Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
І Кіріспе ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... .5
1 Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы ... 5
2 Бюджет құқығы мен бюджет жүйесі туралы түсінік және оның қалыптасу негіздері ... 11
3 Салықтық құқық . құқықтық құрылым ретінде ... ... ... ... ... ... ... 20
4 Инвестиция ұғымы және оның түрлері ... 24
ІІІ Қорытынды ... ... ... ..28
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 30

Мен бұл жұмысымда мемлекеттік қаржы және қаржы құқығын, бюджет құқығы мен бюджет жүйесі туралы түсініктерді және оның қалыптасу негіздерін, салықтық құқықтың құқықтық құрылым жүйесіндегі орнын, инвестиция ұғымын және оның түрлерін жан-жақты қарастырып, оларға жалпы түсінік беріп кетемін. Негізінен, қаржы құқығы деп мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтады.
Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды.
Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.
Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізілуде.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері/ Е.Баянов. 2-ші кітап. – Алматы, 2009. – 368 бет.
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
3. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері» Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
4. «Гос. рег. условиях Казахстана» Мамыров: Алматы -1998
5. «Гос. и бизнес» Мамыров, Брузатый: Алматы-1999
6. «ҚР Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы»: Астана-2003]
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2014-2015 жыл, 43 бет.
2. Қазақстан Республикасының 2014-2016 жылдарға арналған бюджет туралы заңы, - Алматы, 2014 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. – Алматы, 2013.
4. Қазақстан Республикасының Инвестиция туралы заңы. – Алматы, 2008 жыл.

Мазмұны:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
2 Бюджет құқығы мен бюджет жүйесі туралы түсінік және
оның қалыптасу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3 Салықтық құқық - құқықтық құрылым ретінде ... ... ... ... ... ... ... 20
4 Инвестиция ұғымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Мен бұл жұмысымда мемлекеттік қаржы және қаржы құқығын, бюджет құқығы мен бюджет жүйесі туралы түсініктерді және оның қалыптасу негіздерін, салықтық құқықтың құқықтық құрылым жүйесіндегі орнын, инвестиция ұғымын және оның түрлерін жан-жақты қарастырып, оларға жалпы түсінік беріп кетемін. Негізінен, қаржы құқығы деп мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтады.
Кең мағынада қаржы түсінігі ақша түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, менде қаржы жағы нашарлау десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды.
Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.
Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізілуде.
Мен қаржылық құқық ұғымын маңызды қызмет атқаратын бағыттагы ерекше құқық саласы ретінде санаймын. Сол себепті, менің қарастырылып отырған мәселемнің басты мақсаты қаржыға байланыстырылған өмірдің қоғамдық мақсатын кез-келген азаматқа немесе азаматшаға құқық саласы ретінде таныту. Сондықтан осы мәселені талқылау барысында өзекті сұрақтарға тоқталдым.
Қаржы түсінігінің екі мағынасын ашып көрсетуге болады. Яғни, материалдық мағынада қаржылар мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын, ал экономикалық категория ретінде қаржылар мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыратын, бөлетін және пайдалануды ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарынан іс-әрекеттері мемлекеттің каржылық қызметі болып табылатынын білеміз. Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады.
Қаржы құқығы ғылымының өзіне ғана тән қасиеті қаржылық-экономикалық ғылымымен өте тығыз байланыста болуы. Қаржылық ғылым пәні - мемлекеттің ақшалай қорларын, сондай-ақ қоғамдағы басқа да табыстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану кезіндегі экономикалық қатынастар болып табылады.
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Сонымен қатар, мен бұл жұмысымда инвестиция ұғымы туралы да түсінік беріп кетемін. Себебі бұл да қаржы құқығының бір саласы болып табылады. Инвестиция дегеніміз не? Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
1 Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
Мемлекеттік қаржы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі, экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттерін, қорғаныс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік борышты өтеу мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған мемлекеттік ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік каржы әр текті, онда: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. Ол мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік каржы атқарымының нысандары -- мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда -- мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінің сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар - Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында департаменттер маңызды орын алады.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер басқармалар орындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есепқисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық жұмыскерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржылық-бухгалтерлік қызметтерін тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық қызметтеріне қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тыйым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджеттік қаражаттарды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыра отырып, сыртқы экономикалық қызметте, кедендік саясаты жүргізгенде кеден қызметінің органдары арқылы мемлекеттің қаржылық ресурстарының айтарлықтай үлесін құрайтын кеден баждары мен төлемдерін төлетуді ұйымдастырады.
Кеден органдарының құрылымы облыстық кеден басқармаларын, кедендерді, кеден бекеттерін кіріктіреді. Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары ұлттық шаруашылықтың барлық салалары мен қызметтер сферасының мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың бюджеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредиттік және валюталық ресурстарды пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру бойынша аса маңызды функцияларды Салық қызметі орындайды. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік органнан - Салық комитетінен және органдарынан - облыстардың, қалалардың, аудандардың комитетінен тұрады.
Салық комитетінде салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Салық комитетінің аппараты мынадай басқармаларды кіріктіреді: салық салу әдіснамасы, салық аппеляциялары, ұйымдық қамтамасыз ету, ірі салық төлеушілердіңәкімшілігі мен мониторингі, кірістерді талдау және ағымдағы болжау, салық төлеушілер монитрингі, халықаралық салық салу, ақпараттық технологиялар, ұйымдық-қаржылық қамтамасыз ету, заң және т.б. басқармалары.
Облыс, қала салық комитеттері: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; салықтық тіркеу; ақпараттық технологиялар; салықтық әкімшілік ету; есеп және талдау; салық аудиті; қосылған құн салығы; акциздер; өндірістік емес төлемдер; салықтық берешекпен жұмыс жөніндегі; ішкі жұмыс; қаржылық-шаруашылық қызмет басқармаларын; заң; салық шағымдары белімдерін кіріктіреді.
Басқармалар бөлімдерден, соңғылар секторлардан (басқару функцияларының нақтылануына қарай) тұрады. Шоғырланумен немесе әртараптанумен байланысты комитеттер бөлімшелерінің атауларының түрленуі мүмкін: мысалы, қаржылық шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасы, бухгалтерлік есеп және есептеме басқармасы, ұйымдық басқарма және басқалары болуы мүмкін.
Аудан бойынша салық комитеті: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; заңи және жеке тұлғалар аудиті; есеп, жиынтық талдау және мониторинг; ақпараттық қамтамасыз ету; өндірістік емес төлемдер; өндіріп алу; жанама салықтар; заңи тұлғалардың, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салықтық есептемесін қабылдау және өңдеу; салықтық тіркеу; ұйымдық-кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімдерін кіріктіреді.
Басқарудың бұл буынында бөлімдер мен секторлар атауларының да түрленуі мүмкін: салықтық әкімшілік ету, ұйымдық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу және т.б. бөлімі. Бөлімдер бас мамандар, жетекші мамандар мен мамандар жұмыс істейтін секторларды кіріктіруі мүмкін.
Елімізде республикалық бюджеттін атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағида да айқындалған.
Қаржылық-экономикалық қатынастардың өздеріне тән белгілері бар, олар: біріншіден, бұл қатынастар ақшаға байла - нысты қатынастар болып табылады. Бірақ ақшаға байланысты қатынастардың бәрін бірдей қаржылық қатынастар деп айта алмаймыз. Мысалы, ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастар қаржылық қатынастарға жатпайды. Өйткені, пайдала - ну терминінің экономикалық мағынасына тоқталсақ, ол пай - да табу, пайда қылу деген мағынада айтылады. Ақшаның өзіндік тұтынушылық құны жоқ. Тұтыну құны деп белгілі бір заттың өзіндік пайдалылығын, адам мұқтажын қанағаттандырарлық мүмкіншілігін айтамыз. Соңдықтан ақшаны пайдалану экономикалық қатынастың бір түрі, айырбас процесінде ғана жүзеге асырылады, яғни ақша-тауар қатынасында. Ал бұл қатынасты азаматтық құқық пәніне жатқызамыз. Екіншіден, қаржылық қатынастар мемлекеттің өсіп-дамуымен, өркендеуімен болады және осы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру процесін ақшалай қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қоғам мұқтаждығы мен мүддесіне қажетті ақша қаражаттары қалыптастырады. Үшіншіден, каржылық қатынастар бөлу түрінде жүргізіледі және осы қатынастар арқылы қаржылардың өткен тақырыпта айтып кеткендей, үш қызметі жүзеге асырылады. Төртіншіден, бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде пайда болады. Бесіншіден, қаржылық қатынастардың өздеріне тән, ерекше қасиеті бар, олар балама түрде кездеспейді. Балама түрде болмайтын себебі, олар ақша -- тауар, тауар -- ақша қатынастарын жүзеге асырмайды. Қаржылық қатынастар тауар түріндегі құнның қарсы қозғалысына араласпайтын, ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысын ғана білдіреді. Алтыншыдан, бұл қатынастар экономикалық қатынастар болып есептелгендіктен базистің құрамына жатады. Жетіншіден, қаржылық қатынастар әрқашанда құқықтық нысанда кездеседі және олар қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде болады.
Қаржы құқығында қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің екі әдісі қолданылады: - біржақты-өктем, әмірлі әдіс (б.а. императивтік-әмірлі); - қаржылық-шартты әдіс (яғни, диспозитивтік-келісімге келу). Бірінші әдістің кеңінен таралғанын мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызынан білеміз (әсіресе, ақша қаражаттарын табу, жиыстыру элементтері бізге белгілі). Мысалға алсақ, халықтан салық алу кезінде, ақша иесінің еркі (тілегі) есепке алынбайды, ақша қаражаттары міндетті және ықтиярсыз түрде жиналады. Бірақ кей кездерде, қаржылық қызметті жүзеге асыруға мемлекет тарапынан икемділік көрсетіледі, яғни, ақша қаражаттарын табу, жинастыру кезінде мәжбүр ету әдісін қолданбай-ақ, төлеушілер өз еріктерімен ақшаларын береді. Мәселен, мемлекеттік заемдарды сатып алу, жинақ банктерінде азаматтардың ақшаларын сақтау кезінде. Бұл жағдайларда мемлекет шарт жасасу әдісін қолданады. Мысалы, банктердің қарыз беруі. Шарт жасасу, келісімге келу әдістері негізінде қаржылық қызметтің несиелік қатынастарын реттеуге қатысады (немесе қатысуы қажет), өйткені несие беру қатынастарының экономикалық табиғаты екі жақтан келісімге келуін керек етіп қана қоймай, ақшаны беру шартын екі жақтың келісімінсіз ұйымдастыру мүмкін еместігін ескеріп, қарыздың сомасы, оның қайтарылу мерзіміне және процентіне келісу, т.б. туралы талап қояды.
Қазіргі кезде қолданылатын мына төмендегідей қаржылық шарттарды атап көрсетуге болады: - бюджеттік-банктік заемдар шартты (бюджеттің мемлекеттік банктерден қарыз алуы); - бюджетаралық ссудалар шарты (қандай да болмасын жергілікті бюджеттің өзінен төмен тұрған бюджеттердің қаржылық дәрменсіздігіне көмек ретінде қарыз беруі); - мемлекеттік заем шарты; - азаматтардың ҚР жинақ банктерінде ақша сақтау шарттары; - ведомстволық ссудалар шарты (министрліктің қол астындағы кәсіпорындарға қаражат беруі); - мемлекеттік банктің несие беру шарты. Осы айтылған келісім-шарттарының бәрі қаржылық қызмет процесінде қолданылады да, қаржылық-құқықтық шарттарға жатады.
Қаржылық шарттардың құқықтық ерекшеліктеріне мыналар жатады: - қаржылық шарттар мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың заңды жолы болып табылады;
- қаржылық шарттар, өздеріне тән экономикалық қасиеттерге байланысты қаржылық қатынастар болып табылатын қоғамдық қатынастардың заңды түрі ретінде кездеседі және бұл шарттарда екі жақтың келісімі өте қажет;
- қаржылық шарттың бір жағында әрқашан да мемлекеттің біртұтас өзі немесе мүддесін көздейтін өзі уәкілдік еткен орга - ны туралы, мысалы ҚР Ұлттық банкі;
- шартқа қатысатын екі жақта азаматтық құқыққа тән тең құқықтық болмайды. Мұндағы қатынастар басқа да қаржылық қатынастар сияқты мемлекеттік-өктем сипатта болғанымен, құқықпен реттеудің әмірлі әдістеріндей үзілді-кесілді емес, кейбір белгілі жерлерінде қолданылады;
- қаржылық шарттардың қайсысы болмасын, тек екі жақтың келісімімен және өзара міндеттеме алулары арқылы жасалады.
Каржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады: 1) бөлу және қайта бөлу функциясы; 2) бақылау функциясы. Осы функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады. Бөлу функциясының көмегімен өңдіріс аясыңда жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттык табыстың бір бөлігі меміекеттің карамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.
Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырауына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіп қаржылық тәртіптің сакталуы қамтамасыз етіледі.
Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынстардың материалдық мөнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болтан тұлғалар болып табылады.
Қаржы құқығының жүйесі барлық құқық саласына тән жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мына институттар кіреді: - мемлекеттің қаржылық қызм\етінің құқықтық негіздері; - мемлекет саласындағы бақылау; - қаржылық жоспарлау; - қаржылық бақылау. - мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері; - валюталық реттеу. Қаржы құқығының ерекше бөлімінің құрылымында қаржы жүйесінің құрылымы жатыр. Оның әрбір институты белгілі қоғамдық қатынастардың жиынтығы бола отырып, қаржы құқығының ерекше бөлімінің құқықтық реттеу пәнін көрсетеді. Осыған байланысты қаржы құқығының ерекше бөлімі мына институттардан тұрады: - бюджеттік құқық; - қаржылық-шаруашылық құқығы (мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындардың қаржы қорлары қалыптасуының қайнар көздерін кұқықтық реттеу); - салық құқығы; - банктік құқық (мемлекеттік несие берудің құқықтық негіздері); - сақтаңдыру құқығы; Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқығының бөлімі. Каржылық-шаруашылық құқық - бұл өз меншігіндегі ақша ресурстары есебінен орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, сондай-ақ осы ресурстар мен қорларды сала ішінде бөлу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқығының бөлімі. Өздері бағынышты жоғарғы тұрған органға шағым беру арқылы да қаржылық-құқықтық қатынас субъектілері өз құқықтарын қорғай алады.
2 Бюджет құқығы және мемлекеттік б рын қарайды, оларды сараптау, юджет
Мемлекеттік бюджет - мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиеттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар: қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; қоғамдық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады. Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай-ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды. Бюджеттің толықтылық қағидасы - бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды.
Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді. Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді. Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде - бір елде дұрыс сақталынбайды. Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді. Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының - бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады. Бюджет механизмі (тетіктері) - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының арасында бөлістіреді.
Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары. Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардың қалыптасуының да негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты-негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады. Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.
Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады. 1996 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады. Бірінші бөлім Кірістер мен арнайы алынған транферттерге кірістердің 4 категориясы кіреді: 1. Салықтық түсімдер ( 75% жуық) 2. Салықтық емес түсімдер ( 11 % жуық) 3. Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%) 4. Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%).
Екінші бөлім Шығындарға келесі функционалды топтар кіреді: 1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық) 2. Қорғаныс саласы (5%) 3. Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %) 4. Білім ( 18%) 5. Денсаулық сақтау( 14%) 6. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%) 7.Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына ( 3%) 8. Отын - энергетика кешені ( 1 %) 9. Ауыл шаруашылығы, су және орман шаруашылығы ( 3%) 10. Тау - кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары) 11. Көлік және байланыс ( 0,1%) 12. Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%) 13. Үкіметтің резервті қоры (15 %) Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы әлеуметтік - мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады.
Үшінші бөлім Неселеу шегерілген несиені жабу бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді.
Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім Бюджет тапшылығын қаржыландыру деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ:
:: Ішкі қаржыландыру - мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы;
:: Сыртқы қаржыландыру - халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.
Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада шоғырландырылған бюджет ұғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған Бюджет жүйесі туралы бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себеп болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардын резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде Бюджет жүйесі туралы үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz