Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГТЫҢ РӨЛІ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Дарынды балалардың психологиялық сипаттамасы мен психологиялық ерекшеліктері . . . 7
1. 2 Психолог ғалымдардың еңбектеріндегі дарындылық мәселесі . . . 18
1. 3 Қабілеттілік және оны дамытудың жолдары
2. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Дарынды балалардың қабілетінің анықталуы . . .
2. 2 Дарынды балалардың қабілетін дамыту жолдары . . .
2. 3 Нәтижені жинақтау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі .
Психолог Н. С. Лейтес зерттеуі бойынша балалардың осындай ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің туа бітті қызметіне (мидағы уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, алмасу қабілетінің молдығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасаланып, жақсы орнығуы, т. б) байланысты екенін көрсетті Дарынды балалар алғыр, зерек, жинақы келеді, күрделі іс-әрекеттерді шығармашылықпен, зейін қоя беріліп атқарады. Дарындылықтың белгілері; білімді игерудегі қайрымдылық, белгілі бір салада (ғылым, өнер, т. б. ) жұмысты ұйымдастыра және сапалы атқаруға бейімділік не нәрсені болса да қызығушылықпен беріле істеуге, өзіндік даралық қолтаңба, шығармашылық қуат, т. б. Сәбидің ерекше қабілетін дер кезінде байқап, жетілдіре түссе шынайы. Дарындылық иесіне - талантқа айналады, ал дұрыс бағдар беріп, баулымаса, тәрбиелей алмаса, қабілетті өшіп, ерекше қасиет-қарымын жоғалтуы мүмкін [3] .
Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында болғанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нышанның соңғы түрі дарындылық секілді сатыда болады. Мәселен, баланың есту анализаторларының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторының өзгешелігі сурет салу қабілетінің көрінуіне септігін тигізеді. Бірақ нышан қабілетінің дамуына бірден-бір шарт бола алмайды. Ол- адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болма да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни солнышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы динамикалық стереотиптерңһінің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б. ) байланысты болып келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте көп. Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда «Ұстазы Крисиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап жарық көрді.
Аса дарынды бала жөніндегі алғашқы кітап осы болатын. Туылғанына он ай толмай жатып кішкентеһай Гейнрих «суретке салынған заттардың көпшілігінің айырып атайтын» болған. Ол үшін жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады. Көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп «географиядан жақсы мағлұмат алады» және мыңнан астам латын мәтелін біледі. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.
Жарықбаев айтуынша дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк білмейтіндердің қатарында саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға немесе химиялық тәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтағы туралы көптеген шығармалар әлі де сақтаулы. Айталық, Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қояға қатысқан [4] .
Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуытиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден-әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды.
Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалд. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында құрбылыларын интеллект белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару-мектептің көкейкесті міндетінің бірі болып табылады.
Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көп жақты, көп құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген әзденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады;
Осыған орай бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдері мен психологтың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан- жақты, азат шығармашыл дамыту міндеттері де тұр.
Оқушының шығармашылық әрекетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан - жақты зерттеулер көбеюде. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология - педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығу жатады [5]
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізгі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады. Әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді. [6] .
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді. деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Қазіргі таңда дарынды балалады дер кезінде анықтау және ары қарай дамыту психологтың қолында, сондықтан бүгінгі таңда «Дарынды балалар қабілетінің дамуындағы психологтың рөлі» зерттеу аса маңызды болып отыр
Зерттеудің мақсаты - дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау.
Зерттеу нысаны - дарынды балалардың қабілетін психологиялық қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні - дарынды балалардың қабілетіне психологтың ықпал жасау ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер дарындылық қабілеттің дамуына психологтар арнайы теориялық зерттеулер ұйымдастырып, оны анықтау мен жетілдіруге бағытталған жұмыс жолдары нақтыланса, онда дарынды балалар қабілетінің дамуында психологтың рөлі маңызды орын алады.
Зерттеу міндеттері :
- дарынды балалардың қабілеті ұғымына сипаттама жасау.
- дарынды балалар қабілетінің дамуындағы психологтың қызмет ерекшеліктері
- эксперименттік зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу әдістері : ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері: дарындылық ерекшеліктерін зерттеген Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, В. А. Крутецкий, Н. С. Лейтес, Б. М. Теплов еңбектеріне тұжырым жасалған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы - зерттеудің ғылыми әдістерін мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы -дарынды балалардың қабілетінің дамуындағы психолог тәжірибеде зерттеп оның дамуына тигізетін әсерін анықтауға арналған әдістерді қолдану нәтижелері тиімділігін жоғарылатады.
Зерттеу базасы - Тараз қ, Абай атындағы №26 орта мектебі
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесін анықтау үшін психологиялық - педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі педагогика, психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып дарындылық қабілетін зерттеуге арналған эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГТЫҢ РӨЛІ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Дарынды балалардың психологиялық сипаттамасы мен психологиялық ерекшеліктері
«Дарындылық»-бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық»-бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданыста. Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуде қалыптасқан қасие. Бала бойындағы қасиетті байқап, оның бар екеніне көщ жеткізу, дамыт, қабілеттерінің жан-жақты ашылуына мүмкіндік жасау.
Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы құрылып, еліміздегі дарынды балалармен жұмысты қолға алды. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттеді. 2015 жыл «Дарынды балаларды қолдау жылы» деп аталады. Дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызы бар проблема.
Дарындылық-баланың алғырлығы, зерделігі қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процнесс. Дарындылықты дамыту мен қалыптастыруға психологтың орны ерекше. Осы орайда дарындылықта тоқталайық.
Дарындылық-адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жаұын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет», -деп көрсеткен. Мектептерде ерекше қабілеті бар балаларды іріктеп алып, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасалынуы тиіс. Жаңа технологияларды практикаға енгізу қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн енгізетін болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға қажеттілік өсті.
Дарынды баланы қабілеті мен ерекшелігіне қарай үшке бөлуге болады:шығармашылық дарындылық, интеллектуалды табиғи дарындылық, лидерлік дарындылық.
Мұғалім оқушы қабілеті мен ерекшелігін дамыту үшін: оқушылардың ғылыми қоғамның құрылуы, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау, ғылыми-зерттеу проблемасын шешуде қоғам мүшелерін өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерді танымал ету, шығармашылық қабілеттерін таныту мен дамыту, шығармашылық сипаттағы тәрбие жұмыстарын жүргізу, ғылыми білімнің жеке адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.
Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада жайлы сезінуіне жағдай жасау кажет. Алдағы уақытта бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейңмдеу сынды мәселе тұр. Сондықтан мұғалім құзіреттілігіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай баланың шығармашылық қабілетіне қарай оқыту тиесілі.
Мектепшілік әр түрлі шығармашылық жұмыстар өткізу, қатысқан оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Ұйымдастырылған әрбір жұмыс-ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымды, оқушы қабілеті мен дарынының шындалуы. Дарындылықты қалыптастыру деңгейі: актуалды дарындылық, потенциалдық дарындылық болып екіге бөлінеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзді басшылыққа алып баланың тжанына жақын даралықты дәл тауып, соны жандандыруға жасалынған жұмыс өз нәтижесін береді. Табиғаттың дарындылықты адамның бәріне бірдей бөліп бермейтіні анық. Ғалымдар дарындылықты зерттеуді үш деңгейде қарастырады. Олар теориялық, әдістемелік, педагогикалық-ұйымдастыру, әдістемелік-қабылданған анықтау әдісі мен оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі, педагогикалық ұйымдастыру -дарынды баламен диагностикалық жұмысты таңдау түрі немесе болжамы.
Өз қабілетін сабақ үстінде көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Тұлға қалыптастыруға мұғалім оқыту міндеттерін ескеру керек. Міндеттері: оқу процесін тиімді ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру, жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту, жеке тұлғаның қасиетттері мен қабілеттерін анықтау.
Дарынды оқушыны қалай оқыту керек?
Бұл мәселені шешу үшін әр түрлі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту .
Қандай оқушы, дарын ерекшелігі неде?
Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құлымдық жүйесі жасалады
Дарындылықтың негізгі белгілері: а) ой-өріснің жоғарылығы; ә) шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту; б) қатынас пен белсенділік; в) қозғалғыштық
мүмкіндігімен ерекшеленеді, өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді, білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.
Өмірдің өзі мектеп талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларға жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттілікке дайын болуын талап етеді.
Мектептегі дарынды оқушыны анықтау, мұғалімнің зерттеу диагностикасының жүргізілуі өздеріңізге таныс. Сабақ беріп жүрген сыныптардағы дарынды оқушыны мұғалім әр түрлі еркешеліктеріне қарай жұмыс түріне тартады.
Дарынды оқушыны табудың өзектілігі: кешенді диагностикалық әдісмелерді күнделікті қолдану, психолог оқушыны өз тақырыбы бойынша басқаша пікірге әкеліп, оны шешудін жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы дарындыдылықты дамытудыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, психо-педагогикалық бағыт-бағдар беру, дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату.
Оқушылар келесі бағытта танылып, айқындалады: шығармашылық ойлау қабілеті, өзін-өзі бағалау деңгейі, төзімділік, әрекеттің тәуірлеу түрлері, сезімталдық күші, сіз көшбасшысыз ба?, сізге не ұнайды(қызығушылық картасы) ?, тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі, дарынды балалардың тәртібітуралы мінездемесі.
Дарындылықтың ақталуы мен дамуы-бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы қоғамдық дамудың да жеке тағдырдың да мәселесі.
Ерекеше дарынды балаларды айқындауда психологтарға келесі жағдайлар туындайды: әр тұлғаның дамуына әсер ету, мүмкін болған жағдайда дерес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу, дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету.
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психолгиялық педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдану және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау да маңызд. Дарынды балалардың жетілдірудің бірінші сатысында баланың ата-анадан және психологтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғары жетістігі есепке алынады [7] .
Дарындылық дегніміз не және ол кішкентай нәрестеде қалай байқалады?
Дарындылық-сананың белгілі бір нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануы.
Дарындылық-қуат пен серпін беретін сиқырлы күш.
Дарындылық-даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшелену.
Дарындылар-материалдық және рухани жағынан бай адамдар. Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетіндігі даусыз. Ғылым бұны дәлелдеп те берді. Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен абстрактылы ойлауға негізделген есте сақтауы жақсы жетілген. Олар топтастыру қабілеті мәлімет пен тәжірибені категориялауда алынған білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады. Олардың топтастыру мен шешімге бейімділігі дарынды балалардың балалардың сүйікті ісі-коллекция жинау мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледіғ бірақ әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.
С. Бап-Баба Дарындылық-табиғаттан берілген еркеше қабілет деп түсіндіріледі. Адами ойлау-табиңаттың адамзаттқа берген тамаша сыйы. Дарындыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу-қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі-мектептегі оқу кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамды қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, «орта» қабілетті бала мектепте мақталады да «ақылды» балаға сенімсіздік жасалады. Оның қабілеті көп жағдайжда ескерілмейді. Соның салдарынан дарынды балалар ерекшеленуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай ықпалының нәтижесіндедарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды. Сөйтіп өз деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі.
Ол жерде дарынды балаларды-таңдап олардың бойындағы ерекше қасиеті бағалап, өмірде дұрыс бағдар бере білуіміз қажет. Дарынды балалар білуге құштар «мынау қалай құрылған?», «Егер жағдайды өзгертсе қайтеді?» деген сұрақарға жауап іздейді. Қоршаған ортаны белсенді түрде зерттейді. Дарынды бала өз әрекетін шектеуді ұнатпайды.
Ал талантқа талдау жасасақ, дарындылықьтың жоғары деңгейі, ол қызмеи өнімін алуға рұқсат етеді. Данышпандық-бұл дарындылықтың жоғары деңгейі. Қызметтің белгілі бір сферсындағы принципиалды ілгері жылжуды жүзеге асырады
Дарынды оқушы тұлғаның төрт негізгі аспектілермен өзара байланыста сипатталады.
Олар:
-Интеллект (зияттылық)
-Шығармашылық (креативтілік)
-Мотивция
-Тұлғаның әлеуметтік бейімділігі
Сонымен дарынды бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқалады. Баланың таным процестері қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты. Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты нені жасай алатынын, нені істей алмайтынын біледі. Ал айналадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды. Бұл кезеңде ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін баласының әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Психологтардың зерттеуі бойынша интеллект-жас өскен сайын өспейді, толыса түседі.
Балалардың әр түрлі жас кезіндегі ақыл-ойының мүмкіндігін түсіну үшін қазіргі кезеңдегі деңгейдің өзгеруі мен жоғарыда келтірген жастық сезімталдығының бағытталуын зерттеу өте маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: А. Еділбаева «Дарындылық»-бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мұмкіндік туғызады. Бүгінгі дарын иесі егемен еліміздің ертеңгі тірегі.
Мектептердің ұлы мақсаты -оқушылардың бүгінгі ақпараттар ағынын сауатты игере алатын, сол игерген білімнің қай жерде нақты көмекке келетінін пайымдай алатын, қандай әлеуметтік топпен де қарым-қатынас жасай алатын, өз бетінше оқу, іздену арқылы кез-келген мәселенің шешімін таба алатын ұлт азаматтары, дарынды да қабілетті адамдардың даярлау мен қалыптастыру [8] .
Дарындылық-адамның белегілі бір іске деген айырықшы қабілеттілігі, өмірдің, ұандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру», яғни «сабақта өтілетін дидактикалық материалды толық білу» елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасау қажет, мұғалімге тәуелді екенін сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімнің зерттеу обьектісінде тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек. Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандыұ ұасиетін тудырады. Бұл-адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Дарныды адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық салаларында өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz