Суды коагуляциялау арқылы жарықтандыру


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 574(. 3:630. 91)

СУДЫ КОАГУЛЯЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Сапар Ә. О., Кенжаев М. Б. - Химия мамандығының студенттері

Ғылыми жетекшісі: Әбдібаева Е. У. ғылым магистірі, оқытушы

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы

Резюме

Цель коагулирования состоит в том, чтобы в процессе флокуляции примеси образовали «флокулы» - хлопьевидные скопления, которые из-за их большого размера легко удалить из воды отстаиванием или фильтрованием. Без коагулирования удаление мелкодисперсных примесей в отстойнике может быть непрактичным, так как требует больших интервалов времени.

Summary

In a colloidal suspension, particles will settle very slowly or not at all because the colloidal particles carry surface electrical charges that mutually repel each other. A coagulant with the opposite charge is added to the water to overcome the repulsive charge and "destabilize" the suspension. For example, the colloidal particles are negatively charged and alum is added as a coagulant to create positively charged ions.

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

Адамның, сондай-ақ көптеген жан жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Жер бетінің тек 1/3-і құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Біреулер қап қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма?- деп таң қалады. Бұл-судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың - шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады. Табиғатта қоспасы жоқ, тап таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан. Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады[1] .

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

- физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар[2] ;

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар -химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық -түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

- химиялық заттар және тыңайтқыштар;

- тұрмыстық қалдықтар;

- жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

- ірі құрылыс учаскелері;

- күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады[3] ;

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Ластанған суларды коагуляция арқылы тазартуға болады. Коагуляция - судан келесіде бөлінумен қатаң дисперсті макрофаза түзілуімен молекулярлы тартылу күшінің әсерімен коллоидты бөлшектер жабысудың физика-химиялық процесі. Суды дайындау тәжірибесінде коагулция негізінде суды коллоидты заттардан сонымен бір уақытта қатты дисперсті қоспалардан және өңделетін суға арнайы реагент - коагулянтты дозалау жолымен суды түссіздендірумен тазалауды түсінеді.

Коагуляциялау - деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету, агрегациялау процесі деп түсіну керек. Бұл процесс - олардың молекулярлық бір-біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де, көзге көрінетін агрегаттардың - үлпектердің құралуымен аяқталады.

Коагулациялаудың екі түрін ажыратады:

- бос көлемде жүргізілетін коагуляция, оны үлпек құраушы камерада жүргізеді.

- жанаспа түрде жүгізілетін коагуляция, ол түйіршікті толтырғыштардың арасында немесе қалқымалы тұнбаның ішінде жүреді.

Коагуляция химиялық реагенттердің - коагулянттардың әсерлерінің нәтижесіне өтеді, ол үшін алюминийдің оксихлориді және алюминат натрий немесе темірдің тұздарын (темір купоросы және темір хлориді) қолданады.

Тағы суды коагуляциялау тиімділігіне өзінше «коагулцияның ядролары» болып келетін ірі қалқымалы заттардың бөлшектері, судың температурасы, араластыру қарқындылығы әсер етеді. Осыдан шыға, құрамы әртүрлі сулар үшін коагулянттың әр қилы дозасы таңдап алыну керек. Коагулянттың оңтайлы дозасы деп СанПиН «Ауыз су» құжатының талаптарына сай келетіндей 1л суды мөлдірлендіру және түссіздендіру үшін қажетті коагулянттың минимальды санын (мг/дм. куб) айтады.

Коагуляциялау процессін тездету үшін және тазалау қондырғыларының жұмысын қарқындату мақсатымен флокулянттарды - жоғары молекулаалық синтеттикалық қоспаларды қолданады.

Флокуляннтардың анионды (полиакриламид, К-4, К-6, белсендірілген кремний қышқылы) және катионды (мысалы, Ва-2) типтерін ажыратады. Анионды типті флокулянттарды қолдануда суды алдын ала коагулянтпен өңдеу қажет, ал катионды флокулянттар алдын ала коагулянтты қосуды талап етпейді.

Флокулянттардың дозасы коагулянттардың дозасының 1%-ін құрайды.

Мөлдірлендіру және түссіздендіру. Коагуляцияны өткен немесе өтпеген суды мөлдірлендірудің бірінші кезеңі - тұндырғыштарда қалқымалы заттарды шөктіру болып табылады. Тұндырғыштардың жұмысының принципі - судың ағынның кесімін ұлғайтудың арқасында судың қозғалыс жылдамдығын баяаулатуға негізделген. Тұндыру арқылы судан ірі дисперсті қоспаларды (бөлшектерінің өлшемі 100мкм жоғары) шығаруға болады. Судың қозғалу бағытына байланысты горизонтальді және вертикальді тұндырғыштарды ажыратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда ЖЭО-ң қоректік суын дайындау сұлбасы
Нанотехнологияларды пайдаланып ауыз суды тазартудың қазіргі заманғы әдістері
Үйрек балапандарын азықтандыру
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Мал суару орындарының жабдықтары
Қабатты мұнайдың параметрлері
Сүтқышқылды өнімдері өндірудің технологиялық желісі
Топырақтың химиялық ластануы
Су құбырларын тазартатын құрылғы
Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz