Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері


Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері. Биосфера және ноосфера концепциялары. Биосфера мен ноосфера ұғымдары. Табиғат -биосфера- адам.

Мазмұны:

1. Кіріспе 3
2. Негізгі бөлім 5
2. 1. Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері 5
2. 2. Биосфера ұғымы, мәні 7
2. 3 Ноосфера туралы ілім. Адамзат және табиғат 9
3. Қорытынды 11
4. Пайдаланылған әдебиет 12

КІРІСПЕ

«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы…». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір « бейнәруызды тіршілік » формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.

Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді. Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы заттары: жасушалар, ұлпалар және мүшелер. Олар тек бірімен-бірі өзара әрекеттесіп, өздігінен ұрпақ беретін және дамитын тірілік қасиеттеріне тән біртұтас ағза түзеді. Даралар популяцияларға бірігіп, популяциялар биоценозды құрып, биосфера - жердің тіршілік қабаты - жоғарғы сатыда тұрады. Сондай-ақ, ХХ ғ. Ортасынан бастап жаңа деңгей қарастырылған болатын. Ол ноосфера ( гр. Νόος - сана және σφαῖρα - орта, шар ) деп аталады.

“Биосфера” деген терминді тұңғыш рет 1875 жылыа встриялық геолог Э. Зюсс пайдаланған болатын. Биосфера деп барлық тірі организмдердің тіршілік ортасымен бірге алғандағы жиынтығын түсінеді. Ал “қоршаған сыртқы орта ” географиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек ұғым - оның көлеміне Жердің сырт бедерімен катар ішкі байлығы да, Күн жүйесінің адамның іс-әрекетіне қатысты бөлігі де және адамның өзі жасаған материалдық дүние де кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі бөліктен - табиғи және жасанды орталардан тұрады.

Алғашында биологгар биосфера деп біздің планетамызда тіршілік ететін тірі организмдердің жиынтығын ғана түсініп келді. Биосфераның басты екі құрамдас бөлігі - тірі организмдер және олардың тіріиілік ортасы бар екені және олар біртұтас динамикалық система құрайтын органикалық бірлікте, үздіксіз өзара

әрекеттестікте болатыны кейіннен анықталды. Биосфера - бірнеше кіші системалардан тұратын глобальдық ірі жүйені білдіретін кең ұғым.

Биосфера туралы ілімді ғылымда жан-жақты зерттеушілердің бірі көрнекті орыс ғалымы В. И. Вернадский болды. Ол өзінен бұрынғы басқа зерттеушілер сияқты, биосфера ұғымын тек “тірі заттарга” ғана қолданып қойған жоқ. Биосфераға ол тірілердің бүкіл өмір сүру барысында жиналған өнімнің бәрін жатқызды. “Мәдени өнім” әсіресе қала өмірінде айкын көзге түседі: адамның соңғы 2-3 ғасырда салған үйлерінің негізі (фундаменті) бірнеше метр жер ішіне еніп кеткен. Қарашірікпен (гумуспен) және басқа органикалық қоректік заттармен байытылған топырақ жаңа тіршілік иелерінің пайда болып, дамуына жағдайлар жасайды.

Саналы, ақыл-парасатты тірі жан ретінде адамның пайда болуы тек биосфераны ғана емес, сондай-ақ оның планеталық сипатын да түбірлі өзгеріске ұшыратты: тірі организмнің сыртқы ортаға жай бейімделуінен ақыл-парасатты іс-әрекетке көшуі, табиғи ортаны мақсатқа сай біртіндеп өзгертуге көшу басталды. Адамның саналы іс-әрекетінің табиғатқа тигізген орасан зор әсерін зерттеудің нәтижесінде ноосфера туралы ілім пайда болды. “Ноосфера” деген терминді грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда «noos» - ақыл-ой дегенді білдіреді екен, яғни, ақыл-ойдың тараған сферасы (саласы) деген мәнді білдіреді. Бұл терминді 1927 ж. тұңғыш ғылыми терминологияға енгізген француз ғалымы Э. Леруа болды.

ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

“Тірі” категориясының мәнін дұрысырақ ұғыну үшін, оның құрылымын, оны құрайтын элементтер мен бөлшектерді талдап көрсетудің маңызы зор. Құрылымдық немесе системалык талдау тірі дүниенің аса алуан түрлілігін, яғни, оның құрылысы өте күрделі екенін көрсетті. Тірі дүниені әртүрлі белгілері бойынша түрлі деңгейлерге, немесе кіші системаларға, жіктеуге болады. Тірі табиғат құрылымының жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдақты бейімделу арқылы құрылатын қатармен сипатталады.

Жоғарыда аталған деңгейлердің әрқайсысы түрлі құбылыстар ауқымында, жоғарыда және төменде орналасқан деңгейлердің өзара қатынас ерекшеліктеріне, түзіліс және жаратылыс ұстанымдарына байланысты өзіне тән айрықша заңдылықтармен ерекшеленеді.

Тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасушаның бактерия, біржасушалы балдыр, кірпікшелілер тәрізді дербес ағзалар болуы мүмкін. Бактерия жасушасы өте қарапайым, ал біржасушалы қарапайым жәндіктің құрылысы күрделі. Жасуша құрылысының қандай болғанына қарамастан тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму және т. Б. ) көрсетеді.

Көпжасушалы ағза құрамындағы жасушалар, ұлпалар немесе мүшелердің алғашқы заттары болғандықтан, арнаулы бағытқа катаң бағытталады. Олардың ерекшелігі - белгілі қызмет атқарады және ағзадан тыс өмір сүре алмайды (мысалы, жүйке ұлпасының, бұлшықеттердің және т. Б. жасушалары) .

Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады.

Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері мынадай сатылардан тұрады (1-кесте) : молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер.

Деңгейлер
Құрылымы
Қай ғылым зерттейді
№: 1.
Деңгейлер: Молекулалық, жасушалық, жасушаішілік
Құрылымы: ағза жасушалары, сондай-ақ біржасушалардың жасушаішілік құрылымдары молекулалардан құралады
Қай ғылым зерттейді: генетика, химия, физика
№: 2.
Деңгейлер: Мүшелік-ұлпалық
Құрылымы: көпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан құрылады
Қай ғылым зерттейді: цитология гистология
№: 3.
Деңгейлер: Ағзалық
Құрылымы: жеке дарақтардан құралады
Қай ғылым зерттейді: өлкетану, зоология, вирусология, анатомия, физиология, морфология
№: 4.
Деңгейлер: Популяциялық-түрлік
Құрылымы: белгілі бір дарақтары өзара еркін шағылысады
Қай ғылым зерттейді: экология, эволюциялық ілім, математика, генетика
№: 5.
Деңгейлер: Биогеоценоздық (шет елдерде мұны экологиялық жүйе деп те атайды)
Құрылымы: зат алмасу және қуат алмасу негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі, жүйе
Қай ғылым зерттейді: экология және жалпы биологиялық ғылымдар
№: 6.
Деңгейлер: Биосфералық
Құрылымы: Барлық биогеоценоздардың жиынтығы. Жердегі барлық құбылыстыр кіреді
Қай ғылым зерттейді: экология, физика, химия, геология, география

1-кесте. Тіршіліктің жаратылу деңгейлері

БИОСФЕРА ҰҒЫМЫ, МӘНІ

Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді.

Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. Сондай-ақ адамның әрекетімен тікелей байланысты жаңа қабат - ноосфера туралы айта кеткені жөн, алайда оған кейін тоқталамыз.

Биосфераның бөлімдері:

  1. Атмосфера;
  2. Гидросфера;
  3. Литосфера;
  4. Ноосфера.

Атмосфера (гр. Ατμός - «ауа» және гр. Σφαῖρα - «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Гидросфера (гр. Һуdor - су, spһаіrа - шар) - 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы.

Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары - өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0, 4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді.

Литосфера - жер қабығы (грек. Lithos - тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша, биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды. Биосфера, оның принциптері жайлы сөз қозғағанда, В. И. Вернадский ең алдымен тірі организмнің тіршілігін және оның қызметін анықтап алады. Тірі организм жер қыртысының айырғысыз бөлігі және оны өзгертуші себебі болып табылады. Организмдер өзденесін құрайтын химиялық элементтерді сыртқы ортадан алады да, өлгеннен кейін және даму барысында қайырып береді. Сөйтіп, тірі мен өзгермейтін өлі зат өзара үздіксіз қарым-қатынаста, химиялық элементтердің айналымында болады. Бұл жағдайда тірі зат негізгі система құрушы фактордың міндетін атқарып, биосфераны біртұтас системаға біріктіреді. Биосфераның дамуы тірі организмдер мен сыртқы ортаның қарым-қатынасының тереңдей түсу жолымен жүреді. Эволюцияның барысында тірі мен өлінің өзара әрекеттесуі және өзара тәуелділігі нығая түседі, сөйтіп, біртіндеп бүкілпланеталық интеграциялык процесс іске асады. Бұл интеграцияны В. И. Вернадский биосфераньщ ішкі мәні деп санады.

НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ. АДАМЗАТ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

Ноосфера туралы ілім В. И. Вернадскийдің еңбектерінде де тұжырымдалған, сондықтан ол бұл ілімнің негізін салушылардың бірі деп саналады. Вернадский ноосфера мәселерімен ХХ ғ. 30 жылдардың басынан бері айналыса бастады. Ол “ноосфера” ұғымын адамның ақыл-парасатгы қызметімен байланыста қарастырады: 1) адам дүниені өзгертуші аса ірі геологиялық күшке айналған кездегі планетаның күйі; 2) ғылыми ойдың пәрменді көрінісінің түрі және 3) биосфераны өзгертудің басты факторы ретінде.

Қазіргі кезде ноосфера деп адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сферасын түсінеді - бұл арақатынаста адамның саналы қызметі дамудың басты шешуші факторына айналады. Ноосфераның құрылымында: бүкіл адамзатты, қоғамдық системаларды, ғылыми білімдердің жиынтығын, техника мен технологияның жиынтығын атап көрсетуге болады. Бұл құрылымды биосферамен үйлесімді бірлікте қарау ноосфераның дамуы мен орнықты өмір сүруінің негізі болып табылады. Бұл бірлікті дұрыс түсіну үшін табиғат пен биосфераның адамға тигізетін әсерін және адамның табиғатқа кері өсерін карастырып көрелік.

Адам, коғам табиғатпен айырғысыз байланысты, өйткені олар табиғатган тыс және оның ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы.

Адамның қоршаған ортамен байланысы әсіресе материалдық өндіріс саласынан айқын көрінеді. Табиғат байлықтары, әсіресе қазба байлықтар материалдық өндірістің және жалпы алғанда, қоғам өмірінің табиғи негізі болып табылады. Сондықтан, адамзат тіпті “табиғаттан жоғары” тұрса да, материалдық өндірістің, өндірістік еңбектің нәтижесі болып табылатын өнімсіз өмір сүре алмайды. Табигат адам мвн жалпы қогамның табиги тіршілік негізі болып табылады.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең - заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең - тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. Бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі - адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі - қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі болып табылады. Ноосфера - табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің ұйымдасу деңгейі
Тіршіліктің пайда болуы мен мәні, негізгі белгілері
Эволюциялық биология
Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар. Дәрістер
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері
Белоктардың биосинтезі және оны реттелуін зерттеу
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Сөз тіркесі синтаксисі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz