Йасауи Хикметтері



1 Йасауи Хикметтері
а) 1 хикмет
б) «Диуани Хикматтан»
Қазіргі күні біз Йасауи Хикметтерінде тариқат жолының негізгі талаптары мен қағидалары,пенденің рухани кемелдікке жету жолдары баяндалғанын көреміз. Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Йасауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты.осы есім Ахмет Йасауидің шыығармасына ХVI ғасырдан бастап Йасауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған дегенпікір айтқан ғалымлар да бар. Өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаһ бин Рузбиханның Йасауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында “Диуани Хикмет” деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.
Әйтсе деЙасауи жолындағылар осы щығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 алғындағы Аллаһ тағаланың “Адамдарды раббының хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”,- деген бұйрығы бойынша,халыққа ислам дінін даналықпен(хикмет) шақыру мақсатында Йасауидің әйгілі шығармасын “Диуани Хикмет ” деп атаған.өйткені оның өлендерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани хикмет-түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау,өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма,әғни,ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” ейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған себебі, қожа Ахметтің XI-XII ғасырларда өмір сүргенін ескерсек ,қолымыздағы жазба нұсқаларының ең ескісі XVI-XVII тән. Ал бұл нұсқалар Йасауи дәруштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген.Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тілінде,өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар тіліне жақын келеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
1 хикмет
Баяндап,хикмет айтып бісмілдамен,
Дүр-гауһар шәкірттерге шаштым міне.
Еркіммен қан жұтып,шер құштым да мен,
Екінші дәптер сөзін аштым міне.

Жаратса,ықылас қойып ақылға кім,
Жалғанда тұтар соны жақын жаным.
Жедім де жетім-жесір,пақыр қамын,
Жетесіз кердеңдерден қаштым міне.

Қайда да қайырымдылыққа талаптан да,
Кемтарға қайрыла жүр,қарап қалма.
Жақын бол махшар күні жаратқанға,
Мейрімсіз менмендерден қаштым міне.

Миғражда алла адалдық ниетін берді,
Расул сүйді міскін,жетімдерді.
Қайтып кеп,ғарыптікке бекінген-ді,
Ізіне ізгіліктің түстім міне.

Байғұсқа,үмбет болсаң,сыйыңды арна,
Айтылар аят,хадис жиын қалма.
Шүкір де алла ризық бұйырғанға,
Шарабын қанағаттың іштім міне.

Расул мүсәпір болды Мәдине кеп,
Азабын ахыреттің пәниде жеп.
Құдайдың сүйген құлы зар илемек,
Сорлы боп сол жолға аяқ бастым міне.

Ел кезіп Мұстафаша,ақылды ал да,
Көңіл бөл жетім-жесір,пақырларға.
Дүниеқор,безбүйрекке жақын барма,
Бездім де,дариядай тастым міне.

Қасиеттен құралақан қалған залым-
Құранды қайтсін мендей жалған ғалым.
Құрбанға жоқ қой және шалған малым,
Құдайдан қорқып,жалын жұттым міне.

Кебімен алпыс үште азабымның,
Кең құдай берер демей жаза бір күн,
Ораза,намазымды қаза қылдым,
Иманды ойлап,уайым тұттым міне.

Дариға,махаббаттың татпай дәмін,
Тәрік қып қараорманым жатпай бәрін,
Батпаққ қатып барып Хақты ойладым,
Өлерде,шайтанға еріп,састым міне.

Жебеп бір кезімде сол шырылдаған,
Жетті ғой жеті кәміл пірім маған.
Қалпында қашты ібіліс бұрылмаған,
Нұр иман-билхамдилла аштым міне.

Пірмұған қызметінде зыр жүгірдім,
Күндіз-түн сәтін білмей бір мігірдің.
Аластап албастыны,тірлігімнің
Түтіні түзу ұшып қайттым міне.

Ықылас бейбақтарға суытпастан,
Бағын аш,басқа ойларды қуып бастан.
Мейман қыл мейірленіп туыс тапсаң,
Бұл сөзді Хақтан естіп айттым міне.

Болса кім жетімдерге ұдайы жар,
Күнәдан тәңірі алдында бұл айығар.
Біліп қой жыртық үйдің құдайы бар,
Мұтафа уағызын айтып тұрмын міне.

Жетіде Арыстан бабқа арнап келдім,
Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым.
Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім,
Алаңсыз Аллаға бет бұрдым міне.

Құрметтеп,басым синап,құрма берді,
Жөнелді жан дүнием жырлап енді.
Кеудеден ашып басқа нұрлы әлемді,
Мектепте қайнап-тасып,толдым міне.

Оқып мен Инна фатахна мәнін ұқтым,
Танғанша естен сонша табыныппын.
Таяқтап молдамұрсып,қамырықтым,
Қанжылап,қам-қапалы болдым міне.

Ей надан-деп ұқтырды нұсқап тұрып,
Содан соң құла шөлдер қыспақ қылып,
Әупірім әзәзілді ұстап мініп,
Әләулай әуеніне түстім міне.

Зікірден диуаналық жедел өттім,
Алладан басқа мұнда не демекпін!
Күйімен шәірттікте көбелектің
Таулардан күйіп-жанып ұштым міне.

Алла деп алып білім,тәлім көрдім,
Анадан қайта туған сәби болдым.
Арылып күнәсінен пәни жодың,
Адалдық мақамына қайттым міне.

Кетпесең дін сүндеттен безіп егер,
Кектенбе кәпірге де,кезі келер.
Жазасын бір құдайдың өзі берер,
Бұл сөзін даналардың айттым міне.

Ұстанып сүндеттерін,үмбет болдым,
Маздатып жер астында нұрлы от лебін.
Мақамын сопылардың құрметтедім,
Жалғанның қызығынан бездім міне.

Бұрұға нәпсім жолдан бекінеді,
Емінтіп,елге қадірім кетіреді.
Ол серік сайтанға да етіп еді,
Еліртпей,басын жаншып-ездім міне.

Қожа Ахмет,өмірің өтті надандықпен,
Бойда күш,көзде нұр жоқ-тамам,біткен.
Одүниеде көріселік амандықпен,
Қайтерсің,керуендей көштім міне.
Қазіргі күні біз Йасауи Хикметтерінде тариқат жолының негізгі
талаптары мен қағидалары,пенденің рухани кемелдікке жету жолдары
баяндалғанын көреміз. Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша х-ғасырдағы діни-сопылық
шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет
Йасауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты.осы есім Ахмет Йасауидің
шыығармасына ХVI ғасырдан бастап Йасауи жолын қуушылары тарапынан қойыла
бастаған дегенпікір айтқан ғалымлар да бар. Өйткені олар сол заманда өмір
сүрген Фазлуллаһ бин Рузбиханның Йасауи кесенесінде оқылатын хикметтердің
басында “Диуани Хикмет” деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде
келтіреді.
Әйтсе деЙасауи жолындағылар осы щығарманы Құран Кәрімдегі
Нахл сүресінің 125 алғындағы Аллаһ тағаланың “Адамдарды раббының хикмет
(даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”,- деген бұйрығы бойынша,халыққа
ислам дінін даналықпен(хикмет) шақыру мақсатында Йасауидің әйгілі
шығармасын “Диуани Хикмет ” деп атаған.өйткені оның өлендерінің әрбір сөзі
шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани хикмет-түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының
сөз саптау,өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған
алғашқы шығарма,әғни,ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” ейінгі ең
ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгінгі күні
өзекті мәселеге айналған себебі, қожа Ахметтің XI-XII ғасырларда өмір
сүргенін ескерсек ,қолымыздағы жазба нұсқаларының ең ескісі XVI-XVII тән.
Ал бұл нұсқалар Йасауи дәруштері тарапынан түрлі тілдерде
көшірілген.Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тілінде,өзбек жазбасындағы
өзбек тіліне және татар тіліне жақын келеді.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ.Бұл
жинақтағы хикметтердің барлығын ахмет йасауидің өзі жазбағанға ұқсайды.ал
қожа Ахметтің өзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына
Йасауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып,
толықтырылған тәрізді. Өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет йасауиден бірнеше
ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары мәселен(Несами) кездесіп
отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып
шығады. Сондықтан Диуани хикмет тек ахмет Йасауидің ғана шығармасы емес,
бүкіл Йасауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты.
Негізінде бұл шығарманы кім жазса да,хикметтердің мағынасы ахмет йасайдің
пікіплері деуімізге әбден болады.
Диуани хикметтің жазба,баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр
түрлі болып кездеседі. Ал,Диуани хикметтің өзіне үңілер болсақ 1400 хикмет
орын алған.
Құл Хаже Ахмет һәр бир сөзүн дердке дәрман.
Талиблерге баян қылсам арман.
Төрт миң төрт юз хикмет айттым хақтан ферман.
Ферман болса та өлгүн че сөзлесем мен
(қазан -1896ж.209-бет)
Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте
қиын.өйткені бүгінгі күнгі ДиуаниХикметтердің жазба,баспа нұсқаларының
Ахмет Йасауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден
аспайды.

1-ХИКМЕТ. Уа, Жаратқан

Уа, жаратқан! Хақ есігін аш алыстан,

Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан.

Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан

Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.

Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың

Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?

Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,

Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?

Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,

Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.

Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,

Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.

Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет,

Қылығыммен салып біттім елге де әлек.

Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,

Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!

Әзіз жанның жақсылығын танымадым,

Қайтіп онда жан сырына бағынамын?!

Бас ұрмады дәргейіңе масыл, залым,

Иә, Раббым, енді, міне, зары қалың.

Күнәм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар? –

Сансыз тәубе жеңілдетпес масқара бар.

Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал, панаңа,

Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?! Диуани Хикматтан қазақ халқының
ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына
қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа
Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ
Темір күмбез орнаттырады. XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған
"Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық
кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке
түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп -
қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде
әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз."Хикметтің" түп нұсқасы
сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана.
Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте,
Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-
ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте
жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ
тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың
тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары
"Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде
мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі
бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ
пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді
жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады. "Диуани Хикметте" негізінен
төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат"
сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен
бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет
Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы
мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:

... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
-----------------------------
... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...

Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық
дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян
етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың 12 ғ. сақталған әдеби
ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта
ғасырлық нұсқасы болып табылады.
Өйткені, "Диуани хикмет" – оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды.
Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған,
бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы
сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.
Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует – арабша
оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір
сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп,
Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып
табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері
арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл
қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап,
жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір
ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-
тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.
Яссауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға
болады. Біріншісі – сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған
хикметтер тобы. Бұған уағыз – насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-
тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы – ақын өз кезіндегі
дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір
жағынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йсауидің өмірі
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Иасауи мен Шәкәрім мұралары
Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері
Қожа Ахмет Ясауи
Пәндер