Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері



Мазмұны

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.24б
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.41б
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42.46б

Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.

2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі ... ... 47.51б.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.64б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65б
І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді.Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді.К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой -әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады.Ал К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров, Ы.Алтынсариннің және т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады.В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9-24б
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі

ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24-41б
1.3.Оқушылардың шығармашылық
дербестігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...42-46б

Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.

2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі ... ... 47-51б.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..52-64б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65б
І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік
жұмыстың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және
мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы,
оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып
табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс
-әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды
оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді
жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған
білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге
ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға
мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске
аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі
-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі
негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып
табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық
белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы ,
алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау
сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы
қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде
белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық
кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық
белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай
элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі
т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және
қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің
көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық
ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті
дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп
көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның
көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель
баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен
білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-
жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты
негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-
әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы
өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану,
қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде
болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып
келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде
жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл
азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше
жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету
жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау
алады.Оның ¥лы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін
ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру
және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін
қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі
дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде
дами түсті.
Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин
еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана
оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай
- ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс
-оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді.Осы жұмыстың
нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс
бөлуі деп түсіндірді.К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет
оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық
тұрғыда талдау жасайды.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой
-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады.Ал К.Д.Ушинский
мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында
ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау
сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.К.Д.Ушинскийдің пікірін
П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы
ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне
байланыстылығын атап көрсетті.Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров,
Ы.Алтынсариннің және т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға
болады.В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-
тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.
Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның
барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен
айқындалады.Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке
тұлғаны қалыптастыруға , оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге,
баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік
пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.Оқытудың жаңа
технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі,
саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат
зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім
берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс- әрекет, танымдық белсенділік,танымдық ізденімпаздық
мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология — педагогикалық
әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл
педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді
оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық
міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің
дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін
дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов,
Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың
тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті
жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері
маңызды.Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова,
Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова,
М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой
әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір
ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын
көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.
Қабылдау түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер арасындағы
белгілі қатынастарға тәуелді, оның физиологиялық негізі бірнеше
анализаторлардың бір мезгілде бірлесіп қосақталған әрекетінен
туындайды.Мәселен, дыбысты көркем фильмді адам көру, есту анализаторлары
арқылы қабылдайды.Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның
тұтастығы.Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанмен, адам оларды бүтіндей тұтастай қабылдайды.Қабылдау ойлаумен тығыз
байланысты.Обьектілердің мазмұны белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы
аталғанда ғана, толық қабылданады.Заттар мен құбылыстардың мағыналығы және
оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады.Бала түсініксіз тілде
айтылатын сөздердің мағынасын қабылдай алмайды.Жалпылау тәсілі қабылдаудың
мағынасын арттырып, адам сезіміне және ой- әрекетіне әсер
етеді.Қабылдаудағы иллюзиялар дегеніміз - заттардың бейнесін бұрмалап,
теріс бейнелеу.Иллюзиялар әр қилы себептерге байланысты.Көру
талдағыштарының ерекшеліктері, қабылдау жағдайының өзгеруі, көргенді
бейнелеп болжау, көздегі әр түрлі кемістіктер иллюзияға себеп
болады.Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға
үйрету - ұстаз қызметіндегі басты міндет.Бақылау мен байқағыштық туралы
мәселе де маңызды нәрсе.Өйткені, бақылау арқылы адам белгілі бір нәрсені,
құбылысты жүйелейді, жоспарлы түрде бейнелеп, оның дамуы мен өзгерісін
танып біледі.Байқағыштық адам зейінінің шоғырлануын, қызығуын, нақты
әрекетін талап етеді.Бақылау мен байқағыштық - адам тіршілігі үшін қажетті
қасиет.
Ес - адамның ақыл - оймен тығыз байланысты күрделі психикалық
процесс.Оның есте сақтау, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік
процестері бар.Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру
деген сөз.Сондай байланыстардың болатынын тұңғыш көрсеткен
-Аристотель.Мұндай байланыс ассоциация деп аталады.Есті біріншіден, оның
дүниетанымдық, екіншіден, адамның ақыл - ойын қалыптастыруда алатын ролі
тұрғысынан қарастырған дұрыс.Көптеген эксперименттік зерттеулерде, мидың
түрлі бөлімдеріне жасалған операцияларда ми қабығының түрлі алқаптарының
зақымдануы естің кейбір түрлерінің нашарлауына әкеліп соқтыратындығы
дәлелденген.Мәселен, мидың желке аймағы зақымданса, көру есінің, самай
аймағы зақымданса, сөз қозғалыс есінің нашарлайтыны байқалған.Есте сақтау
адамның қабылдау, қиял, ойлау, сезім түрлері, қызығу, мүдде
сияқты психикалық құбылыстармен тығыз байланысты.Адамның есі бұрынғы
білімімен, ескі мен жаңаны ұштастырып отыру нәтижесінде дамиды.
Заттар мен құбылыстардың байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай
және жанама түрде_бейнеленуін ойлау дейміз.Ойлаудың қамтитын шеңбері
кең.Ойлау танымның жоғарғы сатысы.Оның айрықша ерекшелігі - сөзбен тығыз
байланыстылығы.Ойлау мен сөйлеу органикалық бірлікте болады.Ой шындығы тіл
арқылы беріледі.Шындықтағы себеп- салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып
, белгілі тілдік формалармен аталады.
Ойлау формалары- ұғым, пікір және ой қорытындысы деп үшке
бөлінеді.Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері
бейнеленеді.¥ғымдар арқылы адам танымның ұзақ процесінің нәтижесі
қорытылады.Ғылыми ұғымдарды меңгеру мектепке түсіп оқи бастаған кезден
басталады.Соған орай, мұғалім баланың ойлау тәсілдерін дамыту үшін
алғашқыға көрнекілік әдісті пайдаланып, сондай-ақ әр заттың өзіндік
белгілерін ажырата білуге баулып отыруы керек.Ойлау үстінде адам бұрын есте
сақталған біліміне сүйенеді, оның эмоция, сезім әрекетінде белсенділік
туады, қызығуы, темпераменті жанданады,бүлар адамның ойлау қызметіне өң
беріп, мақсатты іске бағыттайды. Қиял - адамның есінде сақталған қабылдау,
елестету, ойлауды қайтадан өндеп, жаңартып, солардың негізінде жаңа
бейнелер жасау.Ол еңбек әрекетінде, әсіресе шығармашылық еңбек үстінде
дамып отырады.Қиял - ойлаумен бірге алдын -ала болжау, жаңа бір нәрсені
жасау, материалдық обьектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз
алдыңа елестету процесі.Қиял бейнелері нәтижесінде адамның шындықты,
ақиқатты тануының шекарасы кеңейіп отырады.Осы процестің жәрдемімен адам
өзіне тікелей әсер етпеген нәрселерді танып біледі, өткендегіні,
келешектегіні, сондай-ақ басқалардың ойы мен сезімін аңғара алады.
Мұғалім еңбегі де шығармашылық сипатта болады.Ол сабақ үстінде алдындағыны
қиялмен болжап түрады.Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап,
шамалайды.Адамның білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, айқын сенімі
мол болса, оның соғұрлым шындыққа сай дұрыс қиялдауға мүмкіндігі мол
болады. Қиялда жасалатын бейнелер сөз арқылы тұжырымдалады.Арман -қиялдың
ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының жарқын болашағын алдын -
ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында күресе білу керектігін
мықтап еске салу қажет.Бұл жерде қиялдың осы түріне қарама -қарсы құрғақ
қиял болатындығын еске салған абзал.
Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу
қасиетін қалыптастыру - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.Оқушы қиялының
дамуына мектепте алған білімі ерекше әсер етеді.Адамға деген мейірімділік,
ізеттілік, тілектестік т.б. тамаша қиялсыз өрістей алмайды.Бала қиялын
дамытуға көркем әдебиет, музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні
зор.Зейін - дербес психикалық процеске жатқызуға болмайды.Зейін адам
санасының барлық жақтарымен қосақтасып оның психикасын белгілі бір
обьектіге бағыттап жинақтайды.Зейін қасиеттерін түсіндіру үшін оларға жеке
-жеке сипаттама берген жөн.Мәселен, зейіннің көлемі дегеніміз - адамның бір
уақыт ішінде қамтитын обьектілерінің саны.Зейіннің бөлінілуі оқушылар
меңгеруге тиісті нәрселердің қасиеттері мен ерекшеліктеріне
байланысты.Зейіннің табиғатын дүрыс түсіну үшін обьектілерді дүрыс
қабылдап, олардың мән жайын түсіну қажет.Бұл оқушылардың дағдысын
қалыптастыруды талап етеді.Зейіннің аударылуын іс - әрекет үстінде, яғни
тиісті міндеттерді шешу үшін бір обьектіден екінші обьектіге, немесе оның
бір жағына сананы әдейі аудару арқылы қалыптасатынын нақты мысалдармен
түсіндіру қажет.Зейіннің басты бір қасиеті - оның тұрақтылығы.Зейнді
түрақтата алу жүйке процестерінің күшіне, әрекет сипатына қалыптасқан
әдетке байланысты.Сабақ үстінде баланың зейінін белгілі бір
әрекетке ғана шоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін
алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресе білуі шарт.Зейін әсіресе, жас
балаларда шашыраңқы келеді.Өйткені, олардың сыртқы тітіркендіргіштерге
әсерленгіш тізгіні күшті.Шаршағандық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз
эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді.Оқу
тәрбие процесінде мұғалім балалардың мұң - мұқтажына, көңіл күйіне,
денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс.Өйткені, бала
зейінінің, ой өрісінің өсуі мүғалімдер үшін аса қажетті обьект.Оқушылар
адамда сондай-ақ сыртқы және ішкі зейіндердің де болатынын, олардың өзіндік
ерекшеліктерін ескергені жөн.Мәселен, айналаға зер салып қарау, жай көңіл
аудару сыртқа бағытталған зейін делінсе, адамның өз ойына, адамгершілік
қасиеттеріне, әсемдікті сезіп білуіне, көңіл-күйіне, басынан кешкен
оқиғаларының санасының бағытталуы ішкі зейін делініді.
Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың
өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай
етіп ұйымдастырады.Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі
түрде жүргізуіне байланысты.Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына
негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың оқу-танымдық
қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады.Баланың
өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі
бар:
1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта
жаңғыртуға , оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен
сипатталады.Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында
білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы
2-Дәреже - түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны
өзінебелгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану
жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.2-дәрежеге тән көрсеткіш
оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап
болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен
дербестігі.
3- Дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл
дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әр алуандылығы.
Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс - қимыл жағдайы ғана емес,
осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына
қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға
жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.
Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен;мотивті
және белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін
синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы,
мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу
ретінде қарастырылады.Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау
жасай отырып, сондай-ақ педагогикалық эксперимент нәтижелерін пайдаланып,
оқушылардың танымдық белсенділік белгілері жүйелерін анықтадық.Оған үш
белгі тән:
оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;
Танымдық белсенділік компаненттерінің құрамын төртке бөліп қарастырдық:
мотивтік-операциялық, еріктік және бағалау-нәтижелік.Танымдық белсенділік
компоненттерінің құрамы 1-суретте көрсетілген.
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс - әрекет
проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға
әкелді: белсенділік- жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс - бітімі болып
табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық
мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты
құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және
дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық
тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды
әлеуметтік міндет болып саналады.
Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей
танымдық белсенділік терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік
жатыр.Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде
көрінеді.
биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов т.б.)
психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, Б.Ф.Ломов)
әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн)
педагогикалық (Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо,
К.Д.Ушинский,Г.И.Шукина, Т.И.Шамова)
Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты
белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы
жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен
негізделеді.Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз
ететін оған тұқымқуалау қасиеті.Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен
оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық
жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен
қатар
осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға
емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық
механизмдер де туып отырады. ( П.К.Анохин)Белсенділік бейне белгісі
тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей
детерминацияланған іс- әрекеттің бір түрі болып табылады.
(В.З.Коган).Белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және
өтетін ішкі үрдістер табылады.Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен,
әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялык аспект - тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубенштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының
бір бөлігі ретінде қарастырылады.Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді.Белсенділік адамның жаңа
қарым - қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және
белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн
адамның белсенділігін былай түсіндіреді:Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер
әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды.
Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс - әрекет кезіндегі тұлғаның
белсенділігін зерттеумен байланысты.Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи
қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы
материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс
-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады.Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән
түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа
жетеді.Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның
өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік
сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген
дұрыс.Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді
құруының бір түрі.Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды.Тұлғаның
әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша
әртүрлі болуы мүмкін.Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және
адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет болып
табылады.
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі
түсіндірулермен байланысты:
белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;
белсенділік субьектінің іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік , мотив,
ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы
ретінде түсіндіріледі;
Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға
болады:
ақыл - ой белсенділігі;
интеллектуалды белсенділік
• танымдық белсенділік;
Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың
күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты
болып табылады.Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
1 .Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы –
зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде;
2.Интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде;
Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер
құрайды.Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау
балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады.Өз бақылауының кең материалында
Н.С.Лейтес балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы
сатысы деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде
түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы
Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша,
интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін
жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .
Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы,
оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық
белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің
психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие.Білімді
белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне
анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин,
И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина
және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе
қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып
саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің
төмендегідей анықтамалары бар:
Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин,
Т.Рибо).
Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)
Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)
Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік
және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)
Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен
ұмтылыс (Н.А.Половников)
Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай
(Р.А.Низамова)
Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)
Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және
білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы,
әрекет сапасы (Т.И.Шамова)
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық
қарым-қатынасы маңызды келеді.Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным
процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік
тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске
жетелейді.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-
алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық
тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге
деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде
айқын көрінеді.

1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі
түрлерінен басқа , дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның
жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз
байланыста іске асуда.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері
көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық -сабақ
жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға
жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын
іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық
әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық
белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын
ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар,
экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу
жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада,
сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі
өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын
көздейді.Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу,
мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап
және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағын өткізу
барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға
оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың
жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай
туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу
материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.Сондықтан оқыту процесінде
оның маңызы зор.
Ол барлық оқу пәндерінде , әсіресе физика, химия, биология, тарих
сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай
білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға
үйретеді.Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі -
кіріспе экскурсия деп аталады.Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер
алдында үйымдастырылады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,
сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі. Үшіншісі -
қорытынды экскурсия.Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін
оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту
мақсатын көздейді.ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың
сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп
тапты.Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын
ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы
негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады.Оның қызметі
көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын
тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық
қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.Оқушылардың пәнге бейімділігін
ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай
психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын
қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.Ол оқудың жоғары
ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен
шығармашылық дамуына да ықпал етеді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған
білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері ,
мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса,
онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде
өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін
көтеру мақсатын көздейді.Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір
міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін
тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау.Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-
талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық
қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.Ол үшін
оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік
үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен
уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.Олар оқушылардың
қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған
жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың
пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге
әсер етеді.Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен
қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат
-бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде
оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін
орнықтыру.Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан
тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.Сынақты
ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық -
лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу
түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу
жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да
оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.Оқушының
үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса,
онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Оның маңызы оқыту
жүмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл
жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі, үй
жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті
артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Соның негізінде білім
мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке
дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының
маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге
сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік
жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.Ол
үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана
емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов :
оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен
алуы керектігін атап айтқан болатын.Жалпы білімге деген құштарлық- кез
келеген сыныптағы балаға тән қасиет.Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге
ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің
пікірінше,өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.
Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының
өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу
іскерліктері мен дағдылары ,сөзсіз,ой еңбегінің мәдениетімен
байланысты.Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде
табандылық еске сақтау,кітаппен жұмыс,байқау және жазба жұмысын жүргізе
білу,ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру,өзін бақылай білуі
керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
олардың жүмысты өз еркімен және қалауымен істеу,оған әсер ететін
мотивтер.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік
әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі
белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз
бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі
топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында
мынадай қасиеттер қалыптасады:
1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2.0қуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру
4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5.Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу,бақылау,жаттығу,экперимент
жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.Репродуктивтік жұмыстарға-
оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары(көшіріп жазу,жаттығулар,
мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақ
үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.)
жатады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз
еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары
жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама , реферат,
модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу
қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады,ойлауды жандандырады және оқып
үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.Оқушылардың әртүрлі
өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің
белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға
қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана
білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.Оқыту процесінде оқушының
белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы
көріністері(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы,
мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу,жаңа материалды
игеру мақсатын көздейді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет
жасауға үйрету,бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXIғ. іске
асыруға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.Р.Г.Лемберг , Е.Я.Голант,
Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы басқа көрнекті ғалымдардың
еңбектерінде өзіндік жүмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру,ақыл-
ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.Соңғы онжылдықта өзіндік
жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген
ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:
-оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
-оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға
бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов);
-дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде ;
-дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова,
К.КПлатонов);
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру
проблемасын ғалымдар А.Х.Аренова, А.Я.Савченко айналысты.Өзіндік оқу іс-
әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік
шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Өзіндік іс-
әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік
ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.Шығармашылық
еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.Бастауыш сынып
оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық
категориялар бірлігінде қарастырамыз:
іс- әрекет - бұл жалпыға ортақ;
танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;
оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;
Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды.Танымдық іс- әрекет
өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін
қамтамасыз етеді.Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына
бірнеше анықтамалар берілген:
оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің
тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар
саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін
пайдалану және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады
(Б.П.Есипов);
оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз
орындауы (Р.М.Микельсон);
өзіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз- бұл дидактикалық ұғым,
ғылыми
практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы,өзін-өзі
бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-
әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті
білімі(А.Х.Аренова);
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға
ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға
қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға
ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа
бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:
өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе
жасалынуы;
тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып
тэжірибелік сынақтан өтілуі
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз
бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз анықтаған
жүйенің өзіндік жұмыс блогына:өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік
бағалау компоненттері жатды.
Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге
асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала
жоспарлауы жатады.Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін
қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту
процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның
бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды
жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін
реттеу,түзету,өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау
жатады.Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.
Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта
оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай
болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық
тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара
байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.
1 - Схема

1 - Кесте
Өзіндік әрекет Мазмұны
қимылдары
1 .Оқушының өзінің - бастапқы жағдайды және алға қойған мақсатпен
оқу-танымдық әрекетініңнемесе берілген үлгілермен салыстырып өзінің
күйін анықтап талдай оқу- танымдық әрекетінің нәтижелерін белгілеп
білу бағалау; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің
нәтижелерінің өзіндік жұмыстың қалай
ұйымдастырылғандығына тәуелділігін анықтау; -
өзінің оқу- танымдық әрекетін эдіс- тәсілдер,
мазмұн, тиімділікті жүзеге асыратын технологияны
орынды бағалау, талдау, бақылау.
2.Өзінің оқу-танымдық -өзіндік жріыс және бақылауды жүзеге асыру
әрекетінің процесін әрекетінің оқу материалын жоспарлау; -өзіндік
жоспарлай алуы және жұмыс пен өзіндік бақылау үшін оқу материалының
құрастыра білуі мазмұнын іріктеп алу; -өзінің оқу-танымдық
әрекетінің жоспарланған нэтижелерін тексеру;
-өзінің жеке басының және оқу-танымдық
әрекетінің перспективасын, қажетті уақытты
жоспарлау;
3.Өзінің оқу- танымдық -жіберілген қателерге және олардың себептеріне
әрекетін реттеп түзету талдау жасау; -жіберілген қателерді жөндеу
және жетілдіру жолдарын анықтау; -алынған фактыларды
қорытындылап, өзінің оқу әрекетін теориялық
тұрғыдан ұғыну және өзіндік жү-мыс және бақылау
бойынша білімін, білігін және дағдысын
шығармашылықпен қолдану негізінде болашақ
перспективаларын анықтап әрі қарай жетілдіру;

3- сурет.

Осы айтылғандарды қорытындылай келіп аталған әрбір қимылдың өзіндік
мазмұны- оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған
мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан
тұратындығын атап өткен жөн.Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір
кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.Өзіндік әрекеттің
үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады.Өзіндік әрекет арқылы
жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны
қалыптастыру.Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті
қажетсінуді тудырады.Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес
оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен
қарау,бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің
тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға
ұмтылуы жатады.
Өзіндік жұмысқа бейімдеу негізінен оқушы тұлғасы арқылы жүзеге
асырылғаны мен оған бейімделу мұғалімнің қатысуымен жүретін процесс.Біз
анықтаған өзіндік жұмысқа бейімдеу жүйесі толығымен субьектінің өзіндік
байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс және
оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық
жүйе құрайды.Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше өзіндік басқару мен өзіндік
бақылау ұғымдарын ішкі процестері жағынан қарастыру оқушының оқу- танымдық
әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік
береді.Енді осы мәселені теориялық түрде негіздейік.Бүл тұрғыдан бірінші
ретте оқушының өзінің оқу- танымдық әрекетін ұғынуы, оны реттеу және
жетілдіруімен көрінетін өзіндік бақылау негізделеді және оған өз тұлғасының
дамуы жағдайында өзіндік жүмысқа бейімделуге алғашқы сатысына баса назар
аудару қажет.Өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңдерінде өзіндік
басқару әрекеті жеткілікті болмайды.Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын
жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге
, оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды
қажетсінуді әдетке айналдыруды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалімнің қызметі
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Оқушылардың шығармашылық дербестігі
Оқушылардың тәрбиесін анықтаудың педагогикалық аспектілері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Пәндер