СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Табиғи сұрыпталу және қолдан сұрыптау
2.2. Өзгергіштік
2.3. ДНҚ құрылысы және қызметі
3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиет
Қазіргі заманғы органикалық эволюция ілімі биологиялық ғылымдардың теориялық негізі ретінде сол жеке ғылымдардың жетістіктерін жинақтауышы болып табылады. Эволюция теориясы тұрғысынан алғанда, алуан салалы тірі табиғаттың бәрі өзара байланысты үш фактордың — туқым қуалаудың, өзгергіштіктің және табиғи сұрыпталудың — әрекетінің нәтижесі болып табылады. Эволюцияның бұл үш факторын кезінде Ч.Дарвин ашты. Бірақ дарвиндік эволюция теориясынан қазіргі заманғы эволюция теориясының бірқатар айырмашылықтары бар. Мәселен, дарвиндік теория эволюцияның басталатын қарапайым құрылымдық (структуралық) негізі ретінде түрді немесе жеке организмді алған болса, қазіргі теория эволюция басталатын структуралық негіз популяция деп есептейді, өйткені эволюциялық өзгерістер түрден гөрі популяциялық деңгейде айқынырақ байқалады екен.
Қазіргі заманғы эволюциялық теорияның дарвиндік эволюция теориясынан тағы бір айырмашылығы – қазіргі теория эволюцияның элементарлык құбылысының негізі ретінде популяция генотипінің тұрақты өзгерісін алуында. Ч.Дарвин мен одан кейінгі теоретиктер атап көрсеткен эволюцияның негізгі факторларына (өзгергіштікке, тұқым қуалау және тіршілік үшін күреске) қазіргі кезде басқа көптеген негізгі емес факторларды қосты. Солардың бірі популяциялық толқын теориясы болса, екіншісі - мутацияпық процестер. Мутациялық процесс деп генетикалық биологияда гендердіц өзгерісін айтады. Мутациялық өзгерістер популяциядағы жеке организмдердің алуан түрлі болуының негізі деп саналады.
Мутация дегеніміз - организмнің бойындағы қасиеттердің, белгілер мен ерекшеліктердің өзгерістерін айқындап беретін тұқымқуалаушы өзгерістер. Мутациялар кездейсоқ пайда болатындықтан, олардыц нәтижесі айқынсыз болады. Алайда, кездейсоқ өзгерістер организм үшін пайдалы болса, онда олар қажетті қасиетке айналып, организмнің тіршлік үшін күресінде жеңіп шығуына, яғни, тірі қалуына көмектеседі. Бірнеше ұрпақтар бойы қайталана, нығая келе, ол кездейсоқ өзгерістер тірі организмдердің және олардың популяциялары құрылымының өзгерісін тудырады, сөйтіп, ақыр соңында жаңа турлердің шығуына алып келеді.
1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 1998 ж. 7 том
3. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Оқу құралы/ Тұрғынбаев Ә.Х. – Алматы: «Білім», 2003
4. ДНҚ [Электронды ресурс]: онлайн энциклопедия. URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/ДНҚ

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Мазмұны:
1. Кіріспе 3
2. Негізгі бөлім 5
2.1. Табиғи сұрыпталу және қолдан сұрыптау 5
2.2. Өзгергіштік 7
2.3. ДНҚ құрылысы және қызметі 8
3. Қорытынды 10 4. Пайдаланылған әдебиет 11


КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы органикалық эволюция ілімі биологиялық ғылымдардың теориялық негізі ретінде сол жеке ғылымдардың жетістіктерін жинақтауышы болып табылады. Эволюция теориясы тұрғысынан алғанда, алуан салалы тірі табиғаттың бәрі өзара байланысты үш фактордың -- туқым қуалаудың, өзгергіштіктің және табиғи сұрыпталудың -- әрекетінің нәтижесі болып табылады. Эволюцияның бұл үш факторын кезінде Ч.Дарвин ашты. Бірақ дарвиндік эволюция теориясынан қазіргі заманғы эволюция теориясының бірқатар айырмашылықтары бар. Мәселен, дарвиндік теория эволюцияның басталатын қарапайым құрылымдық (структуралық) негізі ретінде түрді немесе жеке организмді алған болса, қазіргі теория эволюция басталатын структуралық негіз популяция деп есептейді, өйткені эволюциялық өзгерістер түрден гөрі популяциялық деңгейде айқынырақ байқалады екен.
Қазіргі заманғы эволюциялық теорияның дарвиндік эволюция теориясынан тағы бір айырмашылығы - қазіргі теория эволюцияның элементарлык құбылысының негізі ретінде популяция генотипінің тұрақты өзгерісін алуында. Ч.Дарвин мен одан кейінгі теоретиктер атап көрсеткен эволюцияның негізгі факторларына (өзгергіштікке, тұқым қуалау және тіршілік үшін күреске) қазіргі кезде басқа көптеген негізгі емес факторларды қосты. Солардың бірі популяциялық толқын теориясы болса, екіншісі - мутацияпық процестер. Мутациялық процесс деп генетикалық биологияда гендердіц өзгерісін айтады. Мутациялық өзгерістер популяциядағы жеке организмдердің алуан түрлі болуының негізі деп саналады.
Мутация дегеніміз - организмнің бойындағы қасиеттердің, белгілер мен ерекшеліктердің өзгерістерін айқындап беретін тұқымқуалаушы өзгерістер. Мутациялар кездейсоқ пайда болатындықтан, олардыц нәтижесі айқынсыз болады. Алайда, кездейсоқ өзгерістер организм үшін пайдалы болса, онда олар қажетті қасиетке айналып, организмнің тіршлік үшін күресінде жеңіп шығуына, яғни, тірі қалуына көмектеседі. Бірнеше ұрпақтар бойы қайталана, нығая келе, ол кездейсоқ өзгерістер тірі организмдердің және олардың популяциялары құрылымының өзгерісін тудырады, сөйтіп, ақыр соңында жаңа турлердің шығуына алып келеді.
Эволюцияның жоғарыда аталған негізгі және негізгі емес факгорлары бірі мен бірі өзара әрекеттестікте және байланыста әсер етеді. Бірақ, олар жеке-дара әрекет етсе де, бірлесе әрекет етсе де, эволюциялық процестің механизмі мен қозғаушы
күшін айқындап бере алмайды. Ондай күш популяция мен сыртқы ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылатын табиғи сұрыпталуда жатыр. Сұрыпталудың негізгі объектісін популяциялар құрайды, ал сыртқы орта жағдайлары мұндай сұрыпталу мүмкіндігіне шек қояды, өйткені тірі организмнің көбею мүмкіндігі аса жоғары болғанымен, сыртқы ортаның территориялық, климаттық, географиялық, қоректік және т.б. жағдайлары мардымсыз болуы мүмкін. Міне, осы сыртқы орта мен организмнің тірі қалу үшін күресі арасыңдағы ішкі қайшшылық эволюциялық дамудың мазмұнын құрайды.
Тірі системалардың ұйымдасуының түрлі деңгейлеріндегі ішкі қайшылықтар олардың дамуының қозғаушы күші болгандықтан, "тіршілік үшін күрестің" сипатын анықтап береді. Популяция деңгейінде ол қайшылықтар жеке организмдердің бірлігі мен күресі формасында көрінсе, түрлік деңгейде түрді кұрайтын популяциялар бірлігі және олардың арасындағы бәсекелестік формасында көрінеді, ал бұл - түрдің қалыптасуының себебі болуы мүмкін. Сөйтіп, табиғи сұрыпталу эволюциялық өзгеріске бағыт сілтейтін негізгі фактор болып табылады. Бұл факторлар тек популяциялық және түрлік деңгейлерде ғана емес, сондай-ақ түрден жоғары түраралық, яғни, өсу ретіндегі орналасқан деңгейлерде де әрекет етеді.
ТАБИҒИ СҰРЫПТАЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАН СҰРЫПТАУ
Табиғи сұрыпталу - табиғи популяцияларға тән үдеріс. Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесі үшін жүргізеді. Чарльз Дарвин теориясының пайда болуына тарихи алдын ала жағдайлардың бірі - XIX ғасырдың басы мен ортасында Англиядағы өнеркөсіптік төңкерісі. Сол кезде ауыл шаруашылық өндіріс тұңғыш рыноктың талабына тез және тиімді жауап қайтаруға үйренді. Үй хайуанаттарының жаңа қолтұқымдары және өсімдіктер жаңа іріктемелері көптеп шығарылды. Сонымен бірге өндірушілер бір маусымда (керме аралығындағы мерзім - бір жыл) қалаған белгілері бар жануарларды немесе өсімдіктерді шығаруға қол жеткізді. Бұдан соң гүлдердің ғажап түсі мен пішіндері сәнге айнала салысымен қалаған белгілері бар толып жатқан өсімдіктер кермелерден орын алды. Жылма-жыл орасан қосымша салмак беретін ірі қаралардың бірегей қолтұқымдары шығарылды.
Сұрыптау - бұл адам басқаратын эволюция. Адам қандай да бір іріктемені (қолтұқымды) шығару үшін пайдаланатын белгілер дарақтардың жалпы тіршілікке бейімділігін едәуір төмендете алады. Көптеген қолтұқымды иттерде иммунитет әлсіреп, ауруға көбірек шалдығады. Алайда, адам олардың ата тектерін тіршілікке бейімділік дәрежесі бойынша емес, сыртқы бітім сапасы бойынша сұрыптады. Мәдени өсімдіктердің барлық түрлері адам араласпаса, тіршілік үшін күресте өздерінің жабайы туыстарынан ұтылады. Олар жеміс мөлшері немесе гүлінің сәнділігі, тағы басқа белгілері бойынша сұрыпталды. Адам жағымсыз белгілері бар өсімдіктерді іс жүзінде көбеюден үнемі толық қағыс қалдырады.


Белгілері
Қолдан сұрыптау
Табиғи сұрыпталу
1.
Кім жүргізеді?
Адам
Табиғат
2.
Нәтижесінде қайсысы тірі қалады?
Адамға қажетті белгісі бар дарақтар
Қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделетін дарақтар
3.
Тіршілікке бейімділік дәрежесі
Төмен
Жоғары
4.
Үдеріс жылдамдығы
Бірнеше жылдан бірнеше ондаған жылдарға дейін
Жүздеген немесе мыңдаған жылдар
5.
Әр түрлі жылдамдықта болу себептері
Жағымсыз белгілері бар бірде-бір дарақ көбеюге рұқсат етілмейді
Көбеюге ұзак уақыт жағымсыз белгілері бар дарақтар (оңай кездейсоқтық) қатыса алады
6.
Қандай жаңа формалар түзіледі?
Әсімдіктер іріктемесі және жануарлар қолтұқымы
Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түршелері және түрлері
7.
Жаңа формалардың генетикалык дербес жекеленушілігі
Төмен. Бір түрдің әр алуан іріктемелерімен және қолтұқымдарымен арасында жұптасу (шағылысу) болады жөне тіршілікке бейім, өсімтал бұдан алынады
Жоғары. Тіпті жақын туысты түрлер арасында жұптаса (шағылыса) алмайды немесе жұптасса (шағылысса) ұрпағы тұкым бермейді

8.
Сұрыптауға арналған материал
Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дарактар
Тұқым қуалайтын өзгергіштіті бар дарақтар
9.
Сұрыпталу типтері
Бір тип
Үш тип

1-кесте. Сұрыптау түрлерін салыстыру
ӨЗГЕРГІШТІК
Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы. Өзгергіштік организмнің немесе клетканың жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизруптивті сұрыпталу
Эволюциялык идеялар
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары
Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Өсімдіктану (ботаника)
Адамның дамуы, геннерализациялау, демография
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюциялық генетика
Дарвиннен кейінгі кезенде эволюциялық ілімнің дамуы
Пәндер