Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері



Жоспары :

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ...4.7
1.2. Бюджет жүйесі және құрылымы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.11
1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.19

2 Тарау. Мемлекеттік бюджетті теңестіру

2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті ... ... ... ... ... ... ... 19.21
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары ... ... ... ... ... ... ...21.22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе

Бұл курстық жұмыс қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджетке арналған. Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік шығыстар мен олардың қаржылық өтеу көзлерінің жылдық жоспары. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бюджет кез келген мемлекеттің өмірінде маңызды рольды атқарады, ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні мен алатын орнын, оның құрамы мен құрылымын, кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің дефициті мен профицитін және де мемлекеттік бюджет дифитін жабу жолдарын ашып қарастыру болып табылады.
Негізінен курстық жұмыс 4 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қосымша материалдар және қорытынды. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі, бюджет жүйесі және құрылымы, мемлекеттік бюджеттің кірістер мен шығыстарының құрамы мен құрылымы сипатталады. Екінші тарауда мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті және мемлекеттік бюджет дефицит жабу жолдары қарастырылды.
Курстық жұмыс экономикалық теория, қаржы оқулықтары және де Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мәліметтері бойынша жазылған.
Қосымша бөлімінде 2007 жылдың 1-тоқсанындағы қорытындылар бойынша диаграммалар мен кестелер көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер

1) «Экономикалық теория негіздері»

2) «Жалпы экономикалық теория» Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин Алматы-Ақтөбе,2001ж


3) «Экономикалық теория» Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев Алматы,1999ж

4) «Нарықтық экономика негіздері» Ж.Т.Ходжаниязова Астана,2007ж

5) «Экономикалық саясат» Қ.Құдайбергенов,Т.Сақтағанұлы

6) «Қаржы» Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев Алматы,2005ж

7) «Қаржының жалпы курсы» Мельников

8) www.minfin.kz

9) www.google.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы

Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ТЕҢЕСТІРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді: 20__ жыл.

Қорғалды:: 20__ жыл.

Жоспары :

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ...4-
7
2. Бюджет жүйесі және құрылымы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-11

3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11- 19

2 Тарау. Мемлекеттік бюджетті теңестіру

2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен
профициті ... ... ... ... ... ... .. ..19-21
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу
жолдары ... ... ... ... ... ... ...2 1-22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..23

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24-28

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

Кіріспе

Бұл курстық жұмыс қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджетке
арналған. Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік шығыстар мен олардың
қаржылық өтеу көзлерінің жылдық жоспары. Ол мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің басқа
қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Бюджет кез келген мемлекеттің өмірінде маңызды рольды атқарады, ол сол
елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік
құрылымын білдіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні
мен алатын орнын, оның құрамы мен құрылымын, кірістері мен шығыстарын,
мемлекеттік бюджеттің дефициті мен профицитін және де мемлекеттік бюджет
дифитін жабу жолдарын ашып қарастыру болып табылады.
Негізінен курстық жұмыс 4 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,
қосымша материалдар және қорытынды. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі, бюджет
жүйесі және құрылымы, мемлекеттік бюджеттің кірістер мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы сипатталады. Екінші тарауда мемлекеттік бюджет дефициті
мен профициті және мемлекеттік бюджет дефицит жабу жолдары қарастырылды.
Курстық жұмыс экономикалық теория, қаржы оқулықтары және де Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі мәліметтері бойынша жазылған.
Қосымша бөлімінде 2007 жылдың 1-тоқсанындағы қорытындылар бойынша
диаграммалар мен кестелер көрсетілген.

1 Тарау. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшелктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекетің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы жүргізуші субъектілермен және халықпен
қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше
саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының
экономикалық мазмұнын қарайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің
оралықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категориялар сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10℅ және жалпы ішкі өнімнің 20℅ бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдеріне, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігіне, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджтеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары
– салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі
қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын
қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәкес сөзсіз орындауға
жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін ретеу, бюджеттің атқарылу процесінде
қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Сөйтіп бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн (1.1-сызбада көрсетілген).

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
АҚША ҚОРЫ РЕСУРСТАР

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ҚАТЫНАСТАР

1.1- сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-
ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау пайдалануды негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене
байланысқан.

2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиімді қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң щығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын
жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.
Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру,
оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық
өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет
жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара
қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық
құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлы құрылымы болуы мүмкін.
Федератифтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің, Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің
бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді

2. сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990жж.
мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50℅ тиді, оның 35℅
республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара
өтілетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез келген басқа
мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны
болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың
жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемелкеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қажы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік орнгандардың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мемкемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы
республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикаллық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодектсімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағыныштымемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкәмшілік-аумақтық
бірліктемемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мемкемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала) мемлекеттік саясатты
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы
бар қалы) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын
енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік
бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып тбылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парлементі дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолдану уақытына тиімті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының жекелеген
жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет
енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізуге жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз болады.

3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттердің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, ал шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларды кірістерді қалыптастырудың және
шығыстарыды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып
табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы
мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы
тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кридиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептертерді
түзу осы көрстеілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін
міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге мемлекеттік мемкемелерге бекітіліп берілген мемлекетттік
мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет
меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты
немесе жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес
активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері
- бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне ұлттық қордан бюджетке түсетін
трансферттердің түсімдері, мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда,
кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттік тапсырыстарға арналған шығындар – мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген
қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен
байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және
қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейден екіншісіне, сондай-ақ
ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді
орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі
болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің
басым бағыттары орта мерзімді фискалыдқ саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резерфті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кірістіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы
көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде
бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы
органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін қаржы күшін жоятын
шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдалнылған жағдайда
Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке
немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы
орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервнен бөлінген ақша
қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда,
бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін
ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз
етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органның резервтерін пайдалану
тәртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
реттінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс
операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен
сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардаң жалпы көлемі бюджет кірістерінің
көлемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік
кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кірістіреді.
Қаржы активтерін сатып алу – заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік сатып алу
операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – мемлекеттік
меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік
кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекетік кәсіпорындардың қатысу
үлесі, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел
басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті
сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы
активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдердң арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама
бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-
экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос
қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі
алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және
бюджет тапшылығының шамасына сай келеді. Бюджет профицитін пайдалану –
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыз қаражатын,
бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыщдар бойынша
негізге борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты
қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профициті мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профитінің
шамасына сай келеді.
Бюджет кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
Пәндер