Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер



1. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін қалыптастыруға Ш.Уалиханов идеяларының ықпалы
2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде оқушылардың музыкалық дамуының алатын орны
3. А. Құнанбаевтың музыкалық.поэтикалық мұрасындағы тәрбие
4. А. Жұбановтың балалар және жасөспірімдердің мукзыкалық тәрбиесіне педагогикалық көзқарасы
Музыка зерттеушi ғалымдар мен музыка қайраткерлерi Шоқан кезеңiн қазақ халқы музыка мәдениетiнiң гүлдену шағы, халық музыка творчествосының профессионалды – ( классикалық ) деңгейге көтерiлген дәуiрi деп санайды. Алайда, ғалымдардың бiр тобы XIX ғасырдың II - шi жартысында музыка өнерiнде демократиялық тенденцияны өрiстеуiн орыс мәдениетiнiң әсерiнен қарастырса, екiншi бiр қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннiң өзi тiкелей тұлғалаған дәстүрлi өнер түрiнде таниды.
Қазақтардың музыкалық қабiлетiнiң аса биiктiгiн көрсететiн Шоқан айтқан аңызды жазып қалдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы География қоғамы мәжiлiсiнде тиянақты тұжырым бiлдiрген. Жарты ғасырдан соң Потанин жаңғырқан қазақтарға ән қонған халық екендiгi жайлы осы аңыз бен музыканы поэзиямен сабақтастығы төңiрегiндегi Шоқанның пiкiрiн шамамен 1855 - 1856 жылдары жазған «Қазақ халық поэзиясының формалары » атты еңбегiнен ұшыратамыз.
Шоқан «Ер Көкше - Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтiре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгiмелей келiп, бас кейiпкерлердiң iс-әрекеттерi мен ой-пiкiрi өлеңмен яки қобыздың сүйемелiнде әнмен айтылғандығын жiктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығы Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап тарқатқан Шоқан Уалиханов екен.
1. Ш.Уалиханов. Қазақ халық поэзиясының формалары.
2. Ш.Уалиханов. Тәңір.
3. Ш.Уалиханов. Қырғыз туралы жазбалар.
4. М.Ахметова. Өнер, адам, уақыт.
5. Абай 1992 №4 7 б
6. Бейсенова Г.Н. Песенное творчество Абая. Алматы ТОО «Дайк Пресс»
1995 168 стр.
7. М.Әуезов. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.Алматы,Санат 1997.443 б
8. Абай энциклопедиясы, Алматы, Атамұра баспасы, 1995. 719 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Балаларға музыкалық - эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер
Жоспары:
1. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін қалыптастыруға Ш.Уалиханов идеяларының ықпалы
2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде оқушылардың музыкалық дамуының алатын орны
3. А. Құнанбаевтың музыкалық-поэтикалық мұрасындағы тәрбие
4. А. Жұбановтың балалар және жасөспірімдердің мукзыкалық тәрбиесіне педагогикалық көзқарасы

Музыка зерттеушi ғалымдар мен музыка қайраткерлерi Шоқан кезеңiн қазақ халқы музыка мәдениетiнiң гүлдену шағы, халық музыка творчествосының профессионалды - ( классикалық ) деңгейге көтерiлген дәуiрi деп санайды. Алайда, ғалымдардың бiр тобы XIX ғасырдың II - шi жартысында музыка өнерiнде демократиялық тенденцияны өрiстеуiн орыс мәдениетiнiң әсерiнен қарастырса, екiншi бiр қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннiң өзi тiкелей тұлғалаған дәстүрлi өнер түрiнде таниды.
Қазақтардың музыкалық қабiлетiнiң аса биiктiгiн көрсететiн Шоқан айтқан аңызды жазып қалдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы География қоғамы мәжiлiсiнде тиянақты тұжырым бiлдiрген. Жарты ғасырдан соң Потанин жаңғырқан қазақтарға ән қонған халық екендiгi жайлы осы аңыз бен музыканы поэзиямен сабақтастығы төңiрегiндегi Шоқанның пiкiрiн шамамен 1855 - 1856 жылдары жазған Қазақ халық поэзиясының формалары атты еңбегiнен ұшыратамыз.
Шоқан Ер Көкше - Ер Қосай мен Орақ батыр жырларынан мысал келтiре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгiмелей келiп, бас кейiпкерлердiң iс-әрекеттерi мен ой-пiкiрi өлеңмен яки қобыздың сүйемелiнде әнмен айтылғандығын жiктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығы Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап тарқатқан Шоқан Уалиханов екен.
Шоқан: Ән әлемдi шарлап жүрiп, бiрде Сырдың арғы бетiн, қарақалпақтар қонысына аялдапты. Өмiрi естiмеген, көрмеген қонақтың түскендiгi жайлы хабар жай осы жылдамдықпен шартарапқа мәлiм болып, бақыт қонған ауылға сансыз қарақалпақ ел - жұрты бас қосып ғажайып қонақты күн батқаннан таң атқанша, әбден қалжырап, әннiң көзiне ұйқы тығылғанша тыңдапты, - деп тарқатады да, түйiнiнде: Сыр өзенiнiң жоғары жағында алысырақ қоныстаған қырғыздар мен түркiмендер түн ауа ғана жетiп, керемет әуеннiң тек соңын тыңдап - деп тұжырымдайды.
Шоқан арсы - сақ-массагеттерге, берiсi печенег - оғыздарға барып тiрелетiн қыпшақ пен қарақалпақтарды халқымыздың арғы тегiнiң бiрi деп танығандығы байқалады. Бұған бiр мысал, Әбу Насыр әл-Фараби өмiрге әкелген қасиеттi қара домбыра тарихи деректермелерде қыпшақи - қос шектi музыкалық аспабы болып, қазақ атауына емес, байырғы Қыпшақтарға телiнiп айтылады. Бұлай аталу себебi Шоқан бiрде: Қырғыздар өздерiн қазақпыз деп атайды. Ежелгi еңбектерде қазақ сөзi емiн-еркiн, ерiктi топ деген мағынада ұшырасады... - деген дерек келтiредi.
Мұнымен қатар, Шоқан пiкiрлерiнiң iшiнде күнi бүгiнге дейiн өз жоқшысын таппай, кезеңiн күткен қуатты пiкiрлер де бар. Мысалы, қобызды домбыраны ығыстырып шығарғандығын көзiмен көрген әрi қазақ музыкасына ене бастаған түбiрлi өзгерiстердi жазып қалдырған Шоқан ысқылы музыкалық аспап - қобызды ойналуы өте күрделi, тартымды да әсерлi аспап, - деп жоғары бағалайды.
Өлiмдi өнерiмен жеңген күй атасы Қорқыт Шоқанның Тәңiр атты еңбегiнде қобызға алғашқы тiл бiтiрген ақыл-ой алыбы тұрғысында танылып, өнер атаулының өрiсi, бүкiл өнерпаздық пiрi түрiнде көрiнедi.
Шоқанның жаңа әндер жыршылық өнердi көмескiлей бастағандығын тоқтала жазуы және замандастары Ақан серi Қорамсаұлы, Жаяу Мұса, Бiржан сал, Тәттiмбет тағы басқалармен творчестволық қарым - қатынасы А.В. Затаевич еңбегiнде де бар. Шоқан ел аралаған сапарларында жанына өнерпаз, көзi қарақты жастарды ертiп жүрген.
Ата-бабаларымыз елеулi тарихи оқиғаларды, ел зердесiне өшпес iс қалдырған сүйiктi де аяулы ұл-қыздарының мақсат-мұратын жыр-дастандарында толықсыта толғаумен қатар Құсмұрын, Сырымбет, Сапарнама қобыз бен сыбызғыда орындалатын әуездi, әрлi ән менен күйiне өзек ете бiлетiндiгiн мақтан тұтқан Ғалым ұлттық музыка өнерiмiздi жеке-дара дәстүрлi өнер ретiнде қарастыра отырып, оны туыстас-бауырлас халықтардың өнерiмен салыстырмалы түрде әңгiмелеген. Шоқан Уалихановтың Қырғыздар туралы жазбалар атты еңбегінде: Қырғыз - қайсақтар жаратылысының өзінен - ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді. Сұлтандардың ерлік істері мен ескілікті жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кезігеді. Қырғыз - қайсақтардың батырлар эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлеңмен музыканы жақсы көреді. Ал ендi, Алатау қырғыздарында өлең, яғни лирикалық ән мүлдем айтылмайды , - деген пiкiр бiлдiредi. Ендi бiрде Шоқан Кiшi Бұхараның әдебиетi аудармаға неғұрлым бай болғанымен, қолтума дүниелерге кедейлiгiн, өзiнен шыққан бiр де бiр ақын - жазушысы жоқтығын айта келе, оларды музыка жөнiнде бүкiл ортаазиялықтар қадiр тұтқандығын жоғары бағалайды.
Ұйғыр ғалымы К.Хасенов: Шоқан Уалихановтың ұйғыр ұлттық музыкасының көтерiнкi деңгейде екендiгiне назар аударғандығын мақтаныш етуi сондықтан.
Қазақ халқының дәстүрлi музыка өнерi мен музыкалық қабiлетiне қатысты Шоқан Уалиханов көз қарасының басы ашық. Шоқан қазақтардың музыкаға деген ынта - ықыласы мен үлкен сүйiспеншiлiгiн бiрнеше дүркiн толғана, тебiрене жазған.
Қорыта келе Шоқан Уалиханов қазақтың рухани саласының бірі - ән мен күйде өзіне тән сюжет, идея, шиеленісу, өрістеу барлығы туралы айта келіп, халық арасындағы кейбір күйлердің драмалық мазмұны жағынан Еуропаның музыкасы, драмаларына ұқсастығын айтқан. Суырып салма ақындай, ән - күй шығарушы сазгерлер халқымыздың тарихи серігі қос ішекті домбыра арқылы түнек басқан заманда күңіренген елдің кейістігін баяндап кеткен. Күйімен жұбатып, көңіл айту, күй арқылы хабарды естірту, күймен кеңесіп, күй арқылы сырласу қазақтың әдет - ғұрпында үлкен орын алған.
Ш.Уәлихановтан кейінгі қоғамдық аренаға өткен ғасырдың 60-80 жылдарында шығып, өз халқының келешегіне үңіле қарап, қамқорлық еткен педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж.ж.) еді. Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің прогресшіл ағартушылық идеясын қазақ даласында батыл іске асырушы болды. Ол Ырғыз, Торғай өңірінде тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашты. К.Д.Ушинский әсерімен тұңғыш рет Қырғыз хрестоматиясын жазды. Діни наным-сенімді уағыздайтын татар молдалары насихаттайтын жаттамалы діни оқуға қарсы шықты. Олар басымызды құмға толтырады, тілімізді шұбарлайды,-деді Ы.Алтынсарин өзінің хрестоматиясында енгізген бірнеше дидактикалық әңгімелерінде. (Жеміс ағаштары, Бай баласы мен жарлы баласы, Мөлдір бұлақ, Асыл шөп, Атымтай жомарт) бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді.
Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиенің ролінің ерекшелігіне тоқтала келіп, Бағып-қағуда үлкен мән бар. Бала тәрбиесі жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарып сіңеді деген қорытынды жасады. Яғни, тәрбиенің жеке адамның мінез-құлқын қалыптастырудағы маңызы мен мәніне ерекше көңіл бөлді. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқтала келіп, Жастарға егін егіп, күн көруді кәсіп еткен, Қыпшақ Сейітқұл сияқты еңбек адамдарын үлгі етті.
Өнер-білім бар жұрттар деген өлеңінде жастарға ғылым мен техниканы білім арқылы меңгеріп отырған озық елдерді үлгі-өнеге етіп ұсынды.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті ау алысқа ай,
Ұмтылыңдар қалыспай деп насихат айтады.
Ыбырай Алтынсарин өзінің хрестоматиясына Лұқпан әкім, Таза бұлақ, Тазша бала, Атымтай Жомарт, Жиренше шешен т.б. халықтық аңыз-әңгімелерді, ертегілерді енгізіп, оқушы жастарға Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, Тазша бала сияқты халық ішінен шыққан тапқыр, дана адамдарды үлгі етті. Ол мектеп оқушыларына арнап, жазған хрестоматиясында қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін енгізумен бірге өзінің тәрбиелік мәні зор өлең-жырларын әңгімелерін ұсынды. Орыстың аса көрнекті ақын жазушыларын, ұлы педагогтары: К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстойдың, И.А.Крыловтың, И.И.Паульсонның әңгіме, мысалдарын да аударып басты. Сол арқылы жастарды төзімділікке, еңбек сүйгіштікке, өнер- білімге, шынайы достыққа т.б. адамгершілік жақсы қасиеттерге баулуды мақсат етті.
