Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Отандық тарих, археология және этнология секциясы»

Студенттердің ХХІІ ғылыми-теориялық конференциясы

Б А Я Н Д А М А

Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы

Түркістан -2013

Мазмұны

1. Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы

2 Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы

3 Түркілік бағыт

3. 1 Мирза Фатали Ахундов

3. 2 Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар

4 Миссионерлік бағыт

4. 1 Н. И. Ильминскийдің жобасы

4. 2 В. В. Катаринскийдің жобасы

4. 3 А. Е. Алекторовтың жобасы

5 Ағартушылық бағыт

5. 1 Ы. Алтынсариннің жобасы

6 Ұлттық бағыт және қазақ жазуы

7 Латын графикасына байланысты пікірталастар

8 Алғашқы жобалар (1924-30 жж. )

8. 1 Нәзір Төреқұловтің жобасы

8. 2 Халел Досмұхамедұлының жобасы

8. 3 Мұхтар Мырзаұлының жобасы

8. 4 Ә. Байділдаұлының жобасы

8. 5 Телжан Шонанұлының жобасы

8. 6 Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы

9. 1930 жылы қабылданған әліпби

  1. Жазылуы

9. 2 Қабылданған әліпбидің артықшылығы

9. 3 Қабылданған әліпбидің кемшілігі

10 1938 жылғы реформа

11 Орыс графикасына негізделген әліпби және оның қайшылықтары

12 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындап отыр. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ”, - деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан - 2050” Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсат-тапсырмасы еді.

Тәуелсіздіктің басты тірегі - мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр.

Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамдық пікір айтылып болды, толыққанды ұсыныстар жасалды. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені тек іске асыру шараларын жоспарлау үшін бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы - біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан - латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.

Тәуелсіздік алғалы 23 жыл ішінде игеріліп жатқан жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан өзгелермен терезесі тең ел болған кезде, мұндай бастама біз үшін өте маңызды. Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді. Латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қандай әліпбиді тұтынуымыз керек, ол әліпбилік жүйемізде қанша таңба болатынына дейін көптеген жобалар ұсынылды, солардың ішінен негізгі төрт жоба таңдалып алынды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшудің жобасын әзірлеп те қойған. Бұл институт мамандары ең әуелі өз еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін кириллицадан латынға көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, тағы басқа елдердің тәжірибелерін зерттеп және де осы реформаның бұл елдердегі оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерінің бәрін де зерделеп, жинақтап отыр. Осының негізінде, латын графикасының негіздерінде “Қазақ әліпбиінің тарихы, тағылымы және болашағы” деген тақырыбына үлкен кітап та шығарды.

Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды, мемлекеттік тіліміздің дамуы кешеуілдеп қалады, ел ішінде түсінбеушіліктер болады деген пікірлерді алға тартып, жөнсіз қауіптенетіндер де бар. “Көз - қорқақ, қол - батыр” дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ. Әліпбиді реформалаудың зиянынан гөрі пайдасының көп болатындығын бүгін көпшілік қауым аңғарған сыңайлы. Қоғамда тұрақталған пікірлерді зерделейтін болсақ, олардың көпшілігімен келісуге әбден болады.

Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы - ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.

Ешбір талас туғыза қоймайтын тағы бір дәлеліміз, ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік арта түседі. Бұл арада, ең бастысы - латын әліпбиі дегеніміз ағылшын әліпбиінің негізі екендігін ескергеніміз абзал. Ал ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығы белгілі. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиі Батыс Еуропа халықтарының жазуларының қалыптасуына көп ықпал еткендігі де мәлім.

Әліпби ауыстыру, бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындап отыр. Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды, мемлекеттік тіліміздің дамуы кешеуілдеп қалады, ел ішінде түсінбеушіліктер болады деген пікірлерді алға тартып, жөнсіз қауіптенетіндер де бар.

Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы - ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді.

Қазақ графикасы

Қазақ графикасы - қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Қазақ латын әліпбиі (1924)

Графика (гр. graphike- жазылған, өрнектелген) -графемалар, тыныс, екпінбелгілері т. б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалықжазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.

Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы

Қазақ тілініңжазу тарихындаәліпби жүйесібірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқыараб әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдараралығындалатын әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылданбері қарайкирил графикасы әліпбиінқолданып келеді.

Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы

Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ. ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды жәнетүркі халқынаортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты»тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.

Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігідауысты дыбыстардыңтаңба арқылы емес, диакритикалық белгілерменберілуі, яғни дауысты дыбыстардың . Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха - «а», «ә»; дамма - «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра - «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен - ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет - ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб - ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі - ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген - ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген) .

Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ, ﻆ, ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.

Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.

Бұл жөніндеБабаш Әбілқасымовбылай дейді:

«Газеттер пайдаланған араб графикасына негізделген алфавитте араб әліппесіндегі әріп таңбалары түгел дерлік сақталған. Оның үстіне парсы тілі арқылы енген ﯟ, ﭗ, ﭼ, ﯕ әріптерінің таңбалары және қазақтағы мұрын жолды "ң" дыбысының таңбасы ретінде "н" мен "к" дыбыстарының қосынды таңбасы алынған. Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланылмаған»

АлГүлфар Мамырбековажәдид жазу жүйесінде аз болса да харакаттардың қолданылғанын көрсетеді: құл және күң - ﻚﻨُﻜ (1874, №6), күтүб - ﺐﻭﺘُﻜ, құшақтасыб - ﺐﺴﺎﺘﻘﺎﺸُﻗ, құрметтеб - ﺏﻴﺪﺘﻤﺭُﻗ (1874, №10), тұхым - ﻢﺤُﺗ, құдай - ﺍﺪُﺤ (1874, №16), құл - ﻝُﻘ (1977, №30) . Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы - ﻰﺳﺎﻐَﺒ (1875, №1), ақраб - ﺐَﺭﻘﺍ [2, 75] . Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. Ескі қазақ жазба тіліндедәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-, дыбыс үндестігі заңысақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т. б. қазақ жазба тілінде бір алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілініңүндесім заңдылығыүнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр, өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т. б.

Жадид, қадимжазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды.

Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап»беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар - сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған.

Жалпы қазақ жазу тарихында араб графикасын (араб әліпбиін) қабылдауға не себеп болды, қандай ықпал, әсер негізінде араб жазуына бет бұрды, оның халық сауатын ашуда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық таңбалауда кемшілік тудыруының себебі неде деген мәселелерді айқындау үшін, араб графикасына көшуге негізделген түркілік бағыт көрсетіледі.

Түркілік бағыт

Мирза Фатали Ахундов

Әзербайжанда алғаш жазуға байланысты пікір айтқан жазушы, драматургМирза Фатали Ахундов1857-1878жылдарға дейін жазу мәселесіне байланысты төрт жоба ұсынған. Осы мәселеменТеһранға(Персия) жәнеКонстантинопольға(Түркия) барып, идеясын ортаға салған болатын. Бірақ қолдау таппай, бұл ұсыныстар ескерусіз қалады. Ол өзінің бірінші және екінші жобасында араб әліппесін жетілдіруге баса көңіл қойса, үшінші, төртінші жобасында араб әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруға ұсыныс жасайды.

Осы еңбегіне орай Ахундов «Меджидие» атты орденмен марапатталады. Сонымен қатар, АхундовТифлисқаласына келіп, силлабикалық жазудыңкемшіліктері жөнінде баяндалған жаңа кітап құрастырады. Бұл кітапты авторТеһранқаласына жібереді. Ешқандай қолдау таппаған бұл жобасын автор атақты визирьАли-Пашегехат арқылы жолдайды, хатта түрік оқымыстысыСаави-Эфендидіңпікірін келтірген.

Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар

Ахундовтан кейін бұл мәселемен парсы әдебиеттанушысыМырза Мелькем-Ханомайналысқан болатын. Мырза Мелькем-Ханомның «Шейх және визирь», «Основы прогресса» атты шығармалары осының нақты дәлелі болып табылады. Автор латын әліпбиіне көшу қажетін әңгіме түрінде өрбітеді: «Шейх: Визирь, я заявляю, что с этим бессымсленным алфавитом дальше невозможно жить на свете. Тысячи заседаний, тысячи хороших законов, тысячи школ и любое количество регулярных солдат бесполезны, благодаря именно этому алфавиту» (Шейх и визирь, 28-бет) .

Парсы ханзадасыМырза-Риза-Хан1879 жылытүркі және парсы халықтары үшін жоба дайындаған («Alphabet Ruchdie») .

Мырза-Риза-Хан есімінен ағартушысыФерудин - Бек Косарли1898 жылы«Кавказ» газетіндегі (№230, 238, 264) орыс тілінде жазған мақаласында араб әліпбиінің кемшіліктерін баяндайды.

«Shardi Rus» (Русский Восток) газетінің редакторыМемед-Ага-Шах-Тахтинәліпбиді ауыстыруда, ең бірінші үгіт-насихат жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша жүргізу керек деп тұжырымдайды.

ХІХ ғасырдың 70-жылдары түрік оқымыстыГази-Мұхтар-ПашаКонстантинопольде «Әліпби реформалау қоғамын» құрады. Бірақ бұл ісі аяқсыз қалады.

Бұл кезеңде қазақ қоғамында да әліпби мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан болатын. Қазақтың орысша оқығандарының арасынан да араб жазуының кемшілік жақтарын сынап, қазақ жазуын орыс графикасына икемдеу жайында пікір айтып, өз тұжырымдарын негіздеп мақалажазушыларкөптеп шыға бастады. Міне, осындай пікір ағымдарын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланып қалғысы келгенорыс миссионерлерідеараб жазуыүлгісіндегі қазақ әліпби жүйесіне орыс графикасын енгізуді насихаттай бастайды.

Расында да, жазылу графикасы да қиын, оқылу жолдары да (оңнан солға) қиын болып келетін әрі қазақтың дауысты дыбыстарын таңбалауға лайықталмаған, қазақ фонемаларынтолық таңбалай алмайтынараб әліпбиініңқазақ тілін одан әрі өркендеп, дамытуға еш мүмкіндігі болмағандықтан, өзінен өзі басқаграфикағаауысуға сұранып тұрды.

Миссионерлік бағыт

Қазақ қоғамындажәне түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарынжою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеуменорыс қазақ әліпбилерін жәнеоқулықтарыншығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.

Н. И. Ильминскийдің жобасы

Н. И. Ильминскийтүркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғашқазақ әліпбиінорыс графикасынанегіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға8 әріп арнайды:а (ä), é (е) ; ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.

Н. И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су - вода, аулъ - деревня, аю - медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу»[3] .

Ильминскийдің бұл жобасынаВ. В. Григорьевқарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді. [4] .

Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөніндеайтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы29 сәуірдеҚазан , тарих, этнографияқоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын.

В. В. Катаринскийдің жобасы

1897 жылыВ. В. Катаринскийдің«Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды:а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш[5] .

Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдеріРесейотары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың31 наурызындаРесей патшалығыныңөзге халықтар жазуынорыс графикасынакөшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін1910 өткен кеңесте "орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын", деген қаулы қабылданған болатын[6] .

Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ -қазақ тілініңдыбыс жүйесін берудеараб жазуыныңмүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтан, рухани мұрамызданқол үзбеу үшін әліпбиді тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды.

А. Е. Алекторовтың жобасы

1892 жылыА. Е. Алекторовтың«Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А. Е. Алектороворыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады:а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегіа-ә, о-ө, ы-іжұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды.

Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ëтәріздідыбыстарда алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами - идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова - самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста».

Ағартушылық бағыт

Ы. Алтынсариннің жобасы

Н. И. Ильминскийден кейін, 1879 жылықазақ ағартушыларының бірі -Ы. Алтынсаринорыс әліпбиінегізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын.

Жобаның негізгі ерекшелігі - Ы. Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздердікант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыртүрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонорңдауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді:нг" (мангдай - маңдай, сарангдык - сараңдық) . Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть - өрт) жәнелдауыссыз дыбысынан кейінь(жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған:тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал) . Иа, иуәріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағыю, яграфемаларында белгілегенін көреміз:аяк, узюк[8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Латын графикасына ауысудың тиімділігі
Қазақ жазуының бастаулары
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ тілінің мәртебесі
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақ халқының жазу тарихы
Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың қайнар көзі
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz