Педагогиканың əдiснамалық негiздерi



1 Педагогиканың əдiснамалық негiздерi.
2.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
3. Педагогикадағы зерттеу əдiстерi
Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрiстеуiне арқау болған əдiснамалық шарттар. Ғылым əдiснамасы бұл табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негiз болған, əрi сол құбылыстардың теориялық түсiндiрмесiне шешiмдi ықпал етушi философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бiр бөлiгi болған педагогика екi негiзгi философиялық əдiснама: идеалистiк жəне материалистiк тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды жəне қазiрде дамып отыр. Ежелгi грек философияпедагогикалық ой-пiкiр саласында идеалистiк бағытты ұстаған Сократ пен Платон адам дамуының шешушi факторы бiр табиғат екенiн мойындаса, материалистiк бағыттағы Гераклит, Демокрит жəне Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсiндiрiп, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырады. Педагогикалық теорияның бұдан былайғы да етек алуында осы екi əдiснамалық бағыттың маңызы зор болды. Осының салдарынан батыстық педагогикада қазiргi кезеңге дейiн адамның дамуы мен тəрбие мəселелерi бойынша белгiлi бiр қауымдастықтың мүддесiн жақтаған идеалистiк ойшылдар бар. Солармен қатар оқыту жəне тəрбие теориясына елеулi үлес болып қосылған, əрi жалпы адамзаттық маңызға ие болған материалистiк идеялардың иелерi де баршылық. Көп əдiснамалық алғышарттардың iшiнде аса маңыздыларының бiрi тəрбиенiң барша табиғи жəне қоғамдық құбылыстар сияқты себептi-салдарлы бай-ланысты сипатта екендiгi. Тəрбие əрқашан, бұрында атап өткенбiз, қоғамның жəне оның даму бағытының қажетi-нен туындаған. Осыдан материалистiк бағытқа негiзделген педагогика өз зерттеулерiн тəрбие мен оның теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндiрiстiк -экономикалық жəне əлеуметтiксаяси факторларға байланыстыра жүргiзедi. Материалистiк педагогика өткен дəуiрлердегi қоғамда көрiнiс берген теориялық тұжырымдарға, бүгiнгi күнi өзгерген саяси-əлеуметтiк талаптарға орай қалыптасып жатқан тəрбиелiк ой-пiкiр ауқымын дəл осы тұрғыдан зерттейдi, əрi өрбiтедi. Материалистiк тəрбие теориясының шешiмi үшiн ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзi тiршiлiк иесiнен сыртта, əрi оның қалыптасуы ''əлеуметтiк бағдарламаға'' сəйкес, қоғамдық ықпалдың, соның iшiнде тəрбиенiң нəтижесiнде iске асады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Педагогиканың əдiснамалық негiздерi. Оның басқа ғылымдармен байланысы
жəне зерттеу əдiстерi

1. Педагогикалық теориялардың əдiснамалық негiздерi Педагогикалық
теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрiстеуiне арқау
болған əдiснамалық шарттар. Ғылым əдiснамасы бұл табиғат пен қоғам
құбылыстарын зерттеуге негiз болған, əрi сол құбылыстардың теориялық
түсiндiрмесiне шешiмдi ықпал етушi философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Ұзақ уақыт философияның бiр бөлiгi болған педагогика екi негiзгi
философиялық əдiснама: идеалистiк жəне материалистiк тұжырымдамаларға арқа
сүйеп дамыды жəне қазiрде дамып отыр. Ежелгi грек философияпедагогикалық ой-
пiкiр саласында идеалистiк бағытты ұстаған Сократ пен Платон адам дамуының
шешушi факторы бiр табиғат екенiн мойындаса, материалистiк бағыттағы
Гераклит, Демокрит жəне Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсiндiрiп,
сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырады. Педагогикалық
теорияның бұдан былайғы да етек алуында осы екi əдiснамалық бағыттың маңызы
зор болды. Осының салдарынан батыстық педагогикада қазiргi кезеңге дейiн
адамның дамуы мен тəрбие мəселелерi бойынша белгiлi бiр қауымдастықтың
мүддесiн жақтаған идеалистiк ойшылдар бар. Солармен қатар оқыту жəне тəрбие
теориясына елеулi үлес болып қосылған, əрi жалпы адамзаттық маңызға ие
болған материалистiк идеялардың иелерi де баршылық. Көп əдiснамалық
алғышарттардың iшiнде аса маңыздыларының бiрi тəрбиенiң барша табиғи жəне
қоғамдық құбылыстар сияқты себептi-салдарлы бай-ланысты сипатта екендiгi.
Тəрбие əрқашан, бұрында атап өткенбiз, қоғамның жəне оның даму бағытының
қажетi-нен туындаған. Осыдан материалистiк бағытқа негiзделген педагогика
өз зерттеулерiн тəрбие мен оның теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы
өндiрiстiк -экономикалық жəне əлеуметтiксаяси факторларға байланыстыра
жүргiзедi. Материалистiк педагогика өткен дəуiрлердегi қоғамда көрiнiс
берген теориялық тұжырымдарға, бүгiнгi күнi өзгерген саяси-əлеуметтiк
талаптарға орай қалыптасып жатқан тəрбиелiк ой-пiкiр ауқымын дəл осы
тұрғыдан зерттейдi, əрi өрбiтедi. Материалистiк тəрбие теориясының шешiмi
үшiн ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзi тiршiлiк
иесiнен сыртта, əрi оның қалыптасуы ''əлеуметтiк бағдарламаға'' сəйкес,
қоғамдық ықпалдың, соның iшiнде тəрбиенiң нəтижесiнде iске асады. Сонымен
қатар бұл əдiснама, адам дамуының көзi, одан тыс екенiн айта отырып, оның
қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзiнiң iшкi жан дүниелiк
белсендiлiгiнiң де маңызды рөл атқаратынын алға тартады, əрi
зерттеушiлерге осы өзiндiк жан белсендiлiгiн көтерудiң жолдарын табудың
қажеттiгiн түсiндiредi. Материалистiк философия мен педагогика қоғамдағы
əлеуметтiк жəне рухани қатынастардың жетiлуiмен адамның өзi де жетiлiп, əрi
дамып отырады, оның өзiндiк қасиеттерi мен сапаларын ұнамды бағытта
өзгертiп жəне жақсартып отыруы үшiн зор табиғи мүмкiндiктерге ие екендiгiн
жария етедi. Сонымен қатар, бүгiнгi педагогика тағылымы қоғамдық дамудың
объектив заңдылықтарына жүгiне отырып, қоғамдық iлгерлеуге қызмет ету
қажеттiгiн, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз мiндетi деп
санайды Бiздiң ойымызша, адам тəрбиесiнiң күнделiктi практикасында болсын,
теориялық тұғырнама пайымдауда болсын жоғарыда айтылған бүгiнгi педагогика
тұжырымдамаларын негiзге ала отырып, идеалистiк бағыт-ты да, имандылық
шарттарын да өз орнымен үйлесiмдi пайдаланып отырған қажет.
2.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Педагогиканың дамуында
оның басқа ғылымдар-мен байланысы ерекше маңызды рөл атқарады. Педагогика
өзiнiң ғылыми қалыптасуында философия, əлеуметтану, этика, эстетика,
психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, этнография,
математика, кибернетика жəне т.б. ғылымдардың идеяларын пайда-ланып
жетiлуде. Аталған жəне басқа ғылым салаларынан көптеген идеяларды
педагогика өзiнiң зерттеу аймағы тұрғысынан өңдеп тəрбиенiң мəн-мағынасын
тереңiрек түсiнуге жəне соның көмегiмен тəрбиенiң теориялық негiздерiн
нақтылауға пайдаланады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, философия
педагогикалық теорияларды бағыттауда əдiснамалық тараптан жəрдемдеседi,
яғни ғалымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды
көрсетедi. Педагогикалық зерттеулердiң осындай əдiснамалық бастаулары
əлеуметтану, этика, эстетика жəне т. б. ғылымдардан алынады. Ал басқа
ғылымдардың идеялары тəрбиенiң нақты саласындағы педагогикалық
проблемаларды шешуде тiкелей негiз бола алады. Мысалы, психология деректерi
педагогика үшiн адамның жеке тұлғалық ерекшелiктерiмен оның iшкi жан-
дүниелiк заңдылықтарын балаларды оқыту процесiнде дұрыс пайдалануға
бағдарлайды. Физиологиядағы i с-əрекеттiң шартты рефлекстiгi жөнiндегi
идеялар адамда сыртқы əсерлердiң ықпалымен болып жататын өзгерiс-тердiң
жəне тəрбиеленушiде ептiлiк, дағды мен əдет қалыптасудың ғылыми негiздерiн
ашуда өз себiн тигiзедi. Сонымен, адам жөнiндегi басқа ғылымдардың
идеялары педагогикаға тəрбие заңдылықтарын терең жəне жан-жақты зерттеуге
мүмкiндiк ашады. өз дəуiрiнде К.Д.Ушинский ''Педагогикалық антропология''
еңбегiнде ''Егер педагогика адамды əр тараптан тəрбиелегiсi келсе, онда ол
ең алдымен сол адамды жан-жақты танып алуы тиiс'' - деген. Мұнысымен
көрнектi ғалым педагогика үшiн адам зерттеушi антропологиялық ғылымдардың
бəрiмен де терең таныс болу қажеттiгiн баса айтып отыр. Педагогиканың басқа
ғылымдармен байланысының екiншi тарапы - олардың зерттеу əдiстерi мен
тəсiлдерiн үйрену жəне шығармашылықпен игерiп, пайдалану. Нақтырақ айтсақ,
психология, социология жəне т.б. ғылымдар педагогикалық құбылыстарды
эксперименталды зерттеудегi əдiстердiң аумағын кеңейтуде себебiн тигiзедi,
ал математика педагогиканы статистикалық тəсiлдермен байытады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жөнiнде айта отырып, оның сол
ғылымдарға жасаған əсерiн де елемеуге болмайды. Мысалы, педагогикада
негiз тапқан ұжымның тəрбиелiк рөлi хақындағы идея осы проблема бойынша
психология, философия, этика, социология жəне т. б. ғылымдар аймағында
жүргiзiлiп жатқан зерттеулерге үлкен ықпалын тигiзiп отыр.
3. Педагогикадағы зерттеу əдiстерi Педагогика ғылымы дамуының маңызды
факторы, оның зерттеу əдiстерiнiң көбеюi мен ұдайы жетiлiп отыруы. Айта
кетерлiктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бiр кезеңдерде
педагогика үстiрт философия-лық-əлеуметтiк бақылау, пайымдаулар бойынша
ғана зерттелiп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық
қызметiнiң нəтижесiнде ғана туындап келдi. Ал ХIII ғ. бастап педагогиканың
толық қанды ғылымға айналуына теориялық iзденулердi практикалық тəрбие
iстерiмен байланыста жүргiзген ғалымдардың белсендi үлесi болды. Бұл
тəрбиелiк ой мен iстi бiрiктiрiп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың iшiнде
бүгiнге дейiн танымал Я. А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д.
Ушинский, Л. Толстой, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий сынды
педагог-ғалымдар болды.
ХIХ ғ. оқыту жəне тəрбие теориясының бұдан былай тереңдеуiне ықпал
жасаған эксперименталдық зерттеулер едi. Қазiргi кезеңде
педагогикалық зерттеулер əртүрлi əдiстердiң бүтiн бiр жүйесi жəрдемiмен
алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, əңгiмелесу, мектеп құжаттарын
зерттеу, оқушылардың шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдіснамалық білім деңгейлері
Қазақ педагогикасының тарихы
Педагогиканың әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі педагогика жайлы
Педагогиканың әдістері мен әдіснамалары
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологиясының-ғылыми теориялық негіздері
Педагогиканың əдіснамасы
Мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Педагогика ғылымы туралы түсініктеме
Пәндер