Қазақ хандығының қоғамдағы ел басшысына қойылар талап пен міндеттердің жиынтығын анықтау
1 Хан көтеру, хан сайлау
2 Хан сарқыты
3 Хан талау
2 Хан сарқыты
3 Хан талау
Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, өз елінің тілі мен дінінен, дәстүр салтынан қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі, құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті. Білсек деген сұрақтар көбейді. "Біз қазақпыз, сонда біз кімбіз, өткенімізде ғибрат аларлық не бар, елдің тарихындағы батырлары мен билері бетке ұстар адамдары кімдер?" - Жасыратыны жок, соңғы жиырма жыл ішінде казақ халқының тарихына, өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар, ірілі-уақты кітаптар жарық көрді. Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтар туралы зерттеулер жарық көрді. Тарихтың көптеген мәселелері қайта қарастырылып, жаңа бағаға ие болды. Ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді ке-ңейтуге, тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан зерделеуге мүмкіпдік беруде[1]. Сөйтіп, мұның өзі өшкенімізді тірілтіп, өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге жұрттың ынта-ықыласын бұрынғыдан да арттырып отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс,
оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу,
жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып,
халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, өз елінің тілі
мен дінінен, дәстүр салтынан қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай
бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен
ықылас пейілі, құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті. Білсек
деген сұрақтар көбейді. "Біз қазақпыз, сонда біз кімбіз, өткенімізде ғибрат
аларлық не бар, елдің тарихындағы батырлары мен билері бетке ұстар адамдары
кімдер?" - Жасыратыны жок, соңғы жиырма жыл ішінде казақ халқының
тарихына, өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық
жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар, ірілі-уақты
кітаптар жарық көрді. Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды
саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтар туралы зерттеулер жарық көрді.
Тарихтың көптеген мәселелері қайта қарастырылып, жаңа бағаға ие болды.
Ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді ке-ңейтуге,
тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан зерделеуге мүмкіпдік беруде[1]. Сөйтіп,
мұның өзі өшкенімізді тірілтіп, өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан
ойлау жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге жұрттың ынта-ықыласын
бұрынғыдан да арттырып отыр.
Біз зерттеп отырған Қазақ қоғамындағы хан сайлау дәстүрі Тәуелсіздігін
алғанына аз ғана уақыт болған, жас та тәжірибесіз елдің бүгінгі заң
жобаларын қабылдау, ел басқару ісінде қолданатын көптеген тәжірбиелерді
өмірге алып келер арна деуге болатын өміршең құбылыс.
Хан сайлау дәстүрі өз кезегінде хан сарқыты, хан талау сияқты бірнеше салт-
дәстүрлер жүйесін қалыптастырады. Ол жүйелі дәстүрлер де қазіргі қоғамдағы
ел президентінің бастамасымен жүргізіліп отырған Жемқорлық пен
сыбайластыққа қарсы күрес саясатымен астасып жатыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: XVI ғасыр мен XVIIІ ғасырларда қазақ
қоғамын, оның ерекшеліктерін өз еңбектерінде жазған ғалымдар қатарында С.З.
Зиманов, Б.С. Сүлейменов, В. А. Моисеев, Р.Б. Сүлейменов, Т.И. Сұлтанов,
Х.З. Зияев, Ч.Мусин, Қ.Аманжолов сынды және тағы басқа да зерттеушілер бар.
Қазақ хандығының экономикалық - әлеуметтік жағдайын зерттеуге арналған
материалдар да жарық көрген болатын. Олардың ішінде Ш. Уәлихан, Ш.
Құдайберді, С. Толыбеков, Қ. Салғараұлы, М. Әбдіров және Ә. Хасенов
еңбектерін атауға болады.
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ хандығының қоғамдағы ел басшысына қойылар талап пен міндеттердің
жиынтығын анықтау, талдау
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақ қоғамының әлеуметтік – және экономикалық жағдайына талдау жасау.
2. Қазақ хандығының құқықтық қатынастарын зерттеу.
Зерттеу объектісі: ХVІ - ХVIІІ 30 – 40 жылдарындағы Қазақ хандығының
әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
Хан көтеру, хан сайлау — хандықты басқаратын адамды хан сайлау
рәсімі. Түркі-моңғол халықтарындағы ұлысты билеушіні таққа отырғызу, яғни
Хан көтеру ерте орта ғасырдан бастау алады. Хан көтеру рәсімі Плано
Карпини, Рашид әд-Дин, Жуайни, И.Шильтбергер, тағы басқа ортағасырлық
авторлардың еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Көне моңғол мемлекетінде Хан
көтеру құрылтайда атқарылғанымен, таққа кімнің отыратындығын ханзадалар
алдын ала шешіп алған. Құрылтайды басқарып отырған рудың ең жасы үлкені
немесе мемлекетте уақытша билік жүргізіп отырған ханзада шақырылды. Оның
уақыты алдын ала жаушылар арқылы ұлыстарға хабарланды. Айтылған мерзімде,
көрсетілген жерге елдің түкпір-түкпірлерінен ханзадалар, жақын туыстар,
нойондар мен әмірлер, мемлекетке тәуелді патшалар мен билеушілер өз
қызметшілерімен келіп орналасады. Бірнеше аптаға созылған құрылтайда Хан
көтеру рәсімі арнайы шатырда атқарылды. Жұлдызшылар белгілеген қолайлы
күні құрылтайға қатысушылар Хан көтеру рәсімін жүргізген. Қатысушылар
дәстүр бойынша бас киімдерін, белбеуін шешкен. Белбеулерін иықтарына салып
тұрған. Хан әулетінің ең үлкен екі мүшесі үміткерді қолынан ұстап таққа
отырғызған. Одан кейін жаңадан сайланған ханға ханзадалар ант берген. Ол
біткеннен кейін ақ киізге отырғызылған. Шильтбергер Жошы ұлыс ындағы Хан
көтеруді былай деп баяндайды: “ақ киізге отырғызады да, үш рет көтереді.
Содан кейін оны шатырды айналдыра алып жүреді де, қолына алтын қылыш
береді; осыдан кейін ол дәстүр бойынша ант беруі тиіс”. Рашид әд-
Диннің айтуы бойынша қа-тысушылардың барлығы тоғыз рет (Жуайни жазбасында
үш рет) тізелерін бүгіп жаңа ханның есімін атаған. Бұдан кейін олар ханға
ант беріп, шатырдан шығарда Күнге қарап үш рет тағзым еткен. Хан көтеру
аяқталғаннан кейін бірнеше күн той болған. Хан көтеру
дәстүрі қазақ халқында 20 ғасырдың бас кезіне дейін сақталған. А.И.
Левшин қазақтардағы Хан көтеруді өз еңбегінде былай дейді: “Таққа үміткер
сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең
беделді сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен
ұстап үш рет көтеріп, бірнеше рет “Хан! Хан! Хан!” деп айқайлаған”. Ақ киіз
дала шөбіне тиер-тиместе көпшілік оны аспанға қайта-қайта көтеріп түсірген.
Содан кейін жиналған жұртшылық хан отырған тақ есебіндегі киізді “хан
талапай” жасап осы тарихи оқиғаға қа-тысуының куәсі әрі тәбәрік ретінде
бөліп-бөліп алған. Кейін той басталып, ол бірнеше күнге жалғасқан. Хан
көтеруге келген көпшілік мұнда бірнеше күн тыныққан, сондай-ақ беделді
қайраткерлер мемл. маңызды істерді ақылдасқан. Жаңа ханға ел ішіндегі
жайттарды мәлімдеген. Қазақ сахарасы Ресейге өткеннен кейін патша үкіметі
Хан көтеруді тоқтатып, хандық жүйені жойды. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамындағы
билік жүйесіне нұқсан келтірді, отарлық езгіні күшейтіп, ұлт-азаттық
көтерілістердің тууына себепші болды; Кенесары Қасымұлы
бастағанқазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.
Хан сайлау.
Хан көтеру рәсімі жұма күні, ашық аспан астында өткізіледі. Жиналған жұрт
кең майданда аттылы-жаяулы, алқақотан тұрады. Ортаға қымбат кілемдер, түрлі
түсті текемет, сырмақтар төселген, жібек көрпелер жайылған. Бұл — ең сыйлы
жер, төр деп есептеледі. Төрде хан сайлауға тікелей қатынасқан ел ағалары
мансап-дәрежесі, атақ - беделіне қарай үш қатар, төрт қатар болып
дөңгелене отырады. Қақ ортада, яғни төрдің төбесінде — осы салтанатқа орай
арнайы басылған, алтын әдіпті жұқа ақ киіз.
Жұрт орнығып, дабыра басылған соң, бүкіл Ордаға танымал, атақ-абыройы зор
ақсақалдардың бірі орнынан көтеріліп, жиналған жұртқа Ұлыстың ұлы кеңесінің
шешімін жариялайды, хандыққа кімнің сайланбағын айтады. Бұдан соң елге
танымал екі адам екі жағынан қолтықтап әкеп, болашақ тақ иесін төрдің
төбесіне — ақ киіздің үстіне шығарады. Әлі хан емес, үміткер жалпы жұртқа
бой көрсеткен соң, ақ киіздің қақ ортасына, құбылаға бет беріп, қол
қусырып, малдасын құрып отырады. Енді хан сайлаудың екінші, көпшілік
қауымға арналған және ең шешуші бөлігі басталады.
Ел ағалары — шешен билер, әскербасы батырлар, өздері де тақтан үміткер
болған кейбір сұлтандар кезекпе-кезек тұрып, жамиғатқа қарата сөз сөйлейді.
Барлық сөз болашақ ханның абзал қасиеттеріне арңалады. Оның нұрдан жаралған
хан Шыңғыстан бастау алатын ататегінің асылдығы айтылады, оның берідегі
аталарының ұлт мерейі жолында атқарған ұлы істері еске алынады; болашақ
ханның өзінің жеке басының қасиетіне айрықша назар аударылады: ақыл-
парасаты, әділдігі, мәрттігі мадақталады, қол бастаған көсемдігі, жұртқа
мәлім ерлік істері атап көрсетіледі. "Міне, осындай асылзада хан болса,
алаш ұлының көсегесі көгереді, сондай да сондай жақсылықтар, игіліктер
болады", — деп насихат айтылады.
Әдетте, әрбір шешеннің сөзін жұртшылық қостайды, мақұлдап айқайлайды,
ризашылығын, қуанышын білдіреді. Ризашылығы болмаса, оны да ашық айтады.
Мұндайда болашақ ханның бетіне басар, ер ұялар іс болса, оның да сыртқа
шығып қалуы ғажап емес. Тілеулестікпен қатар өкпе-наз, реніш білдіруі де
мүмкін. Сыртта тұрған қандай дәрежедегі болмасын адамның өз пікірін айтуына
шек жоқ. Өйткені, хан сайлау — барша халыққа ортақ іс. Әлбетте, алдын ала
ойластырған, көпшілік болып келіскен істен кінәрат шыға қоймайды. Жұртшылық
оң тілегін айтады, мұндай ірі тұлғаның хан сайлануын мақұлдайтынын
білдіреді.
Осыдан соң ұлыстағы дінбасы ғұлама кәләм-шәрифтен дұға оқиды, шартараптан
жиналған жұртты пәтуаға келтіріп, хандыққа көтерілмек пендесіне аруақ пен
Құдай атынан, бүкіл ұлыс жұртының атынан бата жасайды. Бұдан кейін ұлыстағы
айрықша беделді, алдын ала белгіленген төрт кісі ортада малдас құрып
отырған үміткерді ақ киіздің төрт бұрышынан алып, бастарынан асыра жоғары
көтереді де, қайтадан жерге түсіреді. Хан сайлану рәсімінің ең түйінді
шешімі — осы. "Билікке жетті, таққа мінді" деген мағынада айтылатын "ақ
киізге көтерілді, хан көтерілді" деген сөздердің түп төркіні осы рәсімде
жатыр.
Әуелгі төрт адам ақ киізге көтерген сәттен бастап хан болып есептелетін
әміршіні жаппай құттықтау басталады. Енді биік сайлауға тікелей қатысқан,
басқа емес, дәл осы адамның таққа жетуіне үлес қосқан игі жақсылар
кезектесе келіп, топ-тобымен келіп, ақ киізде отырған ханды қайта-қайта
көкке көтереді. Ханның үстіне, хан сайлау салтанатына жиналған жәмиғат
үстіне алтын-күміс теңгелерден шашу шашылады.
Осыдан соң сайлаушы ел ағалары ханның жейде-дамбалдан басқа сырт киімін
түгел шешіндіреді, белдіктен жоғары киімдерді ханды алғаш көтерген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz