Акмеология


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Акмеология

Акме - бағдарланған технологиялар тұлғаның өзін - өзі жүзеге асыруы ұйымдастырылатын, жүзеге асырылатын әдістер, тәсілдер мен техникалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның ішінде кәсіби іс - әрекет саласында жетістікке жетуге бағдарлануы алынады.

«Технология» термині грек тілінен аударғанда ( techne - «өнер», «шеберлік» + logos - «сөз», «ілім») - «өнер туралы ғылым» деген сөзді білдіреді. Қазіргі орыс тілінің сөздігінде, «технология» деп белгілі бір іст, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы аталады.

Студенттерге үздіксіз білім беру жүйесінде, білім беру кеңістігінің аясында акмеологиялық мәдениетті дамытуды оңтайландырудың әлеуметтік - психологиялық, педагогикалық және дидактикалық шарттардың жиынтығын жүзеге асыруда, тұлғаның акме - бағдарланған өзіндік дамуын, оны рухани байытуды қамтамасыз ететін, тұлғалық сапа ретінде акмеологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың акмеологиялық факторларын аса тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін акмеологиялық орта құрылады.

Аталған мәселенің өзектілігі, мамандарды кәсіби іс - әрекеттің субъектісі ретінде зерттеудегі акмеологиялық тұғырдың қажеттілігімен, кәсіби қалыптасу мен жетілдірудің барлық сатыларында ортаға әсер ететін бірқатар әлеуметтік - педагогикалық факторлармен анықталады.

Біріншіден, бұл әлеуметтік - мәдени ортадағы өзгерістер. Аса маңызды өзгерістердің бірі - білім беруді дамудың басым бағыты ретінде анықтау. Антропогенді өркениет білім беру ортасы ретінде болады, білім беру формацияларының алмасуы жүреді, білім беру адамның сапасының озық дамуының әлеуметтік - генетикалық механизмі, қоғамдық интеллектінің сапасы ретінде болады. Ол ғылыми ауқымды, интеллектуалды экономиканы қозғалысқа келтіретін « адамзат капиталын» қайта жаңғыртудың басты факторы ретінде бекітіледі.

Екіншіден, халықаралық жағдайды талдау, интеллектуалды ресурстардың сапасы, білім берудің сапасы үшін елдердің арасындағы кеңейтілген бәсекелестікті білдіреді. Соған байланысты, қазіргі заманғы ғылымдағы, жоғары мектептегі жоғары жетістіктерді ұстап тұру тұжырымдамасы, барлық мамандықтар бойынша іргелі білімді дер кезінде жаңарту, дамудың өзіндік жолын ескеріп, мамандарды даярлаудың отандық жүйесіндегі үздік дәстүрлерді сақтауды өзекті етеді.

Үшіншіден, адамзаттың дамуындағы парадигмалы қозғалыстың белгілері ретінде, интеграциялық үрдістерді кеңейту, экономиканы, коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік серіктестікті, халықаралық ұйымдар жүйесінде функционалды қатынастарды жаһандату, халықаралық білім беру ортасын қалыптастыру алынады.

Төртіншіден, интеграциялық үдерістерді дамытуға стратегиялық бағыттылық. Болон үдерісіне қатысу, отандық білім беру жүйесін еуропалық білім беру жүйесімен салыстыруды қол жеткізуге, бітіруші түлектердің кәсіби біліктілігін салыстыруға, оларды отандық және әлемдік еңбек нарығында еңбекке орналастырудың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағдарлайды.

Бесіншіден, білім беру үдерісінің білім беру ортасымен түйіндесуі, оған тұлғалық - кәсіби бағыттылықтағы талаптарды, кәсіпқойдың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеретін, оның жеке білім беру маршрутын қалыптастыруды қамтамасыз етуді ұсынады (Н. В. Кузьмина)

Алтыншыдан, акмеология ғылымы тұлғаның кәсіби дамуының принциптері, заңдылықтары мен механизмдерінің, адамды кәсіби жолдың барлық сатыларында қамтамасыз ететін білім беру ортасында жоғары жетістіктердің берік әдістемелік жүйесін құру үшін қажетті алғышарттарды құрастырды.

Жетіншіден, білім беру ортасын үздіксіз қайта құрудың синергетикалығы және қабілеті, ұлттық ерекшеліктердің сіңірілуінен тыс қалмайды. Бір жағынан, жаһандану ұлттық жүйелерді әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіреді, ал екінші жағынан - ментальды, ұлттық айырмашылықтар болған жағдайда, олар білім беру ортасында көрінуі керек.

Білім беру ортасы, ең алдымен, әлеуметтік - мәдени ортаның жүйесі, яғни тарихи қалыптасқан факторлар, жағдайлардың жиынтығы, тұлғаны дамытудың арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың тұтастығы.

Кең мағынасында әлеуметтік - мәдени білім беру ортасын бірнеше өзара байланысқан деңгейлерді қамтитын құрылым ретінде түсіндіруге болады.

Жаһандық деңгейге мәдениет, экономика, саясат, білім білім беруді дамытудың жалпы әлемдік үрдістерін, жаһандық - ақпараттық желілерді жатқызуға болады.

Аймақтық деңгейге ( елдер, ірі аймақтар) білім беру саясаты, мәдениет, білім беру жүйесі, әлеуметтік және ұлттық нормаларға, әдеттер мен салт - дәстүрлерге сәйкес өмір сүру салты, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б. жатады.

Жергілікті деңгейге - білім беру мекемелері, ( оның микро - мәдениеті, микроахуалы), жақын аймақ, отбасы жатады.

Тар мағынасында орта ұғымына индивидтің тек тікелей аймағын жатқызуға болады. Дәл осы жақын аймақ пен қарым - қатынас адамның қалыптасуы мен дамуына аса күшті әсер етуі мүмкін.

Акмеологиялық ортада кәсіпқойды дамыту тұжырымдамасының ғылыми алғышарттарын талдау, бірқатар топтарды көрсетуге мүмкіндік береді

Акмеологиялық ортаның бірінші түрі - қалыптастырушы, ол «акменің» бірінші белгілерінің пайда болуымен, дамытушы әсермен байланысты ( бірлескен іс - әрекет, белсенді әлеуметтік - кәсіби іс - әрекет) ; өзара әрекеттестік - бөлінген және имитациялық әрекеттер. Дараландыру және өзіндік өзектілеу сатысында, нәтижелі іс - әрекеттің мәнін анықтауға, мақсаттарды дербес таңдауға ынталандыратын, үдерістер мен нәтижелерді бақылау және бағалауға, кісіпқойдың бастамасын кеңейтетін қолдаушы әрекеттер қалыптасады.

Акмеологиялық ортаның екінші түрі - қайта құрушы - тұлғаның ортаға әсері, оның мотивациялық саласын түзету есебінен алмастырумен сипатталады. Бейімделу сатысындағы кәсібилік - жеке көрінетін сапалардың жиынтығы: тұлғалық әлеуетті саналы ұғынуға және жүзеге асыруға ұмтылыс, «МЕН» жағымды бейнесін құру (гностикалық, ерікті, ұйымдастырушылық компоненттердің көрінісі) ; кәсіпқойлар қауымдастығына ұмтылыс ( әлеуметтік - перцептивті компоненттің көрінісі) ; өзін тұлға және даралық ретінде саналы ұғыну

Акмеологиялық ортаның үшінші түрі - рефлексивті, ол тұлғаның шығармашылық ашылуымен, доминанта аймағының алмасуымен айрықшаланатын дамытушы қатынастар жүйесімен байланысты : өзара әрекетте суперкәсіпқой орта құрушы функцияны жүзеге асырады; мінез - құлықтық үрдіс оның позитивті дамуының бағытын саналы ұғыну, тұлғалық - кәсіби дамудың мүмкіндігін, шығармашылықтың жеке тәсілін құрастыруды, конструктивті әлеуетті өзектілеуді қамтамасыз етуі керек; жоғары деңгейдегі қажеттіліктер жүзеге асырылады ( интеллектуалды, рухани, өзін қайта құрушы басқару

Ортаға бағдарланған тұғыр оқытушының іс - әрекетіндегі тіректі, білімгердің тұлғасына белсенді педагогикалық әсер етуден, «білім беру ортасын» қалыптастыру саласына алмастыруға мүмкіндік береді, онда білімгердің өзіндік оқытуы мен өзіндік дамуы жүзеге асады. Білім беруді осылай ұйымдастыруда, білімгердің ортамен өзара әрекетіндегі ішкі белсенділік механихмдері қосылады.

Тұлғаның өзіндік дамуының қозғаушы күштері ретінде, ішкі қарама - қайшылықтар алынады, сондықтан білім беру ортасы белгісіздіктің біршама дәрежесі бар, білімгерге өзіндік детерминация, өзіндік даму механизмдерін « қосуға» мүмкіндік беретін, амбивалентті бағалаудан тұратын білім беру жағдаятымен « толықтырылуы» қажет.

Қазіргі жағдайда адамның білімі бірыңғай арнайы тезаурусқа сүйенбеуі керек, ол алуан түрлі пікірлер, тұғырлар, идеяларға сүйенуі керек, ең алдымен, тұлғалық, когнитивті және әдіснамалық дағдыларға, сыни бағалау қабілеті, алынан ақпараттың алуан түрлерін салыстыру қабілетіне сүйенуі кереу. Сондықтан білім беру ортасының әрбір білімгер үшін ақпараттық тұрғыда толыққанды болуы үшін, көп деңгейлі, ауқымды, шексіз болуы керек.

Осылайша, білімгердің тұлғасын дамытудың өзара байланысқан екі аспектісі болады:

1. Білімгердің интеллектуалды іс - әрекетінің тиімділігін себепті - салдарлы байланыстарды талдау, салыстыру, жалпылау қабілетін қалыптастыру, аталған байланыстарды есепке алу, өз білімін зерттеу, жүйелеу, өзіндік көзқарасын негіздеу, жаңа идеяларды туындату қабілеті есебінен арттыру;

2. Әрбір білімгердің жеке өзіндік бейнесінің дара танымдық бейімділіктерді, биоритмдерді, психо - әлеуметтік типтерді, когнитивті стильдерді, оқу материалын іріктеудегі таңдалмалылықты есепке алу негізінде өсуі.

Кемелденген тұлғада келесі базалық құрамдастар айқындалады:

1. құндылық бұл адам үшін өміріндегі басты нәрсе тұрғысынан сипаттайтын тұлғаның орталық базалық негізі; құндылықты тұлғаның белгілі сыртқы бағыттылығы мен адамның өзі туралы ұғымдарының ( өзіндік бағалау) бірлігімен сипатталады; креативті білім беру ортасы тұлғаның іс - әрекетті, тұлғалық қатынастарды және танымды барынша өзін - өзі жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құндылықтың базалық үш типін дамытуға ықпал етуі керек;

2. жауапкершілік ( бақылаудың ішкі және сыртқы локусы) ; жоғары жауапкершілік білім беру жауапкершілігі мүмкін болмайтын, білім беру ортасының еркіндік және автономиялық жәрежесін білдіреді;

3. өзін - өзі дамыту; бұл мәні бойынша « адамды құрудың» психологиялық механизмі; бұл таным және даму кеңістігінде өзін - өзі анықтау, өзіндік қозғалыс, өзіндік бақылау, өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылыс, өзін - өзі дамытуға деген қабілет тұлғаны біртұтас дамытудың дәреесін анықтайды;

4. өзін және басқаларды қабылдауға диспозициялық төзімділік, мейірімді қатынас, конструктивті диалоқа, өзара түсіністікке даярлық; бірге қатысу дәрежесі; бірге толғану, және «бірге қуану» шеберлігі, өзін басқа адамдармен теңдестіру қабілеті жатуы мүмкін;

5. ішкі бірлік, тұтастық; аталған базалық құрамдас адамның тұлға құқығына ие болатын « белгілердің өзгеше жиынтығы», даралық, сапалы өзіндік бейнесін қамтамасыз ететін интегралды немесе жүйе құраушы құрамдас болып табылады.

Инновациялық технологиялар негізінде білім беру ортасында, білімгерлердің креативтілігін дамытуға ерекше назар аударылуы керек. мұнда креативтілік тұлғаның бірегей және пайдалы ой - пікірлерді туындату, стандартты емес қайта құрушы ойлау, жаңаны қабылдау, шығармашылық қабілетін анықтайтын, интегралды тұрақты сапасы ретінде түсіндіріледі. Креативті білім беру ортасының негізгі мақсаты - адамда «шығармашыл» тұлғаны ояту және онда негізі қаланған шығармашылық әлеуітті барынша дамыту.

Креативті білім беру ортасына қойылатын негізгі талаптар ретінде, белгісіздік пен проблемалықтың жоғары дәрежесі, үздіксіздік пен сабақтастық, білімгерді қабылдау және оны белсенді білім беру әрекетіне ендіру алынады.

Акме - бағдарланған технологиялар тұлғаның өзін - өзі жүзеге асыруы ұйымдастырылатын, жүзеге асырылатын әдістер, тәсілдер мен техникалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның ішінде кәсіби іс - әрекет саласында жетістікке жетуге бағдарлануы алынады.

«Технология» термині грек тілінен аударғанда ( techne - «өнер», «шеберлік» + logos - «сөз», «ілім») - «өнер туралы ғылым» деген сөзді білдіреді. Қазіргі орыс тілінің сөздігінде, «технология» деп белгілі бір іст, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы аталады.

Педагогикалық әдебиетте осы ұғымды түсіндіруге қатысты негізгі 4 тұғыр бар, атап айтсақ: технология дидактикалық тұжырымдама, педагогика ғылымының бір бөлігі ретінде анықталады (Б. Т. Лихачев, П. И. Пидкасистый, М. А. Чошанов және т. б. ) ; педагогикалық жүйе ретінде анықталады ( В. П. Беспалько, В. В. Гузеев және т. б) ; педагогикалық үдеріс ретінде анықталады (В. С. Безрукова, М. М. Левина жәнне т. б) ; оқытушы мен білімгерлердің іс - әрекет процедурасы ретінде анықталады (В. М. Монахов, В. В. Серикоф, В. А. Сластенин және т. б)

Қазіргі кезде көптеген авторлар әлеуметтік технологияларды қолданудың қажеттілігін (Ю. М. Резник), білім беру технологияларын (Г. К. Селевко), педагогикалық технологияларды (В. П. Беспалько, Б. Т. Лихачев, М. В. Кларин және т. б), оқыту технологияларын (Б. С. Гершунскийй, П. И. Пидкасистый, М. Чошанов және т. б), мамандарды кәсіби даярлау технологиясының қажеттілігін құрастыруды (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, В. Н. Кулюткин)

Технологияның орны туралы түсінік, омы аталған ұғымға қандай мән берілетініне байланысты. Г. К. Селевко, В. Д. Сластенин, Г. Е. Муравьеваның пікірлері бойынша, технологияны оқыту, тәрбие және білім берудің тәсілдерін зерттейтін ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратын болса, онда технологияның орнын келесі үлгіде көрсетуге болады: педагогикалқы теория - педагогикалық технология - педагогикалық практика.

«Оқыту технологиясы» ұғымын қарастырып, ЮНЕСКО - ның құжаттарында технология ұғымы, міндетті білім берудің формаларын оңтайландыру болып саналатын. Техникалық және адамзат ресурстарының өзара әрекеттестігін ескеріп, білімді меңгеру мен оқыту үдерісін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі ретінде анықталады. Бір жағынан, оқыту технологиясы - бұл оқу ақпаратын өңдеудің, көрсетудің, өзгертудің, ұсынудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан - бұл қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды қолдану арқылы оқыту ұдерісінде оқытушының білімгерлерге ісер ету тәсілдері туралы ғылым

Л. Д. Столяренко оқыту технологиясының мазмұнын қарастырып, оны студенттерге ұсынылатын оқу ақпаратының мазмұны мен ұүрылымы ретінде, оқу және кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін тапсырмалар мен жаттығулардың кешені ретінде, кәсіби іс - әрекеттің бастапқы тәжірибесін жинақтау ретінде түсіндіреді. Мұнда білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары, олардың көлемі бойынша арақатынасы, кезктесуі, сонымен бірге алынған білімді бекітуге ықпал ететін бақылау формалары маңызды рөл атқарады.

Соңғы кезде (А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин және т. б. ) технологияның жаңа түрін қарастырды, ол - акмебағдарлану технологиясы.

А. А. Деркач және В. Г. Зазыкин қысқаша акмабағдарланған сөздікте, акмебағдарланған технология деп мәні бойынша «психологиялық технология» ұғымына жақын, алайда аса тар бағыттылығымен айрықшаланатын, тұлғалық әлеуетті ашуға, прогрессивті тұлғалық - бағдарлы дамытуға бағытталған гуманистік мазмұны бар категория ретінде түсіндіреді. Авторлардың ойынша, акмебағдарланған технологиядағы басты әдіс ретінде акмебағдарланған әсер ету әдісі алынады.

Басқа технологиялармен салыстырғанда, акмебағдарланған технологияның өзіндік ерекшелігі болады, ол акмебағдарланған ғылымның пәніне сүйенеді, аталған ғылым адам, оның кәсібилікке және шеберлікке өзіндік дамуының заңдылықтары туралы білімнің, адамның өзіндік шығармашылықпен жүзеге асыру тәсілдерімен, іс - әрекет субъектісі және тұлға ретінде білім беру және педагогикалық жүйелерге енуінің тиімді модельдерінің синтезі болып саналады.

Акмебағдарланған ғылымның күрделі функционалды жүйелерге әсер етудің факторлық талдауы бар, интеграциялық, пәнаралық және практикалық бағдарлы сипаты болады.

Н. В. Кузьмина бойынша қазіргі заманғы акмебағдарланған технологиялар әлеуметтік тәжірибеде келесі функцияларды жүзеге асыруға бағытталған: шығармашылық өзіндік жетілдірудегі жалпы - адамзаттық құндылықтарды, өзін - өзі таныту еркіндігі, адамдардың конструктивті өзара әәрекеті мен олардың қайта жасаушы кәсіби іс - әрекеті үдерісінде алуан түрлі жеке тәжірибені және өзара түсіністікті меңгеру.

В. Н. Максимова бойынша, акмебағдарланған технологиялар білім беруді ізгілендірудің факторы болып табылады, тұлғаның әлеуметтік - маңызды құндылықтарының ( денсаулық, отбасы, адамгершілік, өмір, азаматтық) басымдылығы негізінде, субъектінің өмір сүру әрекетінің технологиялық құндылықтары ( өзін - өзі дамыту, өзін - өзі жетілдіру, біртұтас және тұрақты дамыту, өмірлік жетістік, даралық) негізінде, сонымен бірге кәсіби сапалар ( қабілеттер, құзыреттілік, бағыттылық, эмпатиялық сапалар, ерікті сапалар, шеберлік) негізінде құрастырылады.

Автор оқытудың акмебағдарланған технологияларының кез келген педагогикалық жүйенің барлық аспектілерін, процедураларын жүзеге асыратынын атап көрсетеді, яғни акмебағдарланған технологиялар басқа технологиялармен салыстырғанда, кешенді болып табылады.

В. Н. Тарасова акмебағдарланған технологиялардың белгілеріне келесілерді атап көрсетеді: креативтілікті дамытуға бағыттылық; кешенділік; функционалды жүйелердің жоғары жетістіктерге өзіндік дамуын ынталандыратын факторлардың жүйелі әсерін қамтамасыз ету; тұлғаның өзіндік дамыту үдерісін және кәсіби іс - әрекетін оңтайландыру; адамның өзімен және қоршаған әлеммен қатынастарын құру.

Л. Е. Варфоломеева акмебағдарланған технологиялардың келесі ерекшеліктерін құрастырды:

- инвариантты (білім беру маршрутында қолданылады) ;

- комбинаторлы ( басқа әдістемелердің элементтерімен біріктіріледі) ;

- көпфункционалды (білім беру үдерісінің субъектілерінің әртүрлі рөлдік функцияларын орындауда қолданылады) ;

- адаптивті ( оларды қолданудың нақты жағдайларына бейімделуі мүмкін) ;

- прогностикалық ( соңғы нәтижеге жетудегі ізденістің бағытын көрсетеді)

Акмебағдарланған технологиялар білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының әрекетінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін белгілер мен көрсеткіштерді қамтиды ( оқытушы мен студенттің өзара әрекеті, педагогикалық практика кезінде дербес шешім қабылдауды үйреніп, өзара әрекет ететін мұғалім мен студенттің үйлесімі) ; сонымен бірге, іс - әрекеттің бастапқы, ағымдық және соңғы нәтижелері туралы алуан түрлі түсініктері бар, тиімділіктің әртүрлі деңгейлеріне қол жеткізетін, білімгерлермен, жекеленген студенттер және ата - аналармен өзара қатынастарды құрудың әртүрлі стратегияларын қолданатын белгілер мен көрсеткіштерді қамтиды.

Акмебағдарланған технологиялар педагогикалық және білім беру технологиялары арқылы ынталандырылады және қамтамасыз етіледі.

Осылайша, акмебағдарланған технологиялар - бұл білім беру міндеттерінің сапасына бағдарланатын, білімгерлердің шеберлігінің алғышарттарының негізін қалайтын, сапалы нәтижені болжауға, стратегияларды таңдауға мүмкіндік беретін, студенттермен өзара әрекеттестіктің мақсатты бағытталған, логикалық құрылған жүйесі. Акмебағдарланған технологиялар бір жағынан, өзара әрекеттестіктің, қатынастар мен өзара қатынастардың көпдеңгейлілігін есепке алады, ал екінші жағынан, оқытушының студенттермен жұмысындағы құралы, яғни ішкі үдеріс болып саналады. Бұл технологиялар басқарылатын және өзіндік басқарылатын үдеріс болып саналады.

Б. Т. Лихачев аталған ұғымға келесі анықтама береді: «Педагогикалық технология - оқытудың формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, тәрбие құралдарының арнайы жинағын анықтайтын педагогикалық - психологиялық бағдарлар жиынтығы; ол педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық - әдістемелік құралдары.

Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға жетуде қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталды және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен қызметінің ретін білдіреді (М. В. Кларин) .

Оқытудың технологиялық тұғырының мақсаты ретінде, ұсынылған бастапқы бағдарларға сүйеніп, оқу үдерісін құрастыру ( оқытудың білім беру бағдарлары, мақсаттары мен мазмұны), сонымен бірге оқу үдерісін оңтайландыру, оперативті кері байланыс алынады.

Г. К. Селевко «педагогикалық технология» ұғымын үш аспектіде көрсетеді: 1) ғылыми: педагогикалық технологиялар - оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін зерттейтін, құрастыратын және педагогикалық үдерістерді жобалайтын педагогика ғылымының бөлімі; 2) процессуалды - сипаттаушы: үдерістің сипаттамасы ( алгоритмі), оқытудың жоспарланатын нәтижелеріне жетудің мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құралдарының жиынтығы; 3) процессуалды - әрекеттік: технологиялық ( педагогикалық) үдерісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, инструменталды, әдіснамалық, педагогикалық құралдардың қызметі.

Осылайша, автордың пікірі бойынша, педагогикалық технология оқытудың аса рационалды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқытуды қолданылатын тәсілдер, принциптер мен реттеушілер жүйесі, шынайы үдеріс ретінде қызмет атқарады.

В. А. Сластенин педагогикалық технологияны басқаша қарастырады: (педагогикалық технология - бұл педагогикалық іс - әрекеттің операционалды құрамын технологиялық деңгейге, «әдістеме» ұғымы арқылы көрінетін дәстүрлі деңгейймен салыстырғанда, тиімділіктің, оңтайлылықтың сапалы жаңа деңгейіне өтуді қамтитын дидактика, тәрбие теориясы мен әдістеме арасындағы аралық буынды алатын педагогика ғылымының саласы».

В. П. Беспалько педагогикалық технология деп оқу - тәрбие үдерісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасын атайды. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық технологиялардың мәні мынады: біріншіден, педагогикалық технология арқылы, педагогтар практикалық оқытуды педагогикалық экспромттарды барынша азайтуға және алдын ала оқу - тәрбие үдерісін жобалауға, жобаны қайта жаңғыртуға тырысады. Мұны жоғарыда көрсетілген контексте табысты орындалуы мүмкін, яғни « дидактикалық міндет» және «оқыту технологиялары» ұғымдарына қатысты сәтті болуы мүмкін.

Екіншіден, педагогикалық технология білімгерлердің оқу - танымдық іс - әрекетінің құрылымын және мазмұнын анықтайтын оқу - тәрбие үдерісінің жобасын қамтиды. Үшіншіден, педагогикалық технологияның маңызды белгісі - екі аспектіде қарастырылатын мақсат құру үдерісі: 1) білімгерлердің оқу материалын меңгерудің сапасын объективті бақылауы және диагностикалық мақсат құруы; 2) тұлғаның біртұтас дамуы. Төртіншіден, белгілі педагогикалық жүйенің жобасы ретінде, педагогикалық технологияның пәні туралы ұғымдардың нәтижесінде, педагогикалық технологияны құрастырудың маңызды принципін құруға болады, ол - оқу - тәрбие үдерісінің құрылымдық және мазмұндық тұтастығы принципі.

Тұтастық принципі бойынша, білім берудің кез келген түрінің болашақ педагогикалық жүйесінің жобасын құрастыруда, осы жүйенің барлық элементтерінің үйлесімді өзара әрекеттестігіне оқытудың бір кезеңінің аясында ( тоқсан, семестр немесе оқу жылы), оқытудың барлық кезеңінде жетудің қажеттілігін білдіреді. Мұнда педагогикалық жүйенің бір элементіне өзгеріс енгізуге болмайды. Берілген анықтаманың мәліметтерінен технологияның оқу үдерісімен - оқытушы мен студенттің іс - әрекетімен, оның құрылымымыен, құралдарымен, әдістері мен формаларымен барынша байланысты болатынын көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық даярлығын акмеологиялық қатынас негізінде жетілдіру
Педагогикалық шеберлік жэне оның әлеуметтік маңызы
Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті
Гуманизмнің әлеуметтік қызметі адамдардың қауымдастықтағы қатынасын сақтаудан туған қажеттілік
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Білім берудің құрылымы
Педагогикалық шеберлік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz