Тегеран конференциясы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тегеран конференциясы. Одақтастар өскерлерінің Жерорта теңізі ауданына келуі Батыс Еуропада екінші майдан ашу мәселесін көтеруге мумкіңдік берді. Бұл мәселе 1943 ж. 28 қарашадан 1 желтоқсанға дейін болған Тегеран конференциясында қаралды. Бұл КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшылары И. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчилльдің бірінші рет кездесуі болатын. Конференцияның басты мақсаты 1944 жылғы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мөселесін талқылау еді. Екінші майдаңды қай жерде ашу керек деген мәселені талқылағанда, Черчилль ағылшын-американ әскерлерін Балканға жеткізуді ұсынды, ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде - Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Ф. Рузвельт Сталинді жақтады: екінші майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылдың мамырында ашылатын болды. КСРО Германия талқандалған соң Жапонияға карсы соғысқа кірісуге уәде берді. Соған орай Сталин одақтастардан Кеңес Одағының батыстағы шекараларын мойындауды талап етті.

Тегераннан қайтып келе жатқан жолда Каирде Ф. Рузвельт пен У. Черчилль Қытайдың президенті Чан Кайшимен кездесті. Олар Каир мәлімдемесіне қол қойды, онда Жапонияны бірігіп талқандау, ол басып алған Қытайдың жерлерін қайтару, Кореяға тәуелсіздік беру туралы келісті.

Кеңес әскерлерінің 1944 жылғы шабуылдары. 1944 ж. Кеңес әскерлері ірі-ірі жеңістерге жетті. Қаңтар айында Ленинград пен Новгород түбіндегі соққыдан кейін, герман әскерлері шегініп, Ленинград қоршаудан толық босатылды. Ақпан наурыз айларында Оңтүстік Бугтегі шабуылдар нәтижесінде Солтүстік Батыс Украина азат етілді. Көкек-мамыр айларында жау Одессадан, Севостопольдан, Қырымнан қуылды, 23 маусымнан 29 тамызға дейінгі аралықта неміс әскерлерінің Белоруссияда тұрған "Орталық" тобына қарсы шабуылдар жүргізідді. ("Багратиод" операциясы) . Майдан 1100 шақырымға созылды. Осы шабуылдардың нәтижесінде "Орталық" топ талқандалды, бұл герман өскерлерінің ең ауыр жеңілістерінің бірі болды.

1944 жылдың ортасында кеңес әскерлері Украина, Белоруссия, Прибалтика жерлерін толық азат етті. Кеңес Одағының Баренцтен Қара теңізге дейінгі мемлекеттік шекаралары калпына келтірілді.

Екінші майданның ашылуы. Ағылшын-американ әйкерлерінің басшылығы екі десанттық операция жоспарын жасады: "Оверлорд" ("Билеуші") операциясы - Францияның солтүстік жағалауына, Нормандияға әскер түсіру; "Энвил" ("Төс") Оңтүстік жағалауға, Марсель ауданына әсқер түсіру. 1944 ж. 6 маусымда Нормандияға ағылшын-американ әскерлерін түсіру басталды. "Оверлорд" операциясы соғыс тарихындағы ең ірі десанттық операция болды. 6 мың кеме Нормандия жағалауына одақтастардың үш ірі құрамасын жеткізді, олардың құрамында 10 танк дивизиясы болды. Десантты әуе шабуылынан 11 мың үшақ қорғады. Десант құрамында ағылшын-американ әскерлерімен қатар Канада және Францияның әскери бөлімдері болды Десантты Монтгомери баскарды. Екінші майданда соғыс қыймылдарын жүргізетін одақтастар әскерінің жалпы басшылығы американ генералы Д. Эйзенхауерге тапсырылды. 25 шілдеде Солтүстік Франциядағы герман әскерлеріне қарсы шабуыл басталды. Жеңіліске ұшыраған герман әскерлері шегінуге мәжбүр болды. 15 тамызда одақтастар "Энвил" операциясын іске асыруды бастады: Францияның оңтүстік жағалауына американ және француз әскерлері түсірілді. Олар герман әскерлеріне үдете шабуыл жасап, шегіндіре отырып, Францияның орталығына бет алды. 18 тамызда Парижде кұрулы көтеріліс басталды. Терт күннің ішінде Париж көтерілісшілердің қолына көшті, осы сәтте "Күресуші Франция" әскери бөлімдері де Парижге келіп жетті. 1944 жылдың қыркүйегіне қарай Франция жері жаудан толық тазартылды. Ағылшын-американ әскерлері Бельгия мен Нидерланды жеріне кірді. 3 қыркүйекте Брюссель азат етілді.

1944 ж. 16 желтоқсанда герман әскерлері Арденны маңында одақгастар әскеріне қарсы шабуыл бастап, 100 шақырым алға жылжыды. Алайда шабуылды одан әрі өрістетуге күші жетпей, герман әскерлері қайтадан қорғанысқа көшті.

Кеңес әскерлерінің Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы шабуылдары. 1944 ж. тамыз айында Кеңес өскері Румыния жеріне кірді. Король Михай генерал Антонескуді тұтқынға алды және Германияға соғыс жариялады 12 қыркүйекте Болгария да бітім сұрады.

1944 ж. қыркүйек айында Кеңес әскерлері Югославия жеріне жетті. Бұл кезде Югославия жерінің көп бөлігін Иосип Броз Титонның басшылығымен Югославияның Халық азаттық әскері азат етіп үлгерген еді.,

Кеңес Одағын жақтайтын топтар өкілерінен жаңа үкімет құрылды. Поляк эмигранттық үкіметі құрған "Армия Крайова" әскерімен қатар кеңесшіл топтардан құралған "Армия Людова" әрекет жасады. 1944 ж. 1 тамызда Армия Крайова Варшавада карулы көтеріліс бастады.

1944 ж. күзде кеңес әскерлері Венгрия жерінде Германияның әскерлерімен қиян-кескі шайқастар бастады. Венгвия жері 1945 жылдың көкегінде толық тазартылды.

Ялта (Крым) конференциясы. 1945 ж. 4-11 ақпанда Ялтада КСРО, АКШ, Ұлыбританияның басшьшары И. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчилль катыскан конференция болды. Конференцияда қаралған ең басты мәселе - Германияның болашағы туралы шешім қабылдау.

Кеңес Одағының Батыстағы шекараларының 1939-1940 жылдардағы өзгерістерін одақтастар түпкілікті мойындады. Кеңес Одағы Германия талқандалған соң 2-3 айдан кейін Жапонияға қарсы соғысқа кірісу туралы тағы да уәде берді.

Конференцияда азат етілген Еуропа туралы мәлімдеме қабылдаңды. Онда Еуропа халықтарына "Өздерінің қалауы бойынша демократиялық мекемелер" құруға мүмкіндік берілетіні айтылды.

Соңғы шайқастар. Германияның тізе бүгуі. 1945 ж. қаңтарда Кеңес әскерлері Висла-Одер операциясын бастады. Шабуыл Балтық теңізіңен Карпатқа дейінгі созылған орасан кең майданда жүргізілді.

І945 ж. көкек айында кеңес әскерлері Одер және Нейседегі жау шебін бұзып, Берлин бағытында шабуылын өрістетті. 1945 ж. ақпан айында ағылшын-американ әскерлері батыста шабуылға шығып, Рейн өзенінен өтіп, Рурда герман әскерлерінің 325 мыңдық тобын қоршап алды. Көкек айында бұл топ тізе бүкті Көкек айының ортасына қарай одақтастар

әскері Эльбаға шығып, Берлинге 100-200 шақырым жерде, ал Кеңес әскерлері шығыс жақтан 60 шақырым жерде тұрды. 1945 ж. 16 көкекте Кеңес әскерлері Берлин операциясын бастады, 19- 25 көкек аралығында кеңес әскерлері Берлиндегі герман әскерлерін қоршап алып, топ-топқа бөліп тастады. 25 көкекте Торғау ауданында одақтастар әскерлері бір-бірімен кездесті. 26 көкек - 8 мамыр аралығында Берлиндегі герман әскерлерін талкандау іске асырылды. Берлинде шайқас жүріп жатқанда 30 көкекте бункердегі кабинетінде Гитлер өзін-өзі өлтірді. 2 мамыр күні Берлин гарнизоны тізе бүкті. Батыстағы герман әскерлері 7 мамырда Реймсте тізе бүгу туралы хаттамаға қол қойды. 8 мамырдан 9 мамырға караған түнде (0 сағат 43 минутта) маршал Г. Жуков Берлинде Германияның тізе бүгуі туралы кұжатқа қол қойды. 9 мамыр күні кеңес әскерлері Прагадағы көтерілісшілерге көмекке келді. Сол күні Прага басқыншылардан азат етілді.

Потсдам (Берлин) конференциясы. 1945 ж. 17 шілде - 2 тамыз аралығында Берлиннің түбіндегі Потсдам каласында КСРО, АКШ, Ұлыбритания басшылары қатысқан үшінші конференция өтті. Конференцияға И. В. Сталин, Г. Трумэн, У. Черчилль (28 шілдеден кейін жаңа премьер-министр К. Эттли) катысты.

Конференция шешімі бойынша, фашистік соғыс қылмыстыларын соттау үшін Халықаралық Әскери Трибунал құрылды Конференцияның Германияға репарациялар төлету туралы шешімдерінде Кеңес Одағының орасан зор шығынға ұшырағаны ескеріліп, оған Шығыс Германиядан алынатын төлемдерді түгелдей иемденуге және Германияның батысындағы американ, ағылшын оккупациялық белдеулерінен алынатын өнеркәсіп қүрал-жабдықтарының 25 %-ін пайдалануға рұқсат берілді. Жапонияның тізе бүгуі. Екінші дүниежүзілік соғыстың айқалуы. 1944 ж. қаңтарда американ қарулы күштері Маршалл аралдарын азат ету шабуылдарын бастады. Маусым айында Трук аралында ең үлкен теңіз шайқастарының бірі болды, оған екі жақтан бір жарым мыңнан астам үшақтар қатысты 1944 ж. күзде соғыс барысын өз пайдасына шешуден үміттеніп Филиппин аралдарында Жапон әскерлері шабуылға шықты. Жапондар камиказде (өлімге бас тіккен үшқыштар) және жүзгіш бүлдіргіштерді пайдаланып, американ әскерлерін үлкен шығынға үшыратты. Алайда жапон әскерлері шабуыл бастамасына ие бола алмады. 1945 жылдың басында олар Жапонияның өз жері мен оған апаратын су жолдарын ғана қорғауға мәжбүр болды. АКШ соғыс-теңіз күштері басым болды, бірақ Жапонияның 7 миллион құрғақтағы әскерлері бар болатын. І945 ж. жазда американ карулы күштерінің басшылары"Жапонияға қарсы жаңа каруды (атом бомбасы) қолдану арқылы, оны тізе бүктіру туралы шешім кабылдады. 6 тамызда Хиросимаға, 9 тамызда Нагасакиге атом бомбасы тасталды. 1945 ж. 8 тамызда КСРО Жапонияға соғыс жариялады. 9 тамызда кеңес әскерлері Маньчжуриада Жапонияның Квантун әскеріне карсы 1945 ж. 2 қыркүйекте Токио шығанағында американдық "Миссури" кемесінде Жапонияның сөзсіз тізе бүккені туралы құжатқа қол қойылды. Осылайша екінші дүніиежүзілік соғыс аяқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Потсдам конференциясында
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Тегеран, Қырым және Потсдам конференциялары
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz