Бұқа, айғыр, қошқар және қабанға арналған жасанды қынаптардың түрлері, құрамы және қолданылуы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Жасанды қынап түрлері: Бұқаның жасанды қынабы.
  2. Қошқардың жасанды қынабы.
  3. Айғырдың жасанды қынабы.
  4. Қабанның жасанды қынабы.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе.

Жасанды қынап дегеніміз ата малдың шәует бөліп шығаратын рефлекстерін қалыпты қоздырып, аналықтың табиғи қынабының қызметін атқаратын ерекше құрал. Жасанды қынапты қолданғанда аталықтың жыныс мүшелеріне механикалық, жылулық әсерлер түзіліп, шәует бөлініп шығатын жағдай жасалады.

Барлық ата малдың жасанды қынабы негізгі дене, жұқа резеңке түтік және шәуеттосқыштан тұрады. Қынаптың негізгі денесін қалың резеңкеден, мүйізден, темір немесе қалайыдан жасайды. Айғыр мен қабанның қына денесі темір және қалайыдан істеледі. Бұқа мен қошқар, текенің жасанды қынабының денесін қалың резеңкеден жасайды.

Жұқа және жұмсақ резеңке түтік негізгі денеден ұзын және оның сыртқа қарайтын беті бұжыр, ішкі жағы біркелкі тегіс майда болады. Жұқа резеңке түтікті қынаптың негізгі денесінің қуысына кіргізіп, ұштарын екі жаққа тең шығарып денеге қайырып бекітеді. Түтіктің қайырылған ұшын үстінен резеңке шығырықпен қысып, су, ауа шықпайтын болдырады. Негізгі денеде кішкене тесік болады. Бұл тесік арқылы дене мен түтіктің арасындағы бос орынға су құйып қажетті жылылықты пайда болдырады және ауа кіргізіп белгілі дәрежеде қысым тудырады. Осыдан кейін тесікті су мен ауа шықпайтын етіп, шүмекпен өте тығыз тығындайды.

Шәует тосқышты шыны, резеңке, полиэтилен сияқты материалдардан жасайды. Шыны шәуеттосқышты қынапқа су құйып, ауа кіргізгеннен бұрын, қынаптың бір ұшының ішіне отырғызып бекітеді. Бір рет қолданылатын полиэтилен шәуеттосқышты негізгі дененің сыртынан кигізіп, резеңке шығырықпен қысады. Кейде екі қабат шәуеттосқыштарды керектенеды. Мұндай шәуеттосқыштардың қабат қабырғаларының арасына жылы су құйып, спермийлерді суық соққысына ұшыраудан сақтайды.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Бұқаның жасанды қынабы.

Бұқаның жасанды қынабының түрлері өте көп. 1942 жылғы үлгімен жасалған алғашқы жасанды қынап, баллонды жасанды қынап, ішін пролонмен астарлаған жасанды қынап, бір рет қолданатын шәует тосқышты қысқа жасанды қынап т. б.

Бұлардың барлығымен бұқадан шәует алуға болады және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, алғашқы жасанды қынапты 50см ұзын, 8 см жуан болдырып серпімді қалың резеңкеден істеген.

Кейбір сырт мемлекеттерде басқа үлгіде жасалған жасанды қынапты қолданады.

Бұл қынап жоғарыда айтылған қынаптан жіңішке және қысқа.

Шәует тосқышы шыны, пластмассадан жасалған, алынған шәуеттің көлемін анықтайтын көрсеткіштері бар.

Бұл қынапты қолданғанда бұқа шыбығының басы конус резеңке түтіктің ішіне кіріп, шәует шығынсыз толық алынатын артықшылығы бар.

1-сурет. Бұқаның жасанды қынаптарының түрлері:

А-бір рет қолданылатын шәует тосқышқа конус пішінді резеңке түтікпен қосылған қысқа, жіңішке қынап,

Б-алғашқы жасанды қынап,

В-поролон астарлы қынап,

Г-қысқа қынап.

  1. Айғырдың жасанды қынабы.

Қынапты негізгі денесі қалайыдан немесе темірден істелген, бұқанікінен ұзын және жуан болады. Оның ішіне енгізген резеңке түтігі қалың, ұзын, ұшын денеге бастрып қысатын резенке шығырықтары бар. Шәует тосқышы қалың резеңкеден жасалған үлкен оңқа бейнелі болады. Қынаптың денесінде су құюға арналған тесік бар, оны темір тығындымен бұрап бекітеді. Айғырдың қынабының басқа бір ерекшелігі оған ауа үрлетіп қысым тудырмайды, тек ғана молырақ су құйып қысымды реттейді. Қынаптың сыртында тұтқасы бар, одан ұстап шәует алуға ыңғайлы.

2-сурет. Айғырдың жасанды қынабының құрамы:

1-жасанды қынаптың денесі, 2- резеңке түтік, 3, 4-шәуеттосқыштар, 5-резеңке шығырықтар, 6- шәует алуға дайын жасанды қынап.

Соңғы кездері айғырдан шәует алу үшін жасанды ашық қынапты белсене қолдана бастады. Шәуеттосқышты қынап денесіне қоспайтындықтан ашық қынап деп атаған. 1975 жылы Биланский бастаған Краков қаласының ғалымдары осы үлгіні алғаш жасап қолданғандықтан Краков қынабы деп атаған. Бұл жасанды қынапқа су құйып жылылықты реттеп, ауа кіргізіп қысым пайда болдырады.

3. Қошқардың жасанды қынабы.

Алғаш 1942 жылы шығарылған жасанды қынапты бүгіңге дейін пайдаланып келеді. Қошқардың жасанды қынабы бұқаныкінен кішкене және денесін эбонит немесе қатты резенке жасайды. Қынап денесіндегі тесікті шүмек отырғызған резенке тығынмен бітейді. Жұқа резенке түтігі жіңішке болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды мүшелер: түрлері, технологиялары және клиникалық қолданылуы
Табиғи және жасанды былғары мен үлпекті материалдардың түрлері, қасиеттері және қолданылуы
Бұқа шәуетіндегі спермалардың фертильділігін зертханалық молекулярлық-генетикалық әдістермен бағалау
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары: түрлері, негізгі қасиеттері және қолданылуы
Жасанды интеллект: сараптау жүйелері, дамуы және қолданылуы
Битум және қарамай: түрлері, құрамы, құрылымы және асфальттық материалдарға қолданылуы
Эфир майлары: химиялық құрамы, түрлері, алу әдістері және қолданылуы
Арматуралық болаттар мен суық штамптауға арналған болаттардың химиялық құрамы, қасиеттері және қолданылуы
Ортопедиялық стоматологияға арналған негізгі материалдар: металл құймалары, полимерлер және керамика - құрамы, қасиеттері және қолданылуы
Жасанды мүшелер мен трансплантация технологиялары: тарихы, дамуы және клиникалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz