Абстракциялықтан нақтылыққа көшу
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі;
2. Үлгілеу әдісі және жүйелілік принципі;
3. Эксперимент және бақылау;
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ғылым - мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін, бірте-бірте кеңейтіп келе жатқан теориялық білімдер жүйесін белгілейді.
Ал ғылыми таным - құбылыстар мен процестерді, оқиғаларды қалай өтетінін баяндаумен ғана шектелмей, қайта оларды түсіндіріп, қандай заңдар бойынша болатынын ашуды талап етеді. Ғылыми танымның негізгі мақсаты - зерттеліп отырған объект туралы жаңа білімді таба білу.
Бұрынғы ғылыми теориялар мен тұжырымдарды жаңа теориялар алмастырғанда олардың бір-бірінен үлкен айырмашылығы болады. Бірақ олар генетикалық жағынан байланысып жатады. Осы байланысты сәйкестік принципі деп атайды.

1. Ғабитов Т.Х., «Философия», Алматы, 2002ж., 206-222 б.б.
2. Шаденова Г.Ә., Келеген Г.Б., «Философия», Түркістан, 2013ж., 139-140 б.б.
3. Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә., «Философия», Алматы, 2007 ж., 189-192б.б.
4. http://www.kitaphana.kz
5. http://www.kazref.kz

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі;
2. Үлгілеу әдісі және жүйелілік принципі;
3. Эксперимент және бақылау;
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Эпистемология - бұл ғылыми таным теориясы.
Ғылым - мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін, бірте-бірте кеңейтіп келе жатқан теориялық білімдер жүйесін белгілейді.
Ал ғылыми таным - құбылыстар мен процестерді, оқиғаларды қалай өтетінін баяндаумен ғана шектелмей, қайта оларды түсіндіріп, қандай заңдар бойынша болатынын ашуды талап етеді. Ғылыми танымның негізгі мақсаты - зерттеліп отырған объект туралы жаңа білімді таба білу.
Бұрынғы ғылыми теориялар мен тұжырымдарды жаңа теориялар алмастырғанда олардың бір-бірінен үлкен айырмашылығы болады. Бірақ олар генетикалық жағынан байланысып жатады. Осы байланысты сәйкестік принципі деп атайды.
Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуатты күш болып табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатты танып білудегі күш-қуаты практикада ғана айқын көрінеді. Ол өңдіріс құрал, техникасының дамуында, қоғамның бүкіл өндіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль атқарады.
К.Маркс ғылымды өндірістің және тұтас алғанда, бүкіл қоғамның дамуының рухани күш - қуаты деп те атайды. Ол өзінің бір қол жазбасында былай деп жазды: "Табиғат машиналар, темір жолдар, электр телеграфтарын т.б. жасамайды. Мұның бәрі - адам миының адам қолымен жасаған органы, білімінің затқа айналдырған күші. Ғылым - қоғам өмірінің жетекшісі және шешуші күші, өндірістер де, экономика мен саясатты да айкындап беретін сол, ғылым мен техникалық құдыретті күші адамдарды дәрменсіз, әлсіз тобырға айналдырды. Қоғам - дамуының белгілі бір тарихи дәуірінде ғылым өндіріс дамуының қажетті бір шартына айналды. Ол - капиталистік ірі машина өндірісінің дәуірі. Ірі индустрияның дамуына байланысты, деп атап көрсеткен Маркс, онда машинамен қатар, барған сайын бу және электр сияқты нәрселердің маңызы артады, ал олардың еңбек өнімділігі ғылымның жалпы даму және өндірісте қолданылу дәрежесіне байланысты.
Еңбек өнімділігін арттырып, адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға өлшеусіз мүмкіндіктер ашуға тиісті ғылыми-техникалық революция мен экономиканы милигарландыру арасында шиеленіскен қайшылық туып, мұның өзі жаңа техника жасаушы миллиондаған адамдардың еңбегін олардың өз өміріне төнген, қауіп-қатерге айналдырады. Демек, ядролық қару тұсында әскери күш көрсету категориялары мен ойлану азаматты өзін - өзі өлтіруге итермелеу деген сөз.
Жюль Верннің атақты Капитан Гранттың балалары романы кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде өзінің серіктестеріне құс жұмыртқасын дайьндаудың жүзге жақын тәсілі болатынын айтқан еді. Әрине, біp ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тәсілдермен жетуге де болады. Күнделікті өмірде болсын, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми экспериментте болсын, бір ғана міндетті әр түрлі жолмен, әрекеттермен, операциялармен, рәсімдермен шешетін жағдайлар жиі ұшырасады. Оның ішіндегі жақсысын таңдау кейде экономикалық тиімділігнен, кейде техникалық мүмкіндіктермен, ал кейде тіпті міндетті түрде аз уақытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болады. Бұл жағдайлардың барлығында мамандар не дайын, жинақталған тәжірибиеге сүйенеді, не болмаса берілген міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сәйкес әрекет тәсілін ойлап табады. Бұл шешімнің барысында, мысалы, берілген бөлшекті үлгіге салу әдісі немесе металды кесу тәсілі арқылы даярлау, руда өндіруді ашық немесе жабық тәсілмен жүргізу және т.б. жағдайларда мамандарға терең философиялық танымға, методология мен гносеологияға жүгінудің қажеті шамалы. Бұл мақсат үшін нақты техникалық білім, тәжірибе жеткілікті. Алайда, өзінің табиғаты жағынан әмбебап әдістерді қажет ететін және жалпы танымның терең негіздерінен, көбіне ғылыми таныммен байланысты міндеттер де кездеседі. Мұндай жағдайда сәйкес міндеттерге философиялық және гнасеологиялық талдау жасамауға болмайды, өйткені таңдалған әдістің танымдық міндеттерді шешуге жарамдылығы алынған білімнің шынайылығына, жалпы ғылыми талаптарға сәйкестілігіне тікелей тәуелділігімен сипатталады.
Белгілі бір шаманы өлшеуді талап ететін әрбір нақты ахуалда физик өзіне өлшеудің қай тәсілі керек екенін біледі. Гендік инженериямен айналысатын және ағзаның жаңа тұқым қуалаушық қасиеттерін ашуға ұмтылған биолог-генетик ДНК-қосарланған спиралін қандай ферменттермен, нуклеаздермен қай жерде үзуге болатынын және қандай өзге белсенді препараттар көмегімен бұл молекуланың жаңа спиралін жамауға болатынын біледі. Барлық осындай ахуалдарда ғалым өзінің кәсіби ақпаратымен қатар жақын аралас пәндер теориясын игерсе жетікілікті. Ал қатаң және дәл қазіргі замандағы ғылыми теорияларды қалыптастыруға келгенде мәселе өзгереді. Теорияны электронды микроскоптың, ферменттердің, элементарлы бөлшектерді жеделдеткіштердің көмегімен іске асыруға болмайды. Бұл үшін теория құрудың логикалық ережелері мен принциптерін, ақиқаттың гносеологиялық критерийлерін, теориялық және эмпирикалық танымның арасындағы тәуелділікті бекітетін және теория мен оның пәндік саласы қатынастарын реттейтін әдістемелік (методологиялық) ережелер мен қағидаларды білу талап етіледі. Қысқасы, мұндай ахуалдарда философиялық талдау міндетті түрде қажет.
Әр түрлі ғылымдар өздерінің арнайы міндеттерін шешу үшін қолданатын сан-алуан тәсілдерінен өзге ғылыми білімнің өзін даярлайтын және құрылымын реттейтін барлық ғылымдарға ортақ кейбір ережелер мен рәсімдер де бар. Олар жалпы ғылыми әдістерді құрайды. Оның ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық.
1. Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір теорияның негізгі тұжырымдары, яғни оның постулаттары, принциптері мен аксиомалары осылардан туындайтын бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп атайды. Әрбір ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаменталдық абстракциялар қаншалықты дұрыс қалыптасқанына, олардың зерттелетін объектілер арасындағы терең ішкі байланыстарын қаншалықты дұрыс бейнелейтініне байланысты.
Ең алдымен, принциптердің, постулаттардың және аксиомалардың зерттеліп отырған пәндік саланың түпкі, неғұрлым универсалды, терең байланыстары мен қатынастарын білдіретінін ескерейік. Оларға енген ұғымдар аз нәрсені ғана бейнелегенімен, объекттің анағұрлым мәнді, анағұрлым маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелеуі тиіс. Ең болмағанда, мұндай ұғымдар (абстракциялар) оның тек бір ғана қырын немесе кейбір жекелеген қасиеттерін білдіре алады. Мұндай қасиеттер мен қырларсыз берілген құбылыстың өмір сүруі, қызмет етуі мен дамуы мүмкін болмаған жағдайда ғана олар маңызды деп саналады. Олар құбылыстың негізін құраса, ал соларға сәйкес ұғымдар теорияның фундаменталды абстракциясын білдіреді. Мұндай абстракциялардың танымдық функциясы (қызметі) -- салдарларын қостауға немесе терістеуге болатын ғылымның негізгі заңдарын қалыптастыруында. Егер қосталған жағдайда абстракциялар - дұрыс, ғылыми, ал терістелгенде - жалған, ғылыми емес деп есептеледі.
Теорияның дамуы барысында жаңа зандарды құрастыру үшін, жаңа құбылыстарды түсіндіру немесе болжау үшін енгізілген әрбір жаңа ұғым алдыңғы ұғымдармен жымдаса отырып, байланысады. Мұндай жаңа ұғымдар енді заттардың жекелеген қырларын ғана бейнелемей, өзара байланысқан қасиеттер мен қатынастардың, қырлардың бірнешеуін, көпшілігін бейнелейді. Бұларды нақты ұғымдар деп атайды. Ғылым неғұрлым дамыған сайын, оның ұғымдары соғұрлым нақтыланып, объективті құбылыстар мен үдерістерді дәлірек, толығырақ, жан-жақты сипаттай отырын бейнелейді. Абстрактылы және нақтылы деген қарама-қарсы категориялардың терең диалектикалық бірлігін айқындай отырып, К.Маркс былай деп жазды: Нақтылық - көптеген анықтамалардың синтезі болғаңдықтан, алуантүрлілік тұтастығының жалғасы болғандықтан ғана нақтылық.
Нақты ұғымдар мен нақты заттардың, ахуалдардың, құбылыстардың және т.б. айырмашылығын айыра білу қажет. Нақты зат немесе оқиға -- бұл өзінің барлық көрінісі мен байланыстарында біздің сезім органдарымызбен тікелей қабылданын, тікелей санамен сараланатын нәрселер. Ұғымдар болса, мейлі ол ең нақты ұғымдар болсын, берілген құбылысты бейнелейтін немесе оларды бейнелеу үшін қолданылатын қандай да бір белгілік конструкциялар, тілдік белгілер болып табылады.
Қазіргі физика ұғымдарын құрастырудағы жағдай да осындай. Ең алдымен, айталық, электрон және протон ұғымдары енгізіледі. Кейінірек өзге бөлшектер мен әр түрлі физикалық өрістер ұғымдары пайда болады. Онан кейін бұл бөлшектер мен өрістердің физикалық қасиеттері ұғымдары нақтыланады, олардың өзара әрекеті мен өзара алмасулары сипатталады. Бұл жағдайда бөлшек массасы, ыкпал кванты, магниттік сәт, спин және т.б. ұғымдар алдыңғы физикалық теориялардағы абстракциялық ұғымдар үстіне мінгеседі, өздерінің құрамына кіргізеді, ал кейде оларды түпкілікті түрде қайта өңдейді.
Абстрактылықтан нақтылыққа көшу -- ғылыми теориялар құрастырудың логикалық жалғастығын реттейтін жалпы әдіс. Faлымдар көбіне оның барлық бөлшектері мен мүмкіншілктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданады. Бұл әдісті философиялық талдау және пайымдау оның қолданысын анағұрлым адекватты етуге ықпал етеді.
Кезкелген ғылыми теория өз объектісін белгілі деңгейге дейін сипаттайды. Бұл оған тән қызмет ету және даму заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, сол объектті сипаттаудың өзге де мүмкіндіктері бар. Егер біз капитализмнің пайда болу тарихын бөлшектеп, әрбір қадамын сипаттайтын болсақ, оның мәнін, негізгі заңдарын бірден тани алар едік. Капитализмнің дамуы жағдайында мұндай тарихи сипаттаудың болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде өте қиын. Тарих тура жолмен емес, бұралаң жолдармен жүреді. Онда бізді қызықтырған үдерісті тұмшалайтын, ал кейде, тіпті, тура бұрмалайтын да миллиондаған оқиғалар болып жатады. Шындығында, тарихи сипаттау, әдетте, бізді қызықтырушы объект -- берілген жағдайда капитализм -- өзінің дамыған күйінде қалыптасқаннан кейін ғана мүмкін болады. Тек сонда ғана оған логикалық талдау жасап және оның фундаменталдық абстракцияларымен қоса теориясын жасақтауға болады. Ол ғасырлар қойнауынан жеткен сан-алуан оқиғалар ішіндегі ең маңызды үдерістер мен құбылыстарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді.
Осылайша, абстракциялықтан нақтылыққа көшу зерделеу объектісіндегі ең маңызды сәттерді бөліп алып, тарихи зерттеудің логикалық қаңқасын қалыптастырады. Сонымен қатар, тарихи талдау ғылыми теориядағы фундаменталдық абстракциялар мен заңдылықтардың дұрыстығын айғақтайды. Жаратылыстанымда мұны әсіресе космология тарихы жақсы бейнелейді. Астрономдар Ғаламды әуел бастан мәңгіге құрылған, жетілген, дайын объект ретінде қарастыра отырып, бұл объекттің дамуы туралы мәселені қойған да жоқ. Жинақталған эмпирикалық материал мен теорияның дамуы Ғаламға тарихи тұрғыдан қарауға мүмкіндік берген тұста астрономиялық теориялардың аса маңызды логикалық тораптары Ғалам қалыптасуының ең маңызды сәттерін бөліп, тарихи сипаттамасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады. Мұнан шығатын қорытынды, зерттеудің тарихи және логикалық әдістері неокантшыл философтар Риккерт пен Вивдельбанд және сыншыл рационализм көсемі Поппер айтқандай бірін-бірі теріске шығармайды, керісінше, бір-бірін өзара толықтырады. Осылайша, дамушы және қызмет етуші жүйелерді зерттеудегі тұтастықты бекіту үшін және жүйелерді функционалдық, тарихи-генетикалық көзқарас тұрғысынан сипаттайтын теорияларды келісімге келтіру үшін негіз қалыптасады.
2. Үлгілеу әдісі және жүйелілік принципі. Танымдық әрекетте және әсіресе ғылыми зерттеуде ең кеңінен таралған тәсілдің бірі гносеологиялық алмастыру болып табылады. Алмастыру рәсімі былайша өтеді. Қандай да бір себептер мен тікелей зерттеуге көнбейтін әйтеуір бір объектті зерттеу қажет деп алайық. Ол өте күрделі, өте көлемді, зерттеушіден қашық, өткенге қатысты және т.б. болуы мүмкін. Тіпті, бізді қызықтырып отырған объекттің әлі өмірде болмауы және оны енді құрастыру керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзге объекттің -- объект-орынбасардың көмегіне сүйенеді. Оларды кейде дайын күйінде (макака-резус маймылы адамның орынбасары ретіңде пайдаланылды), кейде арнайы жасайды (болашақ ГЭС макеті, үлгісі). Егер, объект-орынбасар құрылысын, қызмет ету мен даму заңдылықтарын зерттеп, осылайша алынған білімді белгілі бір түзетулермен бастапқы объектке көшіріп және оны таным үшін пайдалансақ, онда объект-орынбасар үлгі деп, ал бастапқы объект -- прототип деп аталады. Үлгілеу үдерісі неге негізделген?
Ерте замандардың өзінде-ақ адамдар табиғаттың, қоғамның және ойлаудың әр түрлі салаларына жататын әр түрлі құбылыстардың, үдерістердің және әрекет түрлерінің арасында бір ұқсастықты айқындауға болатынын аңғарған. Мысалы, адам мен оның мүсіндік портреті арасында геометриялық ұқсастық бар, ал қалған қатынастарда - материалында, түсінде, қозғалуы мен ойлану қабілетінде олардың түбірлі айырмашылықтары жатыр. Есесіне, адам мен макака-резус сырттай бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, олардың қандарының құрамы өте ұқсас, тіпті адам қаны орнына маймылдығ қанын алып зерттеп, осы зерттеу нәтижелерін кейін адамға қатысты қолдануға болады. Дәл осылайша, адам қанының резус-факторы ашылған болатын. Осы айтылғандардан шығатыны, объект-орынбасар прототиптен барлық жағынан барынша ерекшеленуі мүмкін, ал тек бір жағынан - үлгілеуге болатын жағынан ұқсас. Мысалы, электр кедергілері жиынтығын завод кіреберісін (проходнойын) үлгілеу үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Мұнда, ток күшін -- жұмысшылар ағымы, ток кернеуін -- ағымның ең ұлғайған сәтінде өтпелі дәлізде қалыптасатын бітеулер мен тығындар шамасы, ал өткізгіш диаметрін сол дәліздің өткізу қабілеті ретінде шартты түрде қарастырсақ, завод кіреберісінің өткізу қабілетін арттырмақ завод дирекциясы мүддесін білдіретін әлеуметтік прогрестің электротехникалық үлгісін құруға болады.
Үлгілер мен прототиптердің таза сыртқы механикалық немесе геометриялық ұқсастықтарын пайдалану үлгілеудің ең қарапайым жағдайын білдіреді. Бірақ үлгілеу қызмет ету немесе даму заңдарын бекіту үшін де, прототиптер құрылымын зерттеу үшін де қолданылады. Сондықтан да үлгінің қызмет етуші, дамушы және құрылымдық түрлері, сонымен қатар олардың комбинациясының қызмет етуші-дамушы, қызмет етуші-құрылымдық және т.б. түрлері болады. Үлгілер прототиптен тек көлемі, материалы жағынан ғана емес, өз болмысының тәсілі жағынан да айырмашылығы болатынын ескеру қажет. Мысалы, жобаланған суландыру жүйесі аймағында күрделі экологиялық жүйенің (өсімдік, жануарлар, топырақ, климат) өзара әрекетінің барлық мүмкін болатын түрлерін зерделей келе, ғалымдар зерттеуді мынадай кезеңдерге бөледі: 1) күрделі прототиптің ең маңызды элементтері мен жай жүйелерін бейнелейтін негізгі абстракциялар жиынтығын табу; 2) бақылаулар мен эксперименттер көмегімен олардың арасындағы негізгі байланыстар мен өзара әрекеттерді анықтау; 3) ауыспалы шамалары, математикалық байланыстары және айналымдарымен қоса алғанда, қарапайым түрде болса да айқындалған абстракциялар мен байланыстарды бейнелейтін тақырыптық теңдеулер жүйесін кқұру; 4) ЭЕМ көмегімен теңдеулер жүйесін шешу үшін математикалық бағдарлама жасау; 5) бастапқы теңдеулердегі айнымалыларға әр түрлі сандық мән бере отырып, олардан машиналық шешу үдерісінде жаңа сандық мәндер алу; 6) осы соңғыларын зерттеліп отырған жүйенің гидроирригация құрылысы жұмысының әр түрлі жағдайлар мен режимдердегі болашақ жағдайының сипаттамасы ретінде түсіну.
Мұнда прототип үлгісі ретінде теңдеулер жүйесі мен оларды шешу рәсімі көрінеді. Прототип -- бұл мыңдаған табиғи және техникалық элементтер мен жай жүйелерді қамтитын материалдық жүйе болса, ал үлгі математикалық жүйе болып табылады. Осы және осыған үқсас өзге жағдайларда үлгілеу әдісі мен жүйелілік принципі арасындағы терең байланысты аңғаруға болады. Жүйелілік принципі бізді қоршаған құбылыстардың күрделі жүйелерден құралатынын айқындап қана қоймай, мұндай жүйелерді зерттеу сәйкес жүйелік үлгілерсіз мүмкін еместігін дәлелдейді. Мұндай үлгілер көбіне математикалық үлгі болып табылады және өзіне арнайы бағдарламалар мен қазіргі тез қимылдайтын ЭЕМ-ын қолдануды қажет етеді. Жүйелілік принципі, сонымен қатар, жүйелілік үлгілеудің басты міндеті күрделі прототипті дүрыс қарапайымдандыру мен зерттеуге оңай үлгінің қарапайым түрін құрастыру екендігін көрсетеді. Ол зерттеу барысында ешқандай ақпарат жоғалтпайтындай, оның күрделі жүйелік прототипке қайта өту мүмкіндігінің міндетті түрде сақталу шартын қанағаттандыруы тиіс.
Үлгілеу әдістері үлгі типтері сияқты қазіргі ғылымда өте алуан түрлі. Мұндағы жалпы философиялық және методологиялық мәселе әр түрлі материалдық, белгілік жүйелердің өзара байланысын терең түсінуге жетуде. Бұл түсініктің негізі қарама-қайшылықтын өзара байланысы мен тұтастығы, алуан түрліліктің бірлігі философиялық принциптері болып табылатынын аңғару қиын емес.
3.Эксперимент және бақылау.
Ежелгі Шығыс елдері мен Ертедегі Грекияда жаратылыстанымның қалыптасу дәуіріндегі ерекшелігі пассивті бақылаумен, пайымдаумен сипатталады. Ертедегі натурфилософтар пайымдаулары адамдардың күнделікті практикалық өмірдегі бақылауларымен салыстырғанда үлкен аңғарымпаздық болып көрінеді. Бұл жаратылыстанудың сол кездегі жетістігі жаратылыстанымдық ғылыми білімнің алғашқы жүйелік жинағын құрастыру болды. Осындай неғұрлым толық жинақтың бірі Аристотель жүйесі болып табылады. Жануарлар, өсімдіктер, минералдар, аспан денелері және т.б. туралы адамзаттың жинақтаған мәліметтерін бастапқы жіктеу мен жүйелеу тұсында сыртқы әлемді тану формасы ретінде табиғатқа деген спекулятивті қатынас (латынша speculatio -- ізін табу, қарап шығу) үстемдік етті. Ежелгі ойшылдар табиғаттың қандай да бір құбылыстарын түсіндіру үшін күрделі гипотезалар ойлап шығарды, бірақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz