СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ



1 СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
2 ТҮРКІСТАНДЫҚ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер - жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» - деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек» [1, Б.366] деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз.
Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі – Сұлтанбек Қожанов. Оның тұлғасын тану мен танытуға қатысты бірқатар арнаулы зерттеу еңбектер жарыққа шықты Атап айтқанда өзбекстандық тарихшы Р.Я. Раджапова, қазақстандық Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Б. Қойшыбаев, Ж. Әлмашұлы, А. Шәріп, Ж. Симтиков, Ж. Уалиханова және т.б. ғалымдар мен әдебиетшілердің еңбектері де осы қатарды толықтыра түседі. Әйтсе де, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен әдеби-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеуде кенжелік, соңын күткен кібіртіктеу байқалады. Оның сыры неде болды екен? деген сауал әркімді де ойлантуы тиіс. Оның басты себебі С. Қожановтың партия мүддесінен ұлт мүддесінен жоғары қойған шынайы ұлтжандылығы болды. Тоталитарлық билік саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да аса бір сақтықпен қарады. Алғашқы кезекте коммунистік билікке барынша адал қызмет жасағандар ақталып, олардың тұлғасы кеңестік тәрбиенің идеялына айналдырылды. Ал пролетарлық интернационализмге ұлттық құндылықтарды, таптық төзімсіздікке ұлттық бірлікті қарсы қойған Алаш қайраткерлері мен алаштық рухтағы С. Қожанов сияқты партия қайраткерлерін ақтау кейінге шегеріле берді. Бұл – кеңестік биліктің саясаты. Тәуелсіз қоғамымызда осы саясаттың тоңы жібігендей.
Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе - шын мәнінде С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы. Осы пікірді тереңірек өрбітіп көрейік.
1.Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. -369 б.
2.Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 ж.ж. -Алматы: «Ел-шежіре». 2007. Т.3.Кн.1.-304 с
3.РГАСПИ Ф. 17, ол. 85, д 77
4.Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. желтоқсан 1917 – мамыр 1920 ж.ж. -Алматы:
5. «Алаш». 2005. Т.2.-496 с.
6.Шоқай М. Таңдамалы. 2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2.-1999. -520 б.
7.Волкогонов Д.А. Сталинизм: сущность, генезис, эволюция: доклад по совокупности работ на соискание ученой степени доктора исторических наук.- М.: 1990. – 47 с.
8.Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. М.: Политиздат, 1973.- т. 20. -532 с.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тұрсұн Х. -, т.ғ.к., доцент. А. Ясауи атындағы ХҚТУ

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен
тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: Күні кешеге дейін
жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. Қайраткерлер ұғымы
қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер - жасампаз
адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз
халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек - деген ойды одан әрі
өрбіткен ғалым Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи
тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек [1, Б.366] деген пікір айтады.
Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында
айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа
тікелей қатысы бар деп білеміз.
Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан
тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге
дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі – Сұлтанбек Қожанов. Оның
тұлғасын тану мен танытуға қатысты бірқатар арнаулы зерттеу еңбектер
жарыққа шықты Атап айтқанда өзбекстандық тарихшы Р.Я. Раджапова,
қазақстандық Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Б. Қойшыбаев, Ж. Әлмашұлы, А. Шәріп,
Ж. Симтиков, Ж. Уалиханова және т.б. ғалымдар мен әдебиетшілердің еңбектері
де осы қатарды толықтыра түседі. Әйтсе де, қайраткердің қоғамдық-саяси
қызметі мен әдеби-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеуде кенжелік, соңын күткен
кібіртіктеу байқалады. Оның сыры неде болды екен? деген сауал әркімді де
ойлантуы тиіс. Оның басты себебі С. Қожановтың партия мүддесінен ұлт
мүддесінен жоғары қойған шынайы ұлтжандылығы болды. Тоталитарлық билік
саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да аса бір сақтықпен қарады. Алғашқы
кезекте коммунистік билікке барынша адал қызмет жасағандар ақталып, олардың
тұлғасы кеңестік тәрбиенің идеялына айналдырылды. Ал пролетарлық
интернационализмге ұлттық құндылықтарды, таптық төзімсіздікке ұлттық
бірлікті қарсы қойған Алаш қайраткерлері мен алаштық рухтағы С. Қожанов
сияқты партия қайраткерлерін ақтау кейінге шегеріле берді. Бұл – кеңестік
биліктің саясаты. Тәуелсіз қоғамымызда осы саясаттың тоңы жібігендей.
Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде
партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып
айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан
тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе - шын мәнінде С.
Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы. Осы пікірді тереңірек
өрбітіп көрейік.
1916-1917 ж.ж. Ташкент қаласында қазақ зиялыларының Кеңес атты
астыртын саяси үйірмесі жұмыс істеген. Түркістан қаласында С. Қожановпен
бірге 1918-1919 жж. бірқатар жауапты қызметтер атқарған, Ленинмен
кездескендігі жөнінде естеліктер жазған Дүйсенбай Нысанбаевтың деректері
Кеңес үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді.
Үйірме және оның қызметі туралы Д. Нысанбаевтың 1925 ж. 31 қаңтарында
РК(б)П Қырғыз облыстық Бақылау Комиссиясына жасаған мәлімдемесінен [2,
Б.173-185] аса құнды мағлұматтарға қанығамыз. Бұл құжаттың деректік
құндылығы жоғары болатыны, онда өлкелік партиялық басшылыққа, ОГПУ
органдарына Түркістандағы алашордашылардың қызметіне қатысты айғақ ретінде
түрлі хаттамалар, газет тігінділері сияқты қомақты құжаттық деректер
ұсынылған. Осы жерде құпия хат түрінде жазылған мәлімдеменің тікелей С.
Қожановты әшкерелеуге арналғандығын атап айтқанымыз орынды болар.
Үйірменің төрағасы генерал Сейітжаппар Асфендиаров, орынбасарлары М.
Шоқай және өмірі мен қызметі Түркістан қаласымен тығыз байланысты болған
Садық Өтегенов болатын. Осы саяси үйірме ұлттық идеяларды іске асыруды
өзінің бағдарламалық міндеті ретінде алға қойған еді. Үйірменің баспасөз
органы Бірлік туы газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов
редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет
істеген, кейінгі кезде газетке Хайретдин Болғанбаевтар (ол да Түркістан
қаласында қызмет істеген) редакторлық жасады. 1917 ж. қарашаның 26 күні
Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан
мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялады. Осы съезге және
желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ
Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске
асыруға белсене араласты. Бұндай тұжырым жасауға деректік және дәйектік
негіздер жеткілікті. Алғаш рет бұл тұжырым Түркістандағы партия-кеңес
органдарының ресми құжаттарында Алаш Орданың түркістандық бөлімі Бірлік
туы газеті органымен аттас ұйым болды. Бірлік туы газеті 1917 ж.
маусымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың
тұғырнамасы дәлме-дәл алашордашылардың тұғырнамасындай еді [3, Л.208]
деген сипатта негізделді.
Жоғары партиялық инстанцияларға С. Қожановтың үстінен жазылған құпия
хат түріндегі арыз-шағымдар бұнымен шектелген жоқ. Мұндай арыз-шағымдарды
саяси ұпай жинау мақсатында әсіресе партия-кеңес қызметкерлері - олардың
арасында Д. Нысанбаев сияқты үзеңгілес серіктері де бар, көптеп жазды.
Олардың мазмұны ұлтшыл, алашордашыл, оңшыл ауытқушы, топшыл деген
саяси айыптауларға негізделіп, соңы қожановшылық айдарына айналды.
Арнаулы органдардың мекемелерінде жинақталған бұндай компромат тиянақты
талдаулармен БК(б)П Орталық Комитеті Саяси бюросының Құпия бөліміне жүйелі
түрде жеткізіліп отырды. Республиканың саяси басшысы болғанымен оның әрбір
ізін аңдыған мұндай әрекетті Орталықтың басқарып отырғаны да жасырын емес.
Осындай жағдайда С. Қожановтың Қазақстанда қалыпты жұмыс істеуі және ұлттық
идеяны іске асыруға еркін кірісуі мүмкін емес еді. Республикадағы саяси
басшылыққа кәсіпқой революционер Ф. Голощекиннің келуі бұл саяси үдерісті
өршітіп жіберді. С. Қожанов Мәскеуге кеткен соң оны айыптайтын саяси науқан
кең өріс алды. Осыған байланысты С. Қожанов Қазақ өлкелік партия комитетіне
1926 ж. ашық хат жазып, ақталуға мәжбүр болған. Хаттың жазылу мақсаты оның
Қазақстандағы қызметіне қатысты өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф.
Голощекиннің өршіткен саяси айыптауынан басын арашалау болды. Осы хатты
деректік тұрғыда талдағанда С. Қожанов Қазақстандағы саяси қызметінің
сипаты мен мазмұны туралы өз аузынан баяндалған көп мағлұматқа қанығамыз.
Сонымен бірге бұл құжаттан С. Қожановтың ұлтжандылық қызметіне негіз болған
қоғамдық-саяси көзқарастарының өзегін танимыз.
Ол аталған хатында былай деп баяндайды: Мен партияның алдыңғы
қатарында жүріп мына мәселелерге белсене қатыстым:
Отаршылдық пен жергілікті ұлтшылдықты саяси тұрғыдан жоюға;
Жерге орналастыру және жер-су реформасын жүргізуге;
Қосшы одағын ұйымдастыру науқанына;
Орта Азияда ұлттық межелеуді іске асыруға;
Қазақстанның орталығын Орынбордан Қызылордаға ауыстыруға және
Қазақстанның ішкі құрылысында ұлттық мүддені күшейтуге тікелей араластым
[2, Б.250 ]. Ұлтжанды қайраткердің өзі саяси қызметі туралы жасаған бұл
қорытындыларының әрқайсына жеке тоқталып, нақты тарихи дәйектер және
дәлелдермен кеңінен таратуға болады. Қайраткер қызметінің биік шыңдары
болып саналатын ол жетістіктерді ғылыми тұрғыда талдап, тарихи танымның
игілігіне айналдыру - таяу күндердің және осы бүгінгі ұрпақтың еншісі болуы
керек.
Қай кезде де тарихи танымның рухани өзегі, ғылыми негізі болады.
Кеңестік қоғамда алаштық үлгідегі қайраткерлердің тұлғасын танудағы рухани
өзек таптық-партиялық құндылықтар болса, оның ғылыми негізі маркстік-
лениндік дүниетаным болғаны белгілі. Ал бүгінгі тәуелсіз қоғамымызда тарихи
танымның талабы өзгерді. Мақсат та өзгерді. Қоғам жаңарды, қоғаммен бірге
адам да жаңарды. Ендігі кезекте тарихи таным да жаңаруы тиіс. Тарихи
танымды жаңартудың жөні осы екен деп жергілікті, аймақтық деңгейдегі
тұлғаларды дәріптеу бүгінгі интеллектуалдық тарихқа жараспайды. Тұлғаларды
танудағы әрекеттің алтын арқауы, жібек желісі -ұлттық мүдде болуы керек.
Яғни мәселе тура мағынасында қойылғанда - ол ұлтымыз үшін не істей алды?
деген сауалға жауап беруді қажет етеді. Сол сияқты, кейбір зерттеулерде
кеңестік дәуірдегі партия-кеңес қайраткерлерін біржақты айыптау тенденциясы
да жоқ емес. Ал олардың саяси қайраткер ретіндегі қызметіне берілер баға да
оның қызметінен ұлт тағдырына қандай және қаншалықты зиян келді? деген
сауалдың төңірегінде өрбімек.
С. Қожановтың Түркістан өлкесіндегі алғашқы саяси қызметі Бірлік туы
газетінің редакторлығынан басталды. Облатком төрағасы, Ішкі істер Халық
ағарту халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы, РК(б)П ОК Ортаазиялық
бюросының мүшесі. С. Қожановтың бірыңғай партиялық саясаттың сойылын соққан
кейбір қайраткерлерден ерекшелігі осы қызметтерінде ол алаштық негіздегі
ұлттық идеядан бір сәт те қол үзген емес.
Бұндай деректер Түркістандағы ұлт-азаттық күрес тәжірибелерін талдау
арқылы Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатын дербес тарихи таным нысаны
ретінде қарастыруға негіз болады. Оңтүстік қанаттың нақты ұйымдық құрылымы
болмағанымен оның қызметінің мазмұны қазақ жеріндегі тарихи құбылыстың
құрамды бөлігі болып саналады. Сонымен бірге Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысының құрамында өлкедегі жергілікті ұлт зиялыларымен тығыз бірлікте
жұмыс жасағандықтан Алаш қозғалысы Оңтүстік қанаты қызметінің мазмұнында
аймақтық, конфессиялық және идеялық сипаттағы ерекшеліктері болды.
Түркістандағы жергілікті халықтардың арасында отаршылыққа қарсы күрестегі
мұсылмандық, түркілік бірлік идеялары Алаш қозғалысының өкілдері М.
Тынышпаев, С. Лапин, М. Шоқай, Қ. Қожықов, С. Өтегенов және тб.
қайраткерлердің саяси қызметінде жаңа қырынан танылып, қазақ жеріндегі ұлт-
азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. М. Тынышпаев, С. Лапин, М. Шоқайдың
өлкедегі саяси қозғалыстың және Түркістан мұхтариятының басшылығында болуы
олардың Алашорда үкіметімен байланыс жасауына мүмкіндік беріп, қазақ
мемлекетінің тұтастығы мәселесін алғаш рет ұлттық идея ретінде күн
тәртібіне қойды. Осы мәселе 1918 ж. 4-9 қаңтардында Түркістан қаласында
өткен Сырдария облысы қазақтарының съезінде арнайы қарастырылды. Алаш Орда
үкіметінің басшылары Б. Құлманов, Т. Құнанбаев, М. Дулатовтар арнайы
қатысқан съезд шын мәнінде Алаш қозғалысы ұйымдастырған ірі саяси
шаралардың біріне айналды. Түркістан қазағын алашқа қосу мәселесін
талқылаған съезд жөнінде Сарыарқа газетінде жарияланған Алаш һәм
Түркістан мақаласында [4, Б.109-111] Съезде Алашқа қосылмаймыз деген
ешкім болған жоқ: кәрі-жас, қарасы-төресі, байы-кедейі бірауыз болды деп
ұлттық идеяның қолдау тапқандығы жазылды.
Түркістанда мемлекеттік құрылыстың, билік құрылымдарының қалыптасуы
күрделі мазмұн алған. Бұл жерде дәстүр сабақтастығының іске асу қағидасы
талап ететін міндетті түрде сақталуы тиіс қоғамдық шарттар бар. Соған
сәйкес кеңес өкіметі ескі қоғамның билік институттарының мазмұнын
мансұқтағанымен әкімшілік бірліктер, басқару құрылымдары түрінде олардың
сыртқы формаларын сақтап қалды. Осы сияқты басқару элитасы орталық және
жергілікті басқару органдары шенеуніктерінің орасан зор бөлігі әкімшілік
басқару дәстүрлерін жалғастырып, жаңа қоғамда мазмұндық, түрлік жаңғыруды
бастан өткізді. Кеңестік қоғамның басқару құрылымдарының негізін құраған ол
мемлекеттік қызметкерлердің басты миссиясы екі қоғам арасындағы
байланыстырушылық рөл еді. Өздерінің тарихи миссиясы бойынша ерекше маңызға
ие болған бұл категорияның арасынан кеңестік қоғамда көрнекті
қайраткерлерге айналған ұлттық элитаның мықты өкілдері өсіп шықты. Олардың
қатарында М. Тынышпаев, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С.
Қожанов, А. Серғазиев, Қ. Ибрагимов, И. Тоқтыбаев, Б. Аралбаев, Қ.
Сармолдаев, С. Есқараев, О. Жандосов, Т. Жүргенов, Н. Рүстемов, Ә.
Палмұхамедов, Ә. Құдабаев, Н. Сатығұлов, Қ. Болғанбаев, Қ. Қожықов, Қ.
Күлетов және т.б. көптеген тұлғаларды атауға болады. Олар Түркістан
республикасының жоғарғы билік құрылымдарында басшылық қызметтер атқарып,
жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға елеулі ықпал жасаған еді.
Олардың қызметіне ғылыми талдау жасағанда саяси көзқарастарымен өмірлрік
ұстанымдарының әртүрлі болғандығы басты назарда болуы керек. Бірі таптық,
бірі ұлттық идеяға қызмет жасағанымен олар өз заманының перзенттері
болатын. Бүгінгі көзқараспен кемшілік деп тануға болатын олардың кейбір
әрекеттерінің сырын қоғамдық қайшылықтардан іздеу мәселеге сыңаржақ сипат
берген болар еді. Тұлғалардың көзқарасындағы қайшылықтар олардың қоғамдық
әрекеттерінен көрініс табатындықтан да мәселеге қарама-қарсылықтың күресі
және бірлігі заңдылығы қағидаларымен баға беру тарихи ақиқатқа жақындата
түсері даусыз.
Елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерді мұғажырлық жағдайда жіті қадағалап
отырған М. Шоқай большевиктер партиясы қатарына енгенімен өздерінің шынайы
ұлттық элитаға тән азаматтық, отаншылдық биіктен төмендемеген қандастары
туралы ризалық сезімін білдіреді: Смағұл Сәдуақас, Қожанұлы Сұлтанбек және
Меңдешұлы Кеңес дәуірі орнаған кезде кеңес үкіметін бірден жақтап шыққан
адамдар болатын. Бірақ олар, өткен тәжірбиелері көрсетіп отырғандай, Кеңес
үкіметіне тек қара басының қамы үшін қызмет етпегенін біз жақсы білетінбіз.
Сұлтанбек Қожанұлы қара басының қамын ойламайтын, халқы үшін қам жеп,
еңіреп туған азамат еді. Ол бұдан былай да осы қасиеттерінен айрылмайды деп
сенеміз. Смағұл Сәдуақас та сондай тұлға. Ал Меңдешұлын өз басым білмейді
екенмін. Бірақ оның да Сұлтанбек пен Смағұл тәрізді қайраткер екеніне шүбә
келтірмеймін [5, Б.60]. М. Шоқайдың саяси тұлғалар қызметін бағалауда
олардың ұлтжандылық әрекетіне баса мән берген бұл пікірін әдістемелік негіз
етіп алуға болатын танымдық қағида деп қабылдауға болатындай.
Әрине көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерінің өмірі дегеніміз белгілі
бір адамгершілік және әлеуметтік бағдарлар жүйесіндегі оның нақты ойлары
мен әрекеттері ғана емес, ол сонымен бірге тұлғаның өзі саясат сахнасынан
кеткеннен кейінгі де қоғамдық үдерістерге жасайтын ықпалы [6, С.4]
екендігін ескерсек аталған тұлғалар алдағы уақытта да ғылыми ойдың нысаны
болып қала бермек. Осыған байланысты большевиктер көсемі В.И. Лениннің
өзіне тән категориялықпен Пролетариатқа саяси қайраткерлердің тірісі және
өлісі туралы да шындық керек, өйткені саяси қайраткер атына шын мәнінде
лайық болғандардың тәні бақилық болса да олар саясат үшін өлмейді [7, С.8-
9] деген тұжырымын қуаттауға болады. Демек, С. Қожановтың тұлғасы саясат
үшін де, тарих үшін де қызмет жасайды. Ұлт барда ұлттық мүдде бар. Ұлттық
мүдде бар жерде оған қызмет етудің өлшеміне айналған С. Қожановтың тұлғасы
менмұндалайды.
Ендігі мәселе қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін ғылыми танымның
игілігіне айналдыруға байланысты. Бұл үшін ең алдымен С. Қожановтың өмірі
мен қызметіне қатысты материалдар мен құжаттардың және шығармаларының
жинақтарын ғылыми айналымға ұсыну. Алматы мен Ташкенттің, Мәскеу мен
Орынбордың архивтеріндегі құжаттардың басым бөлігі ғылыми жұртшылыққа
жетпей жатыр. Сол сияқты оның әдеби шығармаларының өзі қомақты дүние
болмақ. Оның соңына қалдырған құжаттық деректерінің арасында бүгінгі ғылыми
танымның қажетіне жарайтын, ұлттың рухын көтеруге қызмет ететін дүниелер аз
емес. Сондықтан
Қорыта айтқанда, С. Қожановтың қоғамдық-саяси қызметі ұлтқа қызмет
етудің жарқын үлігісі болды. Оның өзінің сан-салалы қызметінде топтық,
аймақтық тіпті таптық мүдделердің деңгейінде қалып қоймай ұлттық,
мемлекеттік биліктен табылды. С. Қожанов сияқты ұлтжандылығы
мемлекетшілікпен ұласқан, мемлекетшілігі ұлтының рухына қызмет етуге
жұмылдырылған қайраткер халықтың жадынан да, ғылыми танымнан да мәртебелі
орын алуға әбден лайық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. -369 б.
2.Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 ж.ж.
-Алматы: Ел-шежіре. 2007. Т.3.Кн.1.-304 с
3.РГАСПИ Ф. 17, ол. 85, д 77
4.Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. желтоқсан 1917 –
мамыр 1920 ж.ж. -Алматы:
5. Алаш. 2005. Т.2.-496 с.
6.Шоқай М. Таңдамалы. 2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2.-1999. -520 б.
7.Волкогонов Д.А. Сталинизм: сущность, генезис, эволюция: доклад по
совокупности работ на соискание ученой степени доктора исторических наук.-
М.: 1990. – 47 с.
8.Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. М.: Политиздат, 1973.-
т. 20. -532 с.
Түйін
Мақалада көрнекті мемлекет қайраткері С. Қожановтың қызметіне жаңа
көзқараспен баға беріледі.

Тұрсұн Х. –т.ғ.к., доцент,
Сералиева Ә. –тарих мамандығының ІV курс студенті. А.Ясауи атындағы
ХҚТУ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты Алаш қозғалысымен тарихи
сабақтастықта салыстыра қарастырудың маңызы зор. Бұл екі қозғалыс бірін-
бірі толықтырған, сонымен бірге бір-бірімен ерекшеліктері де көп құбылыстар
болғандықтан да оларды өзара ықпалдастықта қарастырған орынды болады. Оның
үстіне Алаш қозғалысының тарихы дегеніміз оған қатысқан жеке тұлғалардың да
тарихы екендігі белгілі. Тарихи әдебиеттерде Алаш партиясына мүше немесе
оған тілектестікте болған 300-ден астам жеке тұлғалардың есімдері белгілі.
Бұл сан алдағы уақытта одан да ұлғаюы әбден мүмкін. Осы аталған әрбір
тұлғаның өмірбаяны қалпына келтірілсе Отан тарихының мазмұны бұрынғыдан да
толыға түсер еді. Әзірге Алаш қайраткерлерінің басым бөлігінің тарихи
өмірбаяны қалпына келтіріле қойған жоқ.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында өлкедегі барлық халықтардың күш-
қуатын топтастыру қажеттігі өткір сезіліп отырды. Содан да тәуелсіздік
жолындағы күресте ұлттық бірлікке қол жеткізу аса маңызды болатын. Осы
тұрғыда қарастырар болсақ түркілік және мұсылмандық қозғалыстардың арасында
идеялық алшақтық жоқ, қайта оларды отаршылыққа қарсы күреске топтастыратын
ортақ мүдде, ортақ күрес тәсілдері жеткілікті еді. Түркістан қаласында туып
өсіп, Ташкентте мұғалімдер семинариясын бітірген, ескіше, жаңаша сауатты
Садық Өтегенов бұндай ұлт-азаттық идеяларымен жақсы таныс болатын.
1917 ж. большевиктердің Ташкентте билікті күшпен тартып алуы Қоқан
қаласында құрылған Түркістан автономиясы үкіметінің тынысын тарылта түсті.
Ұлт-азаттық қозғалыстың кертартпа күштерінің өкілі Сералы Лапин
большевиктермен ымыраласу жолдарын қарастырды. Өйткені большевиктік билік
ұлттық мемлекеттік құрылыммен санаспады және оның талаптарына құлақ
аспады. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған С. Лапин 6 қаңтарда Түркістан
қаласында өтуі тиіс Сырдария облысы қазақтарының съезіне қатысудан бас
тартса, М. Шоқай Қоқан автономиясындағы үкіметтік дағдарысқа байланысты
съезге қатыса алмады. Түркістан өлкесі қазақтарының Алаш автономиясына
қосылу мәселесін күн тәртібіне қойған съезге негізін Сырдария облысының
делегаттары құраған 82 өкіл қатысты. Алашорда үкіметі атынан Б. Құлманов,
М. Дулатов, Т. Құнанбаевтар қатысқан съезд шешімдері біртұтас қазақ
мемлекеттілігін қалыптастырудағы ұлттық элита қызметін айшықтай түсті.
Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласы жаңа жағдайда ұлттың
рухани орталығы болып танылған тарихи миссиясын осы жолы да атқарды. Алаш
зиялылары съезде ұлттық мемлекеттіліктің аса маңызды белгісі –
территориялық тұтастыққа қол жеткізу идеясын алғаш рет көтерді. Съездің
ұйымдастыру жұмысында Түркістан қаласының азаматтары С. Өтегенов, С.
Қожанов, Қ. Қожықов, С. Алдабергеновтер белсене қызмет жасаған. Бұлардың
арасында С. Өтегенов пен С. Алдабергеновтер 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші
Жалпықазақ съезіне М. Шоқаймен бірге қатысып, съезд аяқталған соң
Түркістанға бірге қайтқан, ежелден дос-сырлас адамдар еді.
Ұлттық элитаның көшбасшысы Ә. Бөкейханов бастаған бір топ ұлт зиялылары
Минск қаласынан қазақ даласына қалыптасқан жағдайдың мән-жайын баяндап
жеделхат жолдаған. Осы жеделхаттың Түркістан қаласындағы С. Өтегеновке
жолдануы да оның өз кезіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене
араласқандығын аңғартады. Ақпан төңкерісінен соң жол таба алмай абдырап
қалған ұлт-азаттық қозғалысқа тың бағыт сілтеген жеделхаттың көлемі біршама
шағын болғанымен оның мазмұны өте бай.
Жеделхатқа қол қойғандар арасында М. Дулатовтың саяси және шығармашылық
қызметі Түркістан қаласымен де, Түркістан өлкесімен де тығыз байланыста
дамыды. Ол 1912 ж. Семей түрмесінен шыққаннан соң Түркістан қаласын
паналайды. Елге жазған хаттарында Түркістанда Садық Өтегенұлы, Қоңырқожа
Қожықов, оның жұбайы Латипа Лапина деген оқыған, мәдениетті кісілермен
танысқандығын жазады. Осы хаттағы ең бір маңызды дерек, Түркістан
қаласындағы қазақ, өзбек байлары мен қырғыз манаптары Міржақыпқа мол қаржы
жинап берген. Орынборға келіп А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановтармен
ақылдасып Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфадағы Ғалия медресесі
шәкірттерінің қосқандарын Қазақ газетін шығаруға бағыштаған [1, Б.298-
299].
Отаршылардың жасанған әскеріне қарсы саяси-идеялық тәсілдермен күресу -
саяси қайраткерлерді қоғамдық өмірдің алдыңғы сапына шығарды. Біз сөз етіп
отырған С. Өтегенов те қолына қару алып күрескен жоқ. Ол халықтың ұлттық
тәуелсіздікке деген ұмтылысын қолдап-қуаттап, азаттық пен еркіндікке
ұмтылған өршіл рухын шыңдауға ат салысты. Мектеп, медреседегі ағартушылық
қызметін ұлттың санасын оятуға ұластыра алды. Оның Бүкілресейлік Құрылтай
жиналысының депутаттарын сайлауға қатысып, Алаш съездерін өткізуге
атсалысуы осындай игі істердің айғағы. М. Дулатовтың бұл хаты С.
Өтегеновтің қоғамдық-саяси қызметін айқындайды.
Қаланың зиялыларымен сыйласып, мектеп, медреселерін аралаған жазушының
Сұлтанбек Қожановпен таныстығы осы кезден басталған. Осыған байланысты дәл
осы кезде орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген Сұлтанбектің Міржақыпқа
жолығып, одан аса құнды пікір естіп, өміріне азық боларлық нәр бағдар
тапқаны атап көрсете999рлік нәрсе [2, Б.297] деген академик Р. Бердібайдың
пікіріне ден қоюға болады. Өйткені, Сұлтанбек Міржақыпқа қамқор болған С.
Өтегеновты өзіне ұстаз тұтқан және олар жақын араласқан.
Кейін бұл үшеуінің жолы 1921 ж. Ташкентте түйіседі. Олардың арасында
ұлттық мүдде төңірегінде терең түсіністік орнағанын аңғарамыз. С. Қожанов
ұлттық элитаның жоғарғы эшелонындағы басқару элитасының өкілі болса, М.
Дулатов республикадағы шығармашылық элитаның көрнекті өкілі еді. Ал билік
құрылымдарында ешқандай ресми лауазым атқармаған С. Өтегенов туралы Т.
Рысқұлов: Құрметті, бірақ айлакер, монархиялық бағытты жақтайтын шал.
Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтерінің қайраткері. 1913 ж.
Петербургке Романовтар отбасының тойына барған. Қожановтың барлық құпиясын
біледі. Ол Өтегеновтың тәрбиесін алған. Өзі Қожановтың барлық тағайындаулар
бойынша даладағы жаршысы. Болыс болғысы келетіндер Өтегеновке тәуелді.
Көптеген коммунистер тек сол арқылы қызмет алады. Өтегенов жанжалдасқан
коммунистерді бітістіруші ақсақал қызметін атқарады. Ол менен қандай
қызметті қалайтынымды айтуды сұрап, оны Қожанов арқылы орындайтындығын
айтты [3, Л.248] деп жазады. Бұл мінездеме С. Өтегеновтың Түркістан
этноэлитасының жеке құрамында шешуші қызмет атқарған ықпалды тұлға
болғандығын айғақтайды.
М. Шоқайдың Түркістанмен астыртын түрде хабарласып тұрғандығы жөнінде
белгілі тарихшы К. Есмағамбетов былай деп жазады: Германиядағы
түркістандық студенттерді бақылауға алған кеңес елшілігінің хабарларында Ғ.
Бірімжановпен бірге Лапин Мұңайтпастың есімі де аталады және ол С.
Қожановтың қайнысы деп көрсетіледі. Әңгіме Лапин Мұңайтпастың баласы
Әбдірахман (Лапиннің немересі) туралы екендігі, ал оның С. Қожановқа
балдыз болып келетіндігі, Сұлтанбектің ол арқылы М. Шоқайдың амандық-
саулығын біліп тұрғандығы мәлім. Әбдірахман 1920 жылы Түркістанда Сыр
бойындағы жалайыр С. Өтегеновтың қызы Сараға үйленеді. Айналып келгенде,
бұлардың барлығы да (Қ. Қожықов, С. Өтегенов, С. Асфендияров, Лапиндер) М.
Шоқаймен көптен бері таныс адамдар болатын [4].
Парижде елін, жерін аңсаған М. Шоқай досы туралы мақаласында
Петербургке қайтып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанбек Қожанов туралы баяндама (Нәзір Төреқұлов жасаған)
Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси белсенділігі
Жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
Қазақстандағы большевиктік тәртіп
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Алаш жайлы
Пәндер