Темперамент туралы жалпы түсінік



І. Кіріспе: Темперамент туралы ұғым.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Жоғары нерв қызметінің типтері
б) Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы.
в) Темперамент және жеке адамның қалпы.
ІІІ. Қорытынды
Темпераменттің және жеке адамның басқа қасиеттенің өзара тәуелділігі.
Белгілі бір адамға тән және
өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бір қалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін темперамент деп ұғынуымыз керек.,
Мінез-құлык тек әлеуметтік жағдайларға ғана емес, жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде. түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент индевидтің барлық психикалық көріністеріне , реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, сріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім, Темперамент туралы ілім ерте замдндзрда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б. э. дейінгі V — ғ.) болды. Гиппократтың пікірінша, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: кан, шырын, сары және кара өт. Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі суйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келді. Мәселен, холериктік темперамент — chоle (өт), сангвиниктік темперамент— Sanguis (қан), флегматиктік темперамент — phlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos сhоlе (қара ет) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәүелді болады деп санады.
1. Психология ғылымының қондидаты, доцент Қ Жарықбаев.
2. Жалпы психология Алматы Мектеп 1890 310-320 беттер.
3. Ковалев А.Г. жеке адамның психологиясы 1 тарау 3 басылым 1970ж.
4. Мерлин В.С. Темперамент теориясының очеркі. Масква 1964.
5. Небылицын В.Д. Адламның нерв жүйесінің негізгі қасиеттері Масква 1966 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І. Кіріспе: Темперамент туралы ұғым.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Жоғары нерв қызметінің типтері
б) Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық
сипаттамасы.
в) Темперамент және жеке адамның қалпы.
ІІІ. Қорытынды
Темпераменттің және жеке адамның басқа қасиеттенің өзара тәуелділігі.

ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Темпераменттің анықтамасы. Белгілі бір адамға тән және
өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бір
қалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін
темперамент деп ұғынуымыз керек.,
Мінез-құлык тек әлеуметтік жағдайларға ғана емес, жеке адамның табиғи
құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі
болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде. түрлі қарым-
қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент индевидтің барлық психикалық көріністеріне , реңк беріп
отырады, ол эмоция мен ойлауға, сріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен
ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі,
әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен
шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім, Темперамент туралы ілім ерте замдндзрда
пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың
мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз
ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы
ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б. э. дейінгі V
— ғ.) болды. Гиппократтың пікірінша, адамның тәнінде төрт түрлі
сұйықтық болады, олар: кан, шырын, сары және кара өт. Олар дұрыс араласса
адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі
суйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды.
Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге
дейін сақталып келді. Мәселен, холериктік темперамент — chоle (өт),
сангвиниктік темперамент— Sanguis (қан), флегматиктік темперамент —
phlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos сhоlе (қара ет)
деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде
адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәүелді болады деп санады.
Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі
қимыл-козғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес
анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағаны мен, оларды ғылыми
тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа
химиялық, физикалык, анатомиялык, неврологиялық және таза психологиялық
теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің
табиғатын дұрыс және толық түсіндірмеді.
Жоғары нерв қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И. П. Павловтың
ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттердің осы касиеттерінің туа үйлесуіне
орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен,
атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген, неміс психиатры
Кречмерден, қан сауыттарының қурылымын зерттегендерден
(И Ф. Лесграфт) басқанша организмді біртұтас нәрсе деп карап, ондағы ми
қызметіне ерекше назар аударды. Ми біріншіден, барлық органдар мен
тканьдардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің
қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден ол барлық органдардың
импульстарынан әсер алып отырады да, осыған орай өз қызметін кажетті күйге
түсіреді, төртіншіден, ол организмнің сыртқы ортамен байланысын, бұлардың
бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.

ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИПТЕРІ –
ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТАБИҒИ НЕГІЗ

И. П. Павлов шартты рефлекстер әдісі аркылы жоғары нерв қызметінің
және нерв процестерінің негізгі қасиеттері -қозу мен тежелудің
заңдылықтарын ашты. Нерв процестерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-
теңдігі, 3) қозғалғьплтығы.
Нерв процестерінің күші — бүкіл нерв жүйесі мен нерв клеткаларының
жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші. Күшті нерв жүйесі түрлі
тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей, морт
сынып жатады.
Нерв процестерінің тепе-теңдігі — бұл қозу мен тежелүдің өзара сайма-
сайлығын көрсетеді. Бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең болып, кейде
тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады.
Нерв процестерінің қозғалқыштығы — бір процестің екінші процеспен
алмасу шапшаңдығы. Бұл, мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге
бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің
түрлі типтерін сипаттайды.
Осылардың ішінде төрт тип жиі ушырасады. Бұлардың үшеуіп И. П. Павлов
кушті типке, біреуін — элсіз типке жаткызады. Күшті тип тепе-тең және тең
емес типтерге, ал тепе-тең қозғалғыш (лабильді) және тыныш (инертті)
типтерге белінеді. Жоғары нерв кызметінің типтері

Нерв жүйесінің типтері. Осыдан мына төмендегі типтер жүйесі
шығады:
1. Күшті тең емес (ұстамсыз) тип қозу процесінің күштілігі мен
тежелудің әлсіздігімен сипатталады.
2. Күшті тепе-тең (қозу процесі тежелу процесімен сайма-сай болады),
қозғалғыш тип.
3. Күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш, мығым) тип.
Әлсіз тип козу жйне тежелу процестерініц баяулыгымсмі олардың әлсіз
козгалысымсн (инертті) сигіатталады.
В. Д. Небылицыи зерттеулерінде әлсіз типтердің ерекше сезімталдығы
осыған орай олардың сыртқы ортаға тез бейімделетіндігі белгіленген.
Нерв қызметінің осы типтері адамдар мен жануарларға ортақ ( типтер
болып табылады.
Жоғарыда айтылған нерв жүйесінің төрт типі индивидтің әр түрлі
көріністерін барлық жағынан көрсете алмайтыны белгілі. Павлов бұл типтерді
жиі және ерекше байқалып отыратын негізгі типтер дей келіп, бұлардың
арасында ауыспалы, аралық тип түрлері де болатынын атап керсеткен еді.
Адамдарда негізгі типтердің алуан түрі (вариациялары) кездеседі. Павлов
адамдардын мінез-құлқын дұрыс аңғару үшін нерв жүйесінің типтерімен қатар
олардың ауыспалы және аралық формаларын да білу кажет деген еді.
Б. М. Теплов нерв жүйесін сипаттайтын жалпы типтік қасиеттермен катар
ми кабығының жекеленген бөліктерінің жұмысын сипаттайтын (мәселен, есту,
көру қозғалыс аймақтары) парциальдық (шынара — ред.) типологиялық қасиеттер
да болады. Егер жалпы типтік қасиеттер адам темпераментінің ерекшелігін
көрсететін болса, парциальдық қасиеттер арнаулы қабілеттерді зерттеуде
үлкен маңыз алады1 деген еді.
Жоғары нерв қызметінің аралық және ауыспалы формалары, сондай-ақ оның
парциальдық типтері туыстан пайда болатын түрлі нышандарға орай, не
индивидтің өмір сүру барысында негізгі қалыпқа түсетін типтерден туындайды.
Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв кызметінін типі адаммен
бірге туады және оның түгелдей өзгеріске ұшырауы неғайбыл. Дегенмсн И. П.
Павлов нерв қызметі типтерінін, жексленген қасиеттерін өзгертуге
болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен
басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы өзінің тежелу процесі
күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен тенестіргені байқалған. Осыдан
Павлов: күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу процесінің күшін
арттырып, бір бірімен теңестіруге болалы,— деген қорытындыға келеді.
Бұл жағдай, маселен, ұстамсыз типтің бірнеше варианттары болатындығыйа
да негіз бола алады. Қозу процесі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те
болуы мүмкін. Немесе екі процес те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс келетін
тип те ұшырасады және тежелу, қозу процестерінің күші тепе-тең үшінші
вариантының кездесетіндігі де байқалады.
Сөйтіп, Тавлов айтқандай, уакыт өткен сайын жай қайталанып отыратын
жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын
дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз.
Павлов шама келетін ұзақ жаттығу арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін
шынықтыруға болады деген қорытындыға келді, Нерв қызметінің әлсіз типінің
касиеттері ерекше байқалған адамның да қолайлы тәрбие нәтижесінде кез
келген киындықты ойдагыдай жеце алатындығы сөзсіз.
Кейінгі зерттеулер, нерв процестерінің козғалғыштығы мұндағы
қасиеттердің онтогенездік дамуда ерекше өзгеріп отыратындығын байқатқан.

ТЕМПЕРАМЕНТТЕРДІҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ

И. П. Павлов темперамент пен нерв кызметініи типтерін бір-біріне
балама құбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер нерв қызметінің типтері
темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті,
Шындығында да, темпераментке тек нерв жүйесінін қасиеттері ғана емес,
сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі
Селгілі. Нерв қызметінің типін темпераментгің нышаны ретінде ұғынған дұрыс.
Мәселен, бір зерттеуде, біркелкі ортада, нерв жүйесінін әлсіз типіне
жататын жануарлар мінез-кұлқының енжар-корғаныстық түрі, ал күшті, нерв
процостері тең емес организмдерде агрессипті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темнерамент табиғатын адамның эмоциялық
сферасына байланысты түсіндіретін. Шындығында темперамент тек эмоциялық
жағдайлардан ғана байқалмайды ол ақыл-ой және ерік процестерінен де көрініп
жатады. Адам темпераменті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық
процестердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-
құлқының, бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасын карастырайық.

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғашыштығымен соған
орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста
күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны кұмар, іс-әрекетте пысық. Холериктер
жұмысты үзіп-үзіп істегенді үнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен
беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады,
кедергіперді женіп мақсатына жетеді. Кайрат-жігері мұқалып, өз мүмкіндігіне
сенімі етсе, еңсесі түсіп, ошнәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек
көңілі ауғанда істеушілік, оның нсрп қызметінің бірқалыпты тепе-тең
еместігіпен болады. Бұл жөнінде Павлов былай дейді: Байсалдылығы жоқ
қажырлы адам кез-келген іске барлық күш-жігерімен кіріседі де содан соң
титықтан калады, кейіннен зауқы аумай қояды...
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің И. П. Павлов
кызу қанды, іскер адам деп сипаттайды. Бірақ ылги қызыкты іспен
айналысқанда ғана осындай күйде болада. Мұңдай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы,
сылбыр жүреді,
Саигвиникке кимыл-қозғалыста белсенділік, өмір жағдайның өзгеруіне
жсңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармсн тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді,
жұртты жатыркамайды. Коллектив ішіпде сангвиник квцілді, ақ жарқың, іске
бар ықласымен кірісетін, әуеской адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске
заукы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Темперамент пен мінездің өзара байланысы
Темперамент пен мінез туралы анықтама
Темперамент түрлері
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Қабілет анықтамасы
Темперамент туралы жалпы ұғым
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Әрекет темпераменттері
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Пәндер