Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері



1 Психологтың құқықтары
2 Психологтың міндеттері
3 Мектеп психологының жауапкершілігі
4 Психологтың жұмыс бағыттары
Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып
келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген
мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның
құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен
құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін
психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың
денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру
және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек
беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық,
интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу
және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың құқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен
әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді
іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын
қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді
қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында
әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық
орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу
орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және
психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен
міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға,
бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз
іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3.  Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында
негізге алуы керек.
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу
жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және
т.б.).
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық  қатынастарға өз
бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік,
мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы
керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге
жарияламауы керек.
Мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын
диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін
ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының
хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті
түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы
ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен
араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан
айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім
қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік
принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне
жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық
сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу
шараларын жүргізу, бала психологиясындағы  өзгерістер туралы ата-анаға
дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып
отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін,
ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап,
ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық 
ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен 
ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын
жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті
мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы
психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін
анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне
(күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу
т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру,
ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді
байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен
бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- қиын оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент 
ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру,
психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі 
оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі
зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе
алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме?
Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте
анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін,
мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық
зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен
қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір
психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету.
Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың
қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен
кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын
жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының
себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық
(түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге
психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып
жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар
барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі
маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың мақсат-міндеттері:
1. Оқушының жеке басын, отбасын жеке зерттеу;
2. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы
анықтау;
3. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
5. Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен)
кездестіру;
6. Арнайы комиссияларға апару;
7. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
8. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
9. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
10. Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл - кеңес беру.
Қиындық туғызатын оқушыны бақылау күнделігі
1  Аты-жөні
2  Жасы
3  Сыныбы
4  Отбасы құрамы, білімі, кәсібі. Ата-анасының қызметі
5  Отбасының педагогикалық жағдайына сипаттама
6  Педагогикалық қиындықтарды жою жолдары
7  Оқушымен, ата-анасымен  жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі: сауалнама,
диагностика, бақылау, міндеттерді алу, түзету жұмыстары, нәтижесі.
Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы
Оқушының аты-жөні, сыныбы ___________________________________ ___
Туған жылы, айы, күні ___________________________________ __________
Мекен-жайы, телефоны ___________________________________ _______
Ата- аналары туралы мәлімет
 
Деректер
Анасы
Әкесі

Ата – анасының аты – жөні
 
 

Жұмыс орны
 
 

Қызметі
 
 

Байланыс телефоны
 
 

 
Өзара қарым- қатынас беті
1. Оқушының ұжымдағы беделі?
Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар.
2. Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы?
Жағымды, ынтамен, қинала, бей - берекет, өштесе, селқос.
3. Достары бар ма?
Тек өзінің сыныбында, сыныптан  тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен
шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ.
4.  Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады?
Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы
ұйымдастырушы, қатыспайды.
5.  Кімдермен кикілжіңге түседі?
Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен,
туысқандарымен.
6.  Қандай еңбек түрін қалайды?
Ақыл-ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды.
7.  Өзіне деген қатынасы?
Өзіне-өзі сенімді, өзіне-өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін-өзі
бақылайды, жетістікке ұмтылады.
8.  Мәдениет дағдыларын меңгерген бе?
Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз.
Ерекше жасаған әрекеттері мен тәртіп бұзушылықтары?
Қашан жасады?
Себептері
Жүргізілген шаралар, уақыты
Нәтижесі

 
 
 
 

 
 
 
 

 
Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы
Оқушының аты-жөні:  __________________________
 
Бағалау өлшемдері
Тәрбиелік белгілері
Баға

Эрудициясы
Білімі қанағаттанарлық, қосымша білім көздерін пайдаланбайды, сөйлеу
мәдениеті, зеректілігі, тапқырлығы қанағаттанарлық.
 

Ынтасы
Ұмтылыс жоқ, жауапкершілігі төмен, өзіндік әрекеттері жоқ, бірақ өзара
көмекке келуге даяр, зейіні төмен.
 

Еңбек сүйгіштігі
Жалпы жинақы, еңбекті жақсы көреді, еңбек қауіпсіздігін сақтайды, еңбегі
өнімді, еңбек тәртібін сақтайды.
 

Адамгершілілігі,
саналылығы
Адамгершілігі бар, адамдық қарым-қатынасы дұрыс, мейірімді, мәдени
мерекелерге баруды ұнатады, мінез-құлық ережелерін орындайды, бірақ
мектеп жарғысын орындамайды.
 

Табиғатқа қатынасы
Жерге, табиғатқа, өсімдікке, жануарға аялы көзқараспен қарайды.
 

Эстетикалық
талғамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогика ғылымының қызметтері
Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
«Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу мен қорыту педагогикалық проблема»
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Пәндер