Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы


ӘӨЖ 81’271. 2
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
Еренбай Б. Р. - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті
Ғылыми жетекшісі: Байболова А. Ж. - ғылым магистрі, аға оқытушы
«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы
Резюме
Пологая важность культуры в публичном выступлении
Summary
Putting tһe importance of culture in a public speecһ
Кейде көпшілік алдына шыққанда қысылып, ұялып немесе айтатын сөзімізді ұмытып қалатын сәттер болады. Ол үшін алдын ала дайындалудың маңызы зор. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық:
- Алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз. Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.
- Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады. Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға тоғыстырыңыз.
- Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.
- Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.
- Мәтінге сүйене отырып сөз сөйлеуге де болады. Мәселен, статистикалық мәліметтер есіңізден шығып кетуі мүмкін. Ол үшін айтар ойыңызды жинақтап жазған парағыңыз көмекке келері сөзсіз. Ал жазусыз сөйлеуге дайындалу - ол сіздің көпшілік алдында сөйлей білу өнеріңіздің жоғары екенін байқатады.
- Шешендік өнердің қыры мен сырын (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениеті) мүлтіксіз меңгеруіңіз керек. Дауысыңызды диктофонға жазып, қайта тыңдап көрудің де маңызы зор. Айна алдында қимыл-қозғалысыңызды тексеріп көріңіз. Айтатын тақырыбыңызға немесе ойыңызға қарай киіну стиліңізді де дұрыс таңдай біліңіз.
- Аудиторияның тұтқиылдан қойған сұрақтарына тапқыр жауап беру, білім-ғылым бәсеке таласын ұйымдастыра білуге дайындалыңыз. Егер топ алдында, бұл сөзге немесе сұраққа дайын емес едім, я болмаса жүйрік тілді шешендігім жоқ еді деген сылтаулар айтар болсаңыз, ол сіздің абыройыңызға сын болады.
- Айтатын тақырыбыңа орай мысалдар, мақал-мәтелдер, дәйек сөздер жаттап алыңыз. Бұл сіздің айтар ойыңызды көркем жеткізуге септігін тигізеді.
Өз алдыма тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы, орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы, нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек. Жұмыстың келесі кезеңінде тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп, талдау төмендегідей қорытындыға әкелді. Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту - тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек. Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі.
Тіл - жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз - бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т. б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн « ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз » деп тауып айтқан[2, 177б] .
. . . Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі - шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: « . . . аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің . . . », ал мексика халықтарында « сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын » десе, үнді заңында « қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын » делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік[3, 41-43] .
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette - Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т. б. түрлерді атауға болады[1, 214] .
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам - қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі[5, 7] . «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т. б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді»[6, 25] .
Сыпайылық ағыл. politeness - әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын , қазіргі кезде сөйлеу этикетінің әдебінің мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады.
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейін. Бірсыпыра замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен Байзақовада тұрамын», «Мақатаевадан трамвайға мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? - десең, «әдет қой» дейді[4, 10] . Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали әйел болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді? Енді бірде студенттер мен мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер ( жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т. б. ) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.
Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер:
мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері;
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы) ;
3. Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т. б. )
«Сөйлей білу - өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.
Әлеуметтік мәртебе құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т. б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т. б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді. Тағы да бір үлкен ерекшелік - тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады. Жалпы, біз осыған байланысты адамдарды әлеуметтік мәртебелеріне қарай төмендегідей топтастырдық:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz