Биофизика пәні



Кіріспе
1 Биофизиканың негізгі міндеті
2 Биофизиканы біздің еліміз бен шет елдердегі дамуы
3 Биофизиканың қазіргі кездегі дамуы
Қорытынды
Бұл тақырыпта біз биофизика ұғымын жан-жақты зерттеп, тарауларын қарастырып өтетін боламыз. Биофизиканың негізгі тарауларына кванттық биофизика; молекулалық биофизика;клеткалық процестер биофизикасы; басқару және реттеу процесінің биофизикасы, сезім мүшелерінің биофизикасы; күрделі жүйелердің биофизикасы; биологиялық үдерістердің кинетикасы; радиациялық биофизика; биологиялық жүйенің термодинамикасы; биологиялық жүйенің электөткізгіштігі; қосымша биофизика жатады. Бұның барлығына біз анықтама беріп, түсіндіріп өтетін боламыз. Содан соң биофизиканың даму тарихына көшіп, оны зерттеуге үлес қосқан П.П.Лазарев, В.И.Инюшин, Вернадский еңбектері туралы, сондай-ақ алғашқы биофизикалық институттар мен кафедралар жайлы алдағы уақытта айтатын боламыз.
С.Т.Төлеуханов "Биофизика", Алматы, 2012
http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/556045/77/359/976/Тулеуханов Султан/2016/1
http://www.studfiles.ru/preview/2459309/
http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=5&id=192373
http://www.myshared.ru/slide/1332880/

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе
Бұл тақырыпта біз биофизика ұғымын жан-жақты зерттеп, тарауларын қарастырып өтетін боламыз. Биофизиканың негізгі тарауларына кванттық биофизика; молекулалық биофизика;клеткалық процестер биофизикасы; басқару және реттеу процесінің биофизикасы, сезім мүшелерінің биофизикасы; күрделі жүйелердің биофизикасы; биологиялық үдерістердің кинетикасы; радиациялық биофизика; биологиялық жүйенің термодинамикасы; биологиялық жүйенің электөткізгіштігі; қосымша биофизика жатады. Бұның барлығына біз анықтама беріп, түсіндіріп өтетін боламыз. Содан соң биофизиканың даму тарихына көшіп, оны зерттеуге үлес қосқан П.П.Лазарев, В.И.Инюшин, Вернадский еңбектері туралы, сондай-ақ алғашқы биофизикалық институттар мен кафедралар жайлы алдағы уақытта айтатын боламыз.

Биофизика – биологиялық құбылыстардың негізінде жататаын ең қарапайым және фундаменталді қатынастар туралы ғылым. Биофизиканың теориялық құрылымы мен үлгісі энергияның және күштің, арақатынастар типтерінің физикалық ұғымдарына және формалды кинетиканың, физиканың, термодинамиканың ақпараттар теориясының жалпы ұғымдарына негізделген. Бұл ұғымдар материя қозғалысының жалпы заңдылықтары мен арақатынастарының табиғатына көрініс береді, ал бұл физика – фундаменталді жаратылыстану ғылымы пәнін құрайды. Биологиялық ғылым ретінде биофизиканың басты назары биологиялық үрдістер мен құбылыстарда жатыр. Қазіргі кездегі биофизиканың негізгі тенденциясы – тірі құрылымдық ұйымның молекулярлық негізін құрайтын ең терең элементарлы деңгейге жету болып табылады.
Биофизиканың қазіргі даму кезіненінде принципті өзгерістер болды, олар ең алдымен күрделі жүйелер биофизикасы мен молекулярлы биофизиканың жедел дамуымен байланысты. Дәл осы биологиялық жүйелердің динамикалық мінез-құлығының заңдылықтарымен және биожүйелердегі молекулярлық арақатынастар механизмдерімен айналысатын салаларда жалпы нәтижелер алынды, олардың негізінде биофизиканың өзіндік теориялық базасы қалыптасты. Кинетика, термодинамика, биологиялық жүйелерді реттеу теориясы, биополимерлер құрылысы және олардың электронды конформациондық қасиеттері секілді салаларда құрастырылатын теориялық үлгілер, биофизикада нақты биологиялық үрдістерді сараптауға негіз құрайды.
Биология, физика, химия және математика ғылымдарының қиылысуында тұрған аралық ғылым ретінде биофизиканың дамуы мен құрылуы бірнеше сатылардан өтті. Алғашқы даму сатыларында- ақ биофизика физика, химия, математика, физикалы химияның идеялары және тәсілдерімен тығыз байланысты болды. Кейбір биологиялық үрдістердің сараптамасында коллойдты химияны, электролиттер ертінділерінің физико- химиялық теорияларын, химиялық кинетика принциптерінің қолданылғанын еске түсіру жеткілікті, ал ол болса XX ғасыр басында бірнеше бағалы нәтижелер берді. Биофизиканың дамуымен биологияға зерттеудің нақты эксперементалды әдістері де еңген (спектралді, изотопты, радиоспектрокопиялық).
Биофизиканың басты даму кезенің негізгі шешімі – ол материя қозғалысының заңдары туралы фундаменталді жаратылыстану ғылымы ретіндегі физиканың негізгі заңдарын биология саласында қолдану принціпі туралы қорытындысы болып табылады. Бұл кезеңде алынған энергияның сақталуы заңың (термодинамиканың бірінші заңы) эксперименталдық дәлелдеуі, биожүйелердің динамикалық міңез- құлығы ретіндегі химиялық кинетика принциптерінің бекітілуі, ашық жүйелердегі және биологиялық жүйелердегі термодинамиканың екінші заңы, концепциялары, сонымен қатар энергияның ерекше тірі нысандарының жоқтығы туралы қорытындысы.
Биофизика, биологиялық физика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды. Физика мен химия заңдылықтарын биологиялық құбылыстарды талдауға қолдану жөніндегі биофизикалық жеке зерттеулер XVII ғасырдан белгілі. Француз ғалымы Р. Декарт адам денесін күрделі машина деп, ал Италия ғалымы Л.Гальвани жануарлардың организміне электр тогымен әсер еткенде, олардың бұлшық етінің жиырылуын “жануарлардың электрлік қасиеті” деп қараған. XIX — XX ғасырларда энергияның сақталу және айналу заңы (Ю.Р.Майер), қозудың иондық теориясы, жарықтың биология құрылымдарға әсері (Г.Гельмгольц, П. П. Лазарев), тірі организмдердің мүшелері мен клеткаларындағы осмостық және биоэлектрлік қасиеттер (Э. Дюбуа-Реймон, Ю.Бернштейн, Ж.Леб, В.Нернст) зерттелді.

Биофизика мынадай негізгі тарауларға бөлінеді:
Кванттық биофизика;
Молекулалық биофизика;
Клеткалық процестер биофизикасы;
Басқару және реттеу процесінің биофизикасы.
Сезім мүшелерінің биофизикасы;
Күрделі жүйелердің биофизикасы;
Биологиялық үдерістердің кинетикасы;
Радиациялық биофизика;
Биологиялық жүйенің термодинамикасы;
Биологиялық жүйенің электөткізгіштігі;
Қосымша биофизика;
Кванттық биофизика электронды энергетикалық атомның, иондардың, молекулалардың құрылым деңгейін, доноракцепторлы құрамын, кванттық жарықтың электрондық ауысуы кезіндегі сіңуі мен дезактивация жолындағы энергияның жұтылуын, электронды қоздырушы молекулалардың химиялық айналуын, фотоөнімінің түзілуін және молекулалық арақатынастарын, фотобиологиялық үрдістердің негізінде зерттейді.
Молекулалық биофизика тірі организмдерді синтездейтін макромолекула мен молекулалық биобірлестіктердің физикалық-химиялық қасиеттерін, олардағы биохимиялық процестердің қарым-қатынастары мен энергия сипатын анықтайды.
Клеткалық процестердің биофизикасы жасушалардың физикалық-химиялық негіздерін, биологиялық мембраналар мен жасуша органоидтарының молекулалық құрылысын, олардың атқаратын қызметіне сәйкес механикалық және электрлік қасиеттерін, жасушадағы биохимиялық процестердің энергиясын, биологиялық процестердің термодинамикасын зерттейді, биофизикалық факторлардың тірі организмдерге (жануарлар мен өсімдіктерге, микроорганизмдерге және адамға) әсерлерін анықтайды.
Биологиялық жүйелердегі басқару және реттеу процестері биофизикасы организмдердегі басқару жүйесінің ішкі байланыстарын зерттейді, олардың биофизикалық моделін жасау арқылы физикалық табиғатын анықтайды.
Сезім мүшелерінің биофизикасы рецепцияның молекулалық физикалық және физика-химиялық ерекшеліктерін, сонымен қоса жасушаның физика-химиялық функцияларының белсендірілуі: биоэлектрлік әлеуеті, мембрананың электрөткізгіштігін және т.б. зерттейді.
Күрделі жүйенің биофизикасы көпжасушалы жүйелердің күрделі құрылымындағы реттеу және жеке реттеу мәселесімен оның функцияларының кинетикалық және термодинамикалық ерекшеліктерін зерттейді.
Биологиялық үдерістердің кинетикасы биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен өту механизмдердерінің байланысын, биологиялық және физиологиялық үдерістердің негізінде жатқан биохимиялық реакциялардың тізбегін немес торын зерттейді.
Радиациялық биофизика биоөнімдердегі иондану сәулелеріндегі үрдістердің арақатынасын, энергия иондаушы сәулелердің радиация-химиялық биожүйесіндегі реакцияларын, молекулалық, субжасушалық және ағзалық деңгейдегі сәулелердің жиналуы мен жұмсалуы радиобиологиямен тығыз байланыстарылып зерттелінеді.
Биологиялық жүйенің термодинамикасы энергияның бір түрден екінші түрге ауысу заңдылықтарын зерттейді, ол термодинмиканың бірінші және екінші заңдарына негізделген. Термодинамик табиғаттың қандай екеніне немесе оның механизмдері мен құбылыстарына жауап бермейді. Ол үдерістердің тек энергетикалық жағын зерттейді және бұл үдерістердің энергетикалық мүмкіндігін ғана қарастырады.
Биологиялық жүйенің электрөткізгіштігі тірі объектідегі электр тогының өту мүмкіндігі жайлы сұрақтарды қарастырады, яғни тірі жүйедегі енжар электр тогының өтуін зерттейді.
Қосымша биофизика биофизиканың негізгі бөлімдерінің қосымша сұрақтарын қарастырады, яғни биофизика әдісінің медицина, ауылшаруашылығы және өзге де салалардағы қолдану мүмкіншіліктерін байқатады.
Әлемдік көзқарас бойынша айқын немесе түсініксіз бағытты анықтайтын бұрынғы ғылыми зерттеулер элементаризм және органицизм деп бөлінеді. Бұл - қарама-қарсылықты жағдай.
Элементаризм қандай да бір объектіден тұратын элемнтарлы мәні бар постулатқа негізделген. Постулаттан осы элементарлық мәнді зерттеуге және анықтауға деген қажеттілік туындады. Зерттеу мәселелері қарапайымнан күрделіге, бүтіннен бөлщекке өту мәліметімен түсіндіріледі. Осы екі бағытын да даму деңгейі зерттелетін заттардың қаншалықты тереңдетіліп, нақты бағаланғандығына байланысты.
Ағза бүтіннің бөлшекке, қарапайымның күрделіге байланыспайтындығын дәлелдейтін тұжырымдамаға сүйенеді және тұтастай объектілердің сапасы мен қасиеті оның кейбір бөліктеріне тән емес.
Элементаризм және органицизм ғылыми бағыттар және қазіргі кезде ғылыми әдіснаманың дамуына қажетті кезең болып табылады. Тұтастай алғанда нақты ғылымның дамуы элементаризмнің басымдылығы бойынша жүрді. Әсіресе, осындай үрдіс физика мен химияда байқалады. Белгісіз объект жөніндегі түсініктерді алудың табиғи және қарапайым жолы - оның қандай элементтерден тұратындығын анықтау. Егер үдеріс жөнінде сөз қозғасақ, ол қандай кезеңдерден тұратындығын білу маңызды және оны қарапайым қозғалыстың жиынтығы деп қарауғв бола ма? Декартты координат жүйесі көбіне механиканың дамуына себепші болды. Элементаризм қағидаттарын жүзеге асыру табиғаттың әртүрлі объектілерінің жалпы элементарлық негіздерін табуға мүмкіндік берді. Химияда жалпы осы негізге Менделеевтің периодтық кестесіне енгізілген химиялық элементтер жатады. Қазіргі заманғы биологияның қалыптасуы жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі биологиялық формаларын зерттеуден басталады, ал содан кейін бұл әртүрлілікті реттеуге мүмкіндік беретін белгілерді табуға байланысты. Эксперименталды физиология ғылымының пайда болуына адам және жануарлар ағзасының құрылысын зерттеу себепші болды. Биология ғылымының әрі қарай дамуына ағза құрылысының жасушалық теориясы маңызды рөл атқарды. Қазіргі уақытта элементарлық бағыттағы, яғни молекулалық биология өте жоғары маңызға ие.
Ағза қағидатының бұрынғы жаратылыстанудағы оңтайлы рөлі тірі табиғат жөніндегі ғылымда айқын байқалады. Дәл осы тәсіл эволюциялық даму барысындағы одан келіп шығатын барлық салдармен қоса біртұтас органикалық әлем туралы ойдың методологиялық негізі болды. Элементаризм және ағза қағидаттарын таныпбілу мүмкіндігі қазіргі уақытта да алынып тасталған жоқ. Бірақ жүйелеу тәсілі пайда болғанға дейін алдымен танып-білу үшін қайсыбір антиподты қағидаттардан немесе олардың метафизикалық қарама-қайшылықтарынан ғана хабардар болу жеткіліксіз деген түсінік пайда бола бастады.
Осы бағыттағы алғашқы қадамды И.Кант жасады, ол таным үдерісінің тек объектіні зерттеу ғана емес, сондай-ақ таным субъектісіндегі ойлауға тәуелді екендігін айтқан. Кант бойынша таным - бұл әрекеттің қарапайым бір бейнеленуі емес, ол сындарлы ой әрекетін талап ететін шығармашылық ұғым. Келесі қадамды Г.Гегель жасады. Гегель бойынша диалектика диалектикалық біртұтастық деп саналатын объектілердің дамуын және тіршіліктің ішкі көзін іздеуге бағыт беретін ойлаудың жаңа әдісін тудырды.
Жалпы биология үшін Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің әдіснамалық маңызы зор. Ғылымдағы алғашқы түсінік бойынша тірі табиғаттағы бастапқы элементтің бірі ағза деп саналды. Биологиялық түр түсінігі - бұл көптеген жеке ағзалар сияқты табиғат туралы көзқарастың біржақтылығын жоятын ұяшық. Түр даралардың жиынтығы емес, ол кейбір особьтардың, яғни біртектес элементтердің қарапайым мөлшерімен сәйкес келмейтін біртұтастыққа жатады.
Құрылымды-мәселе теориядары қазіргі ғылымдағы бастаушы әдіснамалық ойға онтологиялық талдаулар жасайды және тұжырымдандырады. Кибернетикалық ойлар қайтымды байланыс қағидатына негізделген, түсінік мағлұматтары онтологияға ауысады, яғни мәліметтер негізінде бағыттай отырып, зерттеу объектісін кеңінен ашып көрсетуде шындықты жүзеге асырады.
В.И.Вернадский ілімінің биосфера жөніндегі ойлары тірі және жасанды материяның қарым-қатынасындағы көптеген аспектілерімен жүзеге асады. Жалпы ғылыми тұжырымдаманың басқа топтары - бұл әмбебап тұжырымды жүйе. Бұған бұрын белгілі болған Берталанфидің жүйе теориясы мысал бола алады. Мұнда да онтологиялық бағыттар маңызды рөл атқарады, демек барлық универсумға белгілі бір тұжырымдық сипаттама беруге тырысады. Егер бірінші жағдайда мәселелердің қойылуы құрылымды онтология жағынан сипатталса, ал екінші жағдайда формалды-онтолгиялық болып табылады. Бұл дегеніміз әмбебап тұжырымды жүйе ғылымның және оның формаларының материалдарын талдау арқылы ғылыми ойдың әмбебап тұжырымын анықтауға бағытталған.
Биофизика өз алдына ғылым ретінде 19 ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Көптеген физиолог ғалымдар қазіргі кезде биофизикалық зерттеу объектілерімен сол кездің өзінде-ақ айналыса бастады. Мысалы, белгілі физиолог И.М.Сеченовтың осы бағыттағы зерттеудің пионеры деп айтуға болады. Ол тыныс алу процесінің динамикасын зерттей отырып, биологиялық ерітінділердегі газдардың еру заңдылықтарын анықтады. Белгілі физик Гельмгольц термодинамика проблемаларын зерттеуде тірі жүйелер энергетикасын түсінуге жол ашты. Ол көру мүшелерінің жұмысы мен нерв бойымен қозудың жылжу жылдамдығын зерттеді.
Физика, коллоидты химия ғылымдарының дамуына байланысты биофизиканың зерттеу шеңбері кеңейе түсті. Осы позиция тұрғысынан сыртқы әсерлерге тірі организмдер реакцияларының механизмдерін түсінуге талпыныстар жасалынды. Биофизиканың дамуына Лебаның мектебі үлкен рөл атқарды. Ол партогенез бен ұрықтану құбылыстарының физикалық-химиялық негіздерін бақылаған. Иондар антагонизмі құбылысының физикалық-химиялық қасиеттері де интерпритацияға ұшырады. Осы проблемалармен байланыста Лебаның "Тірі заттар динамикасы" атты кітабы көптеген тілдерде шығарылды. 1906 жылы бұл кітаптың аудармасы Россияда жарық көрді. Кейінірек қабыну паталогиясындағы иондық және коллоидтық процестердің рөлі жөніндегі Шаденің жұмысы пайда болды. 1921 жылы оның "Физическая химия во внутренней медицине" деген іргелі еңбегі орыс тілінде шығарылды.
1922 жылы СССР-да "Биофизика институты" ашылды. Оны П.П.Лазарев басқарды. Бұл институтта С.И.Вавилов адам көзінің сезгіштігінің, П.А.Ребиндер мен В.В.Ефимов өткізгіштіктің физикалық-химиялық механизмдерін және өткізгіштік пен беттік керілу арасындағы байланыстың, С.В.Кравков түстерді ажыратудың физикалық-химиялық негіздерін зерттеді. Совет Одағындағы биофизиканың дамуына Н.К.Кольцованың мектебі үлкен үлес қосты. Сыртқы ортаның физикалық-химиялық әсерлерінің клеткалар мен олардағы құрылымдарына тигізетін әсерлері жөніндегі мәселелермен оның оқушылары айналысты. Н.К.Кольцованың инициативасымен МГУ-да физикалық-химиялық биология кафедрасы ашылды, оны С.Н.Скадовский басқарды.
30-жылдардың аяғында биологиядағы физикалық-химиялық бағыт СССР ҒА В.Н.Бах атындағы институтында дамыды. А.М.Горький атындағы бүкілодақтық экстер медицина институтында биофизика бөлімі ұйымдастырылды, онда П.П.Лазарев, Г.М.Франц, Д.Л.Рубинштейндер қызмет етті.
К.А.Тимирязевтің фотосинтез шеңберінде жүргізілген зерттеулері - фотобиофизиканың негізін қалады. Тіршілік әрекетімен байланысты әлсіз хемилюминесценциялау, (миогенетические лучи А.Г.Гуревича), фотоактивтік құбылыстар (Радионов С.Ф., Франц) ашылды. Электронды пармагниттік резонанс әдісі (Эавойский Е.К.), фотобиология шеңберіндегі жұмыстар (А.Н.Теренин, В.М.Инюшин) т.б. бұл аталғандар биофизикалық әдістеулердің кейбір мысалдары ғана.
20 ғасырдың 50-жылдарында басында СССР ҒА Биофизика институты мен М.В.Ломоносов атындағы МГУ-дың биология-топырақтану факультетінде биофизика кафедрасы ашылды. Кейінірек биофизика кафедралары А.Жданов атындағы ЛГУ мен басқа университеттер мен медициналық институттарда да ашыла бастады.
1973 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің биология кафедрасында да биофизика кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі - профессор В.М.Инюшин. Кафедра қызметкерлері қолданылмалы биофизика мен фотобиология мәселелерімен айналысты.
Соңғы кезде тірі материалдар қасиеттерін түсінуде химия мен физика және сол сияқты физика, химия биологиясына түйіскен жеріндегі ғылымдар үлкен роль атқаруда. Сондай ғылымдардың қатарына биологиялық физика да жатады.
Биоизика - биологиялық жүйелердің түрлі деңгейлерінде жүретін физикалық және химиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы. Биофизика биологиялық құбылыстарды классикалық биологиямен салыстырғанда тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді, осы арқылы физиологияға физикалық және химиялық байланыс жасайды.
Биофизиканың негізгі міндеті тірі организмдерде физикалық, физика-химиялық және химиялық процестердің қалай жүретіндігін нағыз биологиялық материалдар негізінде көрсету.
Биофизика дербес ғылым ретінде физиология, биохимия, физикалық химия, физика сияқты пәндерден айырмашылықтары болғанымен, биофизикамен олардың арасында шекара шартты түрде ғана.
Биофизиканың негізгі нысаны - организмдегі физикалық және физика-химиялық процестерді зерттеу. Осыған байланысты биофизикалық зерттеулерде, негізінен, физикалық және физика-химиялық әдістер қолданылады. Бұл әдістемелер биофизикалық зерттеулердің мақсатына сәйкес өзгертіліп, жаңартылып отырады. Биофизиканың биохимиядан айырмашылығы - биофизика жүйелерді олардың жекелеген компоненттеріне бөлшектемей тұтастай қарастырады. Мұның өзі клеткалардың оптикалық қасиеттерін зерттегенде сәуле бөлудің әлсіз көздерін, электр параметрлерін өлшегенде әлсіз электр токтарын және әлсіз техникалық күшейткіштерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің барлығы да жақсы нәтиже береді, мұның өзі тірі жүйелердің түрлі физикалық-химиялық параметрлердегі өзгерістер арасындағы сандық тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты биофизика талдаудың математикалық әдістерін, физикалық және математикалық модельдеу әдістері мен есептеу техникаларын кеңінен қолдана алады. Соның нәтижесінде биофизика биологияны нақты ғылым ретінде көтере алады.
Биофизика биологиялық молекулалардың құрылысы мен физикалық қасиетін, биологиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасын, клетканың ультратұрақтылығын, оны физикалық және физика-химиялық ерекшеліктері мен клеткалардың функционалдық активтіліктерінің пайда болуын өткізгіштік биоэлектрлік потенциалдар т.б. реакциялардың физика-химиялық механизмдерін, сыртқы әсерлер энергиясын нерв клеткаларының спецификалық реакцияларына айналуы мен сезім мүшелеріндегі ақпараттарды кодтау механизмдерін, көпклеткалы жүйелердің реттелу және өзін-өзі реттеу проблемаларын, физикалық факторлардың әсер ету механизмдерін және сол сияқты диагностика, прогноз бен организмнің функционалдық жағдайларын бақылау процестерін зерттейді.
Биофизиканың негізгі міндеттерінің бірі - организмдерге тән физикалық және физика-химиялық параметрлерді зерттеу. Тірі клеткаларға тән қасиеттердің бірі - сыртқы орта мен клеткадағы потнциалдар айырмашылығы, калий мен натрий иондары бойынша клетканың іші мен сыртындағы иондық градиентті ұстап тұру қабілеті мен электр өсін поляризациялау мүмкіндігі.
Биофизика иондық сәулеленудің биологиялық әсері мен фотосинтез механизмін және сол сияқты энергияның миграциясы мен оның механизмін зерттейді.
Бұл пәннің келесі бір маңызды міндеттерінің қатарына клетка мен тканьдердің өткізгіштік қасиеті мен биоэлектлік потенциалдардың пайда болып, дамуы, олардың пайда болған көздерін анықтау мен тұқым қуалау, қасиеттерінің берілу механизмдерінің физикалық және химиялық мәселелерін талдау процестері жатады.
Тағы бір маңызды міндеттеріне автореттеу проблемасы кіреді. Автореттеу проблемасымен биология және медицина ғылымдары да айналысып қана қоймай, техника ғалымдары да қызығуда. Өйткені тірі организмдердегі автореттеудің кейбір механизмдері техника саласында да жаңа идеялардың көзі болуы мүмкін. Жануарлар мен өсімдіктерді қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу процестерінде автореттелу механизмі үлкен роль атқарады. Автореттелу мәселелеін түсіну үшін термодинамика мен мен биологиялық процестердің киетикасын зерттеу қажет, бұл биофизиканың маңызды міндеттеріне жатады.
Қазіргі кезде биологиялық кеңістіктегі жүріп жатқан - физикалық процестер ерекше қасиеттерге ие болуда.
Биофизика - құрылымдардың түрлі деңгейлеріндегі биологиялық кеңістіктердің физикалық процестері мен қасиеттері электроннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина саласындағы физика
Физика мен биология байланысы
Физика саласының медицинамен байланысы
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Физика және медицина
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі
Биоэлектрлік потенциал
Реология
Биомембрана арқылы зат тасымалдау
Пәндер