Кәсіпкерлік қызметтің негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
I. Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы, дамуы және негізі мен әдістері ... ... ... ... ... 4
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы ... ...4
Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері ... ... ... ... .
Кәсіпкерліктің дамуы ... ...
II. Кәсіпкерлік функциялары, эволюциялық ұғымы және құқықтық қатынас ретінде ... ...
Кәсіпкерліктің принциптері мен функциялары...
Кәсіпкерлік эволюция ұғымы...
Кәсіпкерлік құқықтық қатынас...
Қорытынды..
Пайдаланған әдебиеттер
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а)кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес(мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар)қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай қүқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не занды ұйым-ның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретгі органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында крршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардын барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы, дамуы және негізі мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері ... ... ... ... .
Кәсіпкерліктің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Кәсіпкерлік функциялары, эволюциялық ұғымы және құқықтық қатынас ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кәсіпкерліктің принциптері мен функциялары ... ... ... ... ... ... ...
Кәсіпкерлік эволюция ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
Кәсіпкерлік құқықтық қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кәсіпкерлік құқық түсінігі

Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а)кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес(мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар)қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай қүқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не занды ұйым-ның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретгі органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында крршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардын барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарга негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;
2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) тендігі;
3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;
5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Кәсіпкерлік кұкыктың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кәсіпкерлік құкыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалык және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;
8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қкауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады.
Ерекше бөлімі:монополистік әрекетгі құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқыктық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономиқалық аймақтарды қүқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конс - титуция, Конституциялық зандар, халықаралық шарттар мен келісімдер, зандар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда занды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайда-ланатын; 2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Респбуликасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мелшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндеттімемлекеттік тіркеуге жатады. Занды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салык органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретіңце пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін(коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коопера - тив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азамат - тар мен занды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке(жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлікдеген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік -- азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардың (занды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардын атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (не - месе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асы - рылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырыла - тын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық). Ауыл ша-руашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашьшық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының)түрлеріне:
1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы; 2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық; 3) бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде ұйымдастырылғанфермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан Рес-публикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі биз - нес субъектілері. Жеке кәсіпкер:
1) еңбек зандарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісімшарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға; 2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтаға бірігуіне кедергі жасамауға; 3) жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңгейде төлеуге;
4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;
5) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдерді дер кезінде және толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға; 7) Қазақстан Республикасынын зандарыңца көзделген өзге де талаптарды cақтауға міндетті.
Занды тұлға құрмай және занды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалармикробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
Занды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қыз - метпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын занды тұлғаларшағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Занды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қыз - метпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтеріңің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын занды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің ор - таша жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерінің жал - пы құны бір жыл ішінде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.
Занды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлгалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бо - лып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: занды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін(коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативе қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестік. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымшаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қаты-сушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік танылады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жа - уап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлғаакционерлік қоғам болып та - нылады.
Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа занды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын занды тұлға еншілес ұйьм болып табылады.
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заң - ды тұлғанікі болса, олтәуелді қогам деп танылады.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік коопе - ратив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістіккооператив деп танылады. Коопера - тив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.

Мемлекеттік кәсіпорындарға: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген және оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкіддік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады.
Кұрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.
Коммерциялық емес ұйьмдар. Басқару, әлеуметтік-мәдени не - месе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржьландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына сәйкес немесе Қазақстан Республи - касы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа зан - ды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қаты-сушысы) бола алмайды.
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың зандарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.
Азаматтар және (немесе) занды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қогамдық қор деп танылады.
Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қана-ғаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады.
Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардын ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады. Қауымдастық (одақ) коммер - циялық емес ұйым болып табылады.

Кәсіпкерлік құқығының субъектілері туралы түсінік

Қ.Р.- ның заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға міндетті. Өндірілген өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет түрлерін Қ.Р.- ның заңнамасының талаптарына сәйкестігін қаматмасыз етуге міндетті. Қ.Р.- ның лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензилауға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға, лицензиялар алуға міндетті. Қ.Р.- ның заңдарына сәйкес азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті. Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы қызметі қажет. Мұның жеке кәсіпкерге де, заңды тұлғаларға да қатысы бар. Жек кәсіпкерлік субъектілерін заңды тұлғаларды мемелкеттік тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сәйкес жүргізеді. Жек кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру және тарату, заңды тұлғалар және қандайда бір заңды тұлға құрған ұйымды құқықтық формалар үшін азаматтық заң, сонымен қатар арнай заң белгілеген негіздерде жүзеге асады. Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның құрылтайшыларының шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарын өкілеттілік алған органның шешімі бойынша немесе заң актілерімен қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны қайта құрудың бес формасын: қосу, біріктіру, бөлу, өзгерту және тоқтату, сияқты формалары арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Заңды тұлғаны тарату бұл оның мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен қызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нәтижесіде мұндай кәсіпорындарда құқықтық мирасқорлық болмайды. Тарату ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышкердің арызы негізінде немесе Қ.Р.- ның заңымен көзделген жағдайларда басқа да тұлғалардың сотқа берген арызы негізінде сот шешімімен банкрот болып жарияланады. Банкроттық деп таратуға негіз болып табылатын борышкердің сот шешімімен танылған дәрменсіздігі. Дәрменсіздік деп борышкердің жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның кредит берушілердің ақшалай міндеттемелерін қанағаттандыруға еңбек шарты бойынша жұмыс істейтендердің еңбекақысын төлеуге сонымен қатар салыққа және бюджетке және бюджеттен тық қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қабілетсіздігі танылады. Банкрот деп тану ерікті тәртіппен немесе мәжбүрлі түрде болуы мүмкін. Заңды тұлғаның банкроттық қызметі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған сәттен бастап тоқтатылады. Сот шешімімен мәжбүрлі түрде жеке кәсіпкерлер үшін қызметі тоқтатудың мынадай негіздері қарастырылған:
Банкрот болып танылған жағдайда.
Тіркеу барысында Қ.Р.- да жоюға жатпайтын сипаттағы заңның бұзу және жеке кәсіпкерлердің тіркелуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Кәсіпкерлік қызмет теориясы және кәсіпорын ұйымдық нысандары
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпорын қызметінің дамуы
Кәсіпкерлік түрлері туралы ақпарат
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және микроэкономика негіздері
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Пәндер