Этика ұғымы және оның заты


Этика ұғымы және оның заты
Жоспары:
- Этика ұғымының шығу тарихы
- Этиканың даму кезеңдері және бағыттары
- Қазіргі этика туралы теориялар
Лекция мақсаты: Студенттерге жалпы этика ұғымы туралы теоретикалық білім беру, сонымен бірге мінез-ќ±лыќ ‰лгілері арќылы студенттерді єлемдік жєне отандыќ мєдениеттіњ інжу маржандарымен таныстыру және болашақ заңгерлік қызметте құқықтық этика туралы ќабілеттерін арттыруѓа єсер ететін ќ±ндылыќтар, кµзќарастар, м‰дделер мен талѓам қалыптастыру және этикалық ізгілікті ұстануға баулу.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Этика - грек тілініњ “єдет-ѓ±рып” деген сµзінен шыќќан. Этика моральды зерттеу нысанасы етіп алатын философиялыќ пєн. Латын тіліндегі “морал” сµзі этимологиялыќ т±рѓыдан “этика” терминіне сєйкес келеді. Оны кµне грек философы Аристотель адамгершілік, ар іліміне атау ретінде енгізген болатын. Ќандай да бір басы біріккен ќоѓамныњ µзіндік этикалыќ м±раттары мен ќ±ндылыќтары болады. Ол сол ќоѓамныњ этикалыќ санасыныњ ењ биік кµрінісі ретінде сол ќоѓам м‰шесінен к‰тілетін, талап етілетін, ќажет деп табылатын µзіндік нормаларѓа ие. Ендеше этиканыњ пєні ретінде кењ маѓынасында адам, ќоѓам, дєлірек айтсаќ, адамдардыњ ж‰ріс-т±рысын, мінез-ќ±лќын реттеуші нормалар, сенімдер, м±раттар, ќ±ндылыќтар, єлеуметтік ќатынас т‰рлері жєне т. с. с табылады. Басќаша айтсаќ, кµнеден бастап этика “практикалыќ философия” сапасында “µмір туралы таза теориялыќ білімнен” бµлек адамныњ µмірлік жолындаѓы адамгершілік мєселелерін шешетін. ¤зініњ даму барысында мораль, этикалыќ нормалар тµмендегідей ќызметтер атќарады: реттеушілік, ќ±ндылыќты императивтік, комуникативтік, тєрбиелік, танымдыќ жєне т. б.
Этика басќа да єлеуметтік-гуманитарлыќ пєндермен байланысты: психология, социология, биоэтика, ќ±ќыќтану, µнертану, саясаттану, дінтану жєне т. б. Этика жоѓарыда аталѓан ѓылымдардыњ да, философияныњ да тєсілдері мен єдістеріне негізделеді. Ќоѓамныњ дамуы жєне адамдар іс-єрекетініњ єлеуметтік реттеу механизмніњ к‰рделенуі т‰рлі байланыстаѓы ѓылыми салалардыњ д‰ниеге келуін м‰мкін етті. Аксиология, биоэтика, этикалыќ пен эстетикалыќ байланысы, этика мен этикет араќатынасы. Осылардан барып этика-эстетика курсыныњ маќсаты мен міндеттері ретінде адамныњ µзін-µзі тануына жєне шыѓармашылыќ м‰мкіншілігін ж‰зеге асыруына ыќпал ететін талѓам, м‰дде, кµзќарас, ќаѓида, сенім, ќ±ндылыќтар ќалыптастыру, адамгершілік, саяси-ќ±ќыѓы мєдениет дамуыныњ наќты м‰мкіншіліктерін аныќтау; µркениет жєне жаћандану жаѓдайындаѓы ќазіргі мєдениеттіњ адами µлшемін т‰сіну деп ќарауѓа болады. Философиялыќ пєн-этика µзініњ тарихи дамуында процес т‰рінде кµрініс табады. Ол бірнеше этаптардан т±рады. Сондыќтан ќазіргі этикалыќ білімді классикалыќ м±раѓа ж‰гінбей т‰сіне алмаймыз. Лекцияныњ маќсаты-µнер мен адамгершілік, мінез-ќ±лыќ ‰лгілері арќылы студенттерді єлемдік жєне отандыќ мєдениеттіњ інжу маржандарымен таныстыру. Эстетикалыќ ќ±ралдармен адамныњ µзін-µзі тануына жєне шыѓармашылыќ ќабілеттерін арттыруѓа єсер ететін ќ±ндылыќтар, кµзќарастар, м‰дделер мен талѓам ќалыптастыру.
Кµне д‰ние мен ќазіргі заманныњ адамгершілік ілімін жан-жаќты терењ зерттеу ‰шін осы негізгі мєселелер, ±ѓымдар мен категориялар, тєсілдер мен т±ѓырнамалар ќарастырылѓан баѓдарлама кµмек етеді. Барлық ғылым түрлеріндегі сияақты этикада да бірқатар катигориялар бар. Катигориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен біріге отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады.
Этика катигориялары-моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика катигориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар -рухани, идеалды тәртіптің құрлымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы.
Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрініс табуы тек теориялық деңгейде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т. б. түрде қарапайым сананың деңгейінде де көрініс табады. Жоғарыда аталған екі деңгейде де, көрініс тапқан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі, сонымен қатар жеке тұлғаның борыш туралы көзқарасы да бар.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір "қызметтік" функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары - моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т. б. дамуының, қозғалысының нысаны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тэн белгілерді, ка-сиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тэн бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т. б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік күрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сиякты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қогамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми жэне тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар оларды құрылымдық және субстанционалдық (мәндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып, топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық категорияларын бақыт катего-риясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік категориясын санаса, Кант борыш категориясына ерекше мән берген. Алайда, қазіргі кезде де осы мәселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ. Отандық этикада барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі элементтері ретінде кейбір ғалымдар моральдық тәжірибені, моральдық сананы және адамгершілік өзіндік сананы таниды. Алайда, кеңірек таралғаны болып, басқа бір ғалымдардың моральдың құрамында моральдық сана, адамгершілік қарым-катынастар және адамгершілік қызмет бар екендігін макұлдайтын бағыты саналады. Жоғарыда аталаған екі бағыттың арасында ерекше атап өтетіндей айырмашылыктар жоқ, себебі, екінші бағыттағы моральдық сананың құрамына бірінші бағытта аталған адамгершілік өзіндік сана кіріп кетеді, ал адамгершілік қарым-қатынастар мен адамгершілік қызмет адамгершілік тәэң арасында ерекше атап өтетін-лікті ұстану жірибені кұрайды.
Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланыстылықта болғаны соншалық, олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, сужүректілік және т. б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т. б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т. б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Бірінші топ категориялары - сана категориялары деп те атауға болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т. б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Керісінше, олар немқұрайдылыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде әсер етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары - бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т. б. Өзінің функционалдық рөлі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің өзара қарым-қатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынасгардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүзділік және т. б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары - бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т. б. адамгершілік сана категориялары көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудың теориялық қана емес, жалпы әдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, себебі, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондықтан да, біз олардың ішіндегі ең маңыздыларына ғана тоқталамыз, себебі, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.
Бақылау сұрақтары:
1. Этика ұғымы туралы ұлы ғұламалардың ой-пікірлері
2. Этиканың қалыптасу және даму деңгейлері
3. Этикалық ізгіліктің құқыққорғау қызметкерлеріне қатыстылығы
Қажетті әдебиеттер:
1. Кроноткин П. А. Этика. М., 1991
2. Жарикбаев К. Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Иванов В. Г. Исгория этики средних веков. Л., 1984.
4. ГусейновА. а. Этика аристотеля. М., 1984.
5. Ғабитов Т. Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
2-лекция. Тақырыбы: Құқық этикасының пәні
Жоспары:
1. Құқықтық этика түсінігі
2. Құқықтық этиканың қалыптасуы
3. Құқықтық этиканы сақтау тәртібі мен маңыздылығы
Лекция мақсаты: Жалпы этика ұғымы туралы теоретикалық білім берумен қатар қоғамдағы құқықтық сананың қалыптасып, құқықтық мемлекет құрудағы құқық этикасының рөлін айшықтап, заңгерлердің қызмет ету аясында оның маңыздылығын түсіндіру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық және жергілікті құқық қалыптасады.
Құқықфилософиясына жүгіну - қазіргі заманда адам өміріндегі құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы - құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні тандайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (объектоцентристік) және субъектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін тандайды. Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағьптарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы субъектінің мүдделері. Мысал ретінде, сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның рөлін атауға болады, себебі адвокат әрқашан сотталушының мүддесін білдіреді.
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс-тұрыс еркіндігі "берілетін" немесе "берілмейтін" объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пәніне анықтама берместен бұрын, этиканың пәні мен құқықтың пәнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т. б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып-білу мүмкін емес. Адам - микрокосм, оның әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының "соқыр тәуекелі", ал объективтік шындық - адамның ішкі күш-қайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Құқықтың пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада тусіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық әдет-ғұрыпты (әдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты және т. б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:
а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;
ә) моральдық заң әрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру -- бұл біртұтас үрдіс;
б) мораль-адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль - адамның өзін-өзі бәске тігуі мен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мәжбұр болған. Иса пайғамбар керіп
шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары осындай.
Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, морал қайшы, қайырымсыз болуы мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара әсерін талдауға тырсып көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы көзқараста қадай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай әсер ететінін қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының безгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық "Меннің" қалыптасуынын сатылары орын алады:
а) Табыну сатысы адамның "Біз" феноменінен көрініс табатын алеммен біртұтастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымның басқалармен бір тұтас тығын білдіреді;
ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды ірікілуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сапасы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық
нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді.
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс табады.
Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы жағдайында пайда болған (Римде) . Ол күрделенген сыртқы әлеуметтік өзара әсерлесулердің жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарым-қатынастар, жеке шығармашылық әлеміне ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды социологизм асқан дәлдікпен элеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын "ескере" отырып, құқықтың, заңның барлық салаға талғаусыз әсер ететіндігін көрсетеді.
Құқық жүріс-тұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мән береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген "бос" заңдардың әмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық және адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірден-бір жолы - құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзін-өзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Құқықтық этика қалыптасуы мен даму сатылары
2. Құқықтық этикет
3. Заңгер қызметіндегі құқықтық этикалықізгілік нормалары
Қажетті әдебиеттер:
1. Зеленкова И. Л. Основы этики. М. 1998.
2. Римская И. Н. Этика права: от истоков этики и права к мирозрению. М., 1998
3. Сапарин о. Е. Психология профессионализма сотрудников правоохранительных
органов. Кусганай, 1996.
4. Кокорев Л. Д. Котов Д. ГІ. Этика уголовного процесса. Воронеж, 1993.
5. Кобликов А. С. Юридическая этика. М., 1999.
3-лекция. Тақырыбы: Заңгерлердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі
Жоспары:
1. Заңгерлердің к әсіби этикасының түсінігі, оның заты
2. Заңгерлердің кәсіби этикасының міндеттері
3. Заңгерлердің кәсіби этикасындағы зерттеу әдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz