Білім алушының танымдық қызметінің пәрменділігін арттыру әдістерін үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

“Сырдария” университеті

“Жаратылыстану және Математика” факультеті

“Математика-14”тобы

“Математиканы оқыту әдістемесі”

пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы:

Орындаған: Шәмші Г

Қабылдаған: ғ. м. Саулебаев Б

Жетісай-2017 жыл

Білім алушының танымдық қызметінің пәрменділігін арттыру әдістерін үйрету

Білім беру жүйесінің алдындағы қазіргі басты мақсат - бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Танымдық әрекет дегеніміз білім алушының ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі. Ал танымдық қабілет дегеніміз жеке тұлғаның білу, түсіну, қолдану, талдау, зерделеу т. б. сияқты іс-әрекет атқарудағы икемділігін айқындайтын өзіндік психологиялық ерекшелігі болып табылады. Сонымен таным дегеніміз не? «Таным - объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыратын қоғамдық іс-әрекет барысы. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция) ». Педагогикалық - психологиялық тұрғыдан алғанда, білім алушының танымдық қабілеттерін танымдық әрекетін ұйымдастыру арқылы қалыптастырып дамытуға болады.

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында: «Қазақстан 2050» бағдарламасындағы: «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес білім алушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Білім алушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-әр оқу орнының міндеті. Сол себепті білім мазмұнын оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізінде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, білім алушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.

Білім алушылардың танымдық белсенділігін ізденімпаздылығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген ғасыр көшбасшысы интеллектуалды бағдарламасы, жұлдызды сағат т. б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр оқытушы қолдана білсе, білім алушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады. Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды.

Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы шарты болатын нышандарын оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Яғни мұндағы танымдық қабілет бұл білім алушының қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту. Тек оны дамыта білу әр оқытушының міндеті

Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтты. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Б. Г. Ананьев пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетке «іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жететін психологиялық қасиет» - деген анықтама берген. Ақыл-ой қабілеттің алғы шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды жасайды. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады.

Педагогикалық үрдісте білім алушы мен оқытушының арасындағы өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әр түрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің өнімділігін тиімді арттыру мақсатында бағытталған, яғни мұнда білім алушының танымдық мүмкіндігі, жеке адамның белсенді танымдық қабілеттігі ескерілмейді.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір оқытушының басты міндеті. Олай болса, қазіргі оқытушылар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде оқытушылар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Танымдық қабілет білім алушының белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатына жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдерімен ұштастыру қажеттігін туғызып отыр.

Білім алушының танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқыту әдістері мен дидактикалық, ақпараттық-коммуникативтік құралдардың балалардың жас ерекшеліктеріне сай келуі педагогикалық жағдай жасауды қажет ететін үдеріс.

Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан білім алушылар оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, білім алушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Білім алушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту әдістері
Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі
Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу
Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz