«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік



1 Жаңа формация мұғалімі
2 Қазіргі заман мұғалімі
3 Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту
4 Педагогикалық технология
5 Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
6 Оқушының шығармашылық іс . әрекетіне жағдай туғызу
«Жаңа формация педагогы - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н. Назарбаев.
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.
Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.
Қазіргі ақпараттық құралдарды меңгермеген мұғалім «ескірген» немесе «ескі көзқарастағы» педагог деп аталды. Сондықтан қазіргі жаңа формация мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру, ақпараттық құзырлықты игерген болуы шарт. Оның барлығы да негізгі болады. Бірақ, жетекші - ол білім беру құзырлылығы, оның кәсіби шеберлігі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық
аспектісі пәніне жалпы түсінік

Жаңа формация педагогы - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,
өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары
білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты Н.
Назарбаев.
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп,
оны өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде
шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.
Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз
ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім
болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен
зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе
білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп,
рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық
талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым,
шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер
қалыптастырудамыз.
Қазіргі ақпараттық құралдарды меңгермеген мұғалім ескірген немесе ескі
көзқарастағы педагог деп аталды. Сондықтан қазіргі жаңа формация
мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру,
ақпараттық құзырлықты игерген болуы  шарт. Оның барлығы да негізгі
болады. Бірақ, жетекші - ол білім беру құзырлылығы, оның кәсіби
шеберлігі.
Жаңа формация мұғалімі:
1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа
мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін
біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.
2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.
3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен
прициптерін, маңыздылығын біледі.
4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр
түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын
және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді,
өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.
5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни
құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.
6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның
талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады.
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап,
керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен
жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Ұстаз  қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе
жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен
мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен
тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана
педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де
осындай ұстаздар.
Егер мұғалім өз немесе басқа пәндер төңірегіндегі, ұжыммен, жекелей
проблемалық шығармашылық топтардағы т.б. әріптестерімен бірлесе қызмет
ету, кәсіби қарым-қатынаста болмай дараланып, жеке басының жетістіктері
мен кемшіліктерін бірлесе бағалай алмаса, өз шығармашылығы мен
қалыптасқан нәтижелі жетістіктерін көрсете алмаса, онда ол тек сыншы
педагог.
Білім, білік, дағдыны және мақсат қоюға оны шешуге ұмтылыс жасамай ынта
жігерсіз, педагогика мен психология негіздерін игермей іс жүзінде
психологиялық жағдаяттар шешімінсіз тұйыққа тіреліп, өмірдің түссіз
жағымен ғана еңбек етсе, онда ол Гете сөзімен айтқанда бір нүктеде
тоқтаған мұғалім.
Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке
тұлға бойындағы қасиетті дамыту, Мен менталитетін қалыптастыру білім
мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің
кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей,
мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру,
технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика,
технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс
- тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы,
заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік
позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір
талабы.
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере
отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын
еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және
жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану
үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден – бір тәсілі - өзін
- өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен – ақ
демократиялық қарым – қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың
мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік
түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай
алу;
- өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу,
одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;
Оқушы дайын білімді игеруші түсінігі орнына адам – шындықты танушы
тұлға түсінігі қалыптасады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру –
-адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық,
шығармашылық бастамасы – тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына
көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;
- сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау
және дамыту негізінде өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі қорғауға, өзін -
өзі тәрбиелеуге әкеледі.
- адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол –
тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым – қатынастың,
салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзінідік қатынастың негізін қалау.
- адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның
мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі
болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,
өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары
білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты
деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің
дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі,
біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден,
пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең
дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы
қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен
тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық
моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте
педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика
қоя білетін іскер мұғалім қажет.
ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа
теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы
қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып,
оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік
ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп,
оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу,
жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен
кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға.
Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне
шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп
есептеледі.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін,
дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани
дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық
мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай
белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу,
арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық
пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл
кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке
мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана
адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын
жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай
болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай
сипаттарды даралап көрсетуге болады:
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;
- Қызметке бейімділігі;
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі;
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім;
- Ұйымдастырушылық қабілет;
- Заманға сай жаңашылдық.
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені -
өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы
шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім
беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін
жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай
алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен
өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа
технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше,
бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген
тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше
бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты
ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту оқыту мен
тәрбиелеудіңәдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде
өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл
мұғалім болуын қажет етеді.
Жаңа формациядағы педагог даярлау барысында  төмендегідей
қарама-қайшылықтар туындай  бастайды:
Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны
пайдаланудақиындықтарға тап болуы;
Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары
тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның
әлсіздігі;
Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында
толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның
ерекшеліктерін ұға алмауы;
Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны
оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, 
жаттандылықтан аулақ,  практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді
шебер меңгерген психолог-педагогтік  диагностика  қоя білетін  іскер
мұғалім қажет. Қазір заман  өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер,
ата-ана мен бала психологиясы өзгерді.  Қазіргі балалардың көпшілігі
ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің  өміріне тек тиімділік тұрғысынан
қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете
қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз
адамдар.  Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі
қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі
жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа
формациядағы  ұстаз бола  алады.
XXI -ғасыр   мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке
көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық
қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін
күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының  өз бетінше білім алуына
үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық,
құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.
Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология
негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты Интернет жүйесін
меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей
алатын ұстаз болу керек.    XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына
байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім -
қоғам  айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны,
қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты
дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау
–қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық
білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби
шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз
білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру
саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз
ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты
шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана
қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған,
шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық
сенімдімін.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік
психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз,
кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу
болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты
дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі -
тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін,
шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін,
сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани
адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты білім алушылардың белсенді
өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.

Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз
керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға
бірлік керек (А. Байтұрсынұлы)
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру – оқытудың,
тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру
процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ
МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады.
Инновация ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша,
жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, Технология - деп оқытудың
объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс -
тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал - жабдықтар, т. б) қандай да бір
іс - әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық
технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған
нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология
өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім
ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп
қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық
ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге
дайын болуға үйретеміз. Шығармашылық деген, ол адамның мақсатты ісіне
жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы
мен ізденісінен түзіліп, ақыл - ойы мен сезімінің, қиялының ерекше
бітімінен көрінеді. Шығармашылық - адам ойлауының және өз бетінше
әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу - процесін жаңаша ұйымдастыру
барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара
ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында
білім берудің инновациялық - педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс
жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар
орындалу тиіс.
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс - әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны
ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен
жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін,
шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы
пайдаланады.
Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Ауыстырудың орнына сенім білдіру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Жоюдың орнына тегістеу;
Басқарудың орнына қатысу;
Мәжбүрлеудің орнына таңдау;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудың орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына
Кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу. Н. Ә. Назарбаев
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский Сабақ жасөспірімдердің
интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы
шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің
тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына
айналады- деп айтқан. Өйткені, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам
бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік
ізденісі, қолданған әдіс - тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың
белсендігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. Білім беру жүйесі -
сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен
бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі
ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру
мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару
органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлексияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары пәнінен дәрістер кешені
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Педагогикалық іс - әрекет
Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері
Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері
Мұғалім функциялары мен біліктіліктері
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Пәндер