Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу



Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.10
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар ... 10.15
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы ... ... ... ... ... ... ... 15.16
1.5 Ақпараттық жүйенің декомпозиция сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24
2.2 Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
2.3 Шығыс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.27
2.4 Программалық жабдықтау сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр[1].
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл фирмалар. Міне, сондықтан да , бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жасау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінші азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпаратық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық үрдіс[2].
Мен осы курстық жұмысымда фирманы басқарудың дұрыс жолдарын, кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел басқарушылық шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- фирманы негізгі қорларың есептеудың дұрыс және тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және фирманың ыдырауына жол бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға анағұрлым салмақты қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.
Іскерлік белсенділік деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне, соның ішінде өндірістік-өткізу жүйесі себептесетін әрекерттердің жиынтығын түсіну қажет.
Іскерлік белсенділікті сандық бағалау дәстүрлі түрде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады- жоспардың орындалу дәрежесі бойынша және ресурстарды қолдану тиімділігінің деңгейі бойынша.
XXI ғасырда ауқымды және жақсы сапалы, дамыған фирманы басқарудың ақпаратты жинаудың қажеттігін негізделген үш бағыт бойынша қарастырылады:
1. Фирма өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады және басқарушылар барлық клиенттерін тікелей компьютер арқылы басқара алады;
2. Табыстарының өсуіне байланысты сатып алушылардың тауарларды таңдау талғамы артады;
3. Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру; [3]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан-2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан, 11 қазан 1997 жыл.
2. Закон РК. Об информатизации// Казахстанская правда, 14 мая 2003 г.
3. Моисеева Н. Маркетинговые технологий в обеспечений деловой активности организаций.// Проблемы теории и практики управления - 2002. - №6-с. 91-98.
4. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
5. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
6. Данилов А.В. Корпоративные информационные системы. Москва 2004 г.
7. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
8. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
9. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
10. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
11. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
12. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.
13. Internet.Сайт: www.google.ru
14. Internet.Сайт: www.kurs.lab.ru
15. . Internet.Сайт: www.yandex.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қолданбалы информатика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
..4-10
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын
талаптар ... 10-15
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалды
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... 15-16
1.5 Ақпараттық жүйенің декомпозиция
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау
1. Мәселенің
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 23-24
2. Кіріс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..24-26
3. Шығыс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..26-27
4. Программалық жабдықтау
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .31

Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің
адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына,
ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу
құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру
болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат
жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны
жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі
динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға
алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану –
обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара
әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын,
күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту
үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр[1].
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл фирмалар. Міне, сондықтан да , бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жасау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді
сатуға кететін шығындарды мейлінші азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-
жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі –
менеджмент іске асырылады.
Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпаратық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды,
ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға
және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және
ғылыми - техникалық үрдіс[2].
Мен осы курстық жұмысымда фирманы басқарудың дұрыс жолдарын,
кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен,
шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел
басқарушылық шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау
болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды
автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы
ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің
қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- фирманы негізгі қорларың есептеудың
дұрыс және тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және
фирманың ыдырауына жол бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға
анағұрлым салмақты қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің дамуына негіз
жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.
Іскерлік белсенділік деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен
үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне, соның ішінде
өндірістік-өткізу жүйесі себептесетін әрекерттердің жиынтығын түсіну қажет.
Іскерлік белсенділікті сандық бағалау дәстүрлі түрде екі бағыт бойынша
жүзеге асырылады- жоспардың орындалу дәрежесі бойынша және ресурстарды
қолдану тиімділігінің деңгейі бойынша.
XXI ғасырда ауқымды және жақсы сапалы, дамыған фирманы басқарудың
ақпаратты жинаудың қажеттігін негізделген үш бағыт бойынша қарастырылады:
1. Фирма өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады
және басқарушылар барлық клиенттерін тікелей компьютер арқылы
басқара алады;
2. Табыстарының өсуіне байланысты сатып алушылардың тауарларды
таңдау талғамы артады;
3. Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды
дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру; [3]

1. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау

Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің
жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай
да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп
қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін
қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы
иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны
ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат
ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай
бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі
бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит
әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін
сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның
сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады.

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық
жүйесін талдау және автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді
әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.

Кәсіпорынның сипаттамасы
Кәсіпорын - бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық
жүргізетін субьект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық
төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі
болуы керек. Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайырымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім
жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-
жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және
қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін
қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы
қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық
қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару
жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық
ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір
мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық
мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік
формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашалық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі
түрлі мәліметтерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады
немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан
әрі дамытуын жақсартады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму
дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа
жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп
отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл
дамуды шапшаңдату үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып
табылады.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге
сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді.
Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар
өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру
және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру,
еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру[12].
Кәсіпорынның құрылымы, функциясы:
1) негізгі өндірістің бөлімі;
2) көмекші бөлімі;
3) қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
4) басқару аппараты, бөлімдері.
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:
1) ғылыми-зерттеу;
2) жоспарлық құрастыру;
3) өндіру;
4) жөндеу, модернизациялау;
5) бақылау (сапасыз өнім);
6) қамту, қызмет ету;
7) сақтау;
8) тасымалдау;
9) утильдеу;
10) қайта өндіру;
11) тазалау;
12) қауіпсіздік профилактикасы;
13) басқару;
Кәсіпорын формалары:
1) дербес (семьялық) жеке кәсіпорын;
2) мемлекеттік;
3) арендалық;
4) муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған;
Кәсіпорынды басқару функциясы:
1) жоспарлау;
2) шешім қабылдау, оны іске асыру;
3) талдау;
4) мотивация;
5) орындауды бақылау;
6) реттеу; [7]
Басқару – қоғамға тән обьективтік экономикалық заңдылықтарды
пайдалана отырып, ұйымға немесе обьектіге ықпал ету процесі. Басқарудың
зерттеу обьектісі ретінде әлеуметтік-экономикалық ж.үйені қарастырамыз.
Басқарудың сипаттамалары: обьектінің болуы, обьекттің динамикалық сипаты.
Басқару ғылымы білім мен қызметтің бірлігін көрсетеді. Басқару ғылымының үш
құрамдас бөлігі бар:
1) өндірісті басқару проблемесын зерттейтін іргелі фундаменталды
қоғамдық ғылымдар;
2) өндірісті зерттейтін басқарудың функционалды жекелеген жақтары;
3) өндірісті басқарудың заңдылығын зерттейтін басқару теориясы [8].
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – фирманы басқарудың
ақпараттық жүйесі болғандықтан, мысал ретінде бүгінгі таңда Қазақстандағы
жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі - “ҚазТрансОйл”
компаниясын алып отырмын. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының
бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының
стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Компания – тың ой-саналы және
ең жаңа технологиялы деген мұнай саласының тәжірибесі мен дәстүрінің
жемісті қоспасының жарқын көрінісі. Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығымен “Мұнай және газ тасымалдау” ҰК”
ЖАҚ “ҚазТрансОйл” ұлттық компаниясы” ЖАҚ құрылды. 2004 жылдың 16 наурызында
компания қайта тіркеліп, “ҚазТрансОйл” ұлттық компаниясы” акционерлік
қоғамы деп аталды. Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Компания энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды
пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына
жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында
құрылды.
Бұл өндіріс:
• мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге
және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға
бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және
іске асыруға қатысады;
• мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-
шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіреді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларын жүргізуге конкурстар
ұйымдастыруға қатысады;
• Қазақстанда және шетелде көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген
өнімдерін барлау, игеру, өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату бойынша
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін, сондай-ақ мұнай-
газ құбырлары мен өндірістік инфрақұрылымды жобалауды, салуды және
пайдалануды жүзеге асырады. Сондай-ақ Компания авиатасымалдау және
телекоммуникациялар саласында да кең ауқымды қызметтер көрсетеді[13].
Ірі еншілес кәсіпорындары:
• “ҚазМұнайГаз” (барлау, өндіру),
• “ҚазТрансГаз” (газ тасымалдау),
• “Шымкент мұнай өңдеу зауыты”,
• “Қазтеңізкөлікфлот” (танкерлік тасымалдау),
• “Атырау халықаралық әуежайы”,
• “Еуразия - Эйр” тікұшақ компаниясы,
• “ҚазТрансКом” телекоммуникациялық компаниясы.
Сондай-ақ аталған еншілес компанияларынан басқа компанияның
құрылымына көптеген әр түрлі бейінді компаниялар мен кәсіпорындар кіреді.
“ҚазТрансОйл” ҰК АҚ көптеген халықаралық және ішкі мұнай-газ
жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып
табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа
түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша
тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін
жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің
саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.
Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені
кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның
өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық
етеді. Сонымен қатар Компания бас офисінің қызметі мына бағыттарда
шоғырландырылған:
• жаңа учаскелер мен кен орындарындағы мұнайды барлау мен өндіру;
• ішкі және халықаралық рыноктарда мұнай мен мұнай өнімдерін сату;
• Қазақстандағы, ал болашақта шетелдегі инвестициялық қызмет;
• өзінің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру және еншілес және
бағынысты қоғамдар бойынша күрделі салымдар үшін несие ресурстарын
тарту.
ҚазТрансОйл орталық аппараты мен еншілес компаниялары қызметкерлерінің
саны 30 мыңнан астам адамды құрайды. Компанияның аудиторы Ernst & Young
болып табылады. Қызметтің қорытындылары бойынша шоғырландырма қаржы есебі
жасалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін мұнай-
газ саласын басқарудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру басталды. 1991
жылдың шілдесінде “ Қазақстанмұнайгаз ” корпорациясы құрылды, 1994 қаңтарда
– “ ҚазТрансОйл” ұлттық мұнай компаниясы болып өзгерді.. 1992 жылы
Энергетика және отын ресурстары министрлігі де құрылды.
Қазақстан Республикасының үкіметі 1992 жылдан бастап республиканың
мұнай-газ саласына шетелдік инвестицияларды тарта бастады. Осы уақытта
мұнай мен газ кен орындарын игеру секілді, көмірсутегіні өңдеу және
тасымалдау бойынша да шетелдік қатысуымен көптеген кәсіпорындар құрылды.
Олардың ішінде ең ірі және неғұрлым белгілісі Теңізшевройл, Қарашығанақ
Интегрейтед Оперейтинг, Каспий Құбыр Консорциумы, Қазақстанкаспийшельф
халықаралық консорциумы (1997 жылға дейін) және Аджип ККО (бұрынғы ОКИОК)
болып табылады.
10 жыл ішінде біраз жобалар, оның ішінде мына секілді бірегей
жобалар табысты іске асырылды:
• Каспий теңізі шельфінің қазақстандық секторында Қазақстанкаспийшельф
халықаралық консорциумының геофизикалық зерттеулер жүргізуі (1997 жылы
аяқталды). Орындалған жұмыстардың нәтижесінде мұнай мен газдың 100-ден
астам перспективалық құрылымы айқындалды.
• Теңіз-Новороссийск КҚК мұнай құбырының бірінші кезегінің пайдалануға
берілуі (2001 жыл);
• Қашаған кен орнындағы коммерциялық ашылым жарияланды (2002 жыл)[15].
1997 жылы Қазақойл (Қазақстан Республикасы Президентінің 04.03.1997 ж.
Жарлығы және үкіметтің 24.03.1997 ж. №410 қаулысы) және ҚазТрансОйл ұлттық
компаниялары (үкіметтің 02.04.1997 ж. № 461 қаулысы) құрылды.Бизнесті
табысты кеңейту және диверсификациялау нәтижесінде ҚазТрансОйл қызметін газ
тасымалдау, телекоммуникациялық және басқа да қызметтер көрсету саласында
жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың активтеріне ие болды. Қазақстан
үкіметі ҚазТрансОйл мен басқа да компаниялардың ҚазТрансОйл сатып алған
активтерін жаңа компанияға беру арқылы “Мұнай және газ тасымалдау”
(үкіметтің 02.05.2001 ж. №591 қаулысы) ұлттық компаниясын құру туралы шешім
қабылдады.2002 жылы “Қазақойл” ¦МК” ЖАҚ және “Мұнай және газ тасымалдау”
ЖАҚ біріктіріліп, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” құрылды (Қазақстан
Республикасы Президентінің 20.02.2002 ж. Жарлығы және үкіметтің 25.02.2002
ж. № 248 қаулысы).

2. Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты
Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық
жүйесін талдау және автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді
әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Осы курстық жұмыс фирманы басқарудың дұрыс жолдарын, кезеңдерін,
нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық
жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел басқарушылық
шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау болып табылады.
Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру
объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы ақпараттық
қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің қарқынды
дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- фирманы басқарудың дұрыс және тиімді
жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және фирманың ыдырауына жол
бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға анағұрлым салмақты
қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман
талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.

3. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі
жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады.
Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі
жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық,
ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - ҚЕАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық
ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар
жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына,
сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
• Қорларды есептеу жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
• практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін
мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
• тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы
ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
• қорларды есептеу ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты
пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
• ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын
қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет
ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
• ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
• ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
• ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
• деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
• деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
• тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын
сәйкестендіру;
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып
бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге
асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі
машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

ҚЕАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
ҚЕАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
• Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
• Сыныптау және кодтау;
• Нормативті-анықтамалық құжаттар;
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай
деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері
бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын
топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр,
қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі
дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз
пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа
деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін
бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат[5].

Ішкі жабдықтау – ҚЕАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық
тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың
бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде
енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік
табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық
тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және
ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы.
АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және
олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша
енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе
бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген
сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін
деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім
қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын
айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс
істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның
құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік
құжаттарды қамтиды:
• ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
• типтік жобалар шешімі;
• фирманы алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі
әдістемелік материалдары;
• құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік
материалдары;
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені
функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып
табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме,
техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және
эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды
қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта
түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен
атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.
Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе
деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты
өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды
қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің
жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің
орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға
болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда
болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан
тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты)
ақпараттардың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт
бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың
ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын
біріктіреді.
Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

№ Түрі Көрсеткіші, мәні
1 Компьютердің қуаттылығы 2500 Ггц
2 Жедел жадының көлемі 1024 Мб
3 Қатты жадының көлемі 200 Гб
4 Дисковод Қажет
5 CD – ROM Қажет
6 Микропроцессор Pentium (R) 4 CPU
7 Модем қажет емес
8 Файлдық жүйесі NTFS
9 Монитор түс беру сапасы 32 бит
10 Монитордың экрандық рұқсаттамасы 1152 нүкте 864 нүктеге
11 Видеокарта 128 Мб

Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын
программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ
және арнайы ПЖ.
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін
ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге
бағытталған программалар жиынтығын құрайтын фиманы басқарудағы ПЖ бөлімі.
Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе,
программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.
Арнайы ПЖ-ға фирманы басқарудың әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері
үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған
программалар.

Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:

1 Жалпы жүйелік программалық Microsoft 2000, NT, XP
жабдықталуы
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы программалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім өндіруді оптимизациялау
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Менеджменттегі ақпарат жүйелері
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Бағалы қағаздар есебін жүргізуде ақпараттық жүйені тиімді пайдалану және автоматтандыру
Еңбек және еңбекақы есебі
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Мейрамхана қызметінің жүйесін автоматтандыру
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Пәндер