Программалау тілдері туралы



Кіріспе
Тарау І. Программалау негіздері
1.1. Программаларды жасақтау технологиясы
1.2. Программалау тілдерінің қолданылуы
Тарау ІІ. Массивтермен жұмыс
2.1.Массивтер
2.2. Қолданбалы есептерду Visual Basic ортасында шешу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Программалау тілдері де адамдар сияқты өмірге келіп және өмірден кетіп жатады. Кейбіреулері басқаларына қарағанда ұзақ өмір сүреді, ал басқалары ешкімге қажетсіз болу үшін ғана өмірге келеді. Осы тұрғыдан қарағанда Basic тілін ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуға болады. Жоғары деңгейлі тілдердің арасында алғашқылардың бірі болыл пайда болған бұл тіл өзінің «қатарларынан» ғана емес өзінен көп кейін пайда болған тілдерден де көп өмір сүріп келеді. Компьютерлік технологияның дамуымен бірге Basic тілі де дами түсті. Қазіргі кезде Basic тілінің Microsoft Visual Basic for Windows сияқты нұсқасы ескірудің көзге түсетін белгілерін сезінбей-ақ өзінің дамуын жалғастыруда, ал Windows операциялық жүйесі үшін қазіргі кезде жыл сайын Visual Basic-тің жаңа нұсқалары (ең соңғысы 6-нұсқа) шығарылуда.
Visual Basic тілінің жасалуының арқасында көпшілік менсіне бермейтін Basic тілі программалау тілдерінің ішіндегі ең қарапайым әрі қуатты тілдердің біріне айналды.
Ол қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің біріне айналғандығына қарамастан оқып үйренуге жеңіл әрі қарапайым тіл болып қалды.
Осылайша Basic динамикалық дамушы тіл. Ол компьютердің және компьютерлік технологияның дамуымен бірге дамып отыр.
Visual Basic қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл тілдің Visual Basic 6 нұсқасы қазіргі заманғы кез келген есептерді шешуге арналған, қысқа мерзімде Windows'қа жоғары деңгейлі интерфейсі бар қосымшаларды жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай кәсіпқой программалаушылардың оны пайдалануын жиілетіп, бұл тілдің позициясын программаларды жасақтаушылар бәсекесінде күшейте түсті.
Visual Basic 6 тілінің әр түрлі мүмкіндіктерін ашып көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бірақ қазақ тілінде кітаптар жоқтың қасы. Біз бұл кітабымызда өзінің алдыңғы нұсқаларының мүмкіндіктерін мұрат етіп қалдырған Visual Basic 6 жобалау ортасының мүмкіндіктерін ашып көрсетуді мақсат еттік.
Біздің ең басты мақсатымыз Сізді программалық кодты жаза білуге, яғни visual Basic 6 ортасында программаны жасақтай білуге үйрету. Бір сөзбен айтқанда программалауды үйренесіз. Сіз жасаған программалар жұмыс істеуге қабілетті, яғни оны компьютер түсінетін және орындайтын болуы тиіс. Егер бұдан да дәлірек айтатын болсақ программа Basic программалау тілінде емес, Visual Basic 6 программалау жүйесінде жасалуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Алексеев П.А. Информатика 2001. –М.: Издательство СОЛОН-Р, 2001.
2. Ананьев А.И., Федоров А.Ф. Самоучитель Visual Basic 6.0. – СПб.: БХВ – Петербург, 2002.
3. Браун С. Visual Basic 6.0 учебный курс. – СПб.: Питер, 2001.
4. Гарнаев А.Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. СПБ.: БХВ – Петербург, 2001.
5. Гладких И.Г., Харламов А.И. Изучаем компьютерные телекоммуникации без модема. Информатика и образование, 1999, №8.
6. Моисеева М.В. Программно-методический комплекс “Компьютер в системах передачи информации”. Информатика и образование, 1994, №1.
7. Ж. Динисламов Visual Basic ортасында программалау, Қызылорда – 2004ж.
8. Информатика негіздері №6, 2002 ж.

Кіріспе

Программалау тілдері де адамдар сияқты өмірге келіп және өмірден кетіп
жатады. Кейбіреулері басқаларына қарағанда ұзақ өмір сүреді, ал басқалары
ешкімге қажетсіз болу үшін ғана өмірге келеді. Осы тұрғыдан қарағанда Basic
тілін ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуға болады. Жоғары деңгейлі
тілдердің арасында алғашқылардың бірі болыл пайда болған бұл тіл өзінің
қатарларынан ғана емес өзінен көп кейін пайда болған тілдерден де көп
өмір сүріп келеді. Компьютерлік технологияның дамуымен бірге Basic тілі де
дами түсті. Қазіргі кезде Basic тілінің Microsoft Visual Basic for Windows
сияқты нұсқасы ескірудің көзге түсетін белгілерін сезінбей-ақ өзінің дамуын
жалғастыруда, ал Windows операциялық жүйесі үшін қазіргі кезде жыл сайын
Visual Basic-тің жаңа нұсқалары (ең соңғысы 6-нұсқа) шығарылуда.
Visual Basic тілінің жасалуының арқасында көпшілік менсіне бермейтін
Basic тілі программалау тілдерінің ішіндегі ең қарапайым әрі қуатты
тілдердің біріне айналды.
Ол қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің біріне
айналғандығына қарамастан оқып үйренуге жеңіл әрі қарапайым тіл болып
қалды.
Осылайша Basic динамикалық дамушы тіл. Ол компьютердің және
компьютерлік технологияның дамуымен бірге дамып отыр.
Visual Basic қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің
бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл тілдің Visual Basic 6 нұсқасы
қазіргі заманғы кез келген есептерді шешуге арналған, қысқа мерзімде
Windows'қа жоғары деңгейлі интерфейсі бар қосымшаларды жасақтауға мүмкіндік
береді. Бұл жағдай кәсіпқой программалаушылардың оны пайдалануын жиілетіп,
бұл тілдің позициясын программаларды жасақтаушылар бәсекесінде күшейте
түсті.
Visual Basic 6 тілінің әр түрлі мүмкіндіктерін ашып көрсететін
көптеген кітаптар жазылған. Бірақ қазақ тілінде кітаптар жоқтың қасы. Біз
бұл кітабымызда өзінің алдыңғы нұсқаларының мүмкіндіктерін мұрат етіп
қалдырған Visual Basic 6 жобалау ортасының мүмкіндіктерін ашып көрсетуді
мақсат еттік.
Біздің ең басты мақсатымыз Сізді программалық кодты жаза білуге, яғни
visual Basic 6 ортасында программаны жасақтай білуге үйрету. Бір сөзбен
айтқанда программалауды үйренесіз. Сіз жасаған программалар жұмыс істеуге
қабілетті, яғни оны компьютер түсінетін және орындайтын болуы тиіс. Егер
бұдан да дәлірек айтатын болсақ программа Basic программалау тілінде емес,
Visual Basic 6 программалау жүйесінде жасалуы тиіс.

Тарау І. Программалау негіздері
1.1. Программаларды жасақтау технологиясы

Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы
адам жасайды.
Программалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың
бірі.
Программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді.
Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.
Программалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және
қарапайым прграммалау тәсілдерін меңгеруден басталады.
Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл командаларды
пернетақтаның көмегімен жазу машинкасында жазу жазғандай теріп ендіреміз.
Бірінші команданы ендірдік, компьютер оны қалай орындайды, қарап
шықтық, екінші команданы ендірдік, нәтижесін бағаладық,үшінші команданы
ендірдік. Осылайша, ендірілетін командалар көп әрі біртектес болған сайын
оларды ендіру адамның шыдамын тауысып жалықтырып жібереді. Төрт-бес
команданы есте сақтай отырып ендіруге, ал он команданы ендіру үшін қағазға
жазып алуға болады.Жүзден астам командаларды ендіру үшін өте жоғары
шыдамдалық қажет.
Ал егер жиі қайталанатын командалар тізбегін компьютерде файл түрінде
қатаң немесе иілгіш магниттік дискіге жазып сақтап қойып, командаларды
біздің пернетақтадан ендіруімізді күтпей-ақ сол дискідегі файлдан енгізуді
компьютердің өзіне жүктесек, қалай болған болар еді? Әрине, қолмен қайта-
қайта теріп отырғаннан горі ыңғайлы болар еді. Программаларды жасау
осылайша басталады, жоғарыда айтылғандай дискіге жазылған командалардан
тұратын файл нағыз прграмманың өзі болып табылады. Сонымен, прграмма
дегеніміз командалардың реттелген тізімі. Программа үшін оған қандай
командалардың кіретіндігі ғана емес, сонымен бірге олардың қандай ретпен
берілетіндігі де маңызды.
Прграмманы арнайы дайындықпен өткен адамдар жасайды. Оларды
программалаушылар деп атайды. Программаны қалай жасайды? – деген сұраққа
жауап беру қиын. Программалаушыллардың шеберлігінің көптеген құпиялары бар,
бірақ олардың бәрі мына төмендегідей екі нәрсені пайдаланады:
• программалау саймандары
• программалар кітапханасы
Программалау саймандары
Программалау саймандары дегеніміз не?-деген сұраққа жауап беру үшін
мынадай қарапайым ұқсастыру мысалын, яғни ауылда жер жыртып жүрген
троктлрды алайық. Трактор қандай саймандардың көмегімен жасалған? Ол
зауытта станоктың және жабдықтардың көмегімен жасалған. Бұл аталғандар
тракторды жасаушы саймандар блып табылады.
Ал станоктар мен жабдықтардың өздері қандай саймандардың көмегімен
жасалған? Олар басқа зауытта басқа станоктар мен жабдықтардың көмегімен
жасалған. Ал бұл станоктар мен жабдықтар қалай жасалған?
Осылайша, сұрақты қоя берсек әрбір станоктың өзінің алдында оны
жасаушы, алдыңғысынан қарапайым басқа станоктың бар екендігі келіп шығады.
Егер әрбір станоктың пайда болу тарихын қозғай берсек, онда біздер орта
ғасырдағы балға, егеу және төсті пайдаланатын ұстаханаға келіп тірелеміз.
Осы күнге дейін кейде трактор бұзылып қалғанда әлгі аталған балға және
егеуді пайдаланамыз.
Енді программа жасаудың жоғарыда келтірілген мысалға қандай қатысы бар
соған келейік.
Программалаушы пайдаланатын сайманнның өзі прграмма болып табылады.
Басқаша айтқанда, жаңа программаның өзін сайманның ролін атқаратын басқа
программаның көмегімен жасайды. Ал осы сайман программалар қалай жасалған?
Жоғарыда келтірілген ұқсастыру мысалымыздағы сияқты алдыңғысына қарағанда
қарапайым басқа сайман программалардың көмегімен жасалған. Осылайша, басқа
программалардың көмегімен жасалған жаңа программалардың жасалу ретін тізе
берсек, онда біздер жоғарыда айтқанымыздай программа жасаудағы балға мен
төске келеміз, яғни басқа сөзбен айтқанда программалаушылардың қолында
ешқандай программа болмайды, тек оның орнына белгілі сандық кодтарды ғана
түсінетін процессор болады. Мұндай кодтарды машиналық кодтар деп атайды.
Процессордың түсінетін және орындайтын кодтарының жиынын оның
комндалар жүйесі деп атайды.
INTEL фирмасының үйлесімді процессорларының командалар жүйесінде
бірнеше жүз түрлі командалар бар. Компьютердің программалары осы
командалардан жасалады.
Программалау саймандары – бұл шын мәнінде программалаушының өзіне
ыңғайлы түрде жазғандарын оқитын және оны процессорға қажетті машиналық
кодқа аударып беретін арнайы программа.
Программалар кітапханасы
Зауытта жұмысшы тракторды құрастырғанда оған қажетті болтты өз қолымен
қалыпқа құйып, содан соң оған ойық бұранды шығарып дасап алу ойына да
келмейді. Оның орнынына ол жанында тұрған сореден қолын созып керекті
болтты таңдап алады. Егер басқа болт керек болса , онда ол оны басқа
сөреден алады. Алдын ала даярланған стандартты бөлшектер жатқан мұндай
сөрелер бұл кітапхана іспеттес.
Программалаушы адам да программа құрғанда осы жоғарыда айтылғанға
ұқсас әрекет етеді. Үлкен программалардың 95 пайызы шағын ғана бұрын
жасалып қойылған дайын стандартты бағыныңқы программалардан құрастырылады.
Бүкіл дүние жүзі бойынша жазылған көптеген мың программалардың ішінен
деректерді пернетақтадан ендіруді немесе информацияны экранға шығаруды
басқаратын бағыныңқы стандартты программаны пайдаланбайтын жағдай өте сирек
кездеседі. Бір кодты бірнеще рет қайта-қайта жазудың керегі не? Ішінен
стандартты блоктарды алып, ешқандай өзгерістер ендірмей-ақ пайдалануға
болатын программалар кітапханасында файлдар бар.
Мұндай кітапханалар жылдан жылға сұранысқа ие, әрі ірілене түсуде.
Сондықтан да әр жыл сайын программалаушылардың еңбек өнімділігі арта
түсуде.
Он бес жылдан астам уақыт бұрын компьютерлік программаның орташа өлшемі
40-50 Кбайтқа жететін. Ал он жыл бұрын ол 100 Кбайтқа жетті.
Программалаушылар қазіргі кезде бірнеше Мбайт орын алатын программалар
жасауда. Егер олар программалар кітапханасын пайдаланбайтын болса, онда
мұндай программаларды даярлауға жиырма жылдай уақыт жұмсалған болар еді.
Қазіргі кезде стандартты, коммерциялық және фирмалық бағыныңқы
программалар бар. Стандартты программалар кітапхана-лары кеңінен таралған.
Әрбір программалаушы адам оларды басқа компаниялар арнайы коммерциялық
прграммалар кітапханаларын жасаумен айналысып оларды басқа компаниялар мен
жеке программалаушыларға сатумен айналасуда. Көптеген компанияларда ж ұмыс
істеген жылдары жиналған өздерінің фирмалық программалар кітапханасы бар.
Әрбір фирма безендірілуі, стилі және басқарылуы әр түрлі өздерінің жеке
программалар кітапханаысн пайдалануда. Фирмалық программалар кітапханалары
таратылмайды және сатылмайды. Оларды бәсекелестерінен өте мұқият қорғайды.
Программаны жасаушы фирмалар үшін бұл өте бағалы дүние болып есептеледі.
Программаның көрінісі
Хат жазғанда да адамдар оларды әр түрлі тілдерде жазады. Мысалы, қазақ
тілінде , ағылшын тілінде т.с.с. Ағылшын мен қазақ тілінде жазылған
хаттардың сыртқы көрінісі тіптен бөлек болады.
Программаларды да программалаушылар арнай тілдердің көмегімен жазады,
оларды программалау тілдері деп те атайды. Әр түрлі тілдерде жазылған
бірдей программалардың көрінісінің өзі де түрліше болатындығы табиғи нәрсе.
Жүздеген программалау тілдері және олардың әрқайсының бірнеше нұсқасы
бар. Программалаушы адам программаны өзіне ыңғайлы тілде жазады. Барлық
жағдайда жарамды әмбебап программалау тілі жоқ.
Бірақ барлық программалау тілдерінің бір ортақ қасиеті бар. Олар
програмалаушыларға түсінікті, бірақ процессорға түсініксіз. Процессор тек
сандармен ғана жұмыс істей алады, сондықтан тек машиналық кодта жазылған
программаларды ғана түсінеді, сондықтан кез-келген тілде жазылған программа
алдымен процессор тіліне аударылады, яғни машиналық кодқа айналады. Бұл
аудару жұмысын арнайы аудармашы программа орындайды.
Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері
Есепті компьютерде шығару біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын
мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Есептің қойылуы:
• есеп туралыақпараттарды жинау;
• есептің шартын тұжырымдау;
• есепті шығарудың ақтық мақсатын анықтау;
• деректерді сипаттау ( олардың түрін, шамалардың ауқымын, құрлымын
т.с.с. )
2. Есепті, моделдерді талдау және зерттеу:
• есептің бар ұқсастарын талдау;
• техникалық және программалық құралдарды талдау;
• математикалық модельді жасақтау;
• деректер құрлымын жасақтау.
3. Алгаритмді жасақтау:
• алгоритмді жобалау тәсілдерін таңдау;
• алгоритмді жазу пішінін ( блок-схема, мектептік алгоритмдік тіл .
т.б. ) таңдау;
• тестерді және тестілеу тәсілдерін таңдау;
• алгоритмді жобалау.
4. Программалау:
• программалау тілін таңдау;
• деректерді ұйымдастыру тәсілдерін айқындау;
• алгоритмді таңдалынып алынған программалау тілінде жазу.
5. Тестілеу және жөндеу:
• синтаксистік жөндеу;
• семантикалық және логикалық құрлымын жөндеу;
• тестілік есептеулер және тестілеу нәтижелерін талдау;
• программаны жетілдіру.
6. Есептің шешілу нәтижесін талдау:
Қажет болатын болса 2-5 кезеңдерді қайтадан орындай отырып
математикалық модельді айқындай түсу.
7. Программаны даярлау:
• нақтылы есепті шығару үшін программаны жетілдіру;
• есепті шешуге, математикалық модельге, алгоритмге, программаға,
тестер жиынына, программаны пайдалану үшін құжаттар жасау.
Математикалық модельдер
Зерттелетін объект немесе процесс олардың сандық параметрлерін
байланыстыратын формула түрінде берілетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұған
мына төмендегі формулаларды жатқызуға болады:
• дененің геометриялық параметрлерін сипаттайтын формулалар;
• физикалық процестерді сипаттайтын формулалар;
• химиялық формулалар;
• тауардың бағасын есептеп шығаруға арналған тұрмыстық формулалар
т.с.с.
Математикалық модель деп- объектіні немесе процесті олардың сандық
параметрлерімен байланыстыратын математикалық формуламен ипаттауды
айтамыз.
Математикалық модельдерді жазуда әр түрлі ғылымдарда қабылданған
түрлі таңбалау жүйелері пайдаланылады.
Математикалық модельді жасақтау көптеген есептерді компьютерде
шығаруда маңызды рөл атқарады.
Математикалық модель адамның шығармашылық жұмысының өнімі болып
табылады. Компьютер ойша жасалған модельді жаңа сапалық деңгейде таңбалық
пішінге аударады.
Математикалық модельдің мысалы ретінде дененің түзу сызықты орын
алмастыру формуласын алуға болады:

Vxt+
мұнда, х- ағымдағы координата, х0- бастапқы координата, vx- бастапқы
жылдамдықтың х осіне проекциясы, aх- үдеудің х осіне проекциясы, t- уақыт.
Құбылысты сипаттау үшін оның ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын,
ішкі байланыстарын оның кейбір жеке сипаттамаларын бөліп көрсетіп, маңызды
еместерін ескермеуге болады. Құбылыстың метематикалық моделін жасақтауда
осы айтылғандарды ескеру қажет.
Метематикалық модельді ең ұтымды түрде есептеу эксперименті деп
аталатын алгориттмдік модель түрінде компьютерде жүзеге асыруға болады.
Әрине есептеу экспериментінің нәтижесі егер модельде шындықтың маңызды
жақтары ескерілмеген болса шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.
Сонымен, есепті шешу үшін метематикалық моделін жасақтауда модель құра
отырып, мыналарды ескеруіміз керек:
• метематикалық модель құруда негізге алынатын болжамды бөліп
көрсету;
• алғашқы деректер және нәтижелер деп неніесептеу керектігін
анықтау;
• нәтижелерді алғашқы деректермен байланыстыратын метематикалық
қатысты жазу.
Математикалық модельді құруда алғашқы деректер арқылы іздеп отырған
шаманы өрнектейтін формуланы табу барлық уақытта мүмкін бола бермейді.
Мұндай жағдайда белгілі бір немесе басқа дәрежелі дәлдікпен жауап беруге
мүмкіндік беретін математикалық әдістер пайдаланады.
Ғылыми есептерді шығарғанда мүмкіндігінше шындыққа жақын келетін
математикалық модель құру керек болады. Мұндай модель бойынша дәл
есептеулер емес жуықтап есептеулер жасалады, бірақ осының арқасында басқа
жолдармен алуға болмайтын деректерді алуға болады. Есеп математикалық
модельге келтірілгеннен кейін оны шығарудың алгоритмін құруға болады.
Алгоритмнің дайын болуының белгілі бір кезеңінде программалау басталады.
Есепті компьютерде шығаруға даярлауды мынадай схемамен беруге болады.

Өмірде күрделі есептерді шығаруда үлкен ұжымдар жұмыс істейді.
Есептің бірінші формальды түсінігін сол есеп пайда болған саланың
маманы даярлайды. Математикалық модельді басқа адамдар жасай алады, ал
ондағы пайдаланылатын алгоритмдерді үшінші бір адамдар жасайды.
Ең соңында программалауды тағы бір мамандар тобы іс жүзіне асыра алады.
Осылайша, есеп үлкен ұжымның бірлескен еңбегінің арқасында шығарылатын
жағдайлар жиі кездеседі.

1.2. Программалау тілдерінің қолданылуы

Кез келген компьютер информацияны жадына жүктелген программаны орындау
арқылы өңдейді.
Программалау тілі символдардың жиынынан, осы символдардан тұратын
тілдік нұсқаулардың семантикасынан және синтаксистен, яғни программаларды
құру ережелерінің жүйесінен құралады.
Есептелуге тиісті есептерді шығаруға операторлы программалау тілдері
пайдаланылады. Осы тілдердің көмегімен математикалық, физикалық және
инженерлік есептерді шешу ыңғайлы. Бірақ есептелмейтін, яғни сандық емес
есептерді шығаруда программаны сол есептерді шығару үшін арнайы жасалған,
басқа тілдерден құрған дұрыс. Мысалы, бір тілден екінші тілге аудару немесе
қателіктерді алдын ала болжау программаларын басқа тілдерде құру жақсы
нәтиже береді.
Операторлы тілдерде алгоритмнің әрбір элементі қандайда бір оператордың
көмегімен жазылады. Программада әрбір оператор белгілі бір әрекетті
(операцияны) орындайды.
Кәдімгі жағдайда барлық операторлар арнайы ағылшын сөздерімен жазылады.
Бір есепті шешуге арналған программа әртүрлі программалау тілдерінде
жазылап трансляциялануы және әртүрлі компьютерлерде орындалуы мүмкін. Бір
программаның өзін әр түрлі трансляторлар процессордың әртүрлі нұсқайлар
тізбегіне түрлендіреді. Осыған қарамастан программаның орындалу барысында
барлық айырмашылықтар жоғалып кетеді және бірдей нәтиже алынады. Осылайша,
программа қандай программалау тілінде жазылмағандығына қарамастан, оның
тұрақты нәтижесі болады және бұл есепті шешу тәсілін анықтайды.
Шын мәнінде программа мүлтіксіз орындалғанда есептің шешімін алуға
мүмкіндік беретін әрекеттердің реттелген тізбегінен тұрады. Бұл
әректтердің қалайша орындалатындығынның ешқандай мазмұны жоқ, яғни
компьютердің көмегімен бе, қарандаш пен қағазды пайдаланып қолмен есептеу
жолымен бе немесе қандай да бір басқа тәсілмен бе бәрібір. Әректтердің
мұндай ретті тізбегі бұрын айтып кеткеніміздей есепті шешу алгоритмі деп
аталады.
Осы тұрғыдан қарағанда программалау тілдері алгоритмдерді
компьютердің көмегімен орындауға мүмкіндік беретін пішінде жазушы тілдер
болып табылады. Алгоритмнің орындалуын берілген әректтерді ретімен іс
жүзіне асыру деп түсіну керек.
Сонымен программа дегеніміз-бұл алгоритмді компьютер түсінетін тілде
жазып көрсету деген сөз.
Қалай біз программалауды алгоритмдеуден бөліп қарасақ болады,
алгоритмдерді жазу, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері
Программалау жүйесі мен тілдері
Компьютердің негізгі орындаушысы - процессор
Java кең таралған программалау тілі
Программалау тілдерімен танысу
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы
Си бағдарламалау тілі
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы туралы
Алгоритм және оның қасиеттері. Программаның көрінісі
Есепті компьютерде шығаруға даярлау технологиясы
Пәндер