Батыс, орыс, қазақ әдебиетінің асыл үлгілерін өзінің хрестоматиясына енгізе отырып: Бұл кітаптарды құрастырғанда, мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс, қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім. Мәселенің мәнді жері қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына кесірін тигізбеу ғой,- деді. Міне, Ыбырайдың бұл пікірінен оның жастардың миын шірітетін діни оқуға қарсы болғанын нағыз прогресшіл халықтың ағартушылық идеяны дәріптегенін көреміз.
Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Ағартушы ақын, жаңашыл композитор бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стилмен байытқан тамаша әндер туды.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына өрледі. Бұл патша өкіметі мен жергілікті бай феодал өкілдерінің кертартпа саясатына қарамастан, қазақ халқы өнерінің еңбекші бұқараның мұң мұқтажы мен арман-үмітін білдіретін демократиялық идеялармен рухтанған, атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына кеңінен тараған халық әншілері мен күйшілері шеберліктерінің гүлденуге бағыт алған кезеңі болған.
Абай әнінің адам өміріндегі мән-мағынасы туралы өте бейнелі әрі терең тұжырым жасады.
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың.
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсың.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсың.

Қара басқан қаңғыған,
Қас нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағы ойлы ер салсын.

Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілілі пікірлер айтты.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнауына кірер денең...

Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады.
Абай музыканы талдауға материалистік тұрғыдан келіп,оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды.
Жақсы әнді тыңдасаң, ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық...-, деп Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті. Ол сыртқы шындық біздің сезім мүшелеріміз арқылы бастағы миға жетеді деген дәлел айтты:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй...
немесе
Жүрек тербеп, оятар баста миды
Композитор шебер суреттей, образ жасай білсе, әнде өмір сәулесі тұнық, су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен күйдің санамызда бейнелеуі, бойымызды алып, жүрегімізді тербеп, бастағы миымызды оятуы, құлақ (есту) арқылы келеді ,- дейді Абай.
Ән-күйдің сана-сезімге, көңілге әсер ететінін айта келіп, Абай: Салған ән көлеңкесі, сол көңілдің десе, екінші бір жерінде:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті орнаған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар , -дейді әнде көңіл күйі сан түрлі болатынын (мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар... немесе
Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен ,- деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту орнына, жанын түршіктіретіні де болатынын айтады.
Данышпан Абай күй жөнінде де өте өткір пікір айтты. Күйдің тексіз айтылатын ән екенін сезген Абай:
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?.. немесе

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар ,-деді Абай әнші ақынның идеалдық тұлғасын биік адамгершілік және эстетикалық қасиеттердің иесі және сол өнегенін адамдар жүрегіне ұялата білетін тәлімгер тәрбиеші ретінде бейнелейді:

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан сауық бойда әуел баста- ақ

Прозалық (қара сөздері) және музыкалық поэтикалық шығармашылық ағартушылық идеяларын Абай халыққа, әсіресе, жас ұрпаққа кеңінен таратуға талпынды. Әндерінен жалынды ағартушы, ақылгөй дана, қазақ және орыс халықтарының достығы мен туысқандығын жақтаған қайраткер ақын бейнесін танимыз. Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? деген сұрақ туындауы мүмкін. Абайтанушылардың көптеген еңбектерінен Абайдың жастайынан халқының музыкалық фольклорын сүйіп өскені, оны жетік білгені, ән айтып, домбырада ойнағаны мәлім. Ол Біржан салды және т.б. атақты әнші, күйшілерді жақсы таниды, олардың шығармашылығын, орындаушылық шеберліктерін жоғары бағалады. Шыңғыс тауының бөктеріндегі Абай ауылында ән сазы бір сәт толастаған емес, атақты ақындар мен әншілер бұл ауылдың әрқашан құрметті қонағы болатын. Олар Абай әндерін халық арасына кеңінен таратты. Халықтық музыка тілі - Абайдың өзіндік ән стилінің қалыптасуына аса зор әсер етті. Патша өкіметінің жер аудару саясатына сәйкес өткен ғасырда қазақ жеріне орыстар қоныстана бастағанын тарихтан білеміз. Абайдың орыс әндерін, музыкасын алғаш естуі де осы әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Абайдың қазақ жеріне аударылған саяси тұтқындармен байланысты болуы, әсіресе Е.П.Михайлиспен тығыз қарым қатынас жасауы оның прогрессивті демократиялық дүниетанымдылығына көп әсер етті. Семейде айдауда жүрген халықшылдармен (соның ішінде Е.П.Михайлис, дәрігер Н.И.Долгополовпен) достасуы Абайдың дүинетанымының ой өрісінің кеңейуіне зор ықпал еткені сөзсіз. М.Әуезов былай деп жазды: Абай өз шығармашлығында халықтың санасында тек бұлдырап жүрген, халық ақындары әлі де айтып жеткізе алмайтын идеяларды бейнеледі. Оның халық көкірегіндегі арман-мұраттардың асқақ жыршысы болуына поэзиядағы бұл ерлігіне алдыңғы қатарлы демократиялық орыс мәдениеті ең алдымен өзіне жақсы таныс, Чернышевский идеялары сүйеу болды. Қаладағы орыс достарымен араласа жүріп, Абай орыс халқының қалалық және кәсіби музыка өнерімен танысады. Семей, Омбы қалаларындағы концерттерде, театр сахналарында Гурилев, Алябьев, Глинка, Рубенштейннің романстарын, арияларын, әндерін тыңдап, тамашалаудан сырт қалмаған. Сөйтіп, Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына Үш ұлы бастау әсер етті. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы - қазақ музыкасына енген баға жетпес қазына, сол кезге тән жаңалық болды. Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Ахмет Жұбанов Абай әндерін зерттей келе, әннің поэтикалық мазмұнының сазбен, саздың сөзбен сай болып ажырамастай біртұтастыққа сомдалу алғаш рет Абай да ғана кездеседі деп болжам жасады. Абайдың ән мұрасын зерттеушілер оның аса күрделі көрініс екенін аңғартады. А.Жұбанов: Абай әндері әрқайсымыздың тұрмысымызда берік орын алды. Олар қазақ халқының жаны мен тәніне айналды, - деп Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен нағыз ұлттық ән үлгісі олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әндері мен романстарының мотивтерімен жекеленген элементтерін енгізу арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды,- деп тұжырымдады. Абайдың музыкалық талғамының қалыптасуы туралы белгілі музыка зерттеушісі Б.Г.Ерзакович Абай қазақ халқының музыкалық шығармашылық негізінде қалыптасты. Ақан сері, Біржан сал, Тәттімбет сияқты халық композиторларының өнерінен нәр алды,- дей келе біршама орыс музыка өнерінің әсері болғандығын баяндайды. Абай әндерінің алғашқы зерттеушілерінің бірі - Г.Шомбалова Абайдың композиторлық жаңашылдық тенденциясын ашып көрсете келе Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа формалар енгізді,- деп өлең жолдарының құрылысы және музыка тілінің ерекшелігін анықтаған. Осы тұрғыда негізгі 6 ерекшелікті қарастырып өтейік:
1. Әннің сөз мазмұны мен байланыстылығы және соған байланысты элементтер қолдануы, мысалы, Абайдың Айттым сәлем, қаламқас әнінде жалпы алғанда үш элемент қолданған. Ол: аккордтық дыбыстарынан тұратын мотивтер, гамманың дыбыстарынан тұратын мотивтер, ішінде кварта кірген үш дыбысты мотивтер Көзімнің қарасы, Қараңғы түнде тау қалғып, Қор болды жаным, Бойы бұлаң т.б. әндердің элементтері де тура осындай. Осыған енді қосымша дыбыстар мен өткінші дыбыстарды және тиянақты, тиянақсыз дыбыстарды айналу әдістерін қоссақ, Абайдың барлық әндерінің элементтері шығады.
2. Абай әндерінің ладтық ерекшеліктері. Олар негізінде классик ладтарында жазылған. Бұл натуралдық және он сатылық минор-мажор ладтары. Бірен-саран халық ладтары бар. Анығырақ айтсақ, Татьянаның Онегинге жазған хаты әні дори ладтықта жазылған.
3. Абай әндерінің өлшемдері дұрыс емес. Айттым сәлем, қаламқастың өлшемі алты шерік, Көзімнің қарасы - төрт шерік т.б. әндері бар.
4. Төртінші ерекшелік Абай әндерінің формасына (құрылысына) байланысты. Абай әндері көбінесе екі кезең (период) төрт сөйлем, сегіз фразадан тұрады, кейбір әндерінде қорытынды бар. Әндері көбінесе, төменнен басталып, кульминацияға біртіндеп жетеді. Ал кейбір әндері А дегенде кульминациядан басталып, төмен түседі.
5. Гармониялық ерекшелік. Абай гармонияны сезген. Әндерін қарап отырсақ, классикалық гармония да кездесетін логикаға сәйкестік тұп тура Абайда да тұр. Он Т, S, D жүйелері. Сөйлемдерді аяқтайтын каданс, квартсэсктаккорд және доминантсепаккорд келеді. Тіпті Абай әндерін Еуропа гармониясымен сүйемелдесе, соғұрлым жақсы болатын шығар.
6. Мелодиялық ерекшелік. Абайдың халық музыкасымен байланыстылығы. Расында Абай халық композиторларымен өте жетік таныс болатын. Таныс бола тұрып, оларға еліктеуден де қашып, басқа жол іздеген.
Абайдың вокалдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін бірнеше топқа топтастырған.
1. Поэзия, музыка және жалпы өнерді дәріптейтін шығармалар. Бұған: Сегіз аяқ, Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, Өлеңді қайтіп қоярсың т.б. жатқызамыз.
2. Дидактикалық- нақлият сипатындағы әндер. Бұл: Ата-анаға көз қуаныш, Біреуден біреу артылса, Сұрғылт тұман т.б.
3. Терең философиялық ой-түйіндері кездесетін әндер: Өлсем орным қара жер, Қараңғы түнде тау қалғып, Қарашада өмір тұр т.б.
4. Сатиралық мазмұндағы әндері: Бойы бұлғаң әнін ерекше атай аламыз.
5. Сезімдік, психологиялық толғаныстары басым болып келетін махаббат лирикасы. Оның ғажаайып үлгісіне Айттым сәлем, қаламқас, Көзімнің қарасы, Татьянаның хаты, Мен көрдім, ұзын қайың құлағанын, нәзік сырға толы кең де созылмалы мелодиялы Желсіз түнде жарық ай тамаша мысал бола алады.
Абайдың нақлият әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл парасатқа аса бай. Ғибраттық мәні зор Ата-анаға көз қуаныш, Сұрғылт тұман, Жасымда ғылым бар деп ескермедім әндерінің мазмұнында баға жетпес тағылымдық қазына жатыр. Махаббат лирикасы тақырыбындағы айшықты әндерінің бірі - Желсізтүнде жарық ай. Бұл әнде композитор махаббат мұңын табиғат үнімен, табиғат бояуымен астастырып, тұтас бедерлі сурет тудырған. Өлең мен әуеннің мінсіз жымдасуынан туған біртұтас көркем дүние айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын, тау жаңғырығы мен сыбырласқан ғашықтар үнін көз алдыңызға әкеледі. Әннің қоңыржай әуені кешкі қоңыр самалдың үп еткен лебінен туғандай әсер қалдырды. Ән сазы байсалды, бірқалыпты, мәнерлі. Абайдың махаббат лирикасындағы айтулы әндерінің бірі - Көзімнің қарасы. Оның кең тынысты мұңды әуені ғашығын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді. Ата-анаға көз қуаныш әнінде дана ақылгөй ақын жастарды қайғы-қамсыз, алаңсыз өмір сүруге, оқу-білімге ұмтылып өз болашақтары туралы ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады. Әннің байсалды, бірқалыпты әуені жастарды халқының жарқын болашағы санап, әрқашан олардың тағдырын ойлайтын ұстаздық-даналық өсиетін бейнелі түрде жеткізетін. Сұрғылт тұман дым бүркіп әнінде Абай жігіттерді өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, жігерсіз, рухсыз, дәрменсіз болмауға үндейді. Ән әуені қаһарлы, қайратты. Бойы бұлғаң әні речитативті әуенге құрылған. Шарыққан, қатал әуен екі жүзді топас адамдардың әрекет-қылықтарына деген ақынның ашу-ызасын білдіреді. Бұл әнде Абай бай-феодалдардың бет-пердесін әшкерелеуші, өткір сыншы, сатирик-реалист ретінде көрінеді. Сағыныш пен жалғыздық сезімі бейнеленген Сен мені не етесің?, Қарашада өмір тұр, Ішім өлген, сыртым сау әндерімен композитордың драмалық серпіні мен музыкалы поэтикалық көркемдік шыңына құлаш ұрғаны аңғарылады. Бұл әндерден торығу, күйзеліс сезімі байқалмайды, қайратты, рухы күшті адамның трагедиясы, ең алдымен, халқын жарқын өмірге, мәдениетке үндеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ - ТАИХИ МҰРАЛАРЫН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСҚНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГҚЗДЕРҚ
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қолдану әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Пәндер