Еліміздегі білім беру жүйесі



1 Білім беру жүйесінің құрылымы
2 Орта білім беру
3 Жалпы орта білім
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім - нəтиже. Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді. «Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады. Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады. Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Білім беру жүйесі- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы
білім беру және кәсіптік білім беру.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге
асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті
және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепке жалпы білім беру
бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру
ұйымдарында тегін жасалады.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу
міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға
дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5
сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта
білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты
дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұщтастыра білетін, халық мәдениетін
жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын
адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта
білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі.
Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей.
Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10 сыныптар)
және жоғарғы (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің
ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім ьеретін ұйымдардың
әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп,
гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп,
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей– негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге
асыратын жалпы білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшеліктері – ақыл-ой қабілеттері жоғары
жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай
элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың
табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде
жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу
сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу
құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ
мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары
деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан
өткізу болып табылады.
Мирас халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан
Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық
бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген
пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Дәулет мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты
бірнеше бастамалар бар, олар – Лингвоелтану оқулығы бойынша қазақ және
ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани
мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан
салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы
компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл,
ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет
көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік  лицейлерде
негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады.
Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек
қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар
бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың
қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім
алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған.
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде,
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады.
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым
кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын
алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде,
кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша
білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтандыру, техникалық, мәдениеттану,
тіл және басқа бағыттағы мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің
мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім
туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы білім беру саласындағы реформалардың ерекшелектері неде?
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Білімге қызығушылық
Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі
Дарын онлайн жобасы туралы
Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесінің кезеңдері
Пәндер