Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауын жүзеге асырудың тиімді жолдары және олардың дидактикалық ерекшеліктері

1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауын жүзеге асырудың жолдары

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк - психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

-биологиялық (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, Н. А. Бернштейн, А. Илиади) ;

-психологиялық (Б. Г. Ананьев, М. Я. Басов, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов т. б. ) ;

-педагогикалық (Ш. А. Амоношвили, Я. А. Коменский, Д. Локк) [2 ] .

Биологиялық аспект - белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. Ол өзiн - өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым - қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама - қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез - құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады [3] .

Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс - әрекетiнiң бiр түрi болып табылады.

Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С. Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым - қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады.

Белсендiлiк адамның жаңа қарым - қатынасына айналады, бұл - адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым - қатынас иесi болған жағдайда болады.

С. Л. Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс - әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. тұлғалық белсендiлiк - адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi. Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады [4] . тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие - әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн. Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым - қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн.

«Ұғымның пайда болуы және оның сөз ретінде сыртқа шығуы қоршаған дүниемен бала үнемі кездесіп, сезініп, қабылдауынан барып пайда болады»- деп жазады М. Жұмабаев [5] . Ол сондай-ақ, пайымдаудың сенімге негізделетінін, ал сену үшін ол заттың қоршаған дүниеде болу керектігін, сол жағдайда ғана қабылданған зат не құбылыс туралы пікір айтуға мәжбүр ететіндігі жайындағы қағидасы оқушыларға қоршаған ортадан білім беруде ең тиімді және тірек етуге тұрарлық психологиялық процесс екендігін көрсетеді.

«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы бір затты түгелімен білеміз»-десе, балада болатын сезімдер әсерін талдай келіп, сыртқы дүниені, заттың, құбылыстың ішкі сырын білудің бірден - бір жолы - бала сезіміне жол табу керектігін айтады. Барлық білімнің төрттен үш бөлігін көру сезімі арқылы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алған әсерленуді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз [5, 21] .

Сондай-ақ «есту сезімі өте құдіретті. Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту сезімі. Біз егер жануарлардың шуылын, бұлттың күркіреуін, судың сылдырын, жаратылыстың тағы басқа дыбысын, үнін естімесек, жаратылыс бізге мылқау болып көрінер еді» - деген пікірлері қазіргі ғалымдардың балаларды психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысындағы пікірлерімен астасып жатады.

М. Жұмабаев: «ой - ұғымдар жиынтығы болса, ұғым ойдың ісі екенін, ұғымды оймен ғана жасауға болатынын» да психологиялық тұрғыда талдайды. «Ғылыми деректер арқылы ғана жастардың дүниетанымын қалыптастырып қоймай ортаның бүкіл тамашасынан білім бере білу керек» - деп насихаттайды [5, 21] .

Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.

Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшеді, сол затты немесе құбылысты танығаннан кейін таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.

Сезімді тәрбиелеу- яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық ететін құлық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.

Оқыту жүйесінде негізгі деп саналатын принцип- көрнекілік принципі. «Егер балаларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмтылуымыз керек», -деген А. Я. Коменскийдің пікірі дәлелдейді [6] . Сондай-ақ, К. Д. Ушинский «қандай да бір жағдайды қабылдауға сезім мүшелері қанша көп қатысса, ол біздің есімізде сонша берік сақталады», -деген [7] .

Кез келген ғылым мен оқу пәні логикалық бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесі. Айналамен танысу бойынша білім игеру мынандай кезеңдерден тұрады . Білім игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе фактілерді қабылдау болып табылады. Балалардың білім игеру кезіндегі белсенділігі олардың алдына мұндай құбылыс неліктен болады? Оны қалай түсіндіруге болады? Қандай пайдасы бар? - деген нақтылы сұрақтар қою арқылы артады.

Проблемалық жағдай көбіне тәрбиешінің табиғаттағы бақылаулары кезінде, тәжірибе немесе практикалық жұмыстар жүзіндегі дұрыс қойылған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Тәрбиешілер жаңа материалды өткенде табиғаттың бұл құбылысы немесе заты туралы не білетінін міндетті түрде анықтауы керек. Кіші сәби тобындағы балалар көпшілік жағдайда құбылыстың тек сыртқы не мәнсіз белгілерін байқайды. Баланың жаңа затты немесе құбылысты көруге, оны бақылауға туа біткен талпынысы қабылдаудың бастапқы негізін құрайды. Балаларда обьекті немесе табиғат құбылыстарының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік бала санасында көрнекі бейнелер түрінде және олар нақтылы сипатта болады, бірақ бұл түсінік қарапайым, жалпылама түрінде қалыптасады. Тәрбиеші түсінікті тереңдету және кеңейту үшін балалардың алдына сол заттың немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын нақты сұрақтар қояды. Мысалы, жапырақтың ағаштан түсу кезінде қандай өзгерістер болады? жапырақ қандай ағаштардан түседі? Мұғалім жапырақ арқылы оларға тамырдан діңді бойлай жүретін ылғалдың болатынын түсіндіреді. Егер қыста жапырақ түспесе оларға келіп тұрған су аяздан қатып қалады да өсімдік тіршілігін жояды. Неліктен шырша мен қарағай қылқанын тастамайды? Өйткені қылқан арқылы су аз буланады. Яғни жапырақты ағаштардың қысқы суықтарға дайындықтары. Міне, осы сияқты сұрақтар төңірегіндегі сұрақ-жауаптан соң мұғалім балаларды заттардың немесе құбылыстардың нақты белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, оны бірнеше заттардың немесе құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін салыстырып, маңызды ерекшеліктерін анықтауға үйрету керек. К. Д. Ушинский: «салыстыру - кез келген ұғымның және ойлаудың негізі болып табылады» деген [8] .

Түсініктерді қалыптастырудағы маңызды қадам - балалардың заттың ең ерекше белгілерін айыра білуі болып табылады. Айталық, тәрбиеші заттың бір немесе бірнеше ерекше белгілерін атай отырып, балаларға заттың өзін атауды талап етеді. Маңызды белгілер мен қасиеттерді анықтауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу балалардың жеке табиғат обьектілері туралы саналы түсініктерінің қалыптасуына зор мүмкіндік береді.

Жұмыстың келесі кезеңі - балаларда белгілі ұғымдардың қалыптасуы. Балаларда айқын және дәл түсініктердің болуы бұл ұғымдарды қалыптастырады.

Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда баланың сөздік қорын молайтумен ұштасып отырады. Әр жаңа ұғымға байланысты сөзді әңгімелеу барысында қолдануды міндетті етіп санау бала санасында, сөздік қорында нақты толық орын алуына септігін тигізеді. Сондай-ақ бала санасындағы жаңа ұғым кеңейіп және тереңдеп отыру үшін мұғалім сабақта сол ұғымға бірнеше қайтара соғып, жаңа мазмұнымен байытып, тереңдетіп, кеңейтіп қайталап отыруы қажет. Сонымен біртіндеп сезім мен қабылдаудан түсінікке, түсініктен ұғымға жетелейтін жол - бала санасында болмыстың маңызды, заңды байланыстары мен қатынастарын қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады [9] .

Ұғымдар - қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын ойша елестете алу. Табиғат туралы ұғымдардың қалыптасуы - жаратылыстанудың аса маңызды міндеті, өйткені адам ойының негізінде әрқашан бейнелер жатыр. Біз «орман» деген сәтте оны қандайда бір түрде көз алдымызға елестетеміз.

Бейнелердің жасалу тәсілдеріне орай ұғымдар есте сақтау және елестету ұғымдары болып бөлінеді. Есте сақтау ұғымдары табиғат обьектілері мен суреттер, бейнелі құралдар арқылы оқыту, көріністерді тікелей бақылау, көру негізінде пайда болады. Көрініс обьектінің немесе құбылыстың сыртқы кейпін қалай дәл берсе, ол туралы ұғым соғұрлым нақты болады. Тәрбиеші баланың назарын сұрақ қою арқылы зейінде тұрған нәрсенің қайсыбір нақты белгісіне аударған кезде пайымдау немесе ұғымдар пайда болады.

Елестету ұғымдары - бұл обьектіні тікелей бақыламаған сәтте пайда болады. Олардың негізінде ауызша немесе жазбаша сипаттау жатады. Елестету ұғымдары әрқашан шашыраңқы келеді, есте сақтау ұғымдарына қарағанда оқушының обьектіні сипаттауда қабылдау ерекшілігін көбірек көрсетеді.

Ересек топ балаларының ойлау жүйесіне негізінде сезіну, сезімдік, көрнекілік басым болатынын ескерсек, балаларда ұғымдарды қалыптастыру аса маңызды міндет, жауапты процесс болып табылады.

Сезіну - бұл заттар мен құбылыстардың тікелей сезіну нүктелеріне әсер ететін жекелеген қасиеттерінің көрінісі. Демек, анализаторлар бақыланып отырған нәрсені қабылдау кезінде неғұрлым көп «іске қосылса» пайда болған бейне соғұрлым толық әрі дұрыс болады. Дегенмен балаларда қалыптасқан ұғымдар әрқашан дербес, жеке болып келеді. Олар - обьективті әлемнің субьективті бейнесі, біздің барлық біліміміздің алғашы кезеңі [10] .

Ұғымдар түсініктерді қалыптастыру кезінде қажет. Түсініктер заттар мен құбылыстардың елеулі қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Түсінікті меңгеру процесі жалпыны бөліп көрсетуден тұрады. Түсінікке ұғымдарға қарағанда абстракцияның жоғарғы деңгейі тән, осыған байланысты төменгі топ балаларының ойлау ерекшеліктерін ескерсек, оларда түсініктің қалыптасуы айтарлықтай қиындық туғызады.

Обьектілер мен құбылыстар туралы ұғымдар мен түсініктерден басқа обьектінің шамасы, оның пішіні, т. б. кеңістік ұғымдары қалыптасады. Түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу кезінде балалардың дағдысы маңызда роль атқарады. Бұл оқи білу, бақылау жасау, практикалық жұмыстар, тәжірибе жасау сияқты әрекеттерін меңгеру.

Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырудың екі жолы белгілі:- тікелей және жанама. Табиғатты таныту кезінде екінші жол көбірек жүзеге асады, өйткені ол қысқа әрі үнемді. Іс жүзінде екі жолда бір мезгілде пайдаланылады, бір-бірін толықтырады, алайда екіншінің үлес салмағы әлдеқайда басым. Мысал, көл деген жалпы түсінігін қалыптастыру үшін барлық көлге ортақ белгіні атау керек - бұл тұйық формадағы су кеңістігі. Басқа қалған белгілер (тереңдігі, тұздылығы, температурасы, жағасының биіктігі, қазаншұңқырының пішіні, т. б. ) өзгеріп отырады және олар жалпы түсінікті қалыптастыру кезінде пайдаланылмайды. Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру кезінде тікелей және жанама жолдарды ұштастыру, әсіресе бастауыш класта қажет. Ол үш факторға байланысты: нақты обьектілердің мысалы, шөлдің бақылауға алынуының қиындығы; балалардың бақылауға алған нақты обьекті немесе құбылыстардың басты және өзгермелі белгілерін оңайлықпен бөліп көрсете алмауы. Балалар картиналарды немесе өзге де нақты заттарды сипаттау кезінде осы түсінік үшін қандай белгі басты (маңызды ) болып табылатынын, ал қандай белгі жанама болатынын айтуы қажет. Тек осы жағдайда ғана бала өзі көрген зат немесе сурет осы жалпы түсінікке қатысты барлығын түсінеді.

Ұғымдарды қалыптастыру мақсатында балаларға өздері бұрын көрген затты немесе суреттің есте қалған бейнесі бойынша салуды, ауызша сипаттауды талап етуге болады. Егер сурет затты ақиқат бейнелесе, онда балада ол туралы ұғымы дұрыс болады. Басты белгілерді көрнекі түрде беру бейнені түсінікпен байланыстырады, оны жалпы түсініктің тасмалдаушысы етеді. Бұл бала санасына қабылданады, яғни бейне мен сөз арасында байланыс жүзеге асады. Сөз белгілі бір мәнге ие болады, нақты мазмұнмен толығады.

Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру еңбекті көп қажет ететін ұзақ процесс. Табиғатты танытудың бүкіл кезеңінде бұрын меңгерген ұғымдар мен түсініктер кеңейіп, тереңдеп отырады және олардың негізінде жаңалары енгізіледі.

Тәрбиешінің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімділігімен қатар, шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем ауызды дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.

Тәрбиеші оқыту үрдісін тиімді өткізіп, оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:

-дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу) ;

-дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатынынң айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамшылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту)

-тәрбиелік талаптың (тәрбиелік мақсатының нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру)

психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл күйін тудыру.

Қазіргі заманғы педагог мамандар игеруге тиісті білім, біліктілік және дағды мазмұндары мен көлемдері үздіксіз ұлғаюда. Білім беруді барлық сфераларында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру тәсілдерін іздестіру жүргізілуде. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану педагогикалық практикада оқытудың қарқындылығын арттырып, дамыта оқыту деяларын іске асыруға негіз болатын психологиялық-педагогикалық жабдықтарды жасауға мүмкіндік береді [11] .

Ақпараттық технологиялардың адам әрекетінің құралы және оқытудың жаңа ортасы ретіндегі мүмкіндіктері жаңа оқыту әдістері мен оқытудың ұйымдастырылған формаларының пайда болуына, оларды жылдам оқыту үрдісіне ендіруге әкеледі. Осы бағытта педагогикалық үрдістің дидактикалық қамсыздандырылуын, оқу-тәрбие үрдісі мен оқыту жүйесін ақпараттандыру аспектілерін, оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелерін қарастыратын Ю. К. Бабанскийдің, Т. С. Сабыровтың, А. Әлімовтың, В. М. Монаховтың ғылыми еңбектерін атауға болады [12-14] . Ақпараттың жалпы қасиеттерін, оның түрлері мен функцияларын, адамды дамыту және тәрбиелеудегі ықпалын талдау негізінде- ақпарат оқу үрдісінің нақты сатысында, бала мен тәрбиеші әрекеттерінің әрбір мезетінде ықпалды қолданылуы тиіс екендігі айқындалады.

А. В. Горячев, А. Л. Семенов, С. А. Бешенкова, Ж. Қараев, А. Байдібекова, К. З. Халықова т. б. мектепке дейінгі оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген [15] .

В. Грищенко мен Б. Паньшин « Ақпараттық технологияны» әлеуметтік ортаның заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шығынмен ақпаратты жасап, сақтап, таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді. Ал, Н. Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. И. Роберттің айтуынша, «Ақпараттық технология» - есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады. В. Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі «Ақпараттық технология» - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие үрдісін де пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы [16] .

Жаңа ақпараттық технологиялары оқытудағы түрлі аспектілері мынадай педагогтардың еңбектерінде көрініс тапты: А. П. Ершова, Ю. А. Первин, А. А. Кузнецов осы мәселенің психологиялық- педагогикалық аспектілері Е. И. Машбиц, В. В. Давыдова, И. А. Сасова еңбектерінде көрсетілген, дидактика лық және методологиялық аспектілеріН. В. Макарова, Ю. А. Первин, Н. В. Апатова еңбектерінде қарастырылған [17] .

1. 2 Айналамен таныстыру сабағын техникалық оқу құралдарымен байланыстыра өтудің дидактикалық ерекшеліктері

Тәрбиешінің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет дамудың көзі екендігін, қарама қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, тәрбиенің білімдік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен жоспары, бағдарламаның оқу тәрбие мазмұны мен жоспары, бағдарламаның оқу-тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т. б. нақты білуі керек. Бұл білімдер тәрбиешінің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.

Қазіргі оқыту технологиялары тірбиешінің дайын білімді баяндауымен байланысты. Балалардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы үш әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, қайталау сияқты кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңа технологиялар пайда бола бастады. Бұлар - кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафон дар, партфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауды дамытуға арналған психологиялық әдістеме қолдану мүмкіндіктері»
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудағы сезімталдық категориясы
Зиятында терең бұзылысы бар балалар сипаттамасы мен түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктерін анықтау
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz