Тараздың экологиясы және де оның жақсару жолдары бар ма?


Тараздың экологиясы және де оның жақсару жолдары бар ма?

Тараз қаласының экологиялық қоршаған орта жағдайы соңғы үш жылда қалыпты деңгейге жетті. Дегенмен, облыс орталығында Жамбыл гидромет орталығы зертханасының дерегіне сәйкес, екі ластану құрамы бойынша ластағыш заттардың концентрациясының жоғарылауы жиі қайталануы байқалуда. Шектеулі рұқсат етілген концентрациясы құмырысқа қышқылы 2, 7есе және азот тотығы 1, 25-1, 5 есеге артса, ал Лермонтов - Ташкент, Төле би - Абай көшелерінің қиылысқан жерінде құмырсқа қышқылы 2, 5 есе және азот тотығы 2, 5 есе, көмір тотығы 3, 5 есеге жоғарылаған.

Атмосфералық ауаның осы құрамдармен ластануының негізгі көзі - автокөлік және жылу энергетика саласы. Бұрынғысынша жиынтық шығарындылардың 70 пайызға жуығы автокөлік үлесіне тиіп отыр. 2007 жылға дейін автокөлік шығарындыларының әсерін төмендету мақсатында жыл сайын ішкі істер департаменті және көлік бақылау инспекциясы бірлесіп, «Таза ауа» акциясын өткізіп тұратын. Қазіргі кезде Автожол Заңын реформалауға байланысты жолдарда көлікті тоқтатуға тыйым салынған. Сондықтан да 2007 жылдан бері ішкі істер департаменті автокөліктердің улылығын және түтінін бірлесіп тексеруден тыс қалып келеді, осы себепті 2007-2008 жылдан бері «Таза ауа» айлығы өткізілмеді.

Өткен жылдардағы «Таза ауа» айлығын тексерген автокөліктерден шығатын улы түтін 10-22 пайызға дейін санитарлық нормаға сай келмейтін. Мұның себебі - біздің облысқа Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірлігі және Ресейден әкелінетін ескі көліктер болса, көліктердің таза экологиялық отынды қолданбауынан болып отыр. Таза экологиялық отын саналатын ұйытылған газға көшу өте баяу жүргізілуде. Облыс бойынша газ толтыратын 4 станса болса, оның екеуі Тараз қаласында. Тараз қаласында электрокөлік желісі дамымаған, небәрі 3 троллейбус бағытымен 4 троллейбус тұрғындарға қызмет етіп жүр. Темір сол, автобекет, Төле би көшесі, Химия зауыттарына қатынас жойылған. 2005 жылдан бері бірде бір троллейбус сатып алынбаған.

Жыл сайын өткізілетін «Таза ауа» айлығының қорытынды ақпараты мен ұсыныстар негізгі ведомстволарға, шаруашылық нысандарына жіберілмеген, осы күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ. Автокөлік мекемелерінен зиянды әсерді төмендету туралы еш ұсыныс түскен жоқ, ал ұсынылған шараларға немқұрайлылық танытуда.

Қала магистралына түсетін салмақты жеңілдету бойынша жерасты өтпелі жолдарын салу, жол айрықтарын кеңейту, көгеріштендіру, тағы басқа көліктерге таза отын түрін пайдалануға кешенді шешім қабылдау; электркөліктерді дамыту сынды шаралар әлі шешімін таппай отыр.

Өндіріс көлемі өскен сайын зиянды заттар мәселесі күрделенуде, әсіресе, жылу энергиясынан аралатын булы газдар, оларға коммуналдық шаруашылықтардың қазандықтары және өнеркәсіп орындарының отын жаққыш агрегаттары жатады. Қазіргі уақытта шығарындылардың негізгі үлесін отын жағып, жоба қуатының 35-40 пайызын пайдаланатын Жамбыл ГРЭС-і» АҚ құрап отыр. 2008 жылы электроэнергия өндіруге 38 пайыз мазут және 62 пайыз табиғи газ қолданылған. Жамбыл облысына келетін газдың 30 пайызынан астамы сол алып кәсіпорынның еншісінде. Сондықтан ластаушы заттар шығарындылары 2007 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2, 5 есеге көбейіп, 4804 тоннаны құрады.

Қазіргі уақытта мекемеде қоршаған ортаны қорғау басқармасының табиғат қорғау талаптарының нұсқамасына сәйкес, табиғи газды молырақ пайдалану қарастырылып, отын балансы реттелген. Соған қарамастан соңғы жылдары шығарынды нормасын сақтамау дерегі анықталуда. Атмосфераға жанған отыннан кететін артық температураны қосалқы цехтар қажетіне жарату жүзеге аспай келеді, оның себебі өндірістік құрал-жабдықтар әбден тозығы жеткен.

Отын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату негізгі қағида бола тұра, «ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «ҚР энергия үнемдеу» Заңы талаптарына қарамастан мекемеде, өндірістің технологиясын жаңалау және басқару жүйесін жетілдіру сияқты жұмыс жоспарлары жасалмаған.

Көбіне кіші қазандықтарда және жаққыш агрегаттарда отын сапасы, оны жағу кестесі ескерілмейді, сол сияқты энергия жинағыш шаралар қарастырылмаған. Бұл мәселелерді реттеу мақсатында, «ҚР энергия үнемдеу» Заңы негізінде әкімшілік-аумақтық шегінде энергия үнемдеу бағдарламасы, елді-мекендерді жылумен қамтамасыз ету сызбалары қаралады да, тиімсіз қазандықтарды анықтап, оны әрі қарай реконструкциялау немесе жабу мәселесі қойылады. Тараз қаласында энергия үнемдеу және жылумен қамтамасыз ету сызбасы жасалмаған. Баламалы энергия түрлерін қолдану туралы ақпарат жоқ. Ең күрделі экологиялық мәселелердің бірі - Тараз қаласында шайынды суды тазарту және бүрып әкету стансасының жоқтығы. Осының салдарынан жақын жатқан Жамбыл ауданының бес елді-мекенінің жер астындағы жарамды ауыз сулары ластануда.

Қазіргі уақытта «Тараз қаласында биологиялық тазартқыштың кешенді құрылысын салу», «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға әлеуметтік-экономикалық орташұғыл даму жоспары», ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №753 қаулысында көрсетілген. Бұл жұмыстарды жүргізуге 2008 жылы республикалық бюджеттен 300, 0 миллион теңге бөлініп, құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 4, 5 миллиард теңге болатын нысан құрылысын аяқтау 2010 жылға көзделуде. Тағы бір алаңдатарлық мәселе - қаланың канализациялық көзінің жағдайы. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және жасыл желектерді сақтау да өзекті мәселеге айналуда.

Облыс бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында 5, 9 миллион тонна тұрмыстық қатты қалдық, оның ішінде Тараз қаласында - 1, 94 миллион тонна болып отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттың жоқтығынан жыл сайын оның көлемі ұлғаюда. 1998 жылы тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендету мақсатында облыстық бағдарламада полигон құрылысы бойынша іс-шаралар көрсетіліп, қоқыс төгетін, қоқыс сұрыптайтын және қоқыс контейнерлерін дезинфекциялайтын станс салу жоспарланған. Алайда, қаражат жоқтығына нысанды салу осы күнге дейін созылып келеді.

Осы мәселелерді шешу үшін 2005 жылы Тараз қаласында қоқыс өңдейтін зауыттың жобалық сметалық құжатын рәсімдеуге облыстық бюджеттен 5, 78 миллион теңге бөлінген. Бұл жоба жергілік инвестицияға жататындықтан Бюджет жән экономикалық жоспарлау министрлігі құптамады. Алайда, осындай тұрмыстық қатты қалдықта полигонын салу үшін Павлодардың Боровой кені Шученскі, Көкшетау қалалары республикаль инвестициялық жоба тізіліміне енгізілген.

Қоқыс сұрыптау және қоқыс өңдеу зауыты және оған қосымша пластика, макулатура, органик өндірісінің жалпы құны шамамен 505, 186 миллион теңгені құрайды. 2006 жылдың шілде айында Таре қаласында «Альянс» ЖШС қоқыс сұрыптау және қоқыс өңдеу зауытын салу туралы тұсаукесері өтті. Біра осы уақытқа дейін нысанды қаражаттандыру мәселе шешілмей келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары
Қазақстан аумағындағы су жағдайы
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Тараз қаласының қысқаша тарихы
Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері
Қазақстан қалаларында қолөнер мен сауданың дамуы
Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Тараз - мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны
Тараз - саудагерлер қаласы
Дамушы елдерге жалпы сипатама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz