Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас
Кіріспе
1 Қоғам және табиғат
2 Адам мен табиғат арасындағы қарым.қатынас және өмір сапасы
3 Қоғамды экологияландыру мәселесі және экологиялық сананы қалыптастыру
4 Экологиялық білім беру негіздері және оның «Қоғам.табиғат» жүйесіндегі маңызы
Қорытынды

Қазақ халқының асыл мұраларының бірі – табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе – тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған.
Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық апаттар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі анық айқындалды.
Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы – тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын, тепе – тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс – әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс – тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен арадағы тепе– теңдікті қалпына келтіруге бағытылған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым – қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті. Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

1. Таңатарова Қ. Экологиялық білім – болашақ үшін.
// Химия, биология, география журналы, 18 қазан 2003 ж.
2. Сарсекенова А. Экологиялық білім – биология сабағында. // Химия, биология, география журналы, 20 ақпан 2004 ж.
3. Громов А.И. «Табиғат-қоғам-адам» ғаламдық жүйенің энергетикалық негізі //Энергетикалық саясат. 2012. №3. б. 17-23
4. Подолинский С.А. Адамның еңбегі және оның энергияны үйлестірудегі байланысы. СПб.: «Дело», 1880.
5. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы»// 2004-24 б.
6. Бірмағамбетова Ә. //Табиғатты оқыту әдістемесі. Алматы-1991ж.-108б.
7. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Н.М.// Педагогика. Астана 1998ж.-218б.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе - тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерлеген жерлерді Әулие бұлақ, Әулие ағаш деп көздің қарашығындай сақтаған.
Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық апаттар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі анық айқындалды.
Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы - тірі ағзалардың бір - бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын, тепе - тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс - әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен арадағы тепе - теңдікті қалпына келтіруге бағытылған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым - қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті. Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.
Қазіргі кезде Семей полигоны, Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында және т.б. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда. Табиғат - адам - қоғам - өндіріс; қоршаған орта мен қоғам арасындағы ара - қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.
- Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алуы болып табылады.
- Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым - қатынаста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.
1 Қоғам және табиғат
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар.
Біріншіден -- Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан. Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде) 23 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады .
Екіншіден -- үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ. Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегінен көп жұтатындар. Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылуы.
Үшіншіден -- Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт, шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр. Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал, тез бұзылып, баяу қалпына келеді. Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте тұрақсыз.
Адамзат көптеген жылдар бойы жерді уақытша пайдалану деген ұғыммен өмір сүрді. Оның ертең де керек болатынын білсе де білмегендей тіршілік етті. Нәтижесінде осындай шаруашылықтың жүргізілуінен мемлекетімізде экологиялық тұрғыдан қолайсыз жағдайлар туындады.
Қайтадан (экономикалық дағдарыс әлсірегеннен кейін) ауа, топырақ және судың ластануы қарқынды дами бастады.
Қалдықтар жиналуда, оның көлемі сапасыз минералды шикізаттардан ұлғаюда. Әсіресе улы (токсикологиялық) қалдықтар (1997 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 2 есеге көбейді).
Қалпына келген табиғи ресурстар тиімсіз игерілуде. Ауыз су тасымалдану барысында қажетті судың 6 - 10 есе шамасында ысырап болуда.
Жерді тиімсіз пайдалану нәтижесінде жарамсыз жер көлемі ұлғаюда, яғни биологиялық өнімділік төмендеуде. Табиғи шөлдер (саздақты, құмды , сортаң, тастақты) мемлекетіміздің 1,8 млн км2 жерін алып жатыр. Оның көлемі антропогенді процестердің әсерінен жыл сайын ұлғаюда. Бұл процесс қуаңшылық аудандардың ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке игерудің нәтижесі. Малды тұрақты бір жерде ұзақ жаю, шабындық жерді дұрыс суғармау, егінді дұрыс салмау, жер жыртуда ауыр техниканы пайдалау алдағы уақытта жерді жарамсыз жағдайға алып келеді. Топырақ сортаңдануына, батпақтануына құмдардың жылжуына септігін тигізіп эрозияға ұшырайды. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында гумустың (қарашірік) 20 - 30%-ы жойылған. Оның 2%-ын су эрозиясы, 12%-ын жел эрозиясыжойды. 14-ден көп бөлігі сортаң жерлерге айналған. Бұл жерлерде азды-көпті бір нәрсе егуге келеді, ал өндіріске қажеттіліктен қазылған жерлер, қалдықтар төгілген жерлер мүлдем жарамсыз күйге ұшырайды. Мұндай жерлердің көлемі 1700 км2, оның 13 бөлігі өңделуде. Жыл сайын өңделген жер бұзылған жерден 20 есе аз.
Арал және Семей экологиялық катастрофалық аймақтарында қалпына келтіру жұмыстары баяу жылжуда.
Теңіз қайраңында мұнайды игеру нәтижесінде Каспий теңізі аймағында да экологиялық проблемалар туындауда. Алғашқы SOS антропогенді жер сілкінулер.Итбалықтардың қырылуы қазірдің өзінде белгі беруде. Қазіргі таңда республикамызда экологиялық жағдайы шиеленіскен 30-дан астам ошақ анықталды. Бұл ошақтар Қазақстан аумағының 13 алып жатыр. Онда халқымыздың 50%-ы шоғырланған.
Экономика мен қоғам дағдарыстан шыққаннан кейін табиғи ортаны қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіншілік туды. Оған себепші 2004 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі концепциясы. Негізгі міндеті табиғи ортаны біртіндеп қалпына келтіру. Оған жету үшін заңнамаларды, экономиканы және қоғамды экологиямен байланыстыру. Қазіргі күні мемлекетті дамытудың барлық заңында және бағдарламасында міндетті түрде экологиялық талаппен норма көрсетілген. Оны іске асыру үшін әрбір жеке адам бойында экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру керек.
Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі . Ол 4 түрлі компонент арқылы қалыптасады. Осыған республикамыздың экологиялық білім беру жүйесі негізделген.
Экологиялық шешімін таппаған проблемалар бір жылда емес ондаған жылдардан бері жинақталған. Оларды бір сәөтте шешу мүмкін емес. Дегенмен де қоғам бұл бағытта шешуші қадамдар жасауда. 2007 жылы табиғатты қорғау нысандары мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құрылысына 2001 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық қаржы бөлінді. Қалдық заттарды игеру, Арал маңын қалпына келтіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жарамсыз жерлермен күресу, орман желектерін қалпына келтіру сияқты ірі жобалар іске асуда. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың саны және ауданы күннен-күнге ұлғаюда.
Бұндай көп салалы бағдарламаларды қабылдауда Қазақстан жалғыз емес, басқа елдермен біріге отырып, табиғатты қорғаудың дүниежүзілік бағдарламаларына қол қойып, оның белсенді мүшелерінің біріне айналды.
Экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдердің бірін экономикалық - әлеуметтік және физикалық география атқарады. Бұл ғылымдардың қоржынында табиғат пен қоғам туралы білімі, оны зерттеудің жаңа әдістері жеткілікті. Осы білімдердің негізінде табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық дағдарысты болдырмау және мәдени ландшафттарды ұйымдастыру жолдары жоспарланады.
2 Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас және өмір сапасы
Адам мен табиғат арасындағы қатынас -- динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс табиғатты бағындырумен, иемденумен ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады. Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос -- Әлем мен микрокосмос -- Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан: Адамның денесі -- әлеммен бірдей. Адамның табиғатпен ара қатынасы - мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол табиғат - қоғам деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. Қоршаған орта түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді. Қоршаған орта (ҚО) - адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған табиғи орта, адам қолымен жасалған материалдық құрамдас бөліктер, құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар. ҚО келесі қызметтерді орындайды: қор өндіру, орта түзу, табиғат қорғау және медициналық-географиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық- психологиялық. Н.Ф. Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт қурауыш-жүйешелерден тұрады: а) табиғи ортаның өзінен, ә) туындалған агротехникалық ортадан - екінші табиғаттан немесе квазитабиғи ортадан, б) жасанды ортадан - үшінші ортадан немесе артетабиғи ортадан, в) әлеуметтік ортадан. Екінші табиғат немесе квазитабиғи орта - табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталатын, барлық түрленулері (жыртылған жерлер, мәдени ландшафтар және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер). Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи, бұлар табиғатта жоқ жасандылар емес, тек түрлендірілген табиғи орта болып келеді. Үшінші табиғат немесе артетабиғи орта - адамның қолымен жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық - энергетикалық ұқсастығы жоқ, оған жат және жаңартып отырмаса, тез арада қирайтын әлем. Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін, технологиялық құрылғыларды, көлік нысандарын, жиһаздарды және басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т. б. жатқызуға болады. Заманауи адамды негізінен артетабиғи орта қоршайды. Өмір сүру сапасы ұғымының әртүрлі түсінігі бар: өйткені оны әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады: физикалық, медициналық-экологиялық, экономикалық және әлеуметтанулық. Өмір сапасының сипаттаушы ерекшелігі болып келетіні тұрғындардың тіршілік деңгейі. Өмір сапасы мен ҚО сапасының өзара байланыстылығын заманауи экологиялық дағдарыс нәтижесінде пайда болған адамның биологиялық болмысын жеңу көзқарасынан қарастыру қажет. Ол түсініктердің өзара байланыстылығын әлеуметтік тұрғыдан адам биологиялық деңгейде қалыптасқан (және дамып келеді) және оны қоршаған табиғи ортадан (ҚТО) бөліп әкетуге болмайды деп қарастырған жөн. Сондықтан өмір сапасы мен ҚО сапасын бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. ҚТО экологиялық тепе-теңдік бұзылысымен өмір сапасының проблемасы шыға келді. Өмір сапасы -- адам сұранысының белгілі бір қоғамдық жағдайда қамтамасыздандырылуы. Сұраныс сәйкес тәсілмен, белгілі бір ауқымда және құндылық бағыт шеңберінде орындалды деп ойлаудан ондай қамтамасыздандырылудан адам ләззат алуы керек. Заманауи адамға ғылыми-техникалық төңкеріс нәтижесінде пайда болған сыртқы ортаның зиянды және жоғары уытты факторларының күшті легі басына төнді. Көптеген ағзаға жат қосылыстардан адамның ішіне тамақпен, ауамен және сумен шамамен 100 мың улы немесе керексіз заттар түседі екен. Ішкі ортаның ластану көздері болып келетіндері тұрмыстық химияның дамуы, ауыл шаруашылығын қарқынды химияландыру және, ең соңында, саны күннен-күнге алып қарқынмен өсіп келе жатқан дәрі- дәрмектер. Азық-түліктің сақтау мерзімін ұлғайту үшін қосатын әралуан тағамдық қоспалар да ағзалар үшін қауіпсіз емес. Өмір сапасына әсер етуші келесі фактор азық-түлік мәселесі және оның сапасы. Дамыған әлемнің нарығына түсетін тамақ өнімдерінде тұтынушылық қасиеті жоғары (ақуыздың, майдың және көмірсудың құрауыштарының тиімді мөлшері, эстетикалық сипаттамалары және т.б.), ал дамушы елдердің нарығына түсетін азық-түліктің басым бөлігінде ондай сапалық көрсеткіштері жоқ. Осының бәрі адам өмірінің сапасына нұқсан келтіріп, өмірдің қысқаруына алып келеді. Тамақтың жетіспеуінен зардап шегетіндер тұрмыстары төмен халық топтары, ең қиын жағдайда кірістері төмен әрі шектеулі топтар болып саналады. Жүкті әйелдердің жеген тамақтарының сапасының төмендігінен балалары әлжуаз болып туады. Үшінші әлем тұрғындарының (14) бөлігі тамаққа тоймайды. ТМД елдерінде тұрғындарының басым көпшілігін кедейлер құрайды - 70 % , орта топ - 20 %, аухаттылар - 10 %. Дамыған елдерде мемлекеттің бар тұрғыны орта топтың (75 %) есебінен құралады, кедейлер тек 10 % құрайды. Нәтижесінде кедей халық тіршілігін сақтап қалу үшін ҚТО қорларын тауысуға мәжбүр болады, бірақ онымен байып кетпейді. Сонымен байлар әрі қарай баииды, кедейлер - кедейлене береді: Нақты экономикалық даму - Экономикалық даму - Тұрғындар санының артуы. Сондықтан өмір сапасын көтеру үшін ең алдымен азық-түлік өндірісін ұлғайту керек. Ал ауылшаруашылығы өнімдерін шексіз өндіре беру мүмкін емес, сонда өмір сапасын жақсарту үшін адам санының өсу қарқынын қысқарту керек. Әрине дамушы елдер туралы айтқанда, мұнай өндіруші Таяу және Орталық Шығыс елдері туралы әңгіме өзгеше. Азық-түлік проблемасын шешу үшін үшінші әлем мемлекеттерінің аграрлық секторіне тән бүтін жүйесінің қарама-қайшылығынан арылу керек.
3 Қоғамды экологияландыру мәселесі және экологиялық сананы қалыптастыру
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.
БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.
Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда екінші табиғат деп атайды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі. Білім беруді экологияландыру мәселелері В.М.Назаренко, Д.П.Ерыгина, Г.В.Мисичкина, Л.А.Коробейников, Г.М.Чернобельская, Н.Е.Кузнецова т.б. жұмыстарында қарастырылған.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап айтқанда: Ресейде (Голубец М.А, Захлебный А.Н, Иоганзен Б.Г, Кучер Т.В, Миронов А.В, Соломина С.Н, Тихонова А.Е,) Өзбекстанда (Тұрдықұлов Э.А, Хакимов Э.) және Қазақстанда (Аймағанбетова Қ, Бейсенова Ә.С, Бірмағанбетов Ә.Б, Жатқанбаев Ж.Ж, Жүнісова К.Ж, Чилдебаев Д.Б., Тілеубергенов С.Т, Торманов Н.Т., Сыдыкова З.Е., Турабаева Г., Қойбагарова Б.Х., Смирнова Г.М.) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны айқындалды.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымында пәндерді экологияландыру дегеніміз - дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту - деп көрсеткен.
Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу - бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екінші - пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi.Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония - табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. 60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экологиялық проблемаларды шешуге мәжбүр етті.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара -- табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар -- экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет. Аталған ғылыми негізделген мәселелерді жүйелі және кешенді түрде жүзеге асыру қоғамды экологияландырудың негізгі іргетастарының бірі болып есептеледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

4 Экологиялық білім беру негіздері және оның Қоғам-табиғат жүйесіндегі маңызы
Қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында экологиялық мәселелер ең негізгі көкейтесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп табиғаттың қоршаған ортаның заңдылықтары мен санаспау салдарьнан туған қарама-қайшылыктар.
Президентіміз Н.А. Назарбаевтың Қазақстан -- 2030 атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz