Банктердің мәні және атқаратын қызметтері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
1.1 Банктік несиенің түрлері, банктің нарықтық экономикадағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3 Несиелік саясат, оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

II Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы

2.1..ҚР. дағы банк жүйесі
ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары ... ... ... ... ... 24
2.2 ҚР коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .33
КІРІСПЕ

Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп түсіну, оны жан-жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады.
Бұл тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесіне арналған. Қазіргі кезде Қазақстан республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық банкі – мемлекттің орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге банктердің барлығы екінші деңгейді сипаттайды, сондқтан да оларды екінші деңгейдегі банктер деп атайды. Мұнда біз Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері, мақсаттары және ерекшеліктерімен танысамыз. Сондай-ақ Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық банктермен қаржылық қатынаста болады. Сонымен бірге Ұлттық банк ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды эмиссиялайды және резервтік қорды құрайды. Ал коммерциялық банктер депозиттер жинайды және халыққа несие берумен шұғылданады.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер нарықтық экономикада қаржылық делдалдар болып табылады. Бантер өз қызметтерін орындау процесінде қызметтік салалық және аумақтық басқару органдарымен өзара тығыз байланыста болады, яғни әрекеттеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.
17. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
18. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
19. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған процедуралық нормативтер туралы» ереже.
20. Ұлттық банктің 2004ж. есебі.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыста – экономикалық категория ретінде, банктің құқытық даму
және оның тарихи аспектілері қарастырылды.
Банк құқық түрін анықтайтын Қазақстан Республикасына қызмет ететін
қоғамды қамтитын, олардың іс-әрекеті мен көлемін реттейтін құқықтық негізін
талдайтын мемлекеттік, жеке, басқа мемлекеттің қоғамдық қатынасын
қарастырады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылчған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 34 бет текстте берілген, 4 сурет, 3 кесте, 16 түрлі
әдебиет, 4 мерзімді басылым және 2 қосымша қолданылған.

мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
1.1 Банктік несиенің түрлері, банктің нарықтық экономикадағы

қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .6
1.2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3 Несиелік саясат, оның
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

II Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы

2.1..ҚР- дағы банк жүйесі
ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары
... ... ... ... ... 24
2.2 ҚР коммерциялық банктердің қызметін
ұйымдастыру ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33

кіріспЕ

Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен
қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер,
журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең
зерттеп түсіну, оны жан-жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру
болып табылады.
Бұл тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесіне арналған. Қазіргі
кезде Қазақстан республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық
банкі – мемлекттің орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге
банктердің барлығы екінші деңгейді сипаттайды, сондқтан да оларды екінші
деңгейдегі банктер деп атайды. Мұнда біз Ұлттық банк пен коммерциялық
банктердің атқаратын қызметтері, мақсаттары және ерекшеліктерімен
танысамыз. Сондай-ақ Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерімен және
халықаралық банктермен қаржылық қатынаста болады. Сонымен бірге Ұлттық банк
ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды эмиссиялайды және резервтік қорды
құрайды. Ал коммерциялық банктер депозиттер жинайды және халыққа несие
берумен шұғылданады.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы.
Банктер нарықтық экономикада қаржылық делдалдар болып табылады. Бантер өз
қызметтерін орындау процесінде қызметтік салалық және аумақтық басқару
органдарымен өзара тығыз байланыста болады, яғни әрекеттеседі.

I Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
1.1.Банктік несиенің түрлері, банктің нарықтық экономикадағы
қызметі.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-
ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда
болған делінеді.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдың қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе - бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте
отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға
жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала
бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк - бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің, ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын
есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорын десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сонымен қазіргі түсінікте коммерциялық банк - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын зерттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-бабына сәйкес,
банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың кореспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдың шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдың операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-
ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-
ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы
байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1) Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенін түрі.
5. Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие — банктердін бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несиесі — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын
несие.
10. Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында
банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Казкоммерцбанктің тұтыну несиесінің түрлері мен шарттары

№ Несиелеу Тұтыну несиесінің түрлері
шарттары
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді
тауарлар сатып алу
несиесі
Жаңа Ескі
(пайдаланылған)
1 2 3 4 5
1 Несие Автомобиль Автомобильді бағалау • 10 000 АҚШ долларына
мөлшері құнының 80% құнының 80%-на дейін дейін (немесе
дейін эквивалент)
• 500 000 АҚШ
долларына дейін (егер
қамтамасыз ету заты —
жылжымайтын мүлік
болса)
2 Бастапқы Автомобиль • 3 жылға дейін
жарна құнынан — 20% жүрген шетел көлігін
сатып алуда 20%;
• 3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
30%;
• 5 жылдан 10 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
50%;
• 3 жылға дейін
жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда - 30%;
• 3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда - 50%
3 Несие • шетелдік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
мерзімі автокөлік үшін 5
жылға дейін;
• тмд елдерінің
автокөлігі үшін
3 жылға дейін
4 Несие АҚШ доллары АҚШ доллары АҚШ доллары
валютасы немесе теңге немесе теңге немесе теңге
5 Несие үшінАйына: Айына: 1,5% (АҚШ Айына: 1,5% (АҚШ
төлем 1,5% (АҚШ долларымен) және 1,7%долларымен) және 1,7%
долларымен) және(теңгемен) (теңгемен)
1,7% (теңгемен)
6 Қамтама-сыСатып алатын Егер шетел Сатып алатын тауар
з ету түріавтомобиль автокөлігінің немесе тұрғын үй
жүрілген уақыты 10
жылдан, ТМД-кі 5
жылдан аспаса, сол
автомобильді

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы.
Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар (параллель) дамып, бір-
бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі
халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы
өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып
отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын,
шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен
босаған еркін ақшалай каражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша
пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді,
экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге
шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық
өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын
жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің
салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені - депозитті құрады, ал
жаңа талаптың ссудасын карыз алушыға береді.
Банктер ақшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып,
ақшалай қаражаттың жалпылама пулын қалыптастырады әрі оларды қолданысқа
түсетін капиталға айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын
қанағаттандырады.
Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық
капиталдарға ие болады. Олар делдалдық қызметтің негізінен шығып, ұдайы
өндірістің барлық фазасының салаларына дендей енеді. Несие жүйесі сыйқырлы
күшке ие және ең қатерлі жолмен нақты өндіріске араласуы ықтимал. Басқа
тұста К. Маркс Сауда мен өнеркәсіпке үстемдігін жүргізетін ағылшын банкісі
секілді мекеменің орасан зор билігіне назар аударады. Банктер шаруашылық
өмірдің орталығына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас экономиканы
басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың
қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол
жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді
орындайды. Банктердің рөлі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің
қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы
принциптері сақталғанда анықталады.
Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты
білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал, әрбір
қоғамның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретінде алға шығады, ал,
экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның қозғаушы факторы болып
табылады. Осыған қарай экономикалық әдістердің көмегімен басқару
экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденің осындай ұғымына қарай
былайша тұжырым жасауға болады: оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру
арқылы әсер етуге болады және басқарудың экономикалық әдістеріне жүгіну
арқылы банктермен, мысалы, әр түрлі несие қаражатына мұқтаж әр қилы
экомомика буындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелеу жолымем
немесе қоғамдық өнімнің ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін, экономиканың
тоқтаусыз (үзіліссіз) жұмыс істеуі үшін экономиканың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру
жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақтылы қайтарылмаған несие үшін жоғары
пайызды, мерзімі кешіктірілген төлем үшін өсімақыны, есеп айырысу
операциясы барысында бұрмаланған ереже үшін айыппұлды өндіріп алу арқылы өз
мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, осы операцияларға қатысушы басқалардың
да мүдделерін қорғайды.
Банктердің экономикалық жауапкершілігі ең алдымен өздері қызмет
көрсететін шаруашылық органдардың қай ведомствоға жататынына және қандай
меншік түріне кіретініне қарамастан олардың шаруашылық және қаржылық
қызметінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысына оларға
(банктерге) тәуелсіздік болатын немесе банктерді өздері дербес тыңдайтын
құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бірдей жағдайда
пайданы қамтамасыз ететін несие саясатын жүргізеді, өзіне және өз
клиенттеріне тиімді операцияларды ұйымдастырады.
Банктер басқа басқару органдарында болмайтын ағымдағы ақпаратқа ие. Ең
алдымен бұл қызмет көрсетілетін клиенттердің негізгі қызметі туралы
ақпараттар болып табылады. Еңбекақыға, бюджет пен жабдықтаушылардың
төлеміне, банк несиелерін қайтаруға қажетті қаражаттың шотта болмауы осы
шот иесінің жұмысындағы кінәратты білдіретін тек объективті ғана емес,
сонымен бірге күн сайынғы оперативті сигнал (дабыл) болып табылады. Шотқа
ақшаның түсуі жабдықтаушы жөнелткен тауардың сатылғанын және т.б.
білдіреді. Банк мәліметтері бухгалтерлік есептің жасалуын күттірмей,
кәсіпорын қызметінің көптеген маңызды жақтарын талдауға, нәтижелерді алдып
ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайы туралы
нақты мәліметтерге ие болуына, оларды бақылауға, және олардың табыстылығы
мен тағдырын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы біртұтастығымен сипатталады. Қолма-қол ақша және қолма-
қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысының салаларына бір ғана ақша
бірлігімен қызмет көрсетіледі, әрі олар өзара тығыз байланысты. Банктер
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың шоттарын жүргізу арқылы жиынтық
ақша айналымына бақылауды, ал ол арқылы шаруашылық процестердің барысын
бақылауды жүзеге асырып, осы процестерге ықпалын тигізеді.
Банк жүйесіне қоғамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттің
қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы және т.б.
жиынтықталған. Банктер осы қорларды қалыптастыруға белсенді қатысады,
олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейді әрі осылайша
ұдайы өндіріс процесінің барысына әсерін тигізеді.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты
банктердің алдынан мүлдем жаңа көкжиектер ашылды. Меншікті мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік формалары, кооперативтік қозғалыс кеңінен дамып,
аралас меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар құрылды.
Бұл жағдайда банктердің экономикадағы инфляцияны кемітуде және оны
нарық жолына түсіріп (салып) жіберуде, ең алдымен меншікті мемлекет
иелігінен алуда және жекешелендіруде маңызы зор. Бұл арада банк жүйесінің
маңызды міндетіне несие жүйесін, ақша айналысын реттейтін әдістерді
жетілдіру, есеп айырысуларды жылдам жүргізу, төлем пәндерін сақтау жатады.
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы өз валютасын -
теңгені енгізді. Алайда инфляция бәсеңдеген жоқ. Инфляцияның ең жоғары
деңгейі 1994 жылдың шілдесінде байқалды - 46%. Үкімет пен Ұлттық банк
қабылдаған монетарлық шараның нәтижесінде инфляция шілде айында кеміді
(25%), ал 1994 жылдың тамыз айында ол 13,5%-ға, қыркүйекте 10,9%-ға
теңесті.
Инфляциянын кему нәтижелері: қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі 300-ден
250%-ға дейін кемісе, аукциондарда несие ресурстарының пайыздық
мөлшерлемесі 460-тан 280%-ға дейін азайды, яғни несие үшін төленетін төлем
сұраныс пен ұсыныстың негізінде анықталатын шынайы нарықтық төлемге
айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының бір-біріне
жуықтау (жақындасу) тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді
қазынашылық вексельдерді сатудың мөлшері артты. Инфляция кемуінің жағымды
сәтіне Ұлттық банктің директивтік несиені беруден бас тартқанын жатқызуға
болады, олар тек агроөнеркәсіп кешеніне ғана арналатын болды. Несие
ресурстары аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкімет шығынына несие беруді барынша азайтуға күш жұмсап
отыр. Бұл шаралардың барлығы Ұлттық валютаны тұрақтандыру және инфляцияны
кеміту бойынша жағымды нәтижелерге қол жеткізеді.
Мемлекеттік меншік реформасында да банктердің рөлі жоғары. Банктердің
активтері мен пассивтерінің сапасы қызмет көрсетілетін клиенттің қаржылық
жағдайына толық тәуелді. Осыған байланысты банктік реформаны мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру процесінен бөліп (ажыратып) жүргізуге
болмайды. Сондықтан да банктік реформаның маңызды міндеттерінің бірі -
кәсіпорындардың жекешеленуіне және жеке экономика секторының құрылуына
колдау көрсету. Осыған орай, банктік реформа мемлекеттік меншікті
жекешелендірудің мүддесіне бағындырылуы керек.
Олай болмаған жағдайда банктер нашар несиеден, пайдасынан зияны көп
клиенттерден құтыла алмайды, өйткені бүгінгі таңда көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардың несие қоржынының сапасы төмен.

1.2. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел қапиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- Ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2006 жылғы статистикалық мәліметтер
бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк, 50%-аса - 4
банк) құрылған банктерде саны - 14, оның ішінде, еншілес банктер - 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне
тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты
есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды
құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар
есебінен құрылуы мүмкін.

1.3. Несиелік саясат, оның элементтері

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм
көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат – банктің, несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар
тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін
емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын
экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі
туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар
мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі
иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен
анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым
қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер
(өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға,
ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқару;
• несиелеуге бақылау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардын принииптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз
ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама
материал және нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Несиелік механизмнің мазмұны

Экономикалық түсініктегі механизм белгілі бір қызметті жандандыруға
және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында
механизм термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық,
оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын
объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Ақша айналысын басқару
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары
ҚР-ның банк жүйесі
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Пәндер