СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ



1 Солтүстік Америка материгінің өзендер жүйесі
2 Солтүстік Американың көлдері
3 Ұлы көлдердің негізгі өлшемдері
Солтүстік Америка материгінің өзендер жүйесі климаттық жағдайы мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардын басым бөлігі Солтүс- тік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендер жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені - Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүниежүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде «су атасы» дегенді білдіреді. Миссисипи жауын-ша¬шын әртүрлі сипатта түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзенмен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекеңдер мен егістік жерлерді су алып көтеді.
Миссисипидің ең үлкен саласы - Миссури атауы үндіс тілінде «тұнбалы өзен» дегенді білдіреді, шындығында да, ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Миссури қосылғаннан кейін де Миссисипи суы көбеймейді тек Огайо саласы қосылғаннан кейін ғана оның су шығыны 1,5 есе көбейеді. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап. Мексика шығана-ғына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м-ге ұлғайып отырады.
Аппапачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады, олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатын-дықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күшті су электр станцияларында пайдаланыла¬ды. Теннесси өзені бойында 20-дан астам су электр станциялары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан[1].
1. Әбілмәжінова С.Ә. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.- Алматы, 2013ж.
2. Власова Т.В., Аршинова М.А., Ковалева Т.А. Физическая география материков и океанов. -Москва: Академия, 2005г
3. Притула Т.Ю. Еремина В.А. Спялин А.Н. Физическая география материков и океанов. – Москва: ВЛАДОС, 2003г.
4. Еремина В.А., Притула Т.Ю., Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.-М: ВЛАДОС, 2005г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: 910: 378 (078)
СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ

Қылыш Г. Ә. - География мамандығының студенті
Исмайлова К.Б. - ғылым магистрі, аға оқытушы
Сырдария университеті

Резюме
В статье рассмотрены внутренние воды Северной Америки. Материк северной Америки богат реками, многоводными, глубокими пресноводными озерами. Запасам воды Северная Америка занимает третье место после Южной Америки и Евразии.
Summary
The article discusses the inland waters of North America. The continent of North America is rich in rivers, abounding, deep freshwater lakes. Water supplies North America ranks third after South America and Eurasia.

Солтүстік Америка материгінің өзендер жүйесі климаттық жағдайы мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардын басым бөлігі Солтүс- тік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендер жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені - Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүниежүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде су атасы дегенді білдіреді. Миссисипи жауын-ша - шын әртүрлі сипатта түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзенмен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекеңдер мен егістік жерлерді су алып көтеді.
Миссисипидің ең үлкен саласы - Миссури атауы үндіс тілінде тұнбалы өзен дегенді білдіреді, шындығында да, ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Миссури қосылғаннан кейін де Миссисипи суы көбеймейді тек Огайо саласы қосылғаннан кейін ғана оның су шығыны 1,5 есе көбейеді. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап. Мексика шығана-ғына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м-ге ұлғайып отырады.
Аппапачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады, олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатын-дықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күшті су электр станцияларында пайдаланыла - ды. Теннесси өзені бойында 20-дан астам су электр станциялары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан[1].
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі - Макензи, ол материктің солтүстігі арқылы ағын өтеді. Үндістер Үлкен өзен деп атайтын бұл өзен қар суы - мен қорекіеиеді жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында, көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе, төменгі ағысында мұз қамаулары пайда бо - лады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендер жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық, мұхит алабына Кордильердің батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзен - дері - Колумбия мен Колорадо Кордильердің шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын кесіп өтіп, терең шатқалдар жасай-тын бұл өзендерде судың құлау күшінің мол қоры бар. Әсіресе, Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен Ка - ньон дүние-жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.
Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен Алап және Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды көл орналасқан. Әсіресе, құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршақтары ұлғаяды[2].
Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде шоғырланған. Мұндағы көл қазан шұнқырларының барлығы дерлік жердің ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұнқырлары мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бұл көлдерді мұздың-тектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлдер бір-бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.
Материктің солтүстік-шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер - Ұлы көлдер жүйесін құрайды. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендеп отырады.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде Үлкен айырма болатын-дықтан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені кемелерден құлап ағып, дүние-жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200 м, биіктігі 51 м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде гүрілдеуік су деген мағына береді. Шындығында да судың түрлі 25 км қашықтықтан да естіледі. Бұл сарқыраманың ғаламат көрінісін тамашалауға. Жер шарының түкпір-түкпірінен жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Бірақ суда тез еритін әктастардан құралған сарқырама кемерлері қазіргі кезде жойқын судың шаюынан біртіндеп аласарып, Эри көліне қарай шөгінуде.
Табиғаттың осы бір сирек кездесетін көрінісін сақтап қалу болашақ үшін қажет. Маңында өнеркәсіптті ірі қалалар жиі шоғырланғандықтан Ұлы көлдердің суы қатты ластанған. Сондықтан оларды тазарту, әсем табиғатын сақтап қалу бағы - тын да жұмыстар жүргізілуде
Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Оңтүстік Америка
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Солтүстік Америка
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Солтүстік Американың географиялық орны
Оңтүстікке қарай
Америка құрамы
Пәндер