Франк мемлекетi


Франк мемлекетi. Варварлар корольдiгi жаңа феодалдық мемлекеттердiң қалыптасуына негiз болды. Ол мемлекеттердiң iшiндегi ең қуаттысы 486 жылы Солтүстiк Галлияда құрылған Франк мемлекетi едi. Оны салий франктерiнiң меровей руынан шыққан көсемi Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын қол астына бiрiктiрiп, Римнiң қарамағындағы көршi Галлияның құнарлы жерлерiне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдiктердi талқандап, Солтүстiк Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстiгiн де жаулап алды. Сөйтiп, Рим империясының осы провинциясының орнына өзiнiң корольдiгiн құрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерiн орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билiгiн мойындаған римдiк және галлиялық байлар аз уақыттың iшiнде франк ақсүйектерiмен араласып, туыстасып кеттi. Франк мемлекетiнiң халқы латын және герман тiлдерiн араластырып сөйлейдi. Осы аралас тiл кейiн француз тiлiнiң негiзiн құрады. Жазу саласында тек латын тiлi қолданылды. Хлодвигтiң тұсында осы тiлдiң франктердiң ең алғашқы сот саласындағы заңдары жазылды. Ол “Сали ақиқаты” деп аталды. Ол заңдар бүкiл мемлекет аумағындағы бiрыңғай тәртiптi орнатуға үлес қосты. Франктердiң заңы бойынша қылмыстың көпшiлiгi ақшалай айыппен өтелетiн.
Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтiргендi үшiн салынатын айып мөлшерi кiмдi қандай адамды өлтiргендiгiне байланысты әртүрлi болды. Франктiң өмiрi галлдар мен римдiктердiң өмiрiнен қымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кiнәсi дәлелденбесе, оны “құдай сотына” салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етiлдi. Егер кiнә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендiгiнiң белгiсi деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.
Франк мемлекетiнiң аумағында жазба заңдардың шығуы үкiмет билiгiн нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен басқыншылардан қорғап отыру үшiн керек болды. Қуатты мемлекеттiң көмегiмен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртiп шеңберiнде ұстап, салықты уақытында жинап алатын жағдайға жеттi. Әскер басшыларының iшiндегi әрi батыл, әрi тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король-барлық халық бағынатын, өкiмет билiгiн өзiнiң әулетiне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
Жоғарғы сот билiгiн де корольдiң өзi атқарды. Барлық мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдiң өзi шешетiн болды. Король сарайы елдi басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдiң жақын туыс-достарықызметкерлерi мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетiн олжаның есебiнен өмiр сүрдi. Франктердiң тұрақты әскерi болған жоқ. Соғыс бола қалған жағдайда барлық ерiктi азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негiзгi әскери күш корольдiң жасағы болды.
Ел бiрнеше аймақтарға бөлiндi. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот iсiн жүргiзетiн басшы-граф тағайындалып қойылды.
Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлердi бөлiп алып, өз иелiктерiне айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тидi. Онан кейiнгi үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлерiне берiлдiҚатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тидi. Жасақ басшылары мен нөкерлер iрi жер иеленушiлерге айналды. Олардың иелiктерi Аллод, яғни толық иелiк деп аталды. Аллодтың иесi оны басқа адамға сыйлауға, мұраға қалдырауға қызметкерлерге уақытша пайдалануға бере тұруға ерiктi болды. Iрi жер иелiктерiнде құлдар мен колондар (iрi және орташа жер иелерiнен шағын жер үлесiн алып, заттай салық төлеушiлер) жұмыс iстедi.
Галлияны жаулап алғаннан кейiн қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған қауымға бiрiгiп, шаруашылық жүргiздi. Олар қауым иелiгiнде бiрлесе еңбек етiп, тапқан табыстарын өзара бөлiсiп алатын. Бiрте-бiрте қауым мүшелерiнiң арасында мүлiктiк жiктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның бақуатты мүшелерi бөлiнiп шыға ыдырап, франктер қоғамында байлар мен кедейлер болып жiктелу басталды.
Франктердiң пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билiгiн нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделi күштi христиан шiркеуi ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсiндi. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзiнiң жасақшыларымен бiрге христиан дiнiне ендi. Алғашында бұл дiндi қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорқанынан кiрдi. Христиан дiнi франктер мен римдiктердi жақындастырып, бiр халыққа айналдырды. Шiркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесiп отырды. Хлодвигтiң кеңесшiлерiне айналып, оның беделiн көтерiп, билiгiн нығайтты.
Хлодвиг оның қарымтасы ретiнде шiркеудiң байлығын қорғап, оған жер үлесi мен бағалы сыйлықтар берiп отырды. Әрбiр елдi-мекенде шiркеулер ашылды. Дiнбасылары халыққа құдай сөзiн жеткiзiп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дiнiнiң арқасында франктер римдiктердiң бай мәдениетiн меңгердi.
“Майордом” латынша “үйдiң үлкенi”, “басшысы” дегендi бiлдiредi. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейiн, оның мұрагерлерi жер мен билiк үшiн қиян-кескi ұрыс жүргiздi. Ел бiресе бөлшектенiп, бiресе қайта бiрiгiп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетiнен шыққан корольдердiң билiгi әлсiреп, майордомдардың ықпалы күшейе түстi. Король майордомдарды король шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Бiртiндеп майордом қызметi әкеден балаға мұра ретiнде қала беретiн мемлекеттегi ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.
Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билiгiн жүргiздi. Оның билiгi кезiнде араб әскерлерi Испаниядан өтiп, Галлияға шабуыл жасады. Бiрақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбiнде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауiп Карл Мартеллдi күштi атты әскер құруға итермеледi. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерiн алды. Ол жерден түсетiн табысқа иесi өзiне ат пен қару-жарақ сатып алуға мiндеттi едi.
Алғашында жер жауынгердiң меншiгiне мәңгiлiк емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезiнде ғана берiлетiн. Кейiн ол жер үлестерi әкеден балаға мұра ретiнде берiлетiн болды. Сөйтiп, оның балалары да әскери қызметтi жалғастыруға мiндеттендi. Атты әскерлерiне жер үлестiру үшiн Карл шiркеу иелiктерiнiң бiраз бөлiгiн тартып алды.
Карл Мартеллдiң жердi сыйлыққа үлестiрiп беруi Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнiң қалыптасуының бастауы болды.
741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы қортық Пипиннiң қолына тидi. Ол меровингтердi құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннiң корольдi тақтан күшпен құлатып, өзiн король деп жариялауына да болатын едi. Бiрақ ол таққа заңды жолмен отыруды ұйғарды. Бұл мақсатына жету үшiн ол құдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим Папасын пайдаланды.
Лангобардтардан қысым көрiп жүрген Рим папасы франктердiң көмегiне зәру едi. Сондықтан, ол Пипиннiң король атағын алуына келiсiм бердi. 751 жылы папаның келiсiмi бойынша, франк ақсүйектерiнiң Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде король деп жарияланды. Ол 768 жылға дейiн корольдiк еттi. Меровингтер әулетiнiң ең соңғы корольi III Хильдерик монастыриға қамалып, сол жерде қайтыс болды.
Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға, Лангобард корольдiгiне қарсы екi рет жорық жасап, жаулап алған жерлерiн Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекетi құрылып, 870 жылға дейiн өмiр сүрдi. Римдегi қазiргi Ватикан мемлекетi сол “Пипин сыйлығының” жұрнағы болып табылады.
Қортық Пипин франктер мемлекетiндегi жаңа әулеттiң негiзiн қалады. Бiрақ, ол Пипиннiң емес, оның әкесi Карл Мартеллдiң атынан Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулетi деп аталды. Ол әулеттiң ең атақты королi µлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билiк құрды. Карл ұзын бойлы, алып денелi, батыл адам болған. Оның ерлiктерi мен тапқырлығы жөнiнде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тiптi “король” деген сөздiң өзi соның атынан шыққан.
Ұлы Карлдың билiк құрған жылдарының бәрi соғыспен өттi. 53 әскери жорықтың 27-сiн Карлдың өзi басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшiн Италияға екi рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның көпшiлiк бөлiгiн өз иелiктерiне қосып алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz