықтары мен стратегиялық бағыттары да осы акмеология болып табылады.

Халықаралық акмеология академиясының президенті Н. В. Кузмина акмеологияны «адам дамуының заңдылықтары, шығармашылық әлеуетті жасампаздықпен жүзеге асыруда жетістіктерге жету туралы ғылым» - ретінде тануды ұсынады. Ал, белгілі ғалым В. Н. Андреев «педагогикалық акмеология» деп аталатын ғылымда адамның өмірінде жеткен табыстары мен оған бастап апаратын ішкі мүмкіндіктер мәселесі қарастырылатындығы атап өтіледі. Сонымен қатар, мұғалімнің шығармашылық шыңға көтерілуі шеберлік пен кәсібилік сияқты сатылардан тұратындығына тоқталады.

Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылым «Акмеология» грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді. Демек акмеология - шың туралы ғылым, кемел адамның дамуы мен өмірлік әрекеті барысындағы биіктерге шығуы туралы ілім. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде акме жағдайға:

Шеберлік кәсібилік құзырлылық

сияқты сатылардан өтуі қажет. Мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне байлай алу өнері деп түсінген ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. С. Сухомлинский т. б. педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Мысалы: А. С. Макаренко мұғалім өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге асыру жолында алдымен шеберлікке жетуі тиіс деп, «шеберлік» ұғымын педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы «Тәрбиешінің шеберлігі» - айрықша талантты қажет ететін ерекше өнер, ол дәрігер немесе музыкантты шеберлікке үйреткендей үйрететін мамандық деген.

Педагогикалық шеберлік сан-салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың ішкі дүниесін түсіну, жобалай алу сияқты қасиеттердің болуын талап етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.

Осы мәселеге қатысты ғалымдар Ю. Б. Иванов пен Т. В. Сорокина педагогикалық шеберліктің құрамаларына гуманистік бағыттылық, кәсіби білімдер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника, педагогикалық психологияны білуді жатқызады.

Педагогикалық әрекеттің коэффициентін арттыру көп жағдайда оған өзінің ішкі күштерін жұмылдыра алуға, өзінің психикасына әсер ете алуына байланысты.

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А. К. Маркова мүғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

I. Объективті критерийлер.

Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері т. б. жататындығын атап өтеді.

II. Субъективті критерийлер .

Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес, қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

III. Нәтижелі критерийлер .

Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.

Осы тұста өз көзқарасымызды білдіре кетсек, оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларының жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. Мүны қазір құзыреттіліктер деп атап жүрміз. Тек сонда ғана мектеп бітіруші мына өзгермелі қоғамда өзін-өзі дамытуға, өз бетінше өмір сүруге дайын болады.

IV. Шығармашылық критерийлер.

Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.

Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретінде ішкі сұраныстарына жауап бере алады.

Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме кеш пе меңгеруі тиіс. Ал, А. К. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:

Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі

і т

Мамандықта өзін-өзі актуалдандыру кезеңі

і Т

ерекше меңгерген кезең

Мамандықты

1

Мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.

Ғалым кәсіби кұзіреттіліктің сипаттамасын шебер-мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық образы ретінде қарастырады.

Кәсіби құзіреттіліктің деңгейлерінің сипаттамалары

Шебер-мұғалім
Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерін
жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыс
педагогикалық міндеттерді шеше алады.
Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.
Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқа
мұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.
Шебер-мұғалім: Жаңашыл мұғалім
Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерінжоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыспедагогикалық міндеттерді шеше алады.Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқамұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.: Тұтас ұжымды педагогикалық жүйелер немесе жеке
тапқыр тәсілдер таба, қолдана біледі.
ІПығармашылық көрсете алады. Еңбектің негізгі
нәтижесІ ретінде оқушылардың психологиялық
дамуына бағыт ұстайды. Жаңалықты іздеуде
тиімділік көрсетеді. Жеке тұлға.
Шебер-мұғалім: Зерттеуші -мұғалім
Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерінжоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыспедагогикалық міндеттерді шеше алады.Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқамұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.: Өзінің тапқыр мәнділігін зерттеп, оған баға беруге
ұмтылады, басқа мұғалімдердің жаңа идеяларының
тиімділігіне баға береді
Шебер-мұғалім:

Кәсібилік деңгейіндегі

мұғалім

Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерінжоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыспедагогикалық міндеттерді шеше алады.Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқамұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.: Психикалық жағынан өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Жаңаны іздеуде «оқушыдан» әрі қарай жүріп, оқушы үшін оны жүзеге асырады. Зерттеушіге тән қасиеттер иесі, жаңаның жаңашылдығын анықтай алады.

Мұғалімнің акме жағдайына жетудегі тағы бір басқыш - оның кәсіби қызығушылық деңгейі. «Қызығушылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді.

Кәсіби құзіреттілік:

психология әлеуметтану педагогика

ғылымдарының түйісу нүктесінде пайда болады.

Белгілі ғалым М. М. Чошанов құзырлылықты білім, білік дағдысының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады:

білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің орамдылығы + ойлаудың сынаулығы.

Н. В. Кузминаның көзқарасы бойынша бұл ұғым педагогтың басқа бір адамды дамытуында негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.

Қазіргі уақытта екі типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.

Біріншілері: жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын, еңбекке деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар акме жағдайға жақын тұрғандар.

Екіншілері : оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс көзқарасы қалыптасқан, оқушылармен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық білімі төмен, өзін-өзі дамытуға қызығушылығы төмендер.

Білім беру жүйесіндегі қазіргі «субъект-субъектілік» жағдай басқа адамға кәсіби құзырлылық деңгейі жоғары адам ғана әсер ете алатындығын көрсетіп отыр. Ал мұғалімнің сапасы, тұлғаның сапасын дайындайтын кәсіби құзіретті әрекеттің сапасы. Мұндай сапа білімнің сапасын қамтамасыз етеді деп айтуға болады.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін маман болуы тиіс деген тұжырым жасалды.

Ондай мұғалім өз мамандығына жаңалық енгізеді, сол арқылы өзін жаңа сападағы адамға айналдырады, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола отырып, эксперимент жағдайда зерттеу жүргізеді, авторлық бағдарламалар, технологиялар ойлап табады, оқулық жазуға қатысады.

Дегенмен, ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырлана алуына толығымен мүмкіндігі бар.

3. Педагог мамандығындағы актерлік режиссерлік шеберлік элементтері .

Әрине бала тәрбиесінде ата-анадан кейінгі жауапты адам - мұғалім екендігі белгілі. Мұғалім болу балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Яғни оларды өмірге дайындау. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдақ дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын және топпен, ата-анамен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімі бар, әрі шығармашылық еңбек ете алатын маман болуға тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлаулары нақты бейнеліден абстрактылы-логикалық ойлауға қарай дамиды. Мұғалімдердің міндеті - бала интеллектісін себеп- салдарлы байланыстарды түсіну деңгейін дамыту.

Бастауыш сынып оқушысы өз дамуының алғашқы кезеңдерінде оқу материалын заттарды қабылдауға және олармен қимыл-қозғалыстарды орындауға сүйене отырып меңгереді. Бұдан әрі осы жас кезеңнің соңында заттармен әрекеттестік пен оларды қабылдауға сүйену қажеттілігі төмендеп оқушы күрделі ұғымдарды үйренуге көшкен жағдайда ғана керек болады. Бастауыш мектепте оқушылардың нақты және абстрактылы ойлаулары дамудың бастапқы сатысында болады, ал оқыту оларға екі бағытта де мәнді түрде алға жылжуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін жетілдіру проблемасына педагогтардың сіңірген еңбегі орасан зор. Ы. Алтынсарин айтқандай:Мұғалімнің ең жақсы қасиеттері оқыту әдістерін, таба білуде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заманның шет тілі мұғалімі
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Педагогикалық шеберлік туралы ақпарат
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz