Дефектология ғылымына жалпы түсінік туралы


«Дефектология және логопедия негіздері» № 1 семинар сабағы.
Тақырыбы: 1. Кіріспе. Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Жоспар:
1. 1. Дефектология ғылымына сипаттама беру және басқа ғылымдармен байланысы.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық, физиологиялық сипаттама
Мақсаты:
Мектепке дейінгі балалар денсаулығы және оның әртүрлі дәрежедегі, деңгейдегі дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық-физикалық дамуындағы ерекшеліктерімен таныстыру; осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық (түзету) тәрбиелеу жұмыстарын жүргізудің бағыттары мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Қысқаша териялық мәлімет:
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде ағарту саласының бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Яғни, балалардың жеке басын дамыту, ішкі потенциалын ашу, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, денсаулығын қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты. Өмір бойы адам 80 пайыз ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Адамның көру функциясы нашарлауының нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру қабілеті төмендеген кезінде және нашар көретін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы заңдылықтарды зерттейтін ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Әр түрлі сөйлеу бұзылыстарын коррекциялаумен және профилактикалаумен сәтті айналысу үшін тұлғаға жан-жақты әсер ету әдістерін, сөйлеу бұзылыстарының симптомдарын, олардың этиологиясын, механизмдерін, сөйлеу қызметінің сөйлеу құрылымындағы сөйлеуге жататын және жатпайтын сиптомдарын білу қажет.
Байланыстың жүйеішілік және жүйеаралық түрлері бар. Жүйеішілік байланысқа әлеуметтік педагогиканың әр түрлі салалары жатады: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика; ана тіліне, математикаға үйрету әдістері; логопедтік ырғақ, жалпы және арнаулы психология. Жүйеаралық байланыстарға медико-биологиялық және лингвистикалық ғылымдар жатады.
Логопедияның жаратылыстану ғылымының психофизиологиялық негізі - шартты рефлекторлы байланыстардың қалыптасуын, П. К. Анохиннің функционалды жүйелері туралы, психикалық функцияларды динамикалық локализациялау туралы (И. М. Сеченов, И. П. Павлов, А. Р. Лурия) және сөйлеу қызметі туралы қазіргі заманғы ғылымдарды оқу болып табылады.
Сөз жалпылау, абстракциялау жолы арқылы болатын ерекше құрамның сигналы. Сөйлеу қызметінің күрделі нейрофизиологиялық механизмдері сөйлеу бұзылысын коррекциялау, бұзылуға жататын және жатпайтын функцияларын компенсациялау бойынша логопедиялық жұмыстың құрылуын тиімді етуге мүмкіндік береді.
Логопедия жалпы анатомия мен физиология; сөйлеу механизмдері мен сөйлеу процесінің ойлауын ұйымдастыру туралы, сөйлеу қызметіне қатысатын анализаторларды құру және қалыптастыру туралы нейрофизиология білімдерін қолданады.
Сөйлеу бұзылыстарының механизмдерін түсіну және коррекциялық процестің заңдылықтарын айқындау үшін жоғарғы психикалық функциялардың динамикалық локализациясы туралы, сөйлеудің милық ұйымдасуы туралы білімдері маңызды болып келеді.
Сөйлеу қарым-қатынас процесінде тілдің белгілік жүйесін қолдану негізіндегі күрделі функциялық жүйе болып табылады. Тілдің күрделі жүйесі қоғамдық-тарихи дамудың ұзақ мерзімді өнімі және ол баламен қысқа мерзім ішінде меңгеріледі.
Сөйлеудің функциялық жүйесі бас миының көптеген ми құрылымдық қызметтері негізінде құрылады, олардың әрқайсысы сөйлеу қызметінде белгілі бір операцияларды орындайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі
Мүмкіндігі шектелген балалар, өз жасындағы ақыл-ойы дұрыс дамыған қатарларына қарағанда, қабылдау қабілеттері, эмоция және мінез- құлығы, жүріс-тұрысы ерекше болып келеді.
Мұндай балалардың дамуында елеулі кемістіктері болады. Сол себептен, оқыту процесстеріне арнайы әрекеттер қажет. Ең алдымен тузету жұмысын бастамай тұрып, оқушыны логопедиядық зерттеуден өткізу қажет. Мүмкіндігі шектелген оқушыларды зерттеу психикалық дамыуның зертеуімен басталады, жалпы амамнез толық алынады: жалпы дамыу анамнезі, алғашқы психо-моторлық дамыу анамнезі, тілінің дамыу анамнезі. Зерттеуге логопед пен қатар психоневрологтың қатысқаны жөн. Психоневролог интеллекттің не себептен бұзылғаның бақылап, талдайды. Нерв жүйесінің бүзылуынің кесірі ме, немесе анасынын жүкті болған кезендегі, босанғанда болған әрекет пе, немесе бала сәби кездегі, ауырғанның кесірі ме, басқа интеллекті бұзылуына соқтырған факторларды бақылайды. Психикалық дануы деңгейі тежелген, ДЦП, интеллекті бұзылған оқушылардың көбісіне оқулық материалды қабылдау киындықтар туғызады. Ол қоршаған орта туралы, өзі туралы т. б. түсінігі жоқ немесе жеткіліксіз деп айтуға болады.
Есептеу, құрастыру қабілеттерінің қалыптасуы, сөйлеу, жазуды, оқуды, психикалық дамуы зерттелген сон жүргізіледі.
Кеңістіқті бағдарлау қабілеттері қалыптаспаған. Осы қабілеттің кемшілігі оқу және жазуға келгенде киынға соғады.
Зейіні қалыптаспаған, тез алданып қалады, обьектілерді топтауы жеткіліксіз.
Ойлау қабілеттері қалыптаспаған. Оны анализ-синтез талдау жасап бермейтіні, зат белгілерін атауға, затты топтастыруға, дерексіз ойлау (абстрактное мышление) қабілетерінің қалыптаспағаны.
Жалпы, ұсақ моторикасының дұрыс қалыптаспағаны.
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптспаған.
Жалпы тілді түсінуі төмен.
Зат есімнің көпше түрін айтып бермейді.
Фонематикалық есту, есте сақтау қабілеттері қалыптаспаған. Есту қабілеті бойынша берілген дыбыстарды топтан ажыратпайды, көрсетілген сурет бойынша берілген дыбысты ажыратуға киналады, сөздің дыбыстық құрамын талдағанда бір-екі ғана сөздің басындағы дыбысты ажыратады. Дыбысты жинақтау қабілеттері қалыптаспаған (фонетикалық синтезі) .
Сөйлеу жалпы дамымаған, дыбыстарының айтылуы бұзылған.
Сөз қоры өте төмен болып келеді. Сурет бойынша суреттерді атайды, көрсетеді, бірақ бөлшектерін атауға қиналады Жалпылама процесстері де дамымаған. Мысалы: «ыдыстар», «жиһаз», «өсімдіктер», деп айта алмайды. Мысалы: «қасқыр- түлкі олар аюлар» - дейді. «Кесе, қасық - тамақтар». Ал егер тамақ ішкен сон мама не жуады? деп сұрақ қойса - «ыдыс» деп жауап береді.
Ал сурет арқылы: «Саңырауқұлақ», «Балық» деп атайды, бірақ аттарын білмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz