Темперамент жайлы ұғым
1. Темперамент туралы жалпы ұғым
2. Мінез туралы жалпы ұғым
3. Қабілет туралы жалпы түсінік
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Мінез туралы жалпы ұғым
3. Қабілет туралы жалпы түсінік
Пайдаланылған әдебиеттер
Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д, 460—356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сүйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сүйықтың, араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорцисы артық болса, ол сангвиникалық (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грекше "флегма"—шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше "мелай-нехоле"— қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе — өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл — адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғүрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нөрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

1. «Жалпы психология» Жарықбаев Қ., Алматы., 2004ж
2. «Жантану негіздері» Жарықбаев Қ., Алматы., 2002ж
3. «Жалпы психология» Сәбит Бабаев., Алматы., Дарын 2003ж

1. Темперамент туралы жалпы ұғым.
Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе,
жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң
қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді),
психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса,
екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің
ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция
сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып
отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-
ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың
(б. э. д, 460—356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.
Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың
денесінде төрт түрлі сүйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып
тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары
өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сүйықтың,
араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бұл
терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне
байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорцисы артық болса,
ол сангвиникалық (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грекше
"флегма"—шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым
болса меланхолик (грекше "мелай-нехоле"— қара өт), организмде сары өт басым
болса, холерик (грекше холе — өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін
түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл — адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді.
Гален организмде жылылық неғүрлым басым болса, адамның темпераменті күшті
болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл
секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін
зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге
байланыссыз нөрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің
түрліше физиоогиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің
қүрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген
пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724—1804) өзінің
"Антропология" деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-
біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс
алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке
жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л.
(1833—1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен
біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт
(1837—1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне
байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін
ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі
темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш
негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан
құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне — ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі,
яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың, төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең
келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің
екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.
Сөйтіп, И. П, Павлов ілімінің айтуынша,жүйке жүйесінің әрбіртипінің үш
белгісіболады.Мәселен, күшті типтердің бірі — устамсыз тип. Үстамсыз тип —
жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес
келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип.
Күшті типтердің екіншісі — ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен
тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің
үшіншісі — қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу
қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп
отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де
әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден
келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт "сынып" кететін
болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің
физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді — ширақ,
жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам;
холериктерді—үстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым;
флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең
болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — жүйке жүйесі
әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі
типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, үстамсыз типтің өзінен қозуы
ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз
да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші
тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке
жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам
темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын
көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: "Темперамент
жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, арбір индивидиумның барлық
әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы".
ТемпераменттердіңЖүйке жүйесінің Жүйке процестерінің (қозу,
түрлері типтері тежелу) қасиеттері
(Гиппократ (Павлов
терминологиясы терминологиясы
бойынша) бойынша)
күші тепе-теңдіқозғал-ғышты
гі ғы
Холерик Ұстамсыз тип Күшті Тең емес
(қозуы
тежелуінен
Сангивиник Ширақ тип Күшті басым) Қозғалғыш
Флегматик Баяу тип Күшті Баяу
Меланхолик Әлсіз тип Әлсіз Тепе-тең қозғалады
Тепе-тең
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896—1965)
лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И.
П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен
оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П.
Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке
өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз
алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М.
Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930—1972) осындай
зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше
варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп
саналатын осы әлсіз типтің езі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі
теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы
күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол
екендігі анықталады.
2. Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше
жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша
қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның
үйреншікті өдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр
түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас
жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының
жиынтығы оның мінезін қүрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде
оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері
де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды
менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынас-тарының тұрақты жүйесі жатпай,
оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік
өрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің
бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамңың
қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып
саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының
өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының
тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып
жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы,
толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып
есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да,
оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық,
гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір түту, жұртшылық пікірімен
санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық —
мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі —
оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның
қастерлейтіні ылғи да сез бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса,
соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен
екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси
моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір
сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол
қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамға тән қасиеттер. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